"Математикалық сауаттылық өмір сүрудің қажетті компоненті"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Математикалық сауаттылық өмір сүрудің қажетті компоненті"

Материал туралы қысқаша түсінік
қушыларға математикалық мәдениет, ой-әрекетінің математикалық стилін қалыптастырудың негізгі жолы - әр түрлі математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың оқу әрекетін ұтымды, тиімді ұйымдастыру және басқару. Осыған орай, нарықтық экономика дәуірінде жас ұрпаққа математиканың негізін меңгерту, білім беру мен тәрбиелеудің бірден-бір негізгі мәселесі болып табылады. Елімізге аса қажетті білгір мамандардың, дарын иелерінің, өте талантты тұлғалардың дәріс алар алғашқы ұясы – мектеп. Өрендер мектеп қабырғасында өткен он бір жыл ішінде тиісті ғылым негіздерінен тиянақты біліммен қаруланады. Болашақ ғалымдар – бүгінгі күннің оқушылары, ертеңгі өрелі ізденістерді бүгіннен бастап білуі керек. “Бала бақыты – жақсы ұстаз қолында” деген сөздің түп негізі осында жатқан сияқты. Жеке пәндерден берілетін білім сапасын арттыру сол пәннің төңірегінде жұмыс жүргізуімен ғана іске аспайды. Бұлармен қоса әрбір жеке пән мұғалімдерінен оқушылардың бір пәннен алған білімін басқа бір пәнде пайдалана ал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математикалық сауаттылық өмір сүрудің қажетті компоненті

Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан, математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтауға емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Оқушыларға математикалық мәдениет, ой-әрекетінің математикалық стилін қалыптастырудың негізгі жолы - әр түрлі математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың оқу әрекетін ұтымды, тиімді ұйымдастыру және басқару.
Осыған орай, нарықтық экономика дәуірінде жас ұрпаққа математиканың негізін меңгерту, білім беру мен тәрбиелеудің бірден-бір негізгі мәселесі болып табылады.
Елімізге аса қажетті білгір мамандардың, дарын иелерінің, өте талантты тұлғалардың дәріс алар алғашқы ұясы – мектеп. Өрендер мектеп қабырғасында өткен он бір жыл ішінде тиісті ғылым негіздерінен тиянақты біліммен қаруланады.
Болашақ ғалымдар – бүгінгі күннің оқушылары, ертеңгі өрелі ізденістерді бүгіннен бастап білуі керек.
“Бала бақыты – жақсы ұстаз қолында” деген сөздің түп негізі осында жатқан сияқты.
Жеке пәндерден берілетін білім сапасын арттыру сол пәннің төңірегінде жұмыс жүргізуімен ғана іске аспайды. Бұлармен қоса әрбір жеке пән мұғалімдерінен оқушылардың бір пәннен алған білімін басқа бір пәнде пайдалана алатындай дәрежеде жұмыс жүргізу талап етіледі.
Оқушылар әрбір жеке пәннің өзіндік “философиясын” меңгермейінше ол пәннен тыңғылықты терең білім ала алмайды.
Оқушы біліміндегі формализмді болдырмаудың негізгі құралы – оларға пән бойынша жан-жақты білім беріп, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Математика пәнінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың “гимнастикасы”. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп тез түсінеді. Сондықтан бұл пәннен оқу үлгірімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгірімі жақсы болады. Себебі әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен оны игерудегі логикалық ойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді.
Америкалық педагог-математик Д.Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». Сондықтан, орта мектептің математика курсының бірінші әрі ең басты міндеті есеп шығарудың әдістемелік жақтарына назар аудару.

Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру оқушының ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік, жинақылық, жүйелік, т.б. тәрізді қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қатар, есептер математикалық білім, білік дағды жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы, ал есеп шығару - оқу және кәсіптік әрекеттің жетекші түрі. Әрбір есептің өзіндік әдістемелік мақсаты да бар.
Сондықтан оқушы есепті жылдам әрі қатесіз шығаруға, жаттыға түсуге ұмтылудан гөрі, оны шығармашылықпен шешуге, шешімінен тиісті қорытынды жасай білуге тырысуы қажет. Математиканы үйренумен белсенді шұғылдану, шын мәнінде, есеп шығару.
Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Тиімді шешімді іздеу жазудың, сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді. Ойлаудың ерекше математикалық стиліне тәрбиелейді:
• Талқылаудың, формальдік - логикалық сұлбасын сақтау (талдау, құру, дәлелдеу, зерттеу);
• Ойдың ықшамдығы;
• Ойлау барысының нақтылығы;
• Математикалық символиканы дәл қолдану
Оқушы біліміне мұғалім берген баға оқушының іштей өзін-өзі бағалауына сай келмесе, оның белсенділігіне теріс ықпал етеді, яғни, көтерме баға оқуға деген тұтынушылық қатынасты дамытуға, мұғалім беделін түсіруге соқтырады, ал төмен баға қою жағымсыз сезім, өз мүмкіндігіне сенімсіздік, кейде дау-дамай тудырады.
Есеп шығару, талдау есептер жүйесін құрудың мынадай әдістемелік ерекшеліктерін анықтауға жол ашты:
1) есеп мазмұнындағы мәліметтердің ғылымилығы;
2) есеп шығаруды үйретудің дамытушы сипаты;
3) есепті кәсіби түрде шығара білуді қалыптастыру мен дамытудың жүйелілігі және сабақтастығы;
4) есеп мазмұнында мәселе көтерілуі;
5) есеп мазмұнының кәсіби бағыттылығы;
6) есеп шығаруды үйретудегі саналылық пен мақсаттылық;
Осының бәрінде де математикалық ойлаудың жеткілікті түрдегі жоғары деңгейін қалыптастыру қажет.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2024
115
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі