400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математикалық практикум және сандық ресурстар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Математикалық практикум және сандық ресурстар» идеясының мақсаты: 9-сынып оқушыларының негізгі мектеп курсы бойынша білімдерін кеңейтуге, мемлекеттік емтиханға дайындалудың тиімділігін арттыруға арналған, орта мектепте білімін жалғастыру үшін жасалған «Математикалық практикум» бағдарламасын түрлі сандық ресурстарды пайдалана отырып нәтижелі жүргізу, оқушылардың қызығушылығын және пәнді терең меңгеруге мотивациясын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Математикалық практикум және сандық ресурстар»


Астана қаласы әкімдігінің

«№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі» КММ

Дюсенова Шамшибану Аманжоловна


«Сабақ беру - үйреншікті

жай ғана шеберлік емес, ол үнемі

жаңадан жаңаны табатын өнер»

Жүсіпбек Аймауытов


Қазіргі кездегі білім беру үдерісі заман талабына сай тез өзгеріп, тез құбылуда. Оқытудың әдіс-тәсілдері сәт санап өзгеруде. Оқушылар да күнделікті өмірде, сабақтарда, білім додаларында, болашақ мамандықтарын таңдауда оқудың пайдасының зор екенін аңғаруда.

«Білім — бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай білімді адамның кез келген іс әрекеті, адаммен қарым-қатынас жасауы, ұжымдағы беделі, ұрпақ тәрбиелеудегі жұмысы, жасаған кәсібі де өзгеше болады. Мұғалім өмір бойы оқыту, оқу дағдыларын аса меңгерген мамандықтар басында тұрады. Себебі басқа барлық мамандықтар иесі мұғалімнен алған білімінен бастау алады. Сабақ беруде жаңашылдыққа көңіл бөлу керек.

Қазіргі заман талабы мектептегі математика курсының практикалық бағдарының, функционалдық сауаттылықтың жоғары деңгейде болуының қажеттілігін айқындап отыр.

Білім беру үдерісінде қолдануға ұсынылған бағдарлама мемлекеттік білім беру стандартының талаптарымен және негізгі мектептің математика курсының негізгі бөлімдерімен, мазмұнымен сәйкестендірілген.

«Математикалық практикум және сандық ресурстар» идеясының мақсаты: 9-сынып оқушыларының негізгі мектеп курсы бойынша білімдерін кеңейтуге, мемлекеттік емтиханға дайындалудың тиімділігін арттыруға арналған, орта мектепте білімін жалғастыру үшін жасалған «Математикалық практикум» бағдарламасын түрлі сандық ресурстарды пайдалана отырып нәтижелі жүргізу, оқушылардың қызығушылығын және пәнді терең меңгеруге мотивациясын арттыру.

Оқушылардың негізгі мектептің математика курсының әртүрлі бөлімдері (арифметика, алгебра, статистика және ықтималдықтар теориясы, геометрия) бойынша білімдерін жүйелеуге және тереңдетуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар мектеп бағдарламасынан тыс стандартты емес тапсырмалар қарастырылады (модулі бар графиктер, берілген функциялар, стандартты емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу және т.б.). Аталған тарауларды білу, меңгеру және оны практикалық іс-әрекетте шебер қолдана білу оқушыларға әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды шешуге, сыртқы бақылау тапсырмаларын орындауда, түрлі білім сайыстарында және сынақтарды сәтті тапсыруға дайындалуда пайдасы зор.


Идеяның өзектілігі – математика пәнінен оқушыларды сабақтан тыс қосымша сабақта есептер шығаруға қызықтыру, машықтандыру, ынталандыру мақсатында пайдалануға тиімді, интербелсенді, түрлі сандық ресурстарды бірге қарастырып, осы ресурстар көмегімен көптеген тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Идеяның міндеттері:

  • математикалық материалмен кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін алгебра, геометрия және нақты математика бойынша тапсырмаларды орындауға пайдалы сандық ресурстарды қарастыру;

  • ресурстарды пайдалануды үйрену;

  • тапсырмалардың нақты тұжырымдамаларын дұрыс түсінуге үйрету;

  • тапсырмаларды орындауға бөлінген уақытты барынша тиімді пайдалануға дағдылану;

  • ізденімпаздыққа, жауапкершілік пен дәлдікке тәрбиелеу;

  • сынып оқушыларымен бірлесіп ресурстың тапсырмаларды табу, орындау барысында пайдалылығын талқылауға қатысу, бір-біріміздің пікірлерімізді білдірудің ауызша және жазбаша түрде дәлелді және ерікті түрде жеткізу машығын жетілдіру.


Оқушылардың шығармашылық жұмысының әртүрлі формаларын білім беру платформалары мен веб сервистерді, интернеттегі білім беру сайттарындағы іздеу жұмысының нәтижелерін ұйымдастыру сабақтан тыс уақытта оқушылардың жобалық іс-әрекетінің мүмкіндігін де дамытады.

Мектептің базистік жоспарынан тыс тақырыптар арқылы оқушының білім деңгейі тереңдетіледі. Оқушылардың интеллектуалды дамуына, өз білімін өз бетімен толықтыруына жол ашады. Оқушыларды жоғары деңгейде тест тапсыруға дайындайды.


Практикумның мазмұны негізгі жоспардағы тақырыптарды сәйкесінше толықтыруға, тереңдетуге негізделген:

-Оқушының өз бетінше іздену жұмыстарын қалыптастыру, математикалық білімдерін тереңдету.

- Сабақта алған білімдерін толықтырып, тереңдете отырып, практикада қолдана білу;

- Математиканы меңгерудің жоғарылаған деңгейін қалыптастыру;

-Оқушылардың математикалық сауаттылығын, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағдарлануы;

- Есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу;

- Еске түсіру (білу);

- Байланыстарды орнату (қолдану);

- Пайымдау (ойлау, талдау).

Күтілетін нәтиже: - Оқушылардың математикалық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерінің дамуы, танымдық деңгейлері, сандық ресурстарды пайдалану дағдылары көтеріледі;

- Алған білімдері мен біліктерін басқа пәндерде, практикалық қызметтерінде және сынақтарда қолдана алады;

- Күрделі практикалық мазмұнды есеп-жаттығулардың мән-мазмұнын түсіне отырып шеше алады;

- Графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып, талдап үйренеді;

- Түрлі қатынастар мен байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беріп, нақты үдерістердің графиктерін түсіндіре алады;

- Жаңашылдыққа ұмтылады, оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады.


Практикум бағдарламасы 34 сағатқа арналған және 5 модульден тұрады:

Бағдарлама мазмұны


Мазмұны

Сағат саны

Жүргізілу түрі

теория

практика

1

Алгебра модулі

13

7

6

2

Геометрия модулі

6

3

3

3

Нақты математика

6

4

2

4

Күрделілігі жоғары тапсырмалар

6

4

2

5

Қорытынды сабақтар

3

-

3


Жалпы сағат саны

34

18

16


Оқу тақырыптық жоспар және сандық ресурстар


Модуль

Тақырып

Мазмұны

Сағат саны

Қолданатын сандық ресурстар

Модуль 1. Алгебралық тапсырмалар (13 сағат)

Есептеулер (2 сағат)

1

1

Жай және ондық бөлшектер. Санның стандарт түрі

1


2

2

Практикалық тапсырмалар

1

https://qazmath.net/

Теңдеулер және теңсіздіктер (3 сағат)

3

1

Сызықтық және квадраттық теңдеулер

1

http://kazbilim-edu.kz

4

2

Сызықтық және квадраттық теңсіздіктер. Теңсіздіктер жүйесі.

1


5

3

Практикалық тапсырмалар

Өздік жұмыс

1

https://qalan.kz/

Координаталық түзу. Графиктер (3 сағат)

6

1

Координаталық түзудегі сандар. Теңсіздіктер шешімін координаталық түзуде бейнелеу.

1

https://forms.

7

2

Функциялар графиктері және олардың қасиеттері

1


8

3

Практикалық тапсырмалар

Өздік жұмыс

1

Twig-Bilim


Алгебралық өрнектер (2 сағат)

9

1

Көпмүшелер. Алгебралық бөлшектер. Дәрежелер. Мүмкін мәндер жиындары

1


10

2

Практикалық тапсырмалар

1

Google form

Тізбектер (2 сағат)

11

1

Сандық тізбектер. Прогрессиялар

1


12

2

Практикалық тапсырмалар

1

https://learningapps.org/

13

3

1-модуль бойынша білімді тексеру

1


Модуль 2. Геометриялық тапсырмалар  (6 сағат)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15.04.2024
330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі