жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математикалық тарихи дөңгелек
Тақырыбы:
«Косинус» және «Синус» топтары арасындағы «Математикалық тарихи дөңгелек» атты кеш.
Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген ынтасын, қызығушылығын
арттыру.
Барысы: Мерекелі музыка ойнайды.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар сіздерді 8 - ші сыныптар арасындағы «Синус» және «Косинус» топтары арасында өтетін «Математикалық тарихи дөңгелек» атты кешімізді көруге шақырамыз.
Жүргізуші: Кешімізде бүгін екі топ білімімен сайысады. Ол – 8 сыныптар «Косинус» және «Синус» топтары.
Жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар.
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - дей отырып, ойыншыларымызды ортаға шақырамыз.
Сахнаға «Косинустар» тобын шақырамыз. (сахнаның бір шетінен қолдарын бұлғап, косинус тобы шығады).
Сахнаға «Синустар» тобын шақырамыз. (сахнаның екінші шетінен қолдарын бұлғап, синус тобы шығады).
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1._________________________________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші:
Мәңгі - бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын, - дей отырып, кезекті сайыскерлерімізге берейік.
Жүргізуші: Ойын ережесімен танысайық. Ойын бес кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде сұрақ көрініс түрінде беріледі және 10 ұпаймен бағаланады. Екінші кезең «Ғажайып қоржын» деп аталады. Ойынның шарты тақтайшада- ғы сөзді табу және оның мағынасын түсіндіру. Толық жауап 10 ұпаймен бағаланады. Үшінші кезең математикалық есеп, жұмбақ жасырылады. Табылған санға байланысты мақал айтылуы керек. Толық жауап 10 ұпаймен бағаланады. Кешіміздің төртінші кезеңінде екі топтың да ойыншыларына плакатқа сызылған «Цифрограмма» беріледі. Қанша уақыт кетер екен? деген. Мұнда бірнеше сандар және жауабы берілген. Солардың жауабы дұрыс шығатындай етіп, ашық торкөздерді қажетті қосу, алу амалдарымен толтырса болғаны. 10 ұпаймен бағаланады. Кешіміздің бесінші кезеңінде екі топ бір – біріне сұрақтар немесе жұмбақ ретінде математикалық есептер қоятын болады..
Жүргізуші: Олай болса, бірінші кезең сұрақ – көрініс түрінде беріледі.
1 – ші сұрақ: Ежелгі Греция. Көрініске көңіл аударыңыздар.
Көрініс: Ежелгі Грецияның киімін киген қыз отыр. Қолында әдемі құмыраны ұстаған қара құл кіреді.
Қыз: «Құмыраны трапедзионға қой » дейді.
Жүргізуші: Құрметті ойыншылар! «Трапедзион» деген сөздің мағынасы және оның математикаға қатынасы қандай?
Топ мүшелері сұраққа жауап береді.
Жүргізуші: Дұрыс жауап: «Трапедзион» деп Ежелгі Грецияда үстелді атаған және осы сөзден «трапеция» деген сөз шыққан.
Жүргізуші: Келесі сұрақ: Батыс.
Функциялар биін тамашалайық.
Жүргізуші: Топ мүшелеріне: Осы бидің қимылынан сіздер қандай функциялардың графигін елестеттіңіздер.
Дұрыс
жауап:
Жүргізуші: 2 – сұрақ: Шығыс. Көрініске көңіл аударыңыздар.
Көрініс: Шығыс киімін киген ұстаз бен шәкірттері малдас құрып отыр. Ұстаз көне музықалық аспапта (қобыз) ойнап отырады. Шәкірттері кітап оқып отырады.
Сұрақ: Алдарыңызда математик, дәрігер, ақын, музыкант, ғалым кім? Атақты адамдардың суреттері тақтаға ілінеді.
А) Қорқыт
В) Омар Хаям
С) Құрманғазы
Д) Әл – Фараби
Жүргізуші: Дұрыс жауап: Шығыс Аристотелі атанған, тіл туралы, логика, математика, оптика, астрономия, медицина, музыка, физика, табиғат ғылымдары, статистика, механика, дін, заң ғылымдары, туралы энциклопедия, трактаттар жазған Әбу – Насыр әл – Фараби.
Жүргізуші: Ал, әділқазылар алқасы екі тобымыздың бағасын беріп өткенше, келесі кезекті 10 б сынып оқушысы Канабекова Гүлбанудың орнында ән.
Ал енді келесі екінші кезең «Ғажайып қоржын» деп аталады. Ойынның шарты тақтайшадағы сөзді табу және оның мағынасын түсіндіру. Толық жауап 10 ұпаймен бағаланады. Сұрақ «Синустар» тобына қойылады. Жауап бере алмаса, «Косинустар» тобы жауап беруіне болады.
Тақтайшада: Ата – бабамыздың ертедегі қолданған ұзындық өлшем бірлігін ата? Жеті әріптен тұрады.
-
ш
а
Қ
ы
р
ы
м
Сұрақ: «Шақырым» бізідің ата – бабамыздың қолданған өлшем бірлігі, ал біз осы өлшем бірлікті қандай атаумен қолданып жүрміз ? (километр)
Сұрақ «Косинустар» тобына қойылады. Жауап бере алмаса, «Синустар» тобы жауап беруіне болады.
Тақтайшада: Ертедегі қазақ қыздары тағатын орамалдың өлшемі қалай аталды? Бес әріптен тұрады.
-
ш
А
р
ш
ы
Сұрақ: «Шаршы» қазақ қыздары тағатын орамалдың өлшемі. Осы өлшемнің қазіргі біз қолданып жүрген атауын ата ? (квадрат метр)
Сұрақ «Синустар» тобына қойылады. Жауап бере алмаса, «Косинустар» тобы жауап беруіне болады.
Тақтайшада: Ертедегі ата – бабамыз қолданған өлшем бірлікті ата ? Үш әріптен тұрады.
-
п
ұ
т
Сұрақ: «Пұт» ертедегі ата – бабамыз қолданған масса бірлігі. Осы атау қанша килограмды білдіреді? (он алты килограмм)
Сұрақ «Косинустар» тобына қойылады. Жауап бере алмаса, «Синустар» тобы жауап беруіне болады.
Тақтайшада: Сұрақ: Кубтың баламасы ретінде бұрыннан қолданылып келе жатқан байырғы қазақ сөзі. Бұл сөзді дәреже көрсеткіші ретінде де пайдаланатын боламыз. Бес әріптен тұрады.
-
т
Е
к
ш
е
Жүргізуші: Ал, әділқазылар алқасы екі тобымыздың бағасын беріп өткенше, келесі кезекті 8 д сынып оқушысы _____________________________________ орнында би.
Жүргізуші: Ал, балалар, мұнда біраз қараңдар,
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар.
Математикадын беріледі бір есеп,
Көңіл қойып бірер минут ойлаңдар, - дей отырып келесі бөлімімізге тоқталайық. Келесі үшінші кезең математикалық есеп, жұмбақ жасырылады. Табылған санға байланысты мақал айтылуы керек. Толық жауап 10 ұпаймен бағаланады.
Жүргізуші: Сұрақ «Синустар» тобына қойылады. Шопанның барлық қойының 32 – сі су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар?
Жауап: 40 қой.
Мақал: а) қырықтың бірі қыдыр.
б) 40 кісі бір жақ,
қыңыр кісі бір жақ.
Жүргізуші: Сұрақ «Косинустар» тобына қойылады. Егер оқушылар орындыққа бір оқушыдан отырса, екі оқушыға орын жетпейді. Егер оқушылар бір орындыққа екі оқушыдан отырса, екі орындық артық қалады. Ойынға неше оқушы қатысты? Неше орындық бар?
Жауап: 8 оқушы
6 орындық
Мақал: а) Қырықтың бірі қыдыр.
б) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Жүргізуші:Сұрақ «Синустар» тобына қойылады. Екі бұтақта 15 торғай отыр. Бірінші бұтақтан 3 торғай ұшып кетті. Екінші бұтақтан 2 торғай ұшып бірінші бұтаққа қонғанда, екібұтақтағы торғайлар санбары бірдей болады. Алғашқыда бұтақтардың әрқайсысында қанша торғайдан отырды ?
Жауап: 7 және 8.
Мақал: а) Жігітке жеті өнер де аз.қырықтың бірі қыдыр.
б) Жігіт сегіз қырлы бір сырлы.
Жүргізуші: Сұрақ «Косинустар» тобына қойылады. Бір үйдің 6 ұл баласы бар. Олардың әрқайсысының бір – бірден қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар ?
Жауап: 7 баласы бар.
Мақал: а) Жеті рет өлшеп бір рет кес.
б) Жеті жұрттың тілін біл,
жеті түрлі білім біл.
Жүргізуші: Ал, әділқазылар алқасы екі тобымыздың бағасын беріп өткенше, келесі кезекті 10 б сынып оқушысы Канабекова Гүлбанудың орнында ән.
Жүргізуші: Ойынымыздың төртінші кезеңінде екі топтың да ойыншыларына плакатқа сызылған «Цифрограмма» беріледі. Қанша уақыт кетер екен? деген. Мұнда бірнеше сандар және жауабы берілген. Солардың жауабы дұрыс шығатындай етіп, ашық торкөздерді қажетті қосу, алу амалдарымен толтырса болғаны. 10 ұпаймен бағаланады.
Жүргізуші: Ал, әділқазылар алқасы екі тобымыздың бағасын беріп өткенше, келесі кезекті ______ сынып оқушысы ________________________орнында ән. Жүргізуші: Сайысымыздың бесінші кезеңінде екі топ бір – біріне сұрақтар немесе жұмбақ ретінде математикалық есептер қойылады.
Жүргізуші: Міне, осыменен «Математикалық тарихи дөңгелек» атты кешіміз аяқталды. Әділқазылар алқасына әділ бағаларын берулерін сұранамыз.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы есептеп болғанша келесі кезекті ______ сынып оқушысы ________________________орнында ән.
Жүргізуші: «Математикалық трихи дөңгелек» атты кешіміздің жеңімпаздарын құттықтап қошеметтейік. Кешіміз осымен аяқталды, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.
Омирбекова Гульхадиша, Тұрғынбаева Гүлбайра
Шымкент қаласы, № 58 жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімдері
«Математикалық тарихи дөңгелек » атты кеш
Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың белсенділігін арттырып, ізденімпаздыққа өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың берері көп. Математикалық кештер оқушылардың білімдерін тереңдетіп, шығармашылық ойларын дамытады.
Төменде, назарларыңызға 8 сыныптар арасында өткізілген, «Косинус» және «Синус» топтары арасындағы «Математикалық тарихи дөңгелек » атты кештің жоспарын ұсынып отырмыз. Алдын – ала оқушыларды екі топқа бөліп, топ жетекшілерін сайлаймыз.
Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген ынтасын, қызығушылығын
арттыру.
Барысы: Мерекелі музыка ойнайды.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар сіздерді 8 - сыныптар арасындағы «Синус» және «Косинус» топтары арасында өтетін «Математикалық тарихи дөңгелек» атты кешімізді көруге шақырамыз.
Жүргізуші: Кешімізде бүгін екі топ білімімен сайысады. Ол – 8 сыныптар «Косинус» және «Синус» топтары.
Жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар.
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - дей отырып, ойыншыларымызды ортаға шақырамыз.
Сахнаға «Косинустар» тобын шақырамыз. (сахнаның бір шетінен қолдарын бұлғап, косинус тобы шығады).
Сахнаға «Синустар» тобын шақырамыз. (сахнаның екінші шетінен қолдарын бұлғап, синус тобы шығады).
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1._________________________________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші:
Мәңгі - бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын, - дей отырып, кезекті сайыскерлерімізге берейік.
Жүргізуші: Ойын ережесімен танысайық. Ойын бес кезеңнен тұрады. Барлығы да 10 ұпаймен есептелінеді. Бірінші кезеңде сұрақ көрініс түрінде беріледі. Екінші кезең «Ғажайып қоржын» деп аталады. Ойынның шарты тақтайшада- ғы сөзді табу және оның мағынасын түсіндіру. Үшінші кезең математикалық есеп, жұмбақ жасырылады. Табылған санға байланысты мақал айтылуы керек. Кешіміздің төртінші кезеңінде екі топтың да ойыншыларына плакатқа сызылған «Цифрограмма» беріледі. Қанша уақыт кетер екен? деген. Мұнда бірнеше сандар және жауабы берілген. Солардың жауабы дұрыс шығатындай етіп, ашық торкөздерді қажетті қосу, алу амалдарымен толтырса болғаны. Кешіміздің бесінші кезеңінде екі топ бір – біріне сұрақтар немесе жұмбақ ретінде математикалық есептер қоятын болады..
Жүргізуші: Олай болса, бірінші кезең сұрақ – көрініс түрінде беріледі.
1 – ші сұрақ: Ежелгі Греция. Көрініске көңіл аударыңыздар.
Көрініс: Ежелгі Грецияның киімін киген қыз отыр. Қолында әдемі құмыраны ұстаған қара құл кіреді.
Қыз: «Құмыраны трапедзионға қой » дейді.
Жүргізуші: Құрметті ойыншылар! «Трапедзион» деген сөздің мағынасы және оның математикаға қатынасы қандай?
Топ мүшелері сұраққа жауап береді.
Жүргізуші: Дұрыс жауап: «Трапедзион» деп Ежелгі Грецияда үстелді атаған және осы сөзден «трапеция» деген сөз шыққан.
Жүргізуші: Келесі сұрақ: Батыс.
Функциялар биін тамашалайық.
Жүргізуші: Топ мүшелеріне: Осы бидің қимылынан сіздер қандай функциялардың графигін елестеттіңіздер.
Дұрыс
жауап:
Жүргізуші: 2 – сұрақ: Шығыс. Көрініске көңіл аударыңыздар.
Көрініс: Шығыс киімін киген ұстаз бен шәкірттері малдас құрып отыр. Ұстаз көне музықалық аспапта (қобыз) ойнап отырады. Шәкірттері кітап оқып отырады.
Сұрақ: Алдарыңызда математик, дәрігер, ақын, музыкант, ғалым кім? Атақты адамдардың суреттері тақтаға ілінеді.
А) Қорқыт
В) Омар Хаям
С) Құрманғазы
Д) Әл – Фараби
Жүргізуші: Дұрыс жауап: Шығыс Аристотелі атанған, тіл туралы, логика, математика, оптика, астрономия, медицина, музыка, физика, табиғат ғылымдары, статистика, механика, дін, заң ғылымдары, туралы энциклопедия, трактаттар жазған Әбу – Насыр әл – Фараби.
Жүргізуші: Ал, әділқазылар алқасы екі тобымыздың бағасын беріп өткенше, келесі кезекте 8 сынып оқушысының орнында ән.
Ал енді келесі екінші кезең «Ғажайып қоржын» деп аталады. Ойынның шарты тақтайшадағы сөзді табу және оның мағынасын түсіндіру.
Сұрақ «Синустар» тобына қойылады. Топтар жауап бере алмаса, қарсылас топ жауап беруіне болады.
Тақтайшада: Ата – бабамыздың ертедегі қолданған ұзындық өлшем бірлігін ата? Жеті әріптен тұрады.
-
ш
а
қ
ы
р
ы
м
Сұрақ: «Шақырым» бізідің ата – бабамыздың қолданған өлшем бірлігі, ал біз осы өлшем бірлікті қандай атаумен қолданып жүрміз ? (километр)
Сұрақ «Косинустар» тобына қойылады.
Тақтайшада: Ертедегі қазақ қыздары тағатын орамалдың өлшемі қалай аталды? Бес әріптен тұрады.
-
ш
а
р
ш
ы
Сұрақ: «Шаршы» қазақ қыздары тағатын орамалдың өлшемі. Осы өлшемнің қазіргі біз қолданып жүрген атауын ата ? (квадрат метр)
Сұрақ «Синустар» тобына қойылады.
Тақтайшада: Ертедегі ата – бабамыз қолданған өлшем бірлікті ата ? Үш әріптен тұрады.
-
п
ұ
т
Сұрақ: «Пұт» ертедегі ата – бабамыз қолданған масса бірлігі. Осы атау қанша килограмды білдіреді? (он алты килограмм)
Сұрақ «Косинустар» тобына қойылады.
Тақтайшада: Сұрақ: Кубтың баламасы ретінде бұрыннан қолданылып келе жатқан байырғы қазақ сөзі. Бұл сөзді дәреже көрсеткіші ретінде де пайдаланатын боламыз. Бес әріптен тұрады.
-
т
е
к
ш
е
Жүргізуші: Ал, әділқазылар алқасы екі тобымыздың бағасын беріп өткенше, келесі кезекте би.
Жүргізуші: Ал, балалар, мұнда біраз қараңдар,
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар.
Математикадын беріледі бір есеп,
Көңіл қойып бірер минут ойлаңдар, - дей отырып келесі бөлімімізге тоқталайық. Келесі үшінші кезең математикалық есеп, жұмбақ жасырылады. Табылған санға байланысты мақал айтылуы керек. Толық жауап 10 ұпаймен бағаланады.
Жүргізуші: Сұрақ «Синустар» тобына қойылады. Шопанның барлық қойының 32 – сі су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар?
Жауап: 40 қой.
Мақал: а) қырықтың бірі қыдыр.
б) 40 кісі бір жақ,
қыңыр кісі бір жақ.
Жүргізуші: Сұрақ «Косинустар» тобына қойылады. Егер оқушылар орындыққа бір оқушыдан отырса, екі оқушыға орын жетпейді. Егер оқушылар бір орындыққа екі оқушыдан отырса, екі орындық артық қалады. Ойынға неше оқушы қатысты? Неше орындық бар?
Жауап: 8 оқушы
6 орындық
Мақал: а) Қырықтың бірі қыдыр.
б) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Жүргізуші:Сұрақ «Синустар» тобына қойылады. Екі бұтақта 15 торғай отыр. Бірінші бұтақтан 3 торғай ұшып кетті. Екінші бұтақтан 2 торғай ұшып бірінші бұтаққа қонғанда, екібұтақтағы торғайлар санбары бірдей болады. Алғашқыда бұтақтардың әрқайсысында қанша торғайдан отырды ?
Жауап: 7 және 8.
Мақал: а) Жігітке жеті өнер де аз.қырықтың бірі қыдыр.
б) Жігіт сегіз қырлы бір сырлы.
Жүргізуші: Сұрақ «Косинустар» тобына қойылады. Бір үйдің 6 ұл баласы бар. Олардың әрқайсысының бір – бірден қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар ?
Жауап: 7 баласы бар.
Мақал: а) Жеті рет өлшеп бір рет кес.
б) Жеті жұрттың тілін біл,
жеті түрлі білім біл.
Жүргізуші: Ал, әділқазылар алқасы екі тобымыздың бағасын беріп өткенше, келесі кезекті 10 б сынып оқушысы Канабекова Гүлбанудың орнында ән.
Жүргізуші: Ойынымыздың төртінші кезеңінде екі топтың да ойыншыларына плакатқа сызылған «Цифрограмма» беріледі. Қанша уақыт кетер екен? деген. Мұнда бірнеше сандар және жауабы берілген. Солардың жауабы дұрыс шығатындай етіп, ашық торкөздерді қажетті қосу, алу амалдарымен толтырса болғаны. 10 ұпаймен бағаланады.
Жүргізуші: Ал, әділқазылар алқасы екі тобымыздың бағасын беріп өткенше, келесі кезекті ______ сынып оқушысы ________________________орнында ән. Жүргізуші: Сайысымыздың бесінші кезеңінде екі топ бір – біріне сұрақтар немесе жұмбақ ретінде математикалық есептер қойылады.
Жүргізуші: Міне, осыменен «Математикалық тарихи дөңгелек» атты кешіміз аяқталды. Әділқазылар алқасына әділ бағаларын берулерін сұранамыз.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы есептеп болғанша келесі кезекті ______ сынып оқушысы ________________________орнында ән.
Жүргізуші: «Математикалық трихи дөңгелек» атты кешіміздің жеңімпаздарын құттықтап қошеметтейік. Кешіміз осымен аяқталды, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген