400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық сауаттылық, тест, 6-нұсқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық сауаттылық, тест, 6-нұсқа, 11-сынып, ҰБТ-ға дайындық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математикалық сауаттылық 6-нұсқа

  1. Айсұлтанның математикадан екінші тоқсан бойынша бағалары келесідей: 5; 4; 5; 5; 4; 3; 5; 5. Айсұлтанның алған бағаларының арифметикалық ортасын табыңыз

А) 4.2 в) 4.6 с) 4.5 д) 4.8

2. Отбасы өздері тұратын пәтерін күрделі жөндеуден өткізу үшін келесі үш фирманың қызметін пайдалануға болады. Кестеде фирма жұмыстарының түсқағаз жапсыру бойынша құны (бағасы теңгемен) көрсетілген. Егер пәтердің түсқағаз жапсыратын бөліктерінің ауданы 65 м² болса, онда тиімді бағаны табыңыз

А)33800 в) 35100 с) 35550 д) 32100

3. Тәуелділік кестесіне сәйкес келетін функцияны анықтап, сұрақ белгісі орнындағы санды табыңыз

А) 13.5 в) 15.5 с) 15 д) 14.5

4. Ауданы 420 га егістік жердің 2/7 бөлігіне жүгері егілді. Неше гектар жерге жүгері егілгендігін анықтаңыз

А) 150 в) 120 с) 130 д) 110

5. Диаграммада берілген мәліметтерді пайдалана отырып, неміс тілін оқитын оқушылардың проценттік көрсеткішін табыңыз

А) 20 в) 40 с) 30 д) 36

6. Қорапта 2 ақ, 3 қара, 5 сары шарлар бар. Кездейсоқ таңдалған бір шардың қара түсті болу ықтималдығын табыңыз.

А) 0.5 в) 0.4 с) 0.3 д)0.2

7. Тізбектес бес натурал санның қосындысы 85-ке тең. Осы сандардың медианасын табыңыз

А) 16 в) 18 с) 14 д) 17

8. Қызыл, жасыл, көк, сары түсті 123 шар бар. Қызылдан басқа шарлардың саны 94, ал жасылдан басқа шарлар 81, көктен басқа шарлар 89. Қызыл шарлардың саны қанша?

А) 20 в) 18 с) 29 д) 34

9. 1∙2∙3 ...∙11∙12 көбейтіндісі қандай цифрмен аяқталады?

А) 6 в) 4 с) 8 д) 0

10. 1; 2; 3; ...; 17 сандар тізбегінен барлық тақ сандар, сонымен қатар 3-ке бөлінетін сандардың барлығы сызылып тасталған. Сызылмаған қанша сан қалды?

А) 5 в) 9 с) 7 д) 6

11. Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқтарының саны 74. Аулада неше қаз бар екендігін анықтаңыз.

А) 12 в) 9 с) 8 д) 11

12. 2 кг алма мен 1 кг банан 1000 теңге, 2 кг банан мен 1 кг құрма 1150 теңге, 1 кг алма мен 2 кг құрма 1000 теңге тұратын болса, банан алмаға қарағанда қанша теңге қымбат тұратынын табыңыз

А) 120 в) 100 с) 80 д) 110

13. Диаграммада баскетбол командасы спортшыларының бойларының ұзындықтары сантиметрмен көрсетілген. Диаграммадағы көрсеткіштерді пайдаланып, баскетболшылардың орташа бойынан бойы кіші болатындарын табыңыз

А) Алихан, Серік, Азамат

в) Мәди, Серік, Еркебұлан с) Алихан, Мәди, Азамат д) Алихан, Еркебұлан, Азамат

14. Сызбада квадратқа шеңбер іштей сызылған. Берілген квадраттың қабырғасы 10 см екендігі белгілі. Жасылмен боялған бөліктің ауданын табыңыз. (п=3)

А) 12 в) 16 с) 25 д) 36











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
15.12.2023
1903
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі