Математикалық
марафон
Тяжина
Татьяна Талгатовна
Қостанай
қаласы, Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта
мектебі
Мақсаты:
математика пәнін дене тәрбиесі пәнімен
байланыстыра отырып оқушыларды
алғырлыққа, шапшандыққа, тапқырлыққа,
іскерлікке дағдыландыру, үлкен
жетістіктерге жетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
плакаттар, қима қағаздар, спорттық
құралдар.
Пәнаралық
байланыс:
дене шынықтыру, қазақ әдебиеті
Барысы:
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі
қонақтар, бүгін 9 «Б» мен 9 «В» сыныптары
арасындағы өткелі отырған марафонға
қош келдіңіздер!
Асыл
тастан, өнер жастан
Шығады
деп дарынды.
Халық
айтса, халық сөзі
Әрқашан
да нанымды.
Шақырамыз,
келіңдер жарысуға,
Күш,
өнер, біліммен алысуға.
Бар
өнерді салайық ортамызға
Қанекей,
кім шығады сайысуға?
Сонымен,
ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Үлгілі
тәртіп, жақсы оқу-
Алға
қойған мақсаты.
Әрқашан
да мектепте
Шығып
жүрген жақсы атты.
9
«Б» сынып оқушыларынан құралған
«Бесжұлдыздар»
тобын ортаға шақырайық.
Жиналған
ылғи дарындар,
Жүрегі
от болып жалындар.
«Шоқжұлдыз»
тобын, халайық
Қол
соғып қарсы алайық.
9
«В» сынып оқушыларынан құралған
«Шоқжұлдыздар»
тобын ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Қазылар
орнықтырар әділдікті
Кімдердің
жауаптары кәміл шықты?
Білім
мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске
жетер дейміз нағыз мықты!
– демекші, топтардың еңбектеріне баға
беруші ұстаздарымызды таныстырып
өтейік.
1.
2.
3.
4.
5.
Жарысымыздың
жоспарымен таныс болыңыздар:
1.
«Сәлемдесу»;
2.Доппен
жарысу;
3.Биатлон
сайысы;
4.
Капитандар сайысы;
5.
Қаппен секіру;
6.
Қорытынды.
1.
«Сәлемдесу»
«Бесжұлдыз»
тобын ортаға шақырайық.
Өнер
қуған математик біз жастармыз,
Есебіңді
лезде-ақ шешіп біз тастармыз.
Салауатты
өмір салтын ұстанатын
Жарқыраған
жұлдыздай біз бастармыз.
Келешектің
үмітіміз біз талапты
Биіктерге
самғайтұғын әртарапта.
Сегіз
қырлы біздер, өнерлі де біздер
Спортта
да қалыспайтын қырандар.
Ұраны:
Нақты жауап, сапалы шешім таба біл.
«Шоқжұлдыздар»
командасы
Егеменді
қазақтың біз ұланы,
Өз
туы бар, елтаңба, әнұраны.
«Спорт
– денсаулық кепілі» деген ұранды
Әрқашан
да жадымызда сақтаймыз.
«Шоқжұлдыз»
- біздің тобымыз,
Есепке
де жүйрік біздің қырандар.
Достар
–ау, қарап тұрмаңдар,
Қол
соғыңдар, бізге демеу болыңдар.
Ұраны:
Қандай
сынақ болса дағы беріспе, әрқашан да
ұмтыла біл жеңіске!
2.
Доппен жарысу
Екі
оқушы допты бір-біріне кезек-кезек
лақтыра отырып, допты түсірмей, мәреге
барып, амалдарды орындауға берілген
есепті шығарады, немесе сұраққа жауап
беріп, кері қайтады допты келесі жұпқа
береді.
«Бесжұлдыз»
тобына:
1-жұп:
Теңдеулер жүйесін шешіңдер:
2-жұп:
Тіктөртбұрыштың
анықтамасын айтып беріңіз.
«Шоқжұлдыз»
тобына:
1-жұп:
Теңдеулер жүйесін шешіңдер:
2-жұп:
Параллелограмм дегеніміз не?
3.
Биатлон сайысы
Шарды
көздеп атып, ішіндегі жұмбақты шешу.
1.
Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт
сылдырмағы бар,
Бір
шыбыртқысы бар. (Сиыр)
2.
Екі ағайынды, екеуі де бір үйде, бірін-бірі
көрмейді. (Көз)
3.
Таңертең төрт аяқты,
Түсте
екі аяқты, кешке үш аяқты. (Адамның
бала кезі, ересек шағы, қартаю кезеңі)
4.
Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (Қолғап)
5.
Екі желім – күйдің көрігі, әннің көлігі.
(Домбыра)
6.
Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп.
(Қалам)
7.
Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)
8.
Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді
(Апта
күндері)
4.
Капитандар сайысы
Кеглилерді
доппен атып түсіріп, астында жасырылған
тапсырмаларды алып, сұрақтарға жауап
беру.
1.
№1,2,3 пәтерлерде 3 мысық тұрады. Олар ақ
мысық, қара мысық, ала мысық. №1 және №2
пәтерлерде қара емес мысық тұрады. Ақ
мысық №1 пәтерде тұрмайды. Әр мысық қай
пәтерде тұрады? (№1
пәтерде ала мысық, №2 пәтерде ақ мысық,
№3 пәтерде қара мысық)
2.
Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені
– Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ
жеген? (7
бауырсақ)
3.
Барлық жылқының үштен бірі және екеуі
бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының
жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9
жылқы қалды. Бастапқыда неше жылқы
болды? (18
жылқы)
4.
Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге
тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет
9 цифрын жазу керек? (19
рет.)
5.
Қаппен секіру.
Қаппен
секіріп барып, мақалдың жалғасын табу.
Бұл
сайысқа үш оқушы қатысады.
1.
Ер бір рет өледі, ... .... .... .....
(қорқақ
мың рет өледі).
2.
Қырық кісі бір жақ, .... ..... ..... ...... (қыңыр
кісі бір жақ).
3.
Жалқаудың екі досы бар: бірі – ұйқы,
.... .... (бірі
күлкі).
4.
Бір кісі қазған құдықтан ..... ..... ..... ....
(мың
кісі су ішеді).
5.
Білгенің бір тоғыз, .... .... ..... .... ...
(білмегенің
мың тоғыз).
Жүргізуші:
-
Сайыстың соңғы сәті таяп қалды. Ал, қазір
сөз кезегін әділ-қазылар алқасына
берейік.
-
Осымен «Математикалық
марафон» атты
сайысымыз өз мәресіне де жетті. Көңіл-қойып
тыңдап, қатысқандарыңызға көп-көп
рахмет. Келесі кездескенше ел аман, жұрт
тыныш болсың! Сау болыңыздар!
Қорытынды:
Әділ - қазылар алқасы сайысты қорытындылап,
жеңімпаздарды анықтайды.