400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бидайық негізгі мектебі









Баяндама



Тақырыбы: Математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі



Дайындаған: Бахытова М.Б










2017-2018жж


Математиканы есептер арқылы оқыту әдістемесі


Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады:

а) Қатесіз шығару;

ә) негіздеу (дәлелдеу);

б) толық шығару;

в) мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару;

г) есепті қаттау.

Есеп шығару кезеңінің әр сатысы міндетті түрде негізделіп, дәлелденіп отыруы қажет. Яғни әрбір жаңа ой қорытындысы қандай тұжырымнан туындады, не себепті олай деп пайымдауға хақымыз бар деген сұрақтарға мұқият жауап берілуі керек.

Есеп шығару кезеңдерін дұрыс қаттау да есепке жүктелетін талаптардың бірі болып саналады. Есеп шығару кезеңдері қысқа да нұсқа, түсінікті, сызбалар қатесіз, дел т.б. болуы қажет. Геометриялық есептер шығаруда есеп мазмұнына сәйкес ақылға қонымды сызба салынуы керек. Есеп шарттары, талабы айқын көрсетілуі тиіс. Шығару жолдары қысқа түрде, қажет символикаларды пайдаланып жазылуы керек.

Мысалы: Дұрыс алтыбұрышты пирамиданың табан қабырғасы 4, Бүйір жағы мен табанының арасындағы бұрыш 450. Көлемін табыңдар.

Ш ешуі: (слайд)

Пирамиданың көлемінің формуласы

Табан ауданын табу үшін дұрыс алтыбұрышты пирамиданың табанын бірдей алты үшбұрышқа бөлетін болсақ, бұл үшбұрыштар тең қабырғалы болады. Енді сол үшбұрыштардың ауданын табамыз

П ифагор теоремасы бойынша

Жауабы: 48.


Қаңдай да болмасын есепті шығаруды негізгі төрт кезеңге бөлуге болады:

  1. есептің шарты мен талабын терең түсіну;

  2. есепті шығарудың жоспарын құру;

  3. жоспарды жүзеге асыру;

  4. есепті тиянақтау.


Есепті дұрыс түсініп алмай, оны әрі қарай жалғастыру мүмкін емес. Есеп шығаруға асығудың керегі жоқ. Шығаруға кіріспес бұрын оның мазмұнына талдау жасап не берілгенін, нені іздеу керек екендігін анықтау керек. Бұл тұста ұқыпты сызылған сызба немесе сүлбелердің көмегі зор. Егер есептің берілген немесе ізделінді элементтері белгіленбеген болса, онда ыңғайлы белгілеулер енгізу керек. Есеп бір жақты анықталмаған ба, соны тексеру қажет. Мүмкіндігінше есеп шартында артық мәселелер, қайшылықтар бар ма, соларды тиянақты түрде анықтау керек.

Есеп шығарудың жоспарын құру шешуші кезең болып табылады. Есеп шығарудың жоспарлы дұрыс құрылғанда ғана, есеп қатесіз шығарылады.


Мысалы.А айлағынан В айлағына тұрақты жылдамдықпен бірінші теплоход жүріп кетті. 1 сағат өткеннен соң бірінші теплоходқа қарағанда жылдамдығы 1 км/сағ артық екінші теплоход В айлағына аттанды. Екі айлақтың арасы 420 км. В айлағына екеуі де бір уақытта жетті. Бірінші теплоходтың жылдамдығын табыңдар.

Шешуі: (слайд)

Есеп шарты бойынша:



V

S

t

І теплоход

х

420

420/х

ІІ теплоход

х+1

420

420/х+1


Бірінші теплоход бір сағат бұрын шыққандығын ескере отырып, біз мынадай теңдеу құрамыз

Жауабы: 20 км/сағ















Мұғалім оқушыларға есеп шығаруды үйрету процесінде есеп шығару үлгілерін, яғни "жеңілден — қиынға" қарай қағидасын ұстау; ауызша және жазбаша есептерді ұштастырып отыру, көрсетуі тиіс. Сонымен қатар есеп шығарудағы ұжымдық және өз беттерімен жұмыс істеу; есеп түрінің қосымшаларын қарастыру т.б. әдістемелік талаптарды естен шығармауы керек.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
1316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі