Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық Наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағында есептерді ұлттық құндылықтармен байланыстырып сабақ өткізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары : Г.Дауталиева


Педагогтің аты-жөні

Қойшыбаева Айдана Нұрғанатқызы

Күні:

15.03.2021

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Математикалық Наурыз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.5.1.5 қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау, шешу.

Сабақ мақсаты

Сандарды қосу, азайту, салыстыру дағдыларын бекітесің;

Теңдеуді шешу дағдысын үйренесің;

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

Уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы


5 минут





















5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Көзімізді жұмып Наурыз тойын елестетеміз. Наурыз жыл басы. Бұл кезде қар еріп, бәйшешектер гүл жарып, құстар қайтып келетін мезгіл. Осы уақытта барлық тіршілік оянатын кез. Орталықта Наурыз мерекесіне арналған концерт болып жатыр. Ұлттық тағам көже пісіріп, барлық қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып киіз үйдің ішінде дастарған жайылып тұр. Аулада қазақтың ұлттық ойындары ойналып жатыр. Олар: «Алтыбақан», «Бәйге», « Арқан тарту», «Көкпар» т.б ойындар ойнап жатыр. Ауа райы да тамаша. Барлығы жақсы көңіл күйде жүр. Енді балалар көзімізді ашып кім қандай көңіл күйде болғанын айтыңдаршы. Жарайсыңдар барлықтарыңның көңіл күйлерін тамаша болды .

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Ыстық картоп әдісі арқылы қосу мен азайтуға есептер шығару.

1+5= 2+8= 3+6=

5+2= 10-4= 20-10=

10-6= 5+5=

3+7= 10-5=


Психологиялық ахуалға берілген көңіл күйдң көтеруді жақсы орындап, жаңа сабаққа назар аудару.








Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.

Ыстық картоп әдісі бойынша миға шабуыл жасау. Өткен сабақтарды есеке түсіру.






«Бәйге» әдісі арқылы оқушылар

ды аттары жазылған аттарды тапсырма сайын кім дұрыс, жылдам жауап берсе соның аты алға жылжып отырады.





ҚБ: Құртпен бағалау



Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсіру

тапсырмалары.









Карточкамен

Ортасы


25 минут






















8 минут


















5 минут


















2 минут





5 минут

















5 минут



Балалар енді ойланыңдаршы біз сабақ басталғалы қандай мейрам жайында айтып жатырмыз. Ия дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабағымыз Наурыз мейрамына байланысты болмақ, яғни «Математикалық Наурыз» тақырыбы. Енді осы мейрамда қандай ұлттық ойындар ойнатылады екен?

Ия дұрыс айтасыңдар:

Бәйге-аттар жарысы, топ аттың ішінен кім бірінші келеді сол жеңіске жетеді.

Алтыбақан- жастардың әткеншек құрып,екі адам, әдетте бозбала мен бойжеткен мініп, қалғандары ән айтып, қалжыңдап көңіл көтереді.

Арқан тарту- ол ұшін он метрдей ұзын арқан керек, арқанның қақ ортасы қызыл матамен байланады, сөйтіп екі топқа бөлінген жастар бойларына қарай арқанды екі шетінен өздеріне қарай тартады. Жерге салынған белгіге кім бірінші боп сүйреп әкелсе, сол топ жеңіске жетеді

Бүгінгі сабақты «Бәйге» ойынымен бастасақ. Мына қағазда тұрған аттар сендердің аттарың кім жылдам, дұрыс жауап береді сол оқушының аты алға жылжып отырады, сосын сабақ соңында кім бірінші келгенін анықтаймыз. Олай болса


1- тапсырма;

Берілген мысалдарды шығарып, өз қарсыласыңнан оз.



а) 20-9+4=15 ғ)5-3+2=4

ә)16-4+7=19 д)10-5+5=10

б)12+3-4=11 ж)10+5-2=13

в)4+8+5=17 з) 6+4-0=10

г)7-3+4=8 е)1+3+2=6


Жарайсыңдар енді жылдам әрі қатесіз шығарған 3 оқушының аты алға жылжиды және бағаланады.




2 тапсырма

Балалар бәріміз «Арқан тарту» ойынын білемізбе? Олай болса осы 2 қатар бойынша арқан тартуды елестетіп есептерді қай қатар жылдам, әрі тез, қатесіз шығарса сол қатар арқан тартудан жеңіске жетеді. Олай болса бастайық

Санадарды салыстыру:

2см 6см 4л 12л

6см 3 см 30кг 20кг

1кг 10кг 12кг 3кг

7 кг 5 кг 4 см 5см

3л 8л 11 л 7л

Өте жақсы мына қатар бірінші болып тапсырманы орындады . Олай болса осы қатардың оқушыларының аттары алға жылжиды, және құртпен бағаланады. Жарайсыңдар!




Балалар біздің ұлттық билерді білесіңдерма? ( Қара жорға, Қамажай, Аққу т.б) Ия дұрыс айтасыңдар. Олай болса сергітіп алайық. Сергіту сәтіне «Қара жорға» биі.


3- тапсырма

Ұлттық ойындарды айтып жатырмыз балалар. Тағы да бір ұлттық ойынды еске түсірейікші . Ия « Алтыбақан» бұл ойынды сыныпта ойнай алмаймыз ия балалар. Олай болса сендерге « Тиын салмақ» ойынын ойнатайын. Қазір екі үш оқушыға сандар саламын сол оқушылар тақтаға шығып сандардың артында жазылған есептерді тақтаға шығарады. Ал қалған оқушылар жұмыс дәптерді ашып , 74беттегі теңдеулерді шешейік.


Х+7=19 У-16=4 X+5=15


Өте жақсы дұрыс шығарған оқушыларға тағыда бір құрт және аттары алға жылжиды.



4 - тапсырма.

Балалар Наурыз мерекесінде барлық тіршілік оянғандай сезіледі. Сол сияқты бәйшешектер де шығады. Енді келесі тапсырма осы гүлдерге байланысты болмақ. Олай болса тақтаға Бәйгеден алда келе жатқан екі оқушы шықсын және соңында келе жатқан бір оқушы шықсын.

Шығарып көр.

Әмина мен Ажар қызғалдақтан және сарғалдақтан

гүлшоқ жасамақшы болды. Олар 5 қызғалдақ, 7 сарғалдақ жинады.

Қай гүлшоқта гүлдің саны артық? Қаншаға артық?


Сен 7 сарғалдақ гүлін ал, ал сен 5 қызғалдақ гүлін ал енді сен осы оқушылар ұстап тұрған гүлдердің қайсысы артық, екенін анықта.

Ия дұрыс айтасың сарғалдақ гүлі 2ге артық. Жарайсыңдар. Тақтаға осы есепті жазып көрші.

Ш: 7-5= 2

Ж: сарғалдақ 2ге артық.


Саған бір құрт берейік және атыңды алға жылжытайық.




Ұлттық ойындарды біледі, қысқаша мағлұматтар беріледі.

«Бәйге» ойынымен сабағымызды бастаймыз.















Тапсырманы жылдам орындауға тырысады.

Бәйгеден бірінші келуді мақсат етіп қояды.













Арқан тартуды елестетіп қатар бойынша жарысады.


Салыстыруды біледі. Көлем, ұзындық, масса бойынша есептерді салыстырады.








Сергіту сәті

«Қара жорға»







Дәптермен жұмыс жасайды, теңдеулерді шеше алады.



Құртпен бағалау.










Мәселе есеп бойынша есепті түсініп, артық кемді табады.






Құртпен бағалау.



Құртпен бағалау.



Бір бірін мадақтау.


Жазылым тапсырмалары.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2024
221
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12