400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сыныптан тыс сабақ оқушылардың өткен тақырыптары бойынш,алған білімдерін тереңдету, жүйелеу мақсатында өтіледі. Оқушылардың ойлау, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыта отырып математатикалық біліктерін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру. Оқушылардың алға қойған мақсаттарына жетуге өз бетінше тапсырмаларды орындап нәтижеге жете білуге тәрбиелеуге бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Математикалық сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өткен тақырыптары бойыншаиал,алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.

2. Ойлау, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыта отырып математатикалық біліктерін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

3. Оқушылардың алға қойған мақсаттарына жетуге өз бетінше тапсырмаларды орындап нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Машиналар макеті, әр түрлі ойын түрлеріне байланысты салынған суреттер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы: Оқушыларды екі топқа бөлу, әр топ өзінің ұранын айтады, өздерінің топ басшысын сайлап алады.

І топ. «Білгірлер» ұраны: «Оқу білім бұлағы, Білім өмір шырағы»

ІІ топ. «ХУZ» ұраны: Егер жеңгің келсе, ғылымды іздеу керек.

Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

Бүгінгі сайысымыз алты бөлімнен тұрады. Әрбір сайыстың дұрыс жауабына ұпай беріледі.

І топтың сәлемдесуі:

Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,

Жалындаған жастармыз біз көктембіз

Мақсатымыз биіктерден көріну,

Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.

Армандарға қол созумен келеміз

Өмір теңіз жүзіп келет кемеміз

Білім менен қаруланған тобымыз

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.

ІІ топтың сәлемдесуі:

Құлақ түріп тыңдаңыздар жарандар,

Кедемізде толқындаған жыр ән бар

Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз

Тобымыздың бәрі алғыр қырандар.

Қиындықтан сірәдә біз қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.



Сайыстың алғашқы бөлімі.

  1. Қызықты әзіл сұрақтар мен есептер.

  1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, онда 1 мысық 1 тышқанды неше минутта ұстайды? (5 минутта)

  2. Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айында)

  3. Қалай 2 литрлік сүтті 1 литрлік ыдысқа сыйғызуға болады? (қоюлатылған сүтке айналдырамыз)

  4. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? (сабақ)

  5. Жерден көтеруге оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын. (мамық)

  6. Не барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

  1. Математикалық мәтелдер.

  1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

  2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады,

  3. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

  4. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына

  5. Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.

  6. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

  7. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

  1. Формулалар сайысы.

Бір парақ қағаз беріледі, әр топ оқушылары өздері білетін формулаларын жазады, физика, математика пәндерін қамтуы керек. Уақыт белгіленеді, көп формула жазған және дұрыс топқа ұпай беріледі.

  1. Бәйге.

Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын

Қосатұғын күрең ашып боз атын

Басталады бәйге атты жарысың

Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын-дей отырып бәйге сайысының есептерін екі топ оқушылары алма кезек тақтаға шығарады (есептерді дұрыс шығарса ұпай алады)

  1. Қызықты математика

Бұл сайыстың шарты: Магнит арқылы тақтаға сегіз бөліктен тұратын үйді құрастыру керек. Ол үшін логикалық сұрақтарға дұрыс жауап қажет. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

  1. Наурыз мейрамы: ат жарысы өтуде

Сұрақ: Егер үш пар ат 60км шауып өтсе, онда бір ат неше км шауып өтеді? (60км)

  1. Не ауыр? 1кг түбіт ауырма 1кг темір ауыр ма? (тең)

  2. Екі адам4сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнайды? (4сағ)

  3. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15)

  4. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда 1 рет атап өтеді? Ол қай күн? (29 ақпан)

  5. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (5)

  6. Сағат 3ті көрсеткенде, оның сағаттың және минуттың тілдері қандай бұрыш жасайды? (тікбұрыш)

  7. Бір жанұяда ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (6)

  1. Жорға

Басталды жорға деген сайсының

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың алғырлығың сыналар

Қане, шәкірт көрінеді қай ісің?

Қазір ортаға басшылар шығады, олар карточкалар алып өз білімдерін көрсетеді.

І топ басшысына

1) 30 санын үш 6 –ны пайдаланып шығар.

2) Суретте барлығы неше үшбұрыш бар?

3) Санның бір дәрежесі неге тең?

ІІ топ басшысына

1) Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

2) Көбейтіндіні тап. 1х2х3х4х5х6=Х

3) Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағ 20 мин ұшады. Ал кері қарай 80

мин ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады.

Топтардың жинаған ұпайын санаймыз. Жарыста озып шыққан топқа қошемет көрсетіледі.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1084
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі