Математикалық сайыс «Мен оқимын, ойнаймын, ойлаймын!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математикалық сайыс «Мен оқимын, ойнаймын, ойлаймын!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сайыс сыныптан тыс жұмыс түрінде өткізілді. Оқушылар топқа бөлініп, қызықты тапсырмалар, тест, ойлау тапсырмаларын орындайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі









Математикалық сайыс


«Мен оқимын, ойнаймын, ойлаймын!»





















2023-2024 жыл













Сайыстың тақырыбы: «Мен оқимын, ойнаймын, ойлаймын!»

Мақсаты:

       Білімділігі:      Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін  тексеру, алған білімдерін пысықтау.

     Дамытушылығы:     Мұндағы  өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақ шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. 

          Тәрбиелілігі:     Пәнге қызығушылығын арттыру.   Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушыларды  ауызбіршілікке ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

  Түрі:     Танымдылық ойын, сайыс сабақ

      Әдісі:   Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын , құрастыру

    Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интер/к ,,тақта ,тест,ертегі есеп, өлең есеп,слайд.

                                             Сайыс барысы:

           Ұйымдастыру бөлімі:

      -Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 2 сыныптар арасында өтетін «Мен оқимын,ойнаймын,ойлаймын!» атты математикалық сайысқа қош келдіңіздер!.

       Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық  ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету.  Алған білімдерін   пысықтау.  

      Сайыс сағатымызда  өлең есептер,ертегі есептер,  сөзжұмбақтар ,тест тапсырмалары беріледі. Солардың жауаптарын  дұрыс айтуларыңыз  керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға бір ұпайдан қосылып отырады.

               Бәріне жар салайық

               Бүгінгі сайыс төрінде

               Математика елінде

               Есеп шешіп жарысып

               Жұмбақ шешіп аңдысып,

               Шабыт тасып ,шалқысып

               Көңілді сайыс жасайық

               Жұмбақ шеру шашайық

               Мұнда қызық табылар

               Жұмбақ,есеп бәрі бар

               Ал,сайыскер балалар

               Білімдеріңді сынайық.-деп

      2.     Бүгінгі шарада сынға түсетін топтармен таныстырып өтейін.

              «Алғырлар»  тобы               

             «Білгірлер» тобы                

  «Тапқырлар» тобы  

«Жүйріктер» тобы  

«Ойшылдар» тобы  

Ендігі кезекте ойыншылардың қатысу ретін анықтау үшін,асықтар таңдауларыңыз сұралады.

1. Сөзжұмбақ кезеңі

         Ей,балалар,балалар,

         Қане бері қараңдар

        




Шарамызды бастайық

        Сөзжұмбақты қиналмай

        Лезде шешіп тастайық.

 Shape1

Дескриптор:

Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі

1.Ең кіші үш таңбалы сан.                   Жүз

                                    2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш.      Шаршы

                                    3.Ондықтан құралған сан.                     Қырық

                                    4.Бір таңбалы сан.                                  Үш

                                    5.Кеміту амалы.                                      Азайту

 2.  «Баспалдақ» ойыны  

                             90 +10=80                               

                                        24+2=26             35+2=37

                            38-8=30                                    56+1=57

                 72+2=75                                                        40-10=30

           25+3=28                                                                           24+3=27

40-20=20                                                                                         80-50=30

Дескриптор:

Әр дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі

3. «Кім жүйрік» Тест тапсырмалары 

1.Өсу ретімен жазылған ондықтарды тап

А)10,30,80

Ә)50,60,70

Б)90,80,70

2 1 онд пен 8 бірл. қосындысын тап

А)108

Ә)180

Б)18

3.98 санын разряд бойынша талда

А)9 онд.8бірл

Ә)90 онд.8 бірл

Б)98 бірл

4.66 санының көршілерін тап

А)67,68

Ә)66,67

Б)65,67

5.Бірінші сыныпта 50 оқушы,екінші сыныпта 25 оқушы.Екінші сыныптағы оқушылар саны қаншаға кем?





А)25

Ә)2

Б)75

6.1 онд.8бірл пен 2 бірл қосындысын тап

А)22

Ә)18

Б)20

7.99 саны бойынша разрядтық қоосылғыштардың қосындысымен ауыстыр

А)99+9

Ә)90+9

Б)909+0

8.40 + 20 = 60 теңдігінде 40 саны қалай аталады?

А) қосылғыш

Ә) азайғыш

Б) қосынды

9.Теңдеудің шешуін тап: х + 16 = 32

А) 16 

Ә) 15 

Б) 5

10.Қай жауап дұрыс?

А) 1 сағ 20 мин > 60 мин

Ә) 1 сағ 20 мин = 80 мин

Б) 1 сағ 15 мин < 80 мин

11. 1 тәулік 5 сағатта қанша сағат бар?

А) 13 сағ

Ә) 29 сағ

Б) 24 сағ

12. «24,36,45,18,7,9,16.» Ең кіші екі таңбалы сан қайсысы?

А) 16

Ә) 45

Б) 7

13.«26 пен 6санының айырмасына 5-ті қос» . Осы өрнектің жазылуын табыңыз.

А) 24 + ( 8 – 5 )

Ә) ( 26 6 ) + 5

Б) 8 + ( 24 + 5 )

14.62 см – де неше дм неше см бар?

А) 6 дм 2 см

Ә) 8 дм 2 см

Б) 62 дм 0 см

15. Ұзындықтың өлшем бірлігі қатарын тап

А) мм,см,дм,м,км

Ә) кг,м,ц,т

Б) л,см,кг,дм

       4. Есеп жұмбақ

   -Кел балалар ,ойнайық

 Қандай есеп болсада.

 Шешпей оны қоймайық.





 Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар.

Асығыстық қылмаңдар.

 Асықпайық дегенге.

  Бөгеліп те тұрмаңдар.


  «Ойлы болсаң,озып көр»   

Математикалық өлең есеп «Wordwall» АКТ тәсілі арқылы


               Көлден ұшты 50 қаз,                         12 алманың 5-уін

               Қайтып қонды 23 қаз                        Досың сұрап алады.

               Қонбады оның нешеуі,                      Айтшы сонда нешеуі

               Қане кім тез шешеді?    ( қаз)       Өз қолыңда қалады.     ( )

 

   Аулада 60 үйрек,                                              11 түйе,5 жылқы.

   Қорада 20 үйрек,                                               2 сиыр,1 ешкі

   10 үйрек тығылды                                             2 қоян,3 түлкі,

   10 үйрек жығылды,                                           Болды сонда нешеуі?  (24 )

   Қалғаны неше үйрек?    ( 60 үйрек)

   Табақта 58 алма                            100 асықтың 30-ын,

     Шелекте 13 алма           Досым сұрап алды және тағы2 еуін ойнауға інім алады

    Барлығын қосқанда                           Айтшы сонда нешеуі

  Болады неше алма?   ( 62 алма)           Өз қолымда қалады. ( 68 )

            Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,

           Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,

           Жасау үшін бәрің де Математика-

           Ең маңызды ғылым бұл,

           Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл,- дей отырып,келесі кезекте қызықты тапсырмаларды орындайтын болсыздар.

      5. «Ойла да, ойна»

Қызықты тапсырмалар. Викторина, интер/к ,,тақта


    

  

1. Қосарлап жегілген ат-арбаны Жантілеу 25 шақырым жүрді.Оның әр аты қанща шақырым жүрді?

       2. Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?

      3. Бахтиярдың 4 ұлы,оның әрқайсысының қарындасы бар.Бахтиярдың неше баласы бар?

 4. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі.Бір жұмыртқа неше минутта піседі?

5.Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады.Әр қайсысы неше сағаттан ойнады?


—  Осымен ,балалар «Мен оқимын,ойнаймын,ойлаймын!» атты математикалық сайысымыз аяқталды.

Осымен осы ойынды тамандасақ,

Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тагы да үйренеміз аман болсақ дей отырып, жиналған ұпайлар санын санап, жеңімпаздарды анықтайық.

Қорытынды сөз кезегі:

Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Гулзада Тыныштыбайқызына беріледі.









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2024
431
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі