400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық сайыс Кім тапқыр? 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз беттерінше еңбектенуге, нақтылыққа, математикаға деген белсенділігін, қызығушылығын, ынтасын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Бейнеу ауылы, «Үстірт орта мектебі» КММ
математика пәнінің мұғалімі:

Рустемова Айкун



Тақырыбы: «Кім тапқыр»

Ойын түрі: «Кім тапқыр» танымдық сайыс

Мақсаты:

1. Ізденімпаздыққа, өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу
2. Нақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
3. Математикаға деген белсенділігін, қызығушылығын, ынтасын арттыру.

Көрнекілігі: экранды қолдану, көрсететін белгілер (әр оқушыға)


Жүргізуші:

Армысыздар! Ұстаздар мен оқушылар.
Көрер көзге  мөлдіреген моншақтай,
Өтіп кетер балалық сол шақтар; - демекші  осындай жалындаған жастық шақты қызықты да, қылықты  етіп өткізу қандай керемет!
Математика   ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғалым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі «Кім тапқыр » сайысында - дей келе  танымдық  сайысымызды бастаймыз!


Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер.  Ойнымызды бастамас бұрын дәстүр бойынша әділқазылар алқасын сайлап, таныстырсақ дейміз.
1.
2.
3.

Біздің ойынға 7-ші сыныптан төрт оқушыдан қатысқалы отыр.

Өту барысы

I.    Кім жылдам (математикалық сұрақтар).
II.    Тас қақпа. Сандар сөйлейді (мақал-мәтелдер).
III.    Күміс қақпа. Ойлан тап (жұмбақтар).
IV.    Жаңылмаймын (топ басшылар сайысы).
V.    Алтын қақпа. Жүйрік команда (логикалық есептер).
VI.    Қорытынды


Жүргізуші: Қазір сіздердің алдарыңызға экраннан тапсырмалар өз орнымен рет – ретімен көрсетіліп отырады. Негізгі ойын шарты жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан. Кім де кім берілген сұрақтың жауабын біліп тұрса, қолындағы белгіні жылдам көтеру керек. Орнымыздан тұрып, сұраққа толық жауап қайтару керек. Сол кезде ғана жауап саналып, ұпай қойылады.



Кім жылдам (математикалық сұрақтар, барлық топқа ортақ, әр сұраққа 5 ұпайдан).


1)    Қиылыспайтын түзулер, ол не? (пареллель түзулер).

2)    Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (1).

3)    Тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер? (перпендикуляр түзулер).

4)    Екі қатынастың теңдігі?  (прапорция).

5)    Барлық қабырғалары тең үшбұрыш?  (тең қабырғалы үшбұрыш).

6)    25% санның қандай бөлігі?  (1/4 бөлігі).

7)    Ең үлкен үш таңбалы сан? (999).

8)    Кесінді дегеніміз не?  (екі жағы нүктемен шектелген түзуді кесінді дейміз)

9)    Қандай бұрыштарды білесіңдер? (тік б. Жазыңқы б. Толық б. Сүйір б. Доғал б.)

10)  Төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (S=ab).

11)  Үлкен қабырғаға  қарсы қандай бұрыш жатады? (үлкен бұрыш).

12)  12, 10, 14 сандарының арифметикалық ортасы? (12).

13)  Қандай сандар нөлден улкен? (натурал сандар).

14)  1 милионда  қанша нөл болады? (6).

15)  Үшбұрыш дегеніміз не? (бір түзуде жатпайтын үш нүктені қосатын кесіндіні айтамыз).


Жүргізуші: «Алтын сандық» ойнымызға қатысқалы отқан үміткерлерімізге сәттілік тілей отырып,  «Тас қақпаны» ашуға атсалысайық.Олай болса экранға назар аударайықтсалысайық! Олай болса экранға назар аударайық!

Тас қақпа. Сандар сөйлейді (мақал-мәтелдер әр кор сөйлейді (мақал-мәтелдер әр командаға 4 мақал. Әр мақал –мәтелге 5 ұпайдан).

1)     Жетелі мен іскерге ..... күннің бәрі сәтті. (7)


2)   Қарғыс .... атаға жетеді. (7)


3)    ..... ит көріп үреді, (1)
......ит еріп үреді. (2)


4)    ........... жүзін білгенше,(мыңның)
............атын біл. (бірдің)


5)     ........ сөздің тобықтай түйіні бар (90)


6)     .......тістен шыққан сөз, (30)

...... рулы елге тарайды (30)


7)    Жақсы әке жаман балаға  ...... жыл азық .   (40)


8)    Жігіттің құны ......жылқы. (100)
Ары ......жылқы.  (1000)


9)    Аюды жеңген - ....... ер,  (жарты)
Ашуды жеңген - ...... ер.(бүтін)


10)    ......күн ашыққаннан, (1)
...........күн ақыл сұрама.(40)

11)  Жұмысқа  .... жылда үйренеді, (3)
Жалқаулыққа ...күнде үйренеді.(3)


12)    Досыңды ... күн  сыныма, (3)
......... жыл сына.   (3)




Күміс қақпа. Ойлан тап (жұмбақтар әр камандаға 4 жұмбақ. 5 ұпайдан).

1.

Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай?  
 (натурал сан).


2.    

Өмірің сенің қызық,
Жолыңда  жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ, аяғы.
Бір айналым баяғы.  
(дөңгелек).


3.    

Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір карандаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? 
(6).


4.    

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. 
 (сызғыш).


5.    

Нүктеден екі сәуледен құралған,
Айтшы бұл не екенін? 
(бұрыш).


6.    

Екі түзу қатар жүріп,
Үшіншісі   қияды.
Сонда шыққан бұрыштарды,
Кімдер айтып жаяды? 
(сәйкес, айқыш, тұтас).


7.  

Бір–бірімен жарысқан
4 аю. Бір арыстан.
2 қой мен 1 түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? 
(8)


8.    

Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады?
 (дәреже).


9.

Аузы 1, 2 құбыр, ол не?   (шалбар)


10.        

1 үйде тұрады екен 50 батыр.
Үй сыртына сүйкенсе–ақ өліп жатыр  
 (сіріңке).


11.        

2 ағайынды, екеуіде бір үйде,
Бірін–бірі көрмейді   
(көз).


12.    

Таңертең 4 аяқты,
Түсте 2 аяқты,
Кешке 3 аяқты  
(адамның үш шағы)


Сергіту сәті:


Жаңылмаймын (топ басшылар сайысы көп сан айтқан топ басшыға 5, одан кейінгіге 4 ұпай, соңғысына 3ұпай).

Ойын шарты: 3-ке бөлінетін сандарды сендер айтпауларың керек, оның орнына «жаңылмаймын» деген сөзді айтуларың керек. Қателескен оқушы шығып қалады.

Мысалы: 1, 2,  жаңылмаймын, 4,  5, жаңылмаймын.

Ал, кеттік, тез-тез 30-ға дейін санап шық!

Алтын қақпа. Жүйрік команда (логикалық есептер).


- Бір қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың бастарының саны – 19, ал аяқтарының саны – 40. Сонда қорада неше тауық, неше қоян бар?   (1 қоян, 18 тауық)

- Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың орташа бойы 120 см, ал ата-аналарының орташа бойы 174 см. Барлық отбасы мүшелерінің орташа бойы неше см?

Шешімі: 120*4=480
174*2=348

4+2=6

(480+348)/6=138 см


- Бөлмеде мысықтар мен торғайлар бар , олардың бастарының қосындысы 15, ал аяқтарының саны 50 болса, бөлмеде неше мысық, неше торғай болады?  (торғай 5, мысық 10).


-Үстел үстінде 6 шыны стакан тұр. Үшеуіне су құйылған және үшеуі бос. Бір ғана ыдысты орнынан көтеру арқылы қалай су құйылған және бос стаканды кезектестіріп қоюға болады? (2-ші ыдыстағы суда 5-ші ыдысқа құю арқылы)

-Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр
екен, себебі не? (Ұйқысы қашып кетіпті, соны қуалап жүр екен)

-Мені ешкім түсінбейді, неге? (Өйткені ол ешкі ғой)

-Сиыр неге жерге жатады. (Өйткені, отыра алмайды.)


Қорытындылау.Ең бастысы орын емес жарыста

Терең білім, жеңу шарты сайыста

Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз

Өмірде де жетерің хақ, табысқа

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды. Ал қазір әділ қазылар сөз алады. Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап. Мақтау қағаз тапсырады.

Құрметті ойыншылар және әділ қазылар. Бүгінгі «Кім тапқыр» атты математикалық сайысымызға қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!!!





























Тақырыбы: Елбасы ел тірегі, ел сенімі

Мақсаты: 

1.  Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру;

2.  Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық  сезімдерін арттыру.

3.  Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: суреттер, слайд,интербелсенді тақта,флипчарттар,маркер, Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары.

Өту барысы:

Жоспар:

1.Елбасы өмірі

2.Өткенге үңілейік..

3.«Есіңе сақта» ойын

4.Елбасы болмысы

5.«Сұрақтары бар қорап»

6.«Мен Президент болсам....» ойларын айту

7.«Елбасыға тілек...» тілек жазу

1.Психологиялық дайындық

Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын орнату

2.Топқа бөліну «Теңгелер»

1-топ: 200 теңге

2-топ: 500теңге

3-топ: 1000теңге

3.Ой қозғау/ интербелсенді тақтадан көрсетіледі/

Сен жаңа белеске қадам бастың-мектепке келдің,оқушы болдың!Бұл сен үшін үлкен мереке Ал мерекеде үлкен сыйлық беріледі.Бұл кітап-менің саған сыйлығым.Мектептесені қызықты жаңалықтар мен ғажайып оқиғалар күтіп тұр.Қазақстан-біздіңОтанымыз.Өз Отаныңның тарихымен мәдениетін,ана тіліңдібілу керек.Бұған алғашқы ұстазың мен оқулықтарың осы кітабың көмктеседі.Қазақстанның болашағы жарқын,елімізде татулық,береке болады.Бұған достарың мен бірге сенде өз үлесіңді қосасың.Білім әлеміне саяхатың сәтті болсын!

Кімнің сөзі?

-Нұрсұлтан Назарбаев

-Ол кім?

-Сіздерге арналған бұл сөздер иірімі қандай кітапта берілген?

-«Менің Отаным Қазақстан»

Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға арналады

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

Бүгін 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Ел тірегі Елбасы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз

Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

-Н.Ә.Назарбаев кім?

1-оқушы: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат болған. Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан.. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Хронологиялық кестеге шолу

«Есіңе сақта»
берілген суреттердің атауын жазу


«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.


2.Елбасының ерекше тұлғалық болмысы

/слайдтан көрсетіледі/


«Мен Президент болсам....» ойларын айту
«Сұрақтары бар қорап»әдісі

1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

2. Н.Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды?

3. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және ол ғарышқа қашан самғады?

4. Төл теңгеміз дүниеге қашан келді?

5. Қазақстан Республикасының Ата Заң қашан қабылданды?

6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

7. Қазақстанның бұрынғы және қазіргі астаналарын атаңдар?

8. Қазақстан қандай мемлекет?

9 Қазақстанда қай тіл мемлекеттік тіл?

10.Ұлтымыз

11.Қр президентін кім?

 


«Елбасыға тілек...» тілек жазу

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші: 

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Елбасы ел тірегі, ел сенімі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент  күні құтты болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
2983
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі