400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Математикалық регата"

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Умаргалиева Тауила Калеловна

«А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ

математика пәні мұғалімі

«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбындағы

«МИФ» апталығында өтілген танымдық ойын

Математикалық регата

Мақсаты: Математика пәніне қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамытып, оқушылардың ойын ережелерін түсініп, салыстырмалы аз уақыт ішінде өздерінің бірегей шешімдерін ұсына алуларына қол жеткізу. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу, топпен жұмыстануға дағдыландыру.

Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған карточкалар, нөмірленген парақ беттер, цифрлар.

Ойынның өту барысы:

  1. Топқа бөлу, топты белгілеу.

  2. Мақсатын айтып, ойын ережесімен таныстыру.

А) Әр топ 4 оқушыдан тұрады.

Б) Оқушылар қарама-қарсы отырғызылады, әр үстелде нөмірі бар карточка қойылады және сол нөмір олардың коды болып табылады.

В) Әр турдің жауабы бөлек параққа жазылады. Оқушы сол параққа барлық ойлары мен шешімдерін жазады.

Г) Әр параққа үстел нөмірі (код) және тапсырма нөмірі жазылады.

Д) Әділқазылар құрамы 3 адамнан тұрады. Әрбір әділқазы мүшесі бір турдың есебін (тапсырмасын) тексереді.

  1. Математикалық регата 3 турдан және әр тур 3 тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма алгебралық есептер.

Екінші тапсырма геометриялық есептер.

Үшінші тапсырма логикалық тапсырмалар.

Тур

уақыт

Әр есептің ұпай саны

Турдың максималды ұпайлар саны

1 тур

10 минут

5 ұпай

15 ұпай

2 тур

15 минут

6 ұпай

18 ұпай

3 тур

15 минут

7 ұпай

21 ұпай

Барлық турдың максималды ұпайлар саны

64 ұпай



  1. Қорытындылау.





































I тур ( 10 минут 6 ұпай).

  1. Егер а+в+с = 0, онда а3+в3+с3 = 3авс екенін дәлелдеңдер.

  2. Ұзындығы 1см, 2см, 3см, 2001см, 2002см, 2003см болатын әртүрлі кесінділері пайдаланып үшбұрыштың қанша түрін жасауға болады?

  3. Цифрлардың орынын ауыстырғанда олардың қосындысы тігінен де, көлденең де, диагональ бойынша да бірдей болуы керек.

1

1

1

2

2

2

3

3

3



I I тур (15 минут 7 ұпай)

  1. 817-279-913 өрнегінің 15-ке бөлінетінін дәлелдеңдер.

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың катеті екінші катетінен 10см артық, ал гипотенузадан 10см қысқа. Гипотенузасы неге тең?

  3. 100-ді алты тоғыздық арқылы жаз.





I I I тур (15 минут 7 ұпай)

1. Қай сан артық? 85 және 322

2. Кез-келген дөңес төртбұрыштың орталары тізбектей қосылған. Пайда болған төртбұрыштың ауданы неге тең?

3. 5 квадраттан тұратын кресті қандай бөліктерге бөлу арқылы тұтас бір квадрат құрауға болады?

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
6278
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі