400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық сауаттылық (Үйірме)

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме жұмыстары. Математикалық сауаттылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сатысында үйірме жұмысы енгізілді. Осыған орай үйірме жұмысы оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық деңгейін қалыптастыру үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға беріледі.

  2-сыныптың оқушысының абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Үйірменің маңыздылығы берілген тақырыптардың өмірмен байланысты болып келуінде. Қазіргі таңдағы тұлғаның шығармашылықпен жұмыстанып, сыни көзқараспен өз ойын тереңнен жеткізе алатындай болуы қажет екенін білеміз. Міне, осыны ескере отырып, мен өз бағдарламамда жаңа үлгідегі талаптармен жұмыстануды қажет ететін тұлғаға бағытталған жұмыс түрін ұсынғым келеді.

2- сыныпқа арналған «Математикалық сауаттылық» үйірмесінде есептерін шығару барысында оқушы математикадан алған білімді күнделікті өмірде қолдана білу дағдысын арттырып, математикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған.
Берілген үйірме математикадағы қатысты ұғымдарды, тұжырымдар мен әдістерді мазмұндық ашумен, олардың тәжірибелік маңыздылығын айқындаумен сипатталады. Бұл үйірмені игеру оқушылардың ой - өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулерді жүргізу, практикалық есептеулерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктілігін дамытуға оқушылардың математикалық сауаттылықтарын дамытуға, жалпы адами және ұлттық негізде тұлғаның жалпы интеллектуалдық қасиеттерін дамытудың қажетті деңгейіне жетуіне бағытталған.

Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. «Математикалық сауаттылық» үйірмесі арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.

    « Математикалық сауаттылық» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. « Математикалық сауаттылық» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
          Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
          «Математикалық сауаттылық» арнайы үйірме бағдарламасында келесі тапсырмалар түрлері енгізілген:
-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар;
-жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған тапсырмалар;
-математикалық басқатырғыштар;
-логикалық қортындылар;
-лабиринттер;
-көңілді жаттығулар;
-сөзжұмбақтар;
     



Үйірме жұмысының мақсаты:

Баланың тұлғалық қасиеттерін: ақыл-ойын, сезімдерін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойлау әрекеттерін дамыту, оқушыларға матемитакалық білім, білік, дағдыларын игерту; шығармашылық қабілеттерін арттыру; зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.



Үйірме жұмысының міндеті:



  • Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

  • Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

  • Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

  • Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;

  • Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.





Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

Білімі мен білігі бойынша:

10-нан 100-ге дейінгі сандарды оқып және жаза білуі керек. Көбейту кестесін білуі керек.

Оқушы білуі керек:

  • кері есептер құрастыруды;

  • жүздіктерді қосу мен азайтуды;

  • екі таңбалы сандарды қосу, азайтуды;

  • өрнектерді пайдаланып есеп құрастыру;

  • геометриялық фигураларды ажыратуды , тік төртбұрыш, төртбұрыш, шаршы;

  • шамалар мен ұзындық бірліктерін.





















Оқу тақырыптық жоспар

2-сынып

Аптасына 1 сағаттан,барлығы-36 сағат



Тақырыптың мазмұны

Сағат саны

Мерзімі




Математикалық ойындар




1

Кел, ойнайық!

1

6.09.2022ж

2

Құпия сандар

1

13.09.2022ж

3

«Кім жылдам?»,«Тез ойла» математикалық ойындар.  

1

20.09.2022ж

4

Теңдіктер мен теңсіздіктер

1

27.09.2022ж

5

Уақыт өлшемдері

1

4.10.2022ж

6

Логикалық есептер

1

11.10.2022ж

7

Жасырылған сөз(кроссворд)

1

18.10.2022ж

8

Тест

1

25.10.2022ж


Сандар сыры




9

Геометрия еліне саяхат

1

8.11.2022ж

10

Қызықты жаттығулар

1

15.11.2022ж

11

Сиқырлы шаршы

1

22.11.2022ж

12

Халық өлшемдері 

1

29.11.2022ж

13

«Кім қырағы?» математикалық ойындар.  

1

6.12.2022ж

14

Сиқырлы ұшбұрыштар

1

13.12.2022ж

15

Графикалық диктант


20.12.2022ж

16

Қорытынды тест

1

27.12.2022ж


Есептер еліне саяхат



17

Рим цифрларымен танысайық

1

10.01.2023ж

18

Шеңбер мен дөңгелек.

1

17.01.2023ж

19

Есептеудің оңай жолы

1

24.01.2023ж

20

Геометриялық фигураларды қолдану

1

31.01.2023ж

21

Ертегілер елінде

1

7.02.2023ж

22

Сурет бойынша есептер құрастыру

1

14.02.2023ж

23

Сандар қатарын құрастыру

1

21.02.2023ж

24

Қызықты есептер

1

28.02.2023ж

25

Математикалық диктант

1

7.03.2023ж

26

Қорытынды тест

1

14.03.2023ж


Сиқырлы геометрия



27

«Жас математиктер» турнирі

1

28.03.2023ж

28

Жұмбақ есептер

1

4.04.2023ж

29

Теңдеу

1

11.04.2023ж

30

Математикалық ребустар

1

18.04.2023ж

31

Математикалық әзіл, жұмбақ, өлең есептер 

1

25.04.2023ж

32

Сиқырлы сандық

1

2.05.2023ж

33

Сиқырлы шаршылар

1

10.05.2023ж

34

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
28.11.2023
312
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі