М.Әуезов атындағы жалпы
орта мектеп.
Бағдарламаның
атауы: «Математикалық сауаттылық
және логика»
Пәні:
Математика.
Сыныбы:
10- сынып оқушыларына
арналған.
Жылдық сағат
саны: 34сағат.
Бағдарламаның
авторы: Нарымбетов Дархан
Серікұлы.
Мекен-жайы: О.Қ.Облысы Отырар ауданы
Көксарай ауылы.
Бағдарламаны жасаған
жылы: 2017-2018жж.
Түсінік
хат
Қазіргі уақытта мектеп
түлектері 2017 жылдан бастап ҰБТ-ді жаңа форматта тапсырып келеді.
Жаңа формат бойынша міндетті пәндердің бірі «Математикалық
сауаттылық»-тан 20 тест тапсырмасына жауап беруі қажет. Ал мұндай
мәтіндегі есептер мектеп математикасында өте аз қарастырылған,
сондықтан осы пәннен 10,11- сынып оқушыларына кем дегенде аптасына
1-рет функционалдық сауаттылықтан сабақ қойылғаны дұрыс.
10-сыныптан бастап оқушылардың функционалдық сауаттылығын
жоғарылатсақ, 11-сыныпта оқушылардың логикалық ойлауы еселене
арытады деп ойлаймын.
Әлемдік білім кеңістігіндегі
жалпы білім берудің басымдық мақсаты- өзгермелі білім жағдайына тез
бейімделетін , өз жолын дұрыс таңдай білетін тұлға дайындау болып
отыр. Елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
іс-қимылдарының біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге
бірқатар талаптар қойылып отыр. Функционалдық сауаттылық адамдардың
әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді
қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық
факторлардың біріне айналуда.
Бұл бағдарлама «Математикалық
сауаттылық және логика» 10-сынып оқушыларына математика пәнінен
қолданбалы курстарды оқытуға арналған. Бағдарлама құрылымында
оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескерілген-«Курстың
мазмұны мен құрылымы» бөлімінде оқытылатын оқу материалының тізімі
мен көлемі ұсынылады; «Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау»
бөлімінде берілетін курс материалының көлемі мен реті,тізбегі
оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны көрсетілген; «Оқушылардың
білім- білік деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімінде оқушының
дайындығы мен міндетті деңгейі сипатталады; «Пайдаланатын
әдебиеттер тізімі» бөлімінде курсты өткізуге қажетті әдебиеттер
тізімі берілген.
Тақырыбы: Математикалық сауаттылық
және логика.
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген
ынтасын арттыру, математикаға оның қолданылу саласына деген тұрақты
қызығуын ояту.Білімді жалғастыру үшін,практикалық іс – әрекетте
қолдану үшін нақты математикалық білімді меңгерту. Оқушылардың
математикалық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Міндеттері
: Математикалық сауаттылық
арналған есептерді шешудің құпия сырларын ашуға оқушыларды
ынталандыру.Оқушылардың ой- өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамытумен қатар өздігінен білім ала алатын және сол білімді
пайдалана алатын қасиеттерін қалыптастыру. Оқушының пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың білім- білік
деңгейіне қойылатын талаптар: -Берілген тапсырмаларға шығармашылық
көзқараспен қарау; -Саналылық пен жауапкершідік көрсету;- Есеп
шартын түсініп оны жүйеге келтіру, шығару алгоритімін таба
білу.
Күтілетін
нәтиже: - Оқушылардың математикалық
мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерінің дамуы мен танымдық
деңгейі көтеріледі; -Оқушылар есеп шығрудың негізгі әдістерін
меңгереді; - Еркін ойлай білетін белсенді, өзін – өзі тани
алатын,өзіне сене отырып білімге жауапкершілікпен қарайтын тұлға
қалыптасады; - Түрлі мониторинг,диогностика жасау арқылы
оқушылардың жіберген қателіктері үнемі талданып отырады. Түпкі
нәтиже білім сапасын арттыру болып
табылады.
Оқушылардың оқу жетістігін
бағалау жүйесі: Тест тапсырмасы ,сынақ
жұмыстары, бақылау.
Тақырыптық күнтізбелік
жоспар. ( аптасына 1-сағат, барлығы 34
сағат)
№
|
Өтілетін тақырыптар
мазмұны
|
Сағат
саны
|
Мерзімі
|
1
|
Жаңа логикалық
амалдарға берілген есептерді шешу
|
1
|
|
2
|
Функционалдық
сауаттылықты анықтауға берілген есептерді
шешу
|
1
|
|
3
|
Пропорция мен тең
қатынастарға берілген логикалық есептер
|
1
|
|
4
|
Өрнектің мәнін
табуға арналған логикалық есептер
|
1
|
|
5
|
Ықтималдықты
анықтауға берілген есептер
|
1
|
|
6
|
Сандардың
бөлінгіштігіне берілген есептер
|
1
|
|
7
|
Жазық фигуралардың
ауданын табуға берілген есептер
|
1
|
|
8
|
Теңдеулер мен
теңдеулер жүйесін құруға арналған есептер
|
1
|
|
9
|
Комбинаторика
элеметтері
|
1
|
|
10
|
Сандық
тізбектер
|
1
|
|
11
|
Параметрлі логикалық
есептер
|
1
|
|
12
|
Логикалық
теңсіздіктер
|
1
|
|
13
|
Эйлер дөңгелегіне
берілген есептер
|
1
|
|
14
|
Тізбекті
жалғастыруға арналған есептер
|
1
|
|
15
|
Математикалық сандар
заңдылығына берілген есептер
|
1
|
|
16
|
Процентті анықтауға
берілген есептер
|
1
|
|
17
|
Әртүрлі логикалық
есептер
|
1
|
|
18
|
Уақытқа және адам
жасына байланысты есептер
|
1
|
|
19
|
Жиындардың
қиылысуына арналған есептер
|
1
|
|
20
|
Функция графиктеріне
берілген есептер
|
1
|
|
21
|
Геометриялық
фигураларға арналған есептер
|
1
|
|
22
|
Оқулықтың бетін
анықтауға берілген есептер
|
1
|
|
23
|
Арифметикалық ортаға
берілген есептер
|
1
|
|
24
|
Газет және журнал
беттерін анықтауға арналған есептер
|
1
|
|
25
|
Бірлесіп жұмыс
жасауға берілген есептер
|
1
|
|
26
|
Практикалық мазмұнды
мәтіндік есептер
|
1
|
|
27
|
Қорытпа мен қоспаға
берілген есептер
|
1
|
|
28
|
Геометриялық
фигураларды санауға арналған есептер
|
1
|
|
29
|
Мүмкін нұсқаларды
іріктеуге арналған есептер
|
1
|
|
30
|
Теңдік қатысымен
берілген есептер
|
1
|
|
31
|
Масштабқа берілген
есептер
|
1
|
|
32
|
Санның соңғы цифрын
анықтау есептері
|
1
|
|
33
|
Жол,жылдамдық,уақытқа берілген
есептер
|
1
|
|
34
|
Аралас
есептер
|
1
|
|
Пайдаланылатын
әдебиеттер:
-
Омаров.Ә.К «Функционалдық
сауаттылық және логика» (талапкерлерге арналған көмекші құрал)
Шымкент-2017ж.
-
Д.Алиасқаров,Ж.Бейсеков,О.Маханбетов
оқушыларды математикалық олимпиадаға
даярлау: Жалпы білім беретін орта мектептің
7- сыныбына арналған факультативтік
курс.
-
ОмаровӘ.К.
Матеаматика логикалық есептер. Шымкент 2016ж.
Талапкерлерге
арналған оқулық-тест.
-
Әлімбетов Н., Бейсеков Ж.,
Мирсоатов А. Математикалық сауаттылық пен логикаға арналған есептер
жинағы. Шымкент 2017ж.