жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математикалық танграм ойынының пайдасы.
Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ.
ФИО оқушы:Батырхан Гүлназ Сейфуллақызы
Сыныбы:9 «Б»
Тақырыбы: Математикалық танграм ойынының пайдасы.
Секция: математика.
Ғылыми жетекшісі:Утепбергенова Айжан Жанаевна.
Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ
Математика пәнінің мұғалімі.
2020-2021 оқу жылы.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I ТАНГРАМ ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1 Танграм ойынының тарихы..............................................................................5
1.2 Танграм ойынының ережесі.............................................................................7
1.3 Тарихи тұлғалар және танграм ойыны..........................................................10
II ТАНГРАМНЫҢ ШЫНАЙЫ ӨМІРМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
2.1 Танграм ойынын шынайы өмірде қолдану...................................................11
2.2 Танграмға ұқсас математикалық ойындар....................................................15
2.3 Қазіргі заманғы математика және танграм ойыны.......................................16
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................19
ҚОСЫМША1 20
КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Математикалық танграм ойынының пайдасы.
Ежелгі қытай ойжұмбақ ойыны танграмның және математика отырып, оның бала ой-қиялын дамытуға әсері мен маңыздылығын, қазіргі уақыттағы қолданыстағы құпия-сырларын танып білу.
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
Танграмның сан алуан қыр-сырын ашу;
Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығын айқындау;
Танграмның пайда болуы туралы, оны зерттеген ғалымдардың пікіріне талдау жасау;
Қазіргі замандағы математика мен танграм байланысына сипаттама беру.
ғылымымен өзара байланысын зерттеу. Танграмның шығу тарихын зерттей
Жұмыстың орындалу әдістері. Танграм туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлім (өз ішінде тараушалары), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Тақырыптың өзектілігі. Математикалықтанграм ойынының оқушының логикасын дамытуға септігі мол екендігін нақты сипаттауға арналған зерттеулер тақырыптың өзектілігін айқындай түседі. Математикалықтанграм ойынының шынайы өмірмен байланысы нақты зерттелгендігі зерттеу жұмысының маңыздылығын айқындайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Танграм күрделі емес геометриялық пішіндерді, аудандарды өлшеумен байланысты математикалық тапсырмаларды дұрыс түсінуге және шешуге мүмкіндік береді. танграмның өзіндік қыр-сырын жан-жақты таныстырылып, оның пайда болу жолдарыашылса, онда танграм туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, оның қыр-сырын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.
Зерттеу барысында:
1. Танграмның сан алуан қыр-сыры ашылды;
2. Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;
3. Танграмның пайда болуы туралы, оны зерттеген ғалымдардың пікіріне талдау жасалынды;
4. Қазіргі замандағы математика мен танграм байланысына сипаттама берілді.
Біздің қазіргі заман жаңа техникалық жаңалықтарға толы. Тұрмысымыз жаңғыртылған, «адам» -роботтар ойланып, шешім жасай алады, ал кейде адамдардың өздерін алмастырады. Кейде ең қарапайым нәрседе, тіпті қарапайым ойында ерекше және өзінді еліктіретін затты табуға болады.
«ТАНГРАМ» сөзі қытай тілінен аударғанда сөзбе-сөз «шеберліктің жеті тақтайшасы» - ойжұмбақ дегенді білдіреді. Ол жеті жазық пішіннен тұрады, оны белгілі бір әдіс бойынша бүктеу арқылы әлдеқайда күрделі пішін (адам, жануар кейпін бейнелейтін, үй тұрмысы заты, әріп немесе сан және т.с.с.) алу үшін қолданады. Танграм пішінін бүктеу техникасымен танысу және игеру процессінде менде сұрақтар туындады. Танграм математиканы зерттеу кезінде қалайша көмектесіуі мүмкін? Логикалық және қызықты математика тапсырмаларын шешуде ше?
Ойын пайда болған орын әлбетте Қытай болып табылады. Пайда болу уақыты шамамен XVIII ғасырды құрайды. Танграм бойынша бірінші белгілі ежелгі кітап «Жеті бөліктен пішінді құрастыру» болып табылады (Қытай 1803 жыл). Ол күріш қағазынан басып шығарылған болатын. Еуропада басып шығарылған кітаптар тек аздап түпнұсқалы, ал өзінің негізін қытай көздерінен алған.
I ТАНГРАМ ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1 Танграм ойынының тарихы
Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігінде Танграм атауы беделді Генри Э.Дьюдени сілтемесімен көрсетіледі, оның нұсқасын сөздікті құрастырушы Д.Мюррей қабылдады. Ол танграм сөзін алғашқыда 1864 жылы Вебстер басылымында кездескенін байқаған болатын. Мюррейдің пайымдауынша танграм сөзінің өзі өткен жүз жылдықтың ортасында белгісіз бір америкалықтың ойынынан шыққан. Ол Тан сөзінен неологизм туындатып, кантон диалектісінде қытайша және кең таралған жұрнақ - грам (анаграмма немесе криптограмма сөздеріндегідей) деген мағынаны береді.
Танграм сөзінін пайда болуы өзге теорияда С.Лойдтың жаңа кітабының басылымындағы алғысөзінде Питер Ван Ноутпен ұсынылған болатын. Қайықта тұратын қытай отбасылары танка деп аталады. Тан қытайша салдақы әйел деген мағынаны береді. Танка қыздарынан ойжұмбақты сатып алатын америкалық теңізшілер оларды танграм, яғни қолжетімді қыздардың басқатырғышы не ойжұмбағы деп атайтын. «Қытай философиялық және математикалық танграмы» кітабында (1817 жыл) танграм сөзі көне ағылшын сөзі ретінде трактіленеді, ол ойыншық ой-жұмбақ дегенді білдіреді.
Танграм ойынының пайда болуытуралы аңыз.
«Танграм» ойынының пайда болу болжамы мен нұсқалары бірнеше қатары бар.
Ең кең таралған және белгілі болып табылатын «Танграм» ойыны4000 жыл шаманы құрайды. Мұндай мерзімді Б.А.Кордемский және А.Я.Котов, сонымен қатар басқа да шетел авторларыннан оқуға болады. Танграм туралы пікір ең ежелгі ойжұмбақ екені кең таралған. Бұл туралы пікірді С.Лойд қалыптастырған болатын.
1903 жылы ол «Танның сегізінші кітабы» кітабын шығарған. Ондаол алғашқы рет ойынның ежелгі пайда болу туралы нұсқасын басып шығарды. Осы қазіргі уақытта әлемде ойжұмбақтардың аса зор ойындарының бірі болып табылады.
Шамамен 4000 жыл бұрын Қытай императорының Лао мұрагері дүниеге келеді. Император өзіне үш абызды шақырып ұлына ойнап математика бастамасын, қоршаған әлемге сүретшінің көзімен қарап, нағыз философтай сабырлы болып күрделі дүние жай дүниелерден тұратынын түсінетін ойын ойлап табуға бұйырды. Үш абыз шаршыны жеті бөлікке бөліп «Ши-Чао-Тю» деген ойын ойлап тапты. Танграм атауы да осы сөзден шыққан. Қытайда Танграм ойыны Ши-Чао-Тю (жеті айлалы пішін) деп аталады.
Қоғамның замануаи шарықтап дамуы қоршаған ортаны танымақ үшін оған математикалық көзқараспен қарауға мәжбүр боласыз.Математикалық білім математик, инженер ғалымға ғана емес, дәрігерге де, теңізші мен спортсменге де, суретші мен әдебиетшіге де қажет. Осыған байланысты математикалық басқатырғыштар ерекше орынға ие болып келеді. Осындай біздің көңілімізді бөлген басқатырғыштардың бірі – танграм болып табылады.
«Автордың қолына түскен профессор Челленор жазбаларында Лойд айтып өткендей танграм туралы жеті кітап 4000 жыл бұрын Қытайда құрастырылған болатын. Оның әр біреуі тура мың пішінді қамтиды. Осы кітаптар қазіргі кезде сирек кездеседі, сондықтан Қытайда болған профессор Челленор қырық жылдың ішінде тек бір рет жеті томның бірінші басылымның алғашқысын (толық сақталған) және екінші томның дара-дара бөлігін көрген болатын».
Осы кітапта айтып өтетіндей пергаментта алтынмен басылып шығарылған кітаптың бір бөлігі Бейжіңде (Пекинде) ағылшын сарбазымен табылған. Ол өзінің олжасын 300 фунт стерлингке бір көне қытай заттарын жиюшыға сатқан. Ал ол сол орайда айрықша пішінді осы кітапта
көрсетіп кеткен. Лойдтың аңызына сәйкес Тан аңызға айналған қытай данышпаны болған. Оған замандастары құдайдай табынған. Өзінің жеті кітабындағы пішіндерді ол Жердің жеті эволюциясы кезеңімен орналастырған. Оның танграмы хаостың символикалық кескіндер мен «инь және ян» қағидасынан басталады. Содан соң өмірдің қарапайым тәртібімен жалғасады. Ағаш эволюциясына өрлеу шартына сәйкес балық, құс, жануар мен адамның пішіндері пайда бола бастады. Жолай әр түрлі орындарда адаммен жасалған әралуан кескіндер кезедеседі: еңбек құралдар, жиһаз, киім мен сәулет ғимараттары. Лойд жиі Конфуцийдің, философ Шуфуценің, түсініктемеші Ли Хуанчжанның және ойдан шығарылған профессор Челленордың пікірлерін дәйекке келтіреді. Ли Хуанчжан аңыз бойынша Танның жеті кітабындағы барлық пішінді білген. Лойдта «белгілі» қытай мақаласының сілтемелері кездеседі, мысалы: «Тек ақымақ қана Танның сегізінші кітабын жазуға кірісер еді».
1.2 Танграм ойынының ережесі
Танграм шамамен 4000 жылдық тарихы бар қытай ойыны. Белгілі бір қатынаста кесілген 7 әртүрлі фигуралар арқылы алдын ала білетін немесе жаңадан ойлап қалаған бейненің кескінін келтіру.
Бір қарағанда ойын тіптен қарапайым сияқты. Бар істейтінің шашылған бөліктерден қандай да бір фигура құрастыру. Бірақ ол бір қарағанда ғана солай. Кез-келген адам танграм фигураларын оңай құрастыра алмайды.
Әрбір құрастырылатын бейне ойының барлық жеті фигурасымен құрастырылуы тиіс, яғни жетіден аз таспен құрастырылған бейне Танграм ойыны болып есептелмейді.
Фигуралар бірінің үстіне бірі шығып кетпеу керек, бір жазақтықтың бойымен ғана орналасады.Фигуралар бір – біріне толықтай немесе белгілі бір бөлігі тиіп тұрады. Ең болмағанда бір нүктеде жанасып тұруы тиіс Яғни, қандай да бір фигура қалғандарына алшақта тұра алмайды. Бұлай болса ойын шарты бұзылмайды.
Суреттегі шаршы жеті бөлікке бөлінген. Осы бөліктерден тұратын түрлі фигуралар құрастырыңдар.
Мысалы:
Танграм квадрат түрінде ғана емес дөңгелек те, үшбұрыш та, жүрек тәрізді де бола береді және әрқашан 7 бөліктен құралады
Танграмағаштан, пілсүйегінен, картоннан, пластмассаданжасалады.
Танграм сызбасы арқылы көптеген жиһаздар құрастыруға болады.
Көптеген қытай ғалымдары танграмның түп негізі Сун (960-1127) династиясы заманында Хуан Боси (1079-1118) деген шебер банкеттерге арнап жасаған төртбұрышты столдарды ойлап тапқаннан беріге жатқызады. (сурет 1) [1].
Төртбұрышты үстелдерді қою кестесі.
М
ин(1368-1644)
династиясы заманында 1697 жылы Джи Шан
банкетке арналған үшбұрышты формадағы
столдарды атайды. Олар танграмның жеті
бөлігінен тұрған (сурет 2).
Танграмның жеті бөлікті формасындағы үстелдер.
Осы мерзімде «Танграм» басқатырғышы пайда бола бастады. Ол халықтың арасындағы барлық әлеуметтік топтардың арасында, соның ішінде император отбасында танымал бола бастады. Басқатырғышты арнайы жасап, шетжерлік саудагерлерге ұсына бастады.
Сондай
бір ескі нұсқасын 1802 жылы Кантон қаласында
Роберт Валн (Robert Waln) сатып алған. Бұл
басқатырғыш піл сүйектерінен жасалынған.
Ол Калифорнияның Ryerss Museum мұражайында
сақталған. Бұлбасқатырғыш Америка
мен Еуропада 1802 жылдан бері белгілі
болса да, ол туралы 1813 жылы Би Ву Юши
и Санг Ся Кэ (Bi Wu Jushi and Sang Xia Ke) «Сборник
диаграмм танграма» атты жинағында
(Compilation of Tangram Diagrams) жарық көрген. Танграм
жайлы кітаптар 1817-1818 жылдары Англия,
Франция, Швейцария, Италия, Нидерланд,
Дания, Германия және АҚШ-та жарық көрді.
(сурет 3) [2].
1.3 Тарихи тұлғалар және танграм ойыны
Льюис Кэрролл. Бәрімізде Л.Кэроллдың «Алиса ғажайыптар елінде» кітабын жақсы білеміз (Чарльз Лютвидж Доджсон). Алайда ол оның тек жалғыз туындысы ғана емес. «Сәнді қытай ойжұмбағы» кітабында ол танграм Наполеонның сүйікті ойыны деп жазған. Ол тақтан айырылғаннан кейін айдауда көп уақытты осы ойынмен өткізген екен. Ол өзінің «шыдамдылығы мен тапқырлығын жаттықтырған екен». Наполеонның сүйікті ойынын еске алуы шындыққа жанаспайды. Алайда оның осындай әдемі нұсқасының болмауына да дәлелі жоқ.
Эдгар А. По. Ойынның табынушысының бірі А.Эдгар По болған. Онда болған танграм піл сүйегінен жасалған және қазіргі уақытта Нью-Йорктің көпшілік кітапханасында сақтаулы.
Роберт ван Гулик. Белгілі жазушы және дипломат Роберт ван Гулик «Тырнақпен өлтірушілер» романында кітаптың барлық желісін танграм айналасында құрған болатын.
Абдул-Вефа. Кескіндер тапсырмасын шешу бойынша алғашқы адамзатқа танымал ғылыми еңбек Абдул Вефаның трактаты болып табылады. Ол персиялық астроном болатын. Бағдатта оныншы ғасырда өмір сүрген. Осы кітаптың тек жекеленген бөліктері және соның ішінде бірдей үш шаршыны 9 бөлікке кесу арқылы ары қарай бір үлкен шаршыны құрауға болатын тапсырманың шешуі сақталды. Ары қарай осы тапсырманы ең аз элемент мөлшері шартымен қолдану арқылы шешімді ағылшын Генри Э.Дьюденимен жасалған. Ол 6 элементті қолдану арқылы Абдул Вефтың тапсырмасын шешкен болатын. Осы қазіргі уақытта ең аз шешімінің бірі болып есептеледі.
Гарри Линдгрен. Кесуге әралуан тапсырмаларды шешу энциклопедиясы болып Гарри Линдгренның «Кесу геометриясы» кітабы болып табылады. Осы кітапта белгіленген пішінге көпбұрышты кесу бойынша рекортарды табуға болады. Базалық элементтің үшбұрышын қолданған кезде көп бұрышты келесі бөліктерге кесуге болады:
шаршы — 4
бес бұрышты — 6
алты бұрышты — 5
жеті бұрышты — 9
сегіз бұрышты — 8
тоғыз бұрышты — 9
он бұрышты — 8
он екі бұрышты — 8
Кесуге тапсырмалар шешімдерін қарастыра отырып, әмбебап алгоритм немесе тәсіл жоқ екенін түсінесін. Кейде жаңа бастап жүрген геометр өзінің шешімінде тәжірибелі адамнан асып кетуі мүмкін. Осы қарапайымдылық пен қол жетімділік осындай тапсырмаларды шешуге негізделген ойындардың танымалдылығы болып табылады. Ойымызға тетрис ойыны еске түседі.
II ТАНГРАМНЫҢ ШЫНАЙЫ ӨМІРМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
2.1 Танграм ойынын шынайы өмірде қолдану
Танграмды барлық тұрғыда киім дизайннан бастап сәулет пен ландшафт дизайнында кездестіруге болады. Ең сәтті танграм қолдану жиһаз жасауда. Танграм үстелдер де бар. Жұмсақ жиһаздар өзгертіледі және Lago фирмасының белгілі қабырға тақталары бар. Дизайнерлерде интерьер бойынша танграм стилінде жиһаз топтамасының ең танымалдысы әрине Lago. Қаншама мүмкін болатын нұсқалар мен әрекеттердер ұнамды тақтайларды құрастыруға болады. Өндірісшілердің өздері нұсқаулықпен бірге жинақтау бойынша кітапхана, қонақ бөлме, жатын бөлме және балаларға арналған бөлме үшін бірнеше бет ойлар шығарған.
Балалық шақта балада логика мен тапқырлықты дамыту үшін а-ля танграм пішіндерінімен ойнауға береді. Олардан ұсынылып отырған геометриялық пішіндерден кез-келген басқа: үйшік, кеме, машина, жануар немесе адамды құрастыруды сұрайды. Осыған ұқсас жас дизайнер Санджин Халилович (Sanjin Halilovic) Shape&Function жиһазын ұсынады. Оның жиһазы жоба-пазлдардың бірі болып табылады, одан үстел, орындық, тақта жүйесін, сондай- ақ кушетка, тіпті диванды жасап шығаруға болады. Бірақ осындай диванда дұрыстап дем ала алмайсыз.
Shape&Function танграм сияқты геометриялық пішін түрінде топтамадан тұрады. Осылай орын ауыстырып, құрастырып, бір-біріне қою арқылы осы сәтке қажетті басқа жиһаздар жасауға болады.
Ең бастысы сыйлық емес, ілтипат болса болғаны деген сөз рас. Әсіресе бұл әшекейге байланысты.Ешкім алтын, гауһар тастан бас тартпайды. Бірақ, сақина шынымен бағалы болу үшін міндетті түрде «асыл» металдан жасалу қажет емес. Көбінесе аса қымбат емес материалдар өте біртума болып көрінеді.
TANGRAM ойжұмбағының жаңа әшекей жиынтығы Bandada. Bandada – бұл жас испан бренді және мамандандырылған креативті әшекей. Танамоншақ пен сақиналардың жаңа жиынтығын жасау үшін оларды танымал қытай ойжұмбағы танрам шабыттандырды (ойынның басты тапсырмасы 7 әр түсті жазық пішіннен белгілі бір қою тәсілі арқылы одан да күрделі басқа пішінді алу. Мысалы жануардың, адамның сұлбасы т.б.
Танграм
түріндегі тәттілер де болуы мүмкін.
Шоколадты плитка танграм формасын
қайталайды. Ең сәтті танграм
қолдану жиһаз жасауда. Танграм үстелдер
де бар. Жұмсақ жиһаздар өзгертіледі
және Lago фирмасының белгілі қабырға
тақталары бар. Т
анграм
қағидасы бойынша құрастырылған барлық
жиһаздар өте ыңғалы және функциональды.
Әр кезде ол қожайының көңіл күйі мен
ықыласына байланысты түрін өзгерте
алады. Өзгертілетін диванның қызық
нұсқасын Julien Bernard дизайнер жасаған. Осы
үлгі 2009 жылы Миланда көрмеде ұсынылған
болатын. Алдында
айтқанымыздай, біздің зерттеуіміз
қазіргі уақыттағы танграмды пайдалану
мүмкіндіктерін зерттеуге тарналған.
Соңғы уақытта танграмды дизайн саласында
пайдалану аса бір маңыздылыққа айналды.
Танграмды оңтайлы қолдану жиһаз саласына
тән.
(сурет 4,5).
Сурет 4. Танграмды жиһаз саласында пайдалану
Сурет 5. Танграм негізіндегі жұмсақ жиһаздар
Танграм принципі бойынша салынған жиһаздар барынша жайлы және қолдануға ыңғайлы. Ол адамдардың көңіл күйі мен қалауына қарай түрленіп отырады. Үшбұрыш, төртбұрыш, квадраттан әр түрлі комбинациядағы сөрелерді дайындауға болады. Сатып аларда клиентке жиһазбен бірге оны орналастырудың түрлі комбинацияларын ұсынылады. Қонақ бөлмеде адам сұлбасындағы сөрелерді, балалар бөлмесуінде қоян, мысық сияқты жануарларды, асханада және кітапханада құрылысқа қатысты – үйдің, сарайлардың сұлбасын жасауға болады. (сурет 6,7).
С
урет
6.Танграмкітап сөрелері.
Сурет 7. Танграм кітап сөрелері
Дизайнера
Даниэль Лаго ойлап тапқанТанграм биші
адам формасындағы кітап сөрелері өте
қызық (сурет 8). Сондай-ақ бұл сөрелер
пайдаланушының қалауына қарай басқа
да формаларға ауыса алады.
Сурет 8.Биші адамдар формасындағы «Tangram» кітап сөрелері.
Ә
лемдегі
танграмды пайдаланудың басқа бағыттарын
тұрғын үй, офис сияқты заманауи үлкен
ғимараттардың құрылыстарынан байқаймыз
(сурет 9).
Сурет 9. Танграм негізіндегі құрылыстар
Сондай-ақ, танграм негізінде жерсілкінуден қорғануға арналған су үстінде салынған қала жобаларын айтуға болады. Оған Чили мен Гаитиден кейінгі салынған дизайнерлік жобалар жатады.
Сурет 10. Танграм негізіндегі су үстіне салынған қала жобалары
2.2 Танграмға ұқсас математикалық ойындар
Пазлдар. Сыртқы кейіпі бойынша танграмға жақын ойын пазлдар болып табылады. Бастапқыда пазлдар дұрыс емес пішіндегі жиынтықтан сурет- тапсырманы құрау керек болатын. Осы сәйкестікке қарамастан танграм оған қарама- қайшы тапсырма. Себебі, жеті базалық элементтер көптеген маңызды пішінді құрастыруға мүмкіндік береді, ал пазлда бір ғана шешіммен шектелеміз.
Танграмның осыған ұқсас ойындармен салыстырмалы талдауы Р.Ридпен «Танграмдар 330 ойжұмбақ» кітабында жасалған. Танграм ойыны үшін адамға негізгі талап логикалық ойлау мен геометриялық интуиция, ал пазл ойыны үшін тек ынталылық пен шыдамдылық қажет.
Дьюден ойыны. Өзінің «Математикалық ойын-сауық» кітабында ол ойдан құрастырылған әңгімені келтіреді. Бір американдық тілші седепті тан жиынтығын сатып алған. Онда 300 пішіннен тұратын күріш қағазында бастырылған кітапша болған. Тілшіні бас бетінде құпия иероглиф қызықтырған, бірақ осы белгіні не мағына беретін туралы түсінік алу үшін қытайларға жүгінгенде олар не көмектесі келмеді ме, әлде көмектесе алмайтын. Ол иероглифті өзінің кітабында көрсеткен және оқырмандардан көмек сұрады. Біз білеміз, Дьюденге оған оның замандастары жауап берген, бірақ осындай кітапшасы болған Рид қиналмай осы жұмбақтың шешімін тапқан. Иероглиф тек екі адамды бейнеленген танграм астындағы жазба болатын. Жазбада екі адам бір- біріне қарап тұрып шай ішіп отырғаны бейнеленген. Осы сурет танграм ойынындағы үлкен мүмкіндіктерді айғақтайды.
2.3Қазіргі заманғы математика және танграм ойыны
Геометрия туралы бастапқы мағлұматты алу үшін математика сабағында танграм қолданылуы мүмкін.Қарапайым геометриялық пішінмен: шаршы, үшбұрыш, ромб, бұрыштармен танысу. Пішінді форма, өлшем, көлем бойынша салыстыру. Бірнеше пішіннен жаңа геометриялық пішінді құрастыру: екі үш бұрыштан – ромб, үлкен үшбұрыш, шаршы, үшеуінен – үшбұрыш, трапеция, параллелограмма және т.б.
Ойнай отырып біз геометриялық пішіннің атауын, қасиетін, айрықша белгілерін есте сақтаймыз, оның көру және сипап сезу арқылы формасын зерттейміз, басқа жаңа пішін алу үшін ерікті орын ауыстырамыз. Бізде қарапайым суреттерді талдау икемділігі дамиды. Оларда қоршаған заттардан геометриялық форманы кесу жолы арқылы бөлу, кесу арқылы пішінің түрін тәжірибеде түрін өзгертуге және оның бөліктерін құру икемділігімізді дамытамыз.
«Танграмды» математика, сонымен қатар информатика сабақтарында қолдануға болады. «Танграмды» информатика сабағында қолдана отырып мұғалім информатика мен математика сабағы арасындағы пәнаралық байланасын іске асырады. Сабақ барысында оқушылар өздерінің білімдерін геометриялық пішіндермен танысу бойынша бекітеді, осылайша олар кеңістікті елестетуді, қиялды және шығармашылығын дамытады.
«Танграмның» контурын қолдана отырып оқушыларды графикалық редактормен таныстыруға болады, тақырыбы: «Растрлы графика». Егер оқушы графикалық редакторман танысқан кезде бірнәрсені салуға қиналса, онда оған фон мен жаңа келбетті қоса отырып, таныс кескіндерді орындауға ұсынуға болады. Нәтижесінде оқушы тамаша суретті алады. «Танграм» пішіндерін қолдана отырып оқушыларды «Векторлы графика» тақырыбы бойынша WORD мәтіндік редакторының сурет салу панелінің мүмкіндіктерімен таныстыруға болады.
Пішіндердің айналу мүмкіндіктерін көрсетуге, оны бояуға, көлем беруге, көлеңке түсіруге және т.с.с болады. Осының бәрі оқушыларда шығармашылық қабілеттіліктерді дамытады және мәліметтерді қызық ұсынуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік ойындар мен механикалық ой жұмбақтардың молшылықтарына қарамастан, соның ішінде Танграм адамдарға зияткерлік ғанибетті әкеледі. Жетістікке жету, таң қалу сезімі (Эврика! Мен таптым!)- осы сезімдердің бәрі адамда қиындықпен жеткен сезімді көрсетеді.
«Танграмның» тәжірибелік қолданылуын зерттей отырып, біз бір шешімге келеміз. Бөлікке бөлінген шаршыны жазық элементтермен қиыстыра отырып көптеген жаңа пішінді алуға болады. Мысалы, геометриялық, жанрлық – жануарлардың, адамның, тұрмыс үй заттарының кескіні және т.с.с.
Осы ойжұмбақ ақыл-ой және шығармашылық қабілеттіліктерді, комбинаторлық қабілеттіліктерді, логикалық ойлауды, зеректілікті, тапқырлықты, сонымен қатар шыдамдылықты және ұсақ моториканы дамытады. Ықыластылықты, мақсатқа жету үшін табандылықты қалыптастырады. Шығармашылық ізденіске талпындырады, шыдамдылық пен жүйелілікке үйрет
ҚОРЫТЫНДЫ
Біз ғылыми жетекшімізбен бірге көптеген іс – шаралар ұйымдастыру арқылы танграм ойынының пайдасы мол екендігіне көз жеткіздік.
Танграм балалардың ойын дамытуға септігін тигізеді:ереже бойынша ойнауды және нұсқаулықты орындауды үйретеді, көрнекі-бейнелі болжауды, елестетуді, назар салуды үйретеді,түсті, өлшемді және пішінді, түйсікті, комбинаторлық қабілеттілікті түсінуге үйретеді.
Көлем мен ауданның қасиеті тақырыбы танграммен тамаша суреттеледі. Сонымен, Танграм басқатырғыштың шығу тарихын зерттей келе, оның түп негізі, шығу тарихы жиһаз жасаудан басталғанын білдік. «Яньцзиту» деген атпен шыққан интерьердің түрді дүниелері ойын фигураларына айналып шыға келді. Тарихқа құрмет білдіре отырып, заманауи дизайнерлер танграм үлгісінде жиһаздардың түр-түрін ойластыра бастады.
Танграм – 7 фигурадан құралған басқатырғы, одан басқа күрделі фигуралар (адам, жануарлар, тұрмыстық заттар, әріптер, сандар т. Б.) нәрселерді жасаймыз. Біздің зерттеуіміз қазіргі уақытта танграмды қолданудың заманауи мүмкіндіктерін зерттеп, қажетімізге асыру.
Ұсыныстар:
1. Мектептерде танграм үйірмесі ашылса;
2. Танграм ойыны бағдарламаға кең көлемде енгізіліп, оқушыларға кеңінен таныстырылса;
3. Танграм ойынын насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастырылса;
4. Танграм ойыны математика;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Драко, М. В. Китайский танграм. Магический круг. Вьетнамская игра: Игры-головоломки. — Попурри, 2009. — 56 с.
2. Мациевский, С. В. Математическая культура. Игры: учебное пособие / Изд-во КГУ, 2003. — 120 с. 3.
3. Шарыгин, И. Ф. Наглядная геометрия. 5–6 кл.: пособие для общеобразовательных учреждений /
4. Владимирова Е. Е., Васильева С. Н. Танграм: от истории к современности // Юный ученый. — 2015. — №2. — С. 88-94. URL: http://yun.moluch.ru/archive/2/119/ (дата обращения: 02.09.2017)
5. Қытай энциклопедиясы\математика бөлімі. 1989. Бейжиң
6. Жан бау зұң қатарлылар: «Сұң-юан патшалығы дәуіріндегі математикатарихынан рефераттар жинағы», қытайша.
7. В.Д.Чистияков: «Қытай және Үндістан математика тарихына қатысты материалдар», орысша.
8. Ли ян: «Қытай арифметика тарихы», қытайша.
9. Ли ян: «Қытай математика тарихынан құрама жинақ». 5-том, қытайша.
10. Моризклаи М.М. «Бұрынғы заманнан қазірге дейінгі математикалық идеиялар», қытайша.
ҚОСЫМША 1
Сауалнама 100 оқушыдан алынды. Нәтижесі кестеде көрсетілді.
Сауалнама сұрақтары:
Танграм ойыны туралы білесіз бе?
Танграм ойыны туралы білгіңіз келе ме?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген