400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық сыныптан тыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: 1) Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын оята отырып есептер шығару. 2) Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейту. 3) Тапқырлыққа алғырлыққа зейінді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: таратпалар, жұлдызшалар, компьютер, электронды оқулық

Сабақ түрі: топтық жұмыс

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап , ойландыру, есептеу, түсіндіру

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Психологиялық дайындық

  • Балалар бүгін қай күн?

  • Желтоқсан айы жылдың қай мезгіліне жатады?

  • Желтоқсан айының 1 күні қандай мерекені тойладық ?

  • Тағы қандай мерекелер бар?

16 желтоқсан «Тәуелсіздік күніне»арнап тілек айтқызу.

Үй тапсырмасы:

ІІ. Негізгі бөлім.

Сайыс шарттарын таныстыру

  1. «Тапқыр болсаң, тауып көр»

  2. «Ойлан тап»

  3. «Кім жүйрік»?

  4. Тест тапсырмалары.

  5. Топбасшылар сайысы.

1. «Тапқырлар» тобы

Ұраны: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

2. Алғырлар тобы

Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді, Көрсетпекпіз сабақта алған білімді.

1 сайыс: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Бұл сайыста оқушылар берілген мәтінді есептерге ауызша жауап береді. Әр есептің құрылуына байланысты ұпайлар берілген сол ұпай бойынша жауап береміз. Оқушылар ұпай санын таңдайды.


30



20

10

10

30



20







10 ұпайдың сұрақтары:

  1. Бірінші үйде 30 адам, ал екінші үйде біріншіге қарағанда 20 адам артық тұрады? Екінші үйде неше адам тұрады. (50)

  2. Аулада 16 ер бала, олардан 6 – уы кем қыз бала ойнап жүр. Аулада неше қыз бала ойнап жүр? (10)

20 ұпайдың сұрақтары:

  1. Марат 15 сөз жазу керек болды, ол 7 сөзді жазып қойды .Марат енді неше сөз жазуы керек? (8)

  2. Асханада 8 литр сүт жұмсалғаннан кейін тағы 6 литр сүт қалды.

Асханада неше литр сүт болған? (14)

30 ұпайдың сұрақтары:

1. Қоймада 60 қап күріш және 30 қап жарма болды. Асханаға 20 қап жөнелтілді. Қоймада неше кап жарма қалды? (60 + 30 – 20 = 70)

2.Дүкенге 20 жәшік кияр және 30 жәшік қызанақ әкелінді. Және 40 жәшік қызылша әкелінді. Дүкенде неше жәшік көкөніс бар?

(20 + 30 + 40 = 90)

2 сайыс : «Ойлан тап» сайысында оқушылар таратпа бойынша тапсырмалар орындайды.

Сергіту сәті

3сайыс : «Кім жүйрік» байқауы Электронды оқулықтан көпбұрыштың периметрін тап.

4 сайыс: Тест сұрақтары. Электронды оқулықтан тест тапсырмаларын беру.

5 сайыс : «Топ басшылар» сайысы

1-топ

1.Ең кіші үш таңбалы сан? (100)

2.Қосу амалын немен тексереді? (азайтумен)

3.Бір тәулікте неше сағат бар? (24)

4.10 см де неше дм бар? (1 дм)

5.Жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

6.Аспанда неше күн бар? (1)

7.Адам қолында неше саусақ бар? (10)

8.2 ондық 8 бірлік? (28)

9.6 ондық пен 3 ондықтың айырмасы? (30)

10.Кітаптың формасы қандай математикалық фигураға жатады?

(тік төртбұрыш)

2-топ



1.Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

2.Азайту амалын немен тексереді? (қосумен)

3.1 сағатта неше минут бар? (60)

4.1 м – де неше см бар? (100)

5. Шаршының неше бұрышы бар?(4)

6. Адамда қанша көз бар? (2)

7. Аспанда неше ай бар? (1)

8. 9 ондық 5 бірлік? (95)

9. 4 ондық пен 3 ондықтың қосындысы (70)

10.Қосылғыштың орнын ауыстырғанымен қосындының .......... (мәні өзгермейді)

Қорытынды. Ұпай сандарын есепте

№27 негізгі орта мектебі





Ашық сабақ





Тақырыбы:



«Өздік жұмысы»













Өткізген: Кемпирбаева Н.А







2015-2016 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 мамыр
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі