Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық сауаттылықты арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Автор мақаласында математикалық сауаттылықты арттыруға арналған курстар, оның нәтижесі бойынша іс-тәжірибесінен мысалдар келтірген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математикалық сауаттылықты арттыру”


Айдарбаева Гулбану Болатовна–

Ақтөбе қаласы,

М. Дулатұлы атындағы орта мектеп-лицейінің

математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.


Математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну, әр түрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру, дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту, есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру, математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану - математикалық сауаттылық болып табылады.

Мектеп оқушыларының функционалдық   сауаттылығын  дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында жазылған математикалық сауаттылық бойынша 2017 жылдан бастап мектеп бітірушілер ҰБТ тест тапсырды. 20 сұрақпен басталған, кейін 15, 2024 жылдан бастап 10 сұраққа қысқарды.

Жоғары оқу орны студенті атанып “Математиканың өмірдегі қолданылуы” туралы сұраққа “Математикалық анализ курсы” ,“Геометрия” теоремалары мен “Математиканы оқыту әдістемесі” пәні есептері бойынша жауаптар алатынмын. Нәтижесінде дипломдық жұмысым “Мәтіндік есептер арқылы экономикалық білім беру” тақырыбында қаржылық сауаттылыққа арналды.

Соңғы 5 жылда жүргізілген курстар:

2019-2020 оқу жылы 7А класс “Математикалық сауаттылық”

2020-2021 оқу жылы 8А класс “Квадрат теңдеулер мен теңсіздіктер”

2020-2021 оқу жылы 8А класс “Планиметрия есептерін шығару”

2020-2022 оқу жылы 10-11 класс “Жоғары математика есептерін шығару”

2023-2024 оқу жылы 6А класс “Математикалық сауаттылық”

Курстың өзектілігі:

Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыра отырып, PISA тапсырмаларын, ұлттық бірыңғай тест тапсырмаларын өз бетімен шығара алатын қабілеттерін жетілдіру.

Функционалдық  сауаттылықты  дамытудың жалпы бағдары ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. ЭЫДҰ қолдауымен оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық салыстырмалы зерттеуі 3 жыл сайын РІSА мен 4 жыл сайын TIMSS өткізілді. Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетті. Бұл  функционалдық  дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Мектебімізде 2021 жылы сәуірде 7-8 класс оқушылары және 2023 жылы қараша айында 9-10 класс оқушылары арасында зерттеу тест алынды.

Еліміз бойынша Ақтөбе PISA-2022 зерттеуі бойынша математикадан үздік бестікке кірді. Батыс аймақ бойынша математика мен жаратылыстану пәндерінен көш басында тұрмыз. Бұл, әрине, үлкен қуаныш. Математикалық сауаттылық бойынша облыстың орташа балы — 437 (2018 жылы — 420 балл). Республикалық көрсеткіштен 12 баллға жоғары. Жаратылыстану бойынша облыстың орташа балы — 425 (2018 жылы — 389 балл), ел бойынша орташа баллдан (423 балл) асып түсті.

BilimLand – бұл электрондық оқыту бойынша әлем көшбасшыларының алдыңғы қатарлы жетістіктері негізінде жасалған цифрлық білім беру платформасы. Қызықты электрондық сабақтар балаларға мектепке дайындалуға көмектеседі. Сондай-ақ, математика, физика, химия, биология және басқа да мектеп пәндері бойынша ең қиын тақырыптарды қарапайым және қолжетімді тәсілмен түсіндіре отырып, жоғары сынып оқушылары үшін таптырмас көмекші құрал болып табылады. Цифрлық оқыту ресурстарына шектеусіз әрі тегін қолжетімділік – білім берудің сапасын арттыруға бағытталғандықтан күнделікті қолданамын.

Бағдарламаның құрылымдық ерекшеліктері:

Бағдарлама мазмұны түсінік хат, курстың күнтізбелік жоспары

және курс мазмұны бойынша жасалған есептерден тұрады. Бірінші, функционалдық сауаттылық- нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі. Міне, осы қабілеттілікті оқушы бойына сіңіру бүгінгі пән мұғалімінің басты міндеті.

Екінші, логика. Бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырамыз дейді екенбіз, олай болса оқушы логикасы мықты болу керек. 5-6 класс олимпиадалық есептерінде логикалық бағыттарға басымдылық берілген.

Курстың мақсаты:

- оқушылардың математика пәні бойынша сауаттылығын арттыру, математикалық қабілетін анықтау және дамыту;

- бағдарламалық материалды терең игеруіне, өз білімін кеңейтуге ықпал жасау;

- стандартты емес, логикалық, күрделі есептерді шығару дағдыларын дамыту;

- есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

- математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

Курстың міндеттері:

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ізденіс жасау арқылы зерттеушілік қабілетінің дамуына ықпал жасау;

- практикалық мазмұнды есептерді шешудің әр түрлі тәсілдерін қолданып шешу;

- теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға, есеп шығару тәсілдері мен әдістерін меңгерулеріне көмектесу;

- қажетті, нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру;

- есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында нақты іс тәжірибені қолдану;

- күрделі есептерді шешуде қиындықтарды жеңе білуге және күрделі түрден қарапайым түрге келтіру әдісін үйренуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

- оқушылар есептер шешудің негізгі әдістерін меңгереді;

- стандартты емес есептерді шешудің маңыздылығын ұғынады;

- күрделі практикалық мазмұнды есептерді өмірмен байланыстыра отырып шеше алады;

- оқушылардың математикалық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерінің дамуы, танымдық деңгейі көтеріледі;

- оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады;

Оқу-әдістемелік жоспар

«Математикалық сауаттылық» курсы аптасына 1 сағат, жылына 34 сағаттан тұрады. Курс мазмұны тарауларға бөлінген, олардың әрқайсысы арнайы тақырыптарды қамтиды. Барлық тапсырмалар мәселелі және өзіндік жұмыстарды қамтуы тиіс. Курстың жақсы меңгерілгені оқушының өзіндік шығармашылық жұмысымен анықталады. Ойдағыдай ұйымдастырылған сабақтар курс мақсатын іске асыруға көмектеседі. Курс тақырыбы бойынша өз жобасын қорғау не болмаса сынақ жұмысы, қорытынды тест тапсыру тексеру түрі бола алады.

Курс нәтижесінде оқушылардың облыс деңгейінде олимпиадалар мен жобалар қорғау сайыстарына қатысқан жетістіктері мен мұғалімнің іс-тәжірибе таратуы облыс, республикалық, халықаралық деңгейде баяндамалар оқылып, мақалалары жарияланған. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізілген. /Слайд қоса беріледі./ 6А класында откен оқу жылында 100 пайыз сапа көрсеткіші көрсетіліп, 6 оқушы НЗМ, 3 оқушы БИЛ грантпен оқуға түсіп оқуда.

Математиканы білу- бұл жасырынған әлемнің құрылымын көруге мүмкіндік беретін рентген көзілдіріктері” деген сөздер бұл саланың құдіреттілігін көрсеткендей. Математикалық сауаттылықты арттыру- бүгінгі күнге сай қарулану дер едім.














». Оқушылар өзіндік ізденіс жұмыстарын жоғары

дәрежеде жүргізіп, біршама әдебиеттермен жұмыс жасады. Зерттеу жұмысына

мен қосымша толықтырулар жүргізіп, мектеп оқушыларына арналған облыстық

«Дарын» ғылыми жобалар конкурсында екі оқушы бақ сынады. Нәтижесінде екі оқушым бірлесе отырып, 2-орынды иеленді.


Авторлық бағдарламамды жазып зерттеу барысында, негізінде журналдарға мақалалар жариялаған болатынмын. «Функция

шенелгендігін теңдеулер шешуде қолдану» тақырыбында «Математика және

логика» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында мақалам және «Жастар,

ғылым және инновация» XVIII республикалық

ғылыми-тәжірибелік

конференциясында жарияланған баяндамалар жинағында «Тригонометриялық

теңдеулер мен теңсіздіктер шешуде функцияның шенелгендік қасиетін қолдану»

тақырыбындағы баяндамам жарық көрді.

Математика пәнінен ұйымдастырылып жатқан элективті курстың

тиімділігіне жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін қаламыздағы математика

пәнінің мұғалімдерімен талқылау мақсатында, Ақтөбе облыстық ғылыми-

тәжірибелік орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген «Математикадан кейбір

3 есепті толық шығарғандар саны

семинарда

«Функцияның кейбір қасиеттерін пайдаланып теңдеулер мен теңсіздіктер

шешудің жолдары» тақырыбында баяндама оқыдым. Мұғалімдердің басым

көпшілігі элективті курстың мектеп бітіруші түлектер үшін тиімді болатынын,

тақырыптардың оқушыларды қызықтыра алатынын айтып, өз пікірлерін білдірді.

Т. А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е. С. Байшоланов «Математика» 5-6 сынып, Алматы «Атамұра» 2017

2. Бейсеков Ж., Мелдебекова З.С «Оқушыларды математикалық олимпиадаға даярлау» Шымкент 2013 ж


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12