400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық Наурыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:Математика

ШҚО Семей қаласы

Мектеп: «№ 27 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ


Күні: 16. 03.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Шарипбаева Мейрамгуль Маденовна

Сынып: 1 «А»

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы:

Математикалық Наурыз.

Бөлімше:қосу мен алудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.1.6 екі амал арқылы орындалатын жақшамен және жақшасыз берілген өрнектердің мәнін табу, амалдардың ретін анықтау

1.2.1.5 жақшасыз берілген әріптік,сандық өрнектерді салыстыру;

1.2.2.2 теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу

1.5.1.4 санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару;

Ойлау дағдылары

Білу,түсіну және қолдану

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады

Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табу дағдысын қалыптастырады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру дағдысын бекітеді;

таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу дағдысын қалыптастырады;

Кейбір оқушылар орындай алады:

Айырмалық салыстыру дағдысын бекітеді.

Бағалау критерийлері


-Екі амалды жақшасыз өрнектің мәнін табады

-Жақшасыз санды өрнектерді салыстырады

-Теңдеулерді шешеді

- Айырмалық салыстыруға берілген есепті шығарады

Тілдік

мақсаттар


Оқушылар орындай алады

Берілген тапсырманы орындайды ,термин сөздерді айтады.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

Математикалық Наурыз - Математический Наурыз - Маthematical Nauryz

Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

-Наурыз мерекесі туралы не білеміз?

-Наурыз көжені қалай дайындайды?

-Қандай ұлттық ойындарды білеміз?

Алдынғы білім

Әртүрлі есептер шығару

Пәнаралық байланыстар.

Дене шынықтыру,сауат ашу

Жоспар Ресурстар

Сабақтың жоспарланған кезендері

Сабақтың басталуы

3 минут













3 минут


1 минут













3 минут



























3минут












1 минут


4 минут







5 минут













3 минут





















Кері байланыс


3 минут




Сабақтың соңы

2 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Арайлап атты таң

Атқан таң қуантады ,балалар!

Психологиялық дайындық

Дөңгеленіп тұрайық.

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Олай болса,таңдаған түстерің арқылы топқа бөлінейік.

Киіз үйдің түсіне байланысты топқа бөлінеді.

Қызыл түсті «Береке ауылы», көк түсті «Достық ауылы», сары түсті «Ынтымақ ауылы» жасыл түсті «Бірлік ауылы»

Топ ережесін еске түсіру.

Уақытты үнемдеу.

Тыныштық сақтау.

Бір –біріміздің пікірімізді тыңдау,сыйлау.

Өз ойымызды еркін айтамыз.

Бейнероликті көру. Наурыз туралы.

Бейнеролик бойынша түрткі сұрақтар қойып, тақырыпты ашу.

Ой қозғау.

-Не көрдіңіздер?Бұл қандай мейрам? Қай күні тойланады екен? Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар ойнағанын көрдіңіздер?

  • Тағы қандай ұлттық ойындарды білесіздер?

  • Ойын туралы қандай ереже бар?

Мақсат қою

  • Олай болса бүгін ұлттық ойындар арқылы математикалық наурыз тақырыбында жақшасыз өрнектердің мәнін табамыз,санды өрнектерді салыстырамыз,теңдеулерді шешеміз,айырмалық салыстыруға берілген есептерді шығарамыз.

Музыка Төреғали Төрәлі. Не туралы туралы айтып жатыр. Ойынның аты қандай?

1 -тапсырма. «Бәйге» Ауызша.

- Бүгін аптаның қай күні? ( жұма)

- Екі сиырда неше аяқ бар?

5 + 4 = 9 30 + 40 = 70

7 + 5 = 12 18 – 9 = 9 100 – 60 = 40

9 + 3 – 0 = 12. 2 + 8 + 5 = 15; 14 + 3 – 4 = 13;


- Санға нольді қосса ....

- Қосу амалының компоненттерін ата?

- Қосу амалының қандай қасиеті бар?

- Азайту амалының компоненттерін ата?

-Белгісіз азайтқышты қалай табамыз?

- Ұзындықтың өлшем бірлігін ата? (см, дм, м, км).

-Уақыттың өлшем бірлігін ата? (сек, мин, сағат,тәулік, апта,ай, жыл).

- Бір жылда қанша ай бар? (12).

- Бір айда неше апта бар? (4).

- Бір жұмада неше күн бар? (7).

- Есеп неше бөліктен тұрады?(4).

(Шарты,сұрағы, шешуі ,жауабы.)

Дескриптор:

- бір таңбалы сандарды қосып және азайта алады.

- екі амалды жақшасыз өрнектердің мәнін табады.

- амалдардың компоненттерін анықтай біледі.

2-тапсырма: «Арқан тарту» Екі “ауыл” арасында жарыс өтеді. Ауыл жұптары санды өрнектерді және шамаларды салыстырады.Бірінші орындаған ауылдың оқушылар тобына ұпай беріледі.

Жауабы:

а) 5 + 12 > 18 – 3; ә) 19 – 9 < 17 + 2;

б) 6 + 3 – 1 < 5 – 4 + 8; в) 10 – 2 + 2 > 15 + 0 – 7;

г) 15 см + 4 см > 20 cм – 3 см; ғ) 5 кг +5 кг + 2 кг = 20 кг – 8 кг.

Дескриптор:

-өрнектің мәнін табады

-өрнектерді салыстырады

-салыстыру таңбасын дұрыс қояды


Сергіту сәті. «Қаражорға»

Алтыбақан ойынының ережесін білесің бе?

ЖҰППЕН

3 - тапсырма «Алтыбақан» Бұл тапсырманы оқушыларға жұппен орындатамын. Тапсырманы қатесіз бірінші болып орындаған оқушы өз тобына ұпай әкеледі.БиС

20 – 9 + 4 = 15; 16 – 4 + 7 = 19;

12 + 3 – 4 = 11; 10 + 5 – 2 = 13;

4 + 8 +5 = 17; 6 + 4 – 0 = 10;

4-тапсырма. Тақтада: Аламан бәйге

«Шығарып көр» тапсырманы тақтада орындайды.

ҚDrawObject1 ызғалдақ -5 (г)

Сарғалдақ – 7 (г) ? артық

Шешуі: 7 – 5 = 2 (с)

Жауабы: сарғалдақтың саны 2-ге артық.

Ереже :Бір сан екіншіден нешеге артық немесе кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек.

Дескриптор:

- 5 қызғалдақ және 7 сарғалдақ жинайды

-Қай гүлшоқта гүлдің саны артық екенін анықтайды

-Қаншаға артық екенін есептеп табады

« Көкпар» Топпен жұмыс.

5- тапсырма

Жауабы:

1) х + 6 = 10; 2) 9 – у =5;

х = 10 – 6; у = 9 – 5

х = 4 у = 4

4 + 6 = 10 9 - 4 = 5

3) 12 + х = 17; 4) 19 – у = 13;

х = 17 – 12; у = 19 – 13 ;

х = 5. у = 6.

12 + 5 = 17 19 – 6 = 13


Дескриптор:

-сәйкес амалды орындай отырып, белгісіз қосылғышты, азайғышты табады;

- теңдеудің түбірін дұрыс табады;

- теңдеуді тексереді;

- теңдеу шешудің алгоритмін сақтап жазады.



Қорытынды: Не білдік? Нені үйрендік?

Егер сабақ түсінікті болып ұнаса жасыл түсті,егер түсініксіз болса қызыл түсті,егер ештене ұнамаса сары түсті гүлді жапсырады.

Ойын нәтижесін шығару. Оқушыларға “бауырсақ” түрінде жинаған ұпайларын санауды ұсынамын. Оларға жасаған жұмысы үшін алғыс айтамын. Сабаққа белсене қатысып, тобына ұпай жинауға атсалысқан оқушыларды марапаттаймын.







Киіз видио



Сыныптағы оқушы санына сәйкес даярланған қызыл, көк, сары және жасыл түсті шариктер;




бейнеролик;










бауырсақ түріндегі

cмайлик;




























оқушылардың дұрыс жауабына берілетін

бауырсақ түріндегі смайлк;







Акт




Карточка







әр топқа қызыл, сары түсті қағаздан жасалған ою таратылады.






.
















Киіз үй суреті






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі