Материалдар / Математикалық кеш «Математика - ақыл-ой гимнастикасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математикалық кеш «Математика - ақыл-ой гимнастикасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Пәнге қызығушылығын арттыру, іскерліктерін, өз бетімен еңбектену дағдысын, логикалық ойлауды қажет ететін есептерді шешуде оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту. Оқушыларды тапқырлыққа, ептілікке үйрету, математикалық сауаттылығын арттыру. Мектеп мұғалімдеріне көмекші материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
4090
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математикалық кеш

«Математика - ақыл-ой гимнастикасы»


Мақсаты: Пәнге қызығушылығын арттыру, іскерліктерін, өз бетімен еңбектену дағдысын, логикалық ойлауды қажет ететін есептерді шешуде оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту. Оқушыларды тапқырлыққа, ептілікке үйрету, математикалық сауаттылығын арттыру.

Кеш бағдарламасы:

  1. Кеш жетекшілерінің кіріспе сөздері.

  2. Тарихи шегініс. «1 мен 100 сандарының қосындысы» (9-класс оқушылары)

  3. Математикалық интермедия. «Математика, алгебра және геометрияның сырласуы» (11-класс оқушылары)

  4. Математикалық көрініс. "Есепке шорқақ емессің бе?" (8-класс оқушылары)

  5. Математикалық фокус. «Туған күнді табу» (Жүргіуші мен кешке қатысушылар)

  6. Математикалық монтаж. «Адам ғұмырындағы қызықты санды мәліметтер» (8, 9-класс оқушылары)

  7. Математикалық ойын. «Математикалық атауларды табу» (Кешке қатысушылар)

  8. Кеш қорытындысы. (Кеш комиссиясы)

  9. Функциялар вальсі. (Кешке қатысушылар)


Жүру барысы:

1-ж: Қымбатты математиканың жан күйерлері мен осы залға жиналғандар. Сіздерге кешті даярлаушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!

2-ж: Есенбісіз ұстаздар,

«Шаршамайтын» қыс - жазда

Құрметке ие сіңілілер

Ізетке ие інілер,

Інілер еті тірілер

1-ж: Кешке келген сайланып,

Отырам деп жайланып

Көрермендер аман ба?

Отырған анау ойланып

Екеуі бірігіп: Бәріңізге бір сәлем!

1-ж: Бүгін біз мұнда көңілді дем алу үшін,

2-ж: Күліп ойнау үшін,

1-ж: Ән айтып, көріністер көрсету үшін,

2-ж: Математика әдістерінің түрлі ғылым саласында қолданылуын әңгімелеу үшін,

1-ж: Оқыған-білгендерімізді ортаға салу үшін,

2-ж: Сандар сырына үңіліп, көрініс көрсету үшін,

1-ж: Ең бастысы (көтеріңкі дауыспен) математикалық кешті өткізу үшін жиналдық.

2-ж: Біздің бүгінгі кешіміз ұнаса, сіздердің қол соғуларыңызды қабыл алуға даярмыз. егер ұнамаса...

1-ж: (бірінші жетекшінің ойын бөліп) онда Арман жауапты...

2-ж: Жол бастаушы әрқашан да жауапты.

1-ж: - Уа,халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

«Математика - ақыл-ой гимнастикасы» атты кешін бастайық.

2-ж: Біз бүгін әңгімені қысқа тарихи шегіністен бастасақ. (Математиктер королі атанған К.Гаусс басынан өткен қызық оқиға туралы баяндалады)

1+2+3+...+98+99+100=5050

101×50=5050

К.Гаустың шешу тәсілінен соң Sn=

формуласы қорытып шығарылды.

1-ж: Математикалық интермедия. (Кезектесіп айтады)

Алгебра: Алгебра мен боламын

Математика бөлімі

Өрем биік сенендағы

«Фигуралар көрігі»

Вавилонда, Египетте,

«Ата мұра» кешегі.

Жеткен екен бүгінгіге

«Теңдеу шешу» есебі.

Әл-Хорезми – Хорезмде

Ғылымға еңбек етіпті.

«Әл-жебр» - «Алгебра»

Деп аталып кетіпті.


Геометрия: Сөз берсеңіз мен алайын,

Амансың ба, бауырым!

Басқалардың ішіндегі

Көретін ең тәуірім.

«Геометрия» - грек сөзі,

«Жер өлшеуден» шығыпты.

Ефклидтей ұлы ғалым,

Ғылым сырын ұғыпты.

Фигуралар қасиетін

жария қылған әлемге.

«Геометрия» - бауырыңнан

Баршаңызға сәлем де!



Математика: Арифметикадан бастау алып,

Ұзақ сапар шектік біз.

Кейде құлап ,қайта тұрып,

Осы күнге жеттік біз.

Арғы тегім «Матезикс»

Математика боламыз.

Ғылымдардың көшін бастап,

Алғы шепте келеміз.

«Алгебра», «Геометрия»,-

Деп бөлініп кеттік біз,

Егемен боп енші алып,

Мақсатқа да жеттік біз.



Екеуің де тең түстіңдер,

Бірігіңдер жауласпай!

Бөлінгенмен сан салаға,

Кетпес еңбек далаға.

Мақсатымыз ортақ біздің-

Білім беру балаға!


2-ж: -Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді жалын жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

1-ж: - Ат салысып аянбай

Бар өнерді басайық.

Асып әсте саспайық

Батыл қадам бастайық

Еркінді билеп барынша

Жарыста сірә қалыспа

Кешімізді, ей достар,

Осылайша шабытпен

Кәне, енді бастайық.

2-ж: «Адам ғұмырындағы қызықты санды мәліметтер».

Бір англиялық ғалым адам ғұмырына байланысты қызықты санды мәліметтер есептеп шығарған екен. Бұл есептеулерді мамандар шындыққа ең жақын деп бағалапты.

Дүниежүзіндегі адамдардың орташа ғұмыр жасы 78,5 екен. Ендеше, осы жасқа сүйенсек:

(8, 9-класс оқушыларының әрқайсысы бір-бірден айтады.)

Бір әйел адам күніне 6400-8000 сөз сөйлейді.

Бір ер адам күніне 2000-4000 сөз сөйлейді.
Бір адам өмірінде 123205750 сөз сөйлейді.

Бір адам өмірінде шамамен 7163 рет моншаға түседі.

Бір адам өмірінде 1700 адаммен кісілік қарым-қатынас орнатады.

Бір адам 533 кітап оқиды.

Бір адам өмірінде 4-5 сиырды жеп.

Бір адам 2327 кг картоп жейді.

Бір адам 4, 49 тонна дайын азықтық тағам тұтынады.

Бір адам 198 дана шаш жуу сұйықтығын тауысады.

Бір адам өмірінде 77000 тал темекі шегеді (20 жастан кейін темекі тартатындар).

Бір адам 21 қойды жеп қояды.

Бір адам 74802 шыны шай ішеді.

Бір адам 15464 км жаяу жол басасыз.

Бір адамның сақалы 9, 14 метр өседі.

Кейбіреулер  математиканы іш пыстырады десе, кейбіреу оны мүлде қызық емес деп есептейді. Ал, біз достар, бұл ғылымның адамды қаншалықты қызықтыратынын білеміз. Математикада қаншама еліктіретін деректер мен таңқаларлық жаңалықтар бар.  Бәрін есептеп, санау мүмкін емес!

1-ж: Көрініс: "Есепке шорқақ емессің бе?"

1-О: Қалай, ауызша есептеу ұнай ма?

2-О: Ұнайды, ұнағанда қандай! Ойдан шығара алмағанымен, ауызша есептей аламын.

1-О: Мысал үшін

2-О: (Сәл ойланып) Ы...............Анықтамаларды, теңдеулерді шығара аламын.

1-О: Анықтамаларды шығара ма екен? Дәлелдейді ғой

2-О: (Білмегенсіп) Кім шығара алмаса сол дәлелдейді.

1-О: Мен бір есеп жазайын, сен шығаршы. (Ол осы кезде тақтаға 8-6 =... теңдігін жаза бастайды)

2-О: (сескеніп) Қазір ме?

1-О: Иә

2-О: Мен негізі үйде жақсы шығарамын.

1-О: (Көпшілікке оң жағымен бұрыла береді) Ыыы......Қорықтың ба?

2-О: (Ештеңе білмеген болып артына қарайды, бір оқушы саусағымен 2 санының орнына V ағылшын әрпін көретеді) Қазір де шығара аламын.

1-О: Ал, шығаршы.

2-О: ( Онша қиналмастан) Міне. (Ол тақтаға теңдіктен соң V ағылшынша әріпін жазады.)

8-6=V

2-ж: Туған күні аталайын деп отырған оқушы бар ма? (Ортаға бір оқушыны шығарады)

Мен сіздің нешеге толайын деп жатқаныңызды көпшілікке айтып берейін. Рұқсат етіңіз. Басқа ойыншылар да мұны қаласа, келесі амалдарды орындаңыздар. , мұндағы а-туған айының рет саны, в- туған күні, с- толатын жасы.

Мысалы, 91357 шықты делік. 91357-444=90913 (9-айы, 09-күні, 13-жасы)

1-ж: Сізді ..... жасқа толуыңызбен құттықтаймыз.

2-ж: Математикалық ойын. (Кешке қатысушылармен ойын)

П, К, Т әріптерінен басталатын математикалық сөздерді атау.


1-ж: Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен қаталдансың.

«Ақыл-ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың!


2-ж: Көңіл бөліп бұл кеште,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет, мың рахмет!!!


1-ж: Функциялар вальсі.

Биге қатысушылардың омырауында функциялардың аттары жазылып, графиктері сызылады. Графигі сәйкес функциядан бөлек сызылып, билеушілерге бөлек таратылады. Оқушы билеп жүріп омырауында жазылған функция таңбасы не атауы бар оқушы өз жұбын – сәйкес графигі бар оқушыны – билей жүріп іздеп табады.

Соңында парларын тауып математикалық вальс билейді.

2-ж: Бүгін біз талай-талай нәрселерді естіп, талай нәрселерді білдік. Бұларға қорытынды жасау үшін кеш комиссиясының төрағасына сөз береміз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!