математикалық кеш

Тақырып бойынша 11 материал табылды

математикалық кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптас тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білімділер» атты математикалық сайыс

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 

2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту. 

3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру. 

Көрнекілік:Ұлы адамдардың сөздері,топтардың шығарған газеттері.

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». С.М.Ломоносов 2. 3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусс 4. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек». М.Искаков

 Мектепте 5-11 сыныптар арасында өткізген «Білімділер» атты математикалық сайыстың жоспары.Оқушылар екі топқа бөлінеді.


1Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

 Нақты ғылымдарға қызығушылар.

 Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

2Жүргізуші:: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! 

Айтар ойын тұспалдар.

 Сіз оқытқан окушылардың,

 Сәті келді сыналар. 

1Жүргізуші:: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

 Арасында ойын ойнап жарысамыз.

 Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

 Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

2Жүргізуші:: Олай болса, тұрмайық,

 Кешімізді біз бастайық,

 Әділ бағаға қалтасы толы,

 Әділқазыларды сайлайық. 

1Жүргізуші:: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

2Жүргізуші:: Шын жүйрік шабасынан табылады. 

Нақты білім, терең ой сыналады. 

Баға берер әділқазы ортамызда 

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Білімділер» сайысына қош келіпсіздер!

Бағдарламасы

    1. «Кел танысайық»

    2. «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу.

3. «Бәйге»

4. Математикалық хоккей

5 .«Полиглот»

6 «Ғажайып алаң»

    1. Капитандар сайысы

1Жүргізуші::Бағдарлама бойынша І кезең «Кел танысайық»

« Шеңбер »тобы

Сан мен таңба тұр сап түзеп

Орындап формула әмірін

Кім айтсын ән жырдан жақсы деп.

Есептің қоңырқай өмірін

« Шеңбер» тобынан келіп тұр

Ең ыстық сәлемін беріп тұр

Әрқылы қызықты қиынды

Есептер, жұмбақтар шешуге

Бұл топ та дайын тұр, дайын тұр.

Біздің ұран: « Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»

« Төртбұрыш» тобы

Ұшқыштар дыбыспен қоса өрлеп

Ғарыштық сапарды мықтасақ

Осының бәрін біз жасар ма ек

Алдымен есептеп шықпасақ

« Төртбұрыш » тобы да сап түзеп

Келіпті жалынды сәлеммен

Теңдеулер әртүрлі есептер

Шақырып алдыға бұл топты

Сол есеп әрқашан қалайды

Өз мәнін дұрыстап шешуге

Біздің ұран : « Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

2Жүргізуші:: Бағдарлама бойынша ІІ кезең«Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу. Бұл кезеңде 2 топқада тиісті жұмбақтар оқылады.Қай топ бірінші жауап берсе сол топқа 1 ұпай беріледі

 1Жүргізуші:: Математикалық атаулар мен ұғымдар,

 Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.

 Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек 

Артық болмас, бастайық, кезек бізде. 

2Жүргізуші:: Жақсылап шешіп, табайық жауабын 

1.Сыйлық бар сіздерге, қадырлі ағайын.

 Нәрселерді санағанда,

 Керек ол бізге ауадай,

 Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

 Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)

2. Өмірің сенің қызық,

 Жолында жоқ түзу сызық,

 Басы да жоқ аяғы.

 Бір айналым баяғы. (дөңгелек) 

3.Дүкеннен мен сабын алдым,

 Оның және қабын алдым, 

Екі дәптер, бір қарындаш, 

Тіс ысқышты тағы да алдым.

 Есептеші сонда бәрі

 Қанша болды, қолда бары? ( 6 ) 

4.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )

1Жүргізуші:: Бағдарлама бойынша ІІІ кезең «Бәйге» (Әр топ 10 сұраққа жауап беру керек. Әр сұрақ 1 ұпай)

1 топтың сұрақтары

1. 15 санының квадраты 225

2. Нөл температурада су неге айналады? Мұзға

3. “Оянған өлке” романының авторы? Ғ. Мүсірепов

4. Компьютердің негізгі бөліктерін ата?

Жүйелік қорап, Монитор, Пернетақта

5. Ең кіші планета? Меркурий

6. Ноғай ордасының астанасы? Сарайшық

7. “Жеті жарғы” заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған? Тәуке хан

8. Microsoft фирмасын құрған адам? Билл Гейтс

9. Ең жоғары ғылыми атақ ? Академик

  1. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? Интернет

2Жүргізуші:: 2 топтың сұрақтары

  1. 1.10 санының квадраты 100

  1. 2.Ең терең көл? Байкал

  2. 3.Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ? Ньютон

  3. 4.Ақпаратты өңдеу құрылғысы? Жүйелік қорап

  4. 5.Құсжолы қандай пішінде болады? Шиыршық

  5. 6.Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? Бәйтерек

  6. 7.Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым? Экология

  7. 8.Үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын жұлдыз Темірқазық

  8. 9.Графикалық ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы?Сканер

  9. 10.Абылай ханның шын аты Әбілмансұр

1Жүргізуші:: Бағдарлама бойынша ІV кезең. Математикалық хоккей. Бұл кезенде екі топқада бірдей есеп беріледі. 5 минут ішінде шығарып,жауабын айту керек.Дұрыс жауапқа 10 ұпай


(43*19-26928 : 33)*(16112 : 53 — 304)
Ж: 0

2Жүргізуші:: 2 топ өздерінің есептерін шығара берсін .Енді біз Көремендерге арналған өлеңмен берілген есептерді шешейік:

1). Бір бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан.

Үш қоян, бір мәлік бар

Бәрі нешеу? Табыңдар. (9)

2). Көл тоғанды қырға бар,

Келіп қонды тырналар.

Жұптан қонып сол жерде,

Отыр екен он жерде.

Бірім, бірім, бірім деп,

Біл бар санын біріндеп. (20)

3). Бір бірімен жарысқа,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу? Кім білді? (8)

4). Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақпен қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (17)

5). 11 түйе,бес жылқы.

2 сиыр,бір ешкі

2 қоян,үш түлкі,

Болды сонда нешеуі? (24)

6). Кездесіп бір топ аңменен,

Болды отыз бас малменен.

Олар кетті қоштасып,

Үш түлкімен достасып

Есепті ойлап тезірек,

Мал саны қанша шешіңіз? (33)

1Жүргізуші::Келді кезек «Полиглот» шешуге,

Жауаптарын беруге екі тілдерде.

Қазақ, орыс, тілдерін білсеңіз,

Жақсы баға шәкірт саған несібе.

Бағдарлама бойынша V кезең«Полиглот» Әр топқа 5 сұрақтан оқылады. Жауабын екі тілде айту керек.(қазақша, орысша) (Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)

1 топқа

1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді? (дыбыс, звук)

2. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкене күн көзін (шам, лампочка, )

3. ... кеме білім теңіз? (мектеп, школа, )

4. Молекулалары әр түрлі амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын

күрделі табиғи полимерлер? (ақуыз, белок)

5. Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында? (сызғыш, линейка)

2Жүргізуші: :2 топтың сұрақтары

1. Негізгі және қосымша құрылғыға жатқызылады? (тінтуір,мышь)

2. Шөлдесе су деймейтін (түйе-верблюд)

3. Оқусыз ... жоқ, білімсіз күнің жоқ (білім, знание, )

4. 5%-дық спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылады? (йод, йод )

5. Көп пернелі кұрылғы. (пернетақта, клавиатура)

1Жүргізуші::Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

Бағдарлама бойынша VІ кезең «Ғажайып алаң» Әрбір пәннен 3 сұрақтан. (Дұрыс жауапқа ұяшықта көрсетілген ұпай беріледі)

Қазақ тілі

10. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? Сын есім

20. Сөз құрамын зерттейтін сала? Морфология

30. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі? Диалог

Математика

10. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? 5 минут

20. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем? аксиома

    1. Жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі? Планиметрия

Тарих

10. Тарихтың атасы? Геродот

20. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім?Р.Қошқарбаев

  1. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды? 1723 ж.

География

10. Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ? Қызылқұм

20. АҚШ-тың солтүстік штаты ? Аляска

30. Ең терең көл? Байкал

Еркін тақырыпта

10. Түркістанды астана еткен хан Есім хан

20. Қазақстан Республикасының туының авторы Ш. Ниязбеков

30. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров

Химия

  1. Химия пәні нені зерттейді?

Заттарды,олардың қасиеттерін,соның ішінде, олардың өзара айналымдарын зерттейді

20. Заттар массасының сақталу заңын ең алғаш кім ашқан,қай жылы? М.В.Ломоносов 1748 жылы

  1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін кім ашқан ,қай жылы? Менделеев 1869 жылы

2Жүргізуші:: Бағдарлама бойынша VІІ кезең «Капитандар сайысы» бұл кезеңде капитандарға 10 сұрақ беріледі.қанша сұраққа жауап берсе сонша ұпай.

Шеңбер тобы

  1. Ұзындық бірліктерін ата(сантиметр,метр, миллиметр, километр)

  1. Миллион санында қанша ноль бар?(6)

  2. 9 санының квадраты (81)

  3. Жеңіс қай күн / 9 мамыр/

  4. асырда неше жыл /100ж/

  5. 350-150 дің айырмасы нешеге тең? /200/

  6. 1м-де неше см бар /100/

  7. Ең үздік баға(5)

  8. Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды. Осы қарқынмен 3 күнде неше бетін оқиды.(15)

  9. 64 қай санның квадраты 8

Төртбұрыш тобы

  1. Уақыт бірліктерін ата/ мин, сағат, секунд апта, тәулік/

  2. Мыңда неше нөл бар?/3/

  3. 10 санының квадраты (100)

  4. Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз /16 желтоқсан/

  5. 1 жылда неше ай бар /12 ай/

  6. 750-350дің айырмасы =400

  7. 1т неше кг бар? /1000 кг/

  8. Ең нашар баға (2)

  9. Алмас 1 сағ 4 км жол жүрді осы қарқынмен жүрсе 3 сағатта неше км жол жүреді. /12 км/*

  10. 81 қай санның квадраты 9

Сайыскерлердің қорытындысын шығарғанша көрермендерге викториналық сұрақ:

1. Алманың жартысы неге ұқсас. (екінші жартысына)

2. Жарты қарбыз 20 тг тұрады. Бүтін қарбыз неше тг? (40 тг)

3. Отбасында жеті қыз және әр қайсысында бір-бірінен інісі бар. Отбасында неше бала бар? (8)

4. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10 он, 100 жүз)

  1. Екі адам бірігіп шашканы 4 сағ ойнады, әрқайсысы неше сағаттан ойнайды. (4 сағ)

Қорытынды:

Мұғалім:

Математика-толған тәртіп, мағына мен мән

Математика-толған тамаша заңдылық пен сән

Математика-толып жатқан терең сыр

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Қатысқан барлық оқушыларға алғысымды білдіремін.

Жеңген команданы марапаттау











«Білімділер » сайысы

кеш

«Әужан Ниязбеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі

Дауталиева Айжан Бокеновна



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
972
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі