400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Математикалық Наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша өткізілген сабақ. Бұл сабақ 1 сыныпқа математика пәнінен ашық сабақ ретінде берілген.Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:15.03.2017ж

Сынып: 1 «Б»

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Математикалық Наурыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру және шығару

Сабақтың мақсаттары



екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу дағдысын қалыптастырады;

жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру дағдысын бекітеді;

таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу дағдысын қалыптастырады;

айырмалық салыстыру дағдысын бекітеді.

Ресурстар

сыныптағы оқушы санына сәйкес даярланған қызыл, көк, сары және жасыл түсті киіз үй суреттері;

қызыл, көк, сары, жасыл түсті қалың қатты қағаз парақтары;


кілем аппликациясын жасауға арналған қазақ оюларының элементтері;


әр топқа арналған желім;


әр топқа қызыл, сары түсті қағаздан жасалған қызғалдақ. Қызғалдақтардың әр түсінен 10 дана болу керек;


дастарқанның макеті және әр топқа қатты қағаздан жасалған төрт батырдың суреті;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу,көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук, проректор

Тілдік құзыреттілік

Топпен және жұппен талқылауда оқушылар коммуникативтік дағдыларын жетілдіру.

Тірек сөздер

Математикалық Наурыз

Бағалау критерийі

Тапсырмаға сәйкес «+», «-», «=», «≠», «>», «<»

таңбаларын дұрыс пайдаланады.

-Цифрлар мен () белгісіз сан символын

пайдаланып, өрнек құрастырады.

Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептердің шешімін анықтайды.

- Кері есептер құрастырады және шығарады.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Қайырлы таң досым,

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің әр күні

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Шаттық шебері

Оқушылар үш тілде сәлемдесіп, бүгінгі күнге, бір-біріне сәттіліктер тілейді.



Жеребе бойынша топқа бөлініп болған соң оқушыларға берілген тапсырмаларды топпен орындауды ұсыну. Бұл тапсырманы “Кілем” деп аталады. Әр ауыл мерекеге арнап кілем тоқуы тиіс. Топтарға қатты қағаздан ойылған қазақ оюларының бес элементін таратып беру. Оюлардың екінші жағында тақырыптарға байланысты тапсырмалар жазылады.

Мысалы, “Өрнектердің мәнін тап: 14 – 8 + 3 = ?” тапсырмасы.

Жауабы:

а) 8 — оюды оң жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар;

ә) 9 — оюды сол жақтағы жоғары бұрышқа жапсырыңдар;

б) 10 — оюды оң жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар;

в) 7 — оюды сол жақтағы төменгі бұрышқа жапсырыңдар;

г) 6 — оюды ортаға жапсырыңдар.

Тапсырманы ерте орындаған оқушылар тобы ойында жеңімпаз атанады. Жеңісі үшін әр топқа “асық” түріндегі фишкамен ұпайлар беріледі.

Бәйге. “Бәйгені” ойыны.


Бұйрық бойынша барлық топ бір уақытта тапсырманы орындауға көшеді. Әр топтан тапсырманы қатесіз, басқалардан бұрын орындап бітетін бір оқушы шығуы мүмкін. Осы оқушы топқа қосымша ұпай әкеледі.

Жауабы:

а) 20 – 9 + 4 = 15; в) 16 – 4 + 7 = 19;

ә) 12 + 3 – 4 = 11; г) 10 + 5 – 2 = 13;

б) 2 + 8 + 5 = 15; ғ) 6 + 4 – 0 = 10.

«Арқан тарту» ойыны.

Екі “ауыл” арасында жарыс өткізу. Ауыл жұптары санды өрнектерді және шамаларды салыстырады. Бірінші орындаған ауылдың оқушылар тобына ұпай беріледі.

Жауабы:

а) 5 + 12 > 18 – 3; ә) 19 – 9 < 17 + 2;

б) 6 + 3 – 1 < 5 – 4 + 8; в) 10 – 2 + 2 > 15 + 0 – 7;

г) 15 см + 4 см > 20 cм – 3 см; ғ) 5 кг +5 кг + 2 кг = 20 кг – 8 кг.



Сабақтың ортасы

10 минут



«Алтыбақан» ойыны

Бұл тапсырманы оқушыларға жұптық тапсырма ретінде беру.

Теңдеуді сызбаға сүйеніп орындайды. Тапсырманы қатесіз бірінші болып орындаған оқушы өз тобына ұпай әкеледі.

Жауабы:

а) х + 7 = 19; ә) у – 16= 4;

х = 19 – 7; у = 16 + 4;

х = 12. у = 20.




оқулықпен жұмыс


Сергіту сәті

3 минут

«Қара жорға» биі. Оқушылар әуенге қосылып би билейді.

Проректор

Қызықты тапсырма

10 минут


Аяқталуы


15 минут





Әмина мен Ажар қызғалдақтан және сарғалдақтан гүлшоқ жасамақшы болды. Олар 5 қызғалдақ және 7 сарғалдақ жинады.Қай гүлшоқта гүлдің саны артық? Қаншаға артық?

Топтық тапсырма.


4 батырды үстелдің әр жағына екі-екіден отыратындай етіп жайғастыр.


Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты пысықтау



Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру

Дескриптор:

- «=» таңбасын тиісті орнына қояды;

- «>», «<» таңбаларын тиісті орындарына қояды.

- есептің шешуі болатын өрнекті анықтайды;

- өрнектің мәнін табады;

- есептің жауабын жазады.


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Рефлексия:

1.Сабақ оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?


2.Бүгін оқушылар нені үйренді?


3.Оқыту ортасы қандай болды?


4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?


5.Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?


6. Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау.

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді( оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1296
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі