Материалдар / Математикалық регата
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математикалық регата

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып оқушылары арасында өткізу болатын сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2018
1880
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 

«МAТЕМАТИКА ЖӘНЕ БІЗ»  
Тапқырлар сайысы

Мақсаты:

1)            Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған  білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру. 

2)            Дидактикалық, логикалық есептер шығару арқылы  оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.

3)            Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау,  шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Математикадан сабақтан тыс қолданылатын әдебиеттер көрмесі, сайысқа қажет форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме карточкалар, интерактивті тақта, компьютер

Математикалық сайыстың барысы:

І: Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар бүгінгі математика, физика және информатика аптылығы аясында 8 сыныптар арасында өткізгелі отырған «Математика және біз» тапқырлар сайысына қош келдіңіздер!

ІІ: Қымбатты білім сүйгіш жас достар!

       “...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -  бүгінгі  мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз де”     
                                                                                                     Н.Назарбаев

Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар   ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің  керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

    Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:

1-тур «Топтардың таныстыруы.»

2-тур «Жұмбақтар шешейік!»

3-тур: «Ойымды жалғастыр» сайысы.

4-тур «Капитандар» сайысы

5-тур «Фигура құрастыру».

Қорытындылау.  
1-тур: Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)

2-тур  «Жұмбақтар шешейік!»

1) Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап.      ( Х )

2) Күшіне сенген бір мықты

    Жығып алып сегізді

    Барайын қайда дегізді. ( ∞ шексіздік)

3) Шекер жейтін аққұтан

    Бір қазыққа байланды

    Аузына тістеп шекерін

    Ол қазықты айналды.  ( циркуль )
 4) Егіз тұған қос жүйрік, 
     Жарыса шауып терлейді.

     Бірін-бірі көрмейді,

     Бір мәреге келмейді. (Паралель түзулер) 

5) 12 бұтағы бар алып емен,

52 шыбық тарап, өсіп өнген.

Шыбық сайын 7-ден жапырағы

Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.    (Жыл,12ай,52апта,7күн)

6) Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. Ол не? (0мен 9 арасындағы сандар)


3-тур: «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда мақалдың жалғасын тауып, соның ішіндегі сандарды 3 тілде аударып айту керек)

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар,
(білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас,
(екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға –
(екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша,
(жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз,
(отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)


4-тур: «Капитандар» сайысы
І-топ капитанына   8 «А» сыныбы

  1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш     (тең бүйірлі)

  2. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар)

  3. 1-ге және өзіне бөлінетін сандар (жай сан)

  4. Үлкен хорда                       (диаметр)

  5. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі  (кесінді)

  6. Дөңгелектің радиусы 5 см, диаметрі неге тең? (10 см)

  7. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем   (теорема)

  8. Жазыңқы бұрыштың шамасы                (180)

  9. Жұп сандар қандай цифрлармен аяқталады            (0,2,4,6,8,)

  10.  Бір нүктеден шыққан түзу             (сәуле)

ІІ-топ капитанына   8 «ә» сыныбы

  1. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш        (тең қабырғалы)

  2. Қиылыспайтын екі түзу       (параллель)

  3. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі        (планиметрия)

  4. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек не деп аталады? (бұрыс бөлшек)

  5. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

  6. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең?            (60)

  7. Дөңгелектің диаметрі 10 см, радиусы неге тең?      (5 см)

  8. Бұрышты өлшейтін құрал? (Транспортир)
    Тік бұрыш неше градусқа тең?               
    (90)

  9. Ең кіші натурал сан  (1)

  10. Тақ сан қандай цифрлармен  аяқталады? (1,3,5,7,9)

 ІІІ-топ капитанына   8 «б» сыныбы

  1. Жанұяда 4 ұл және  әр  баланың  бір  әпексі  бар.  Жанұяда  неше  бала  бар? 5

  2. 2 оқушы тоғызқұмалақты  4  сағат  ойнайды. Оның  әрқайсысы  неше  сағат  ойнайды? 4 сағат

  3. Қандай сан барлық  санға  қалдықсыз  бөлінеді? 0

  4. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800

  5. Тік бұрышты үшбұрыштың  бір  бұрышы  300 болса… қарсы  жатқан  катет  гипотенузаның  жартысына  тең

  6. Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут

  7. 1 % дегеніміз не? 1/100 бөлік

  8. 1 кг судың көлемі неге тең? 1 литр

  9. Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)

  10. 2-нің 6 дәрежесі. 64


ІV-топ капитанына   8 «в» сыныбы

  1. Сәуледе бір бүтін, екі  жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3)                                          

  2. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (ТІКБҰРЫШ)

  3. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6)

  4. Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа  туылған пілдің баласы неше кг тартады? (125 КГ)

  5. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 САҒАТ, 43 МИНУТ)

  6. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

  7. 700 -қа тең бұрыш қала й аталады (сүйір)

  8. y=x2 функциясының графигі (парабола)

  9. Көшеде екі папасы, екі баласы, бір атасы мен немерсі кетіп бара жатыр көшеде қанша адам кетіп бара жатыр ??? (3 АДАМ)

  10. Ең үлкен  және  ең  кіші  үш  таңбалы   санның  қосындысы  нешеге  тең? (100+999=1099)

5-тур «Фигура құрастыру»

Қорытынды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!