Тақырыбы:
Математикалық планшет арқылы баланың
логикалық ойлауын дамыту
Мақсаты:
мектепке дейінгі балалардың Монтессори
материалдары арқылы логикалық және
шығармашылық ойларын дамыту.
Қолданбалы
құралдар: Монтессори математикалық
планшеті
Шаттық шеңбері
Күндей
жадырап
Айдай
арайлап
Жұлдыздай
жарқырап
Судай
мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі
күнімізді бастайық .
Осы
кезде қарға ұшып келеді: Қарр-қарр-қарр,
Сәлеметсіңдерме балалар.
Аңдар
беріп жіберген
Хатымды
менің алыңдар.
( Хат оқылады)
-Сәлеметсіңдерме балалар, мен үйшік
ертегісіндегі аюмын. Сендерге хат
жолдаған себебім, ормандағы достарымның
үйін құлатып алғандықтан олардың
алдында ұятты болып жүрмін, сондықтан
сендерден үйшік тұрғызып беруге
көмектесулеріңді сұраймын.
-Балалар, үйшік құрастыру үшін қандай
геометриалық пішіндерді қажет? Еске
түсірейік.
- Үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш
Жарайсындар
балалар, ал енді өз ойларынша, өз
беттерінше геометриалық пішіндерін
математикалық планшетпен жасай отырып
аюға үйшік құрастыруға кірісейік, ол
алдарыңда тұрған математикалық планшетті
алып, соған үйді құрастырайық.
Балалар,
жұмыстарыңды аяқтап болсаңдар сендерді
шеңберге шақырамын.
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қалай
иіліп
Бір отырып, бір тұрып
Бір
тынығып алайық.
1. Бүгін математикалық
планшеттің көмегімен қандай геометриалық
пішіндерді еске түсірдіңдер?
2. Аюға
нені құрастыруға көмектестіңдер?
Балалар,
бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекет
сендерге ұнады ма?
Ал, кәнеки тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше
күн жақсы
Сау-саламат болайық!
Күтілетін
нәтиже:
Білуі тиіс: Монтессоридің
математикалық планшетін қолдануы
Көрсете білу: Монтессоридің
математикалық планшеті арқылы геометриялық
пішіндерді жасауы
Түсінігі: Геометриялық
пішіндерді пайдалана отырып құрастыра
білу