«Математикалық сайыс» ойын сабағы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Математикалық сайыс» ойын сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Математикалық сайыс» ойын сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Математикалық сайыс» ойын сабағы


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)

3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)

4. Математикалық сұрақтар

5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)

6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)

7. «Қас-қағым сәт» сайысы

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон)


Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы.

Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:

  1. тең қабырғалы үшбұрыш

  2. тең бүйірлі үшбұрыш

  3. әр қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:

  1. тік бұрышты үшбұрыш

  2. сүйір бұрышты үшбұрыш

  3. доғал бұрышты үшбұрыш

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.

ІІ топ. «Квадрат» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

Қасиеттері: 1) диогональдары тең

2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады

3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.

ІІІ топ. «Трапеция» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты трапеция дейді.

Параллель қабырғалары табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-ғалары деп аталады.

Трапецияның түрлері: 1) тең бүйірлі

2) тік бұрышты

Трапецияның орта сызығының табандарына параллель және олардың қосын-дысының жартысына тең болады.

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан І-сайыстың қорытындысын сұраймыз.


2. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).

«Үшбұрыш» тобына.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

4. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)

5. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)


«Квадрат» тобына.

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең)

4. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

5. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)


«Трапеция» тобына.

1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

4. Аулада 28 қоян жайылып жүр, аяқтарының саны қанша? (112)

5. 7 адам бір-бірімен фотосуреттерімен алмасты, қанша сурет таратылды? (42)

Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.


ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).

«Үшбұрыш» тобына.

Бастапқыда автобуста 14 адам болды. Автобус қозғалды, одан ол тоқтады. І- ші аялдамада 6 адам кірді,8 адам шықты. Кейінгі аялдамада 7 адам шықты, 4 адам кірді. Келесі аялдамада 1 кісі кірді. Бүтін жолда кісілер қанша, аялдама қанша? Жауабы: 4 аялдама10 адам.

«Квадрат» тобына.

Елдостың тауықтары мен қозылары бар. Қозылар тауықтардан 3 есе кем. Қозылар мен тауықтардың барлығында 40 аяқ бар. Елдостың неше қозысы, неше тауығы бар? Жауабы:Қозы – 4 Тауық – 12

«Трапеция» тобына

Әкесінің жасы баласы мен қызының жастарының қосындысына тең. Егер баласы қарындасынан 2 есе үлкен болып,әкесінен 20 жас кіші болса,онда әрқайсысының жасы қаншада? Жауабы: (20,40,60 жас)


IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа бес сұрақтан)

«Үшбұрыш» тобына.

1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)

2. Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)

3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)

4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)

5. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).

«Квадрат» тобына.

1. Көпмүшенің қалыпты түрі (стандарт)

2. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)

3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)

4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)

5. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)

«Трапеция» тобына.

1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)

2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)

3. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)

4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)

5. “Трапеция” сөзін  ежелгі  гректер мына  ұғымдардың  қайсысымен  атаған?  

(үстел)

V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)

«Үшбұрыш» тобы

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

«Квадрат» тобы

1. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

2. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

3. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

4. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

5. Жақсы кісі қырық жасында толады, (Жаман кісі қырық жасында солады)

«Трапеция» тобы

  1. Жаманды жеті жыл жетелесең, (надан болады)

2.Санақ санамай сегіз деме, сынап – (сынамай дос деме)

3. Мал - бір жұттық, батыр – (бір оқтық, жер мәңгілік)

4. Жерді екі рет жыртқан, (өнімді екі есе көп алады)

5.Он бала бір әкеге жүк болмайды, (Бір әке он балаға жүк болады)

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)

VІ. «Сөз жұмбақ» сайысы. (әр топқа бірдей тапсырма, карточка арқылы беріледі)

Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымның аты шығады.

18,147

64

5

22,804

-56,7

47,498

13









Д. √64 + √25 М. 0,7 * (-81)

А. 13,123 + 5,024 Х. 3х +17 =22+2х

Е. 47,749 – 0,251 И. 9,004 + 13,8

Р. (-2)6


VІІ. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы ұпай жинайды)

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)

5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)

6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

7. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

11. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

12. 225 нешенің квадраты? (15)


Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.01.2025
160
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі