жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдану мәселесі
«Азаматтық авиация академиясы» АҚ
Авиация колледжі
Желилова К. А. математика және информатика оқытушы
Математиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдану мәселесі
Қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа түрін қолдануды талап етеді. Бiлiм беруде ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс жүйесінде құрылады. Бұл жүйеде өзара байланысушы субъектілердің (мұғалім оқушы) өздерінің атқаратын қызметтері бар. Мұғалімнің міндеті ол - білімді беру ғана емес, сонымен бірге оны меңгеру процесін басқару, ал оқушының міндеті – оқу және тәрбиелену. Мұғалім мен оқушы қызметі сызбасы арасында диалектикалық бірлік болғанда ғана «мұғалім – оқушы»жүйесі өзінің ең биік шыңына жетеді. Бұл жағдайда басқару процесі оқытуды жандандыру құралы арқылы жүзеге асады. Мұғалім қызметі мен оқушы қызметі арасындағы өзара байланысты жандандыру қимылы ғана жүзеге асырады.
Аталған өзара байланысты жүзеге асыру – оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын дидактиканың іргелі талаптарының бірін жүзеге асыру болып табылады.
Мектептегі білім беруге компьютерді енгізуді бір жағынан мемлекет талаптарына сай оқу процесін компьютерлендіру деп, екінші жағынан оқытуды жандандыру құралы деп қарау қажет.
Компьютерді қолданған оқу процесін сырттан қарағанда, компьютер оқушының ойлау қызметін дамытатынын көрсетті. Дәстүрлі оқыту жағдайында мұғалім сыныптағы әр оқушының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескеріп отыруы мүмкін емес. Компьютерді қолданғанда бұл жағдай толығымен шешіледі. Мұғалім оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын бақылап отыруға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жекелеме жұмыс істеуіне болады. Сабақтан тыс уақытта мұғалім компьютер жадында сақталған оқушылардың жұмыстарына талдау жасап, тақырыпты оқушылардың меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндігі мол болады. Дәстүрлі оқытуға қарағанда, компьютер оқушының ойлау қызметінің даму процесін жан-жақты, терең түсінуге оң жағдай туғызады.
Төмендегі шарттарды орындағанда ғана компьютерді қолданып оқыту процесін ұйымдастыру талаптары жүзеге асады.
1.Оқушылардың қызмет істеу ынтасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін шарттар:
А) танымпаздықты қажет етуді қалыптастыру;
Ә) тұрақты танымпаздық қызығушылығын тәрбиелеу.
2.Оқу процесін өзі басқару негізінде табысты білім жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету:
А) меңгерілген ақпараттарды қайта қарауға байланысты мүдделі іскерлікті қалыптастыру;
Ә) оқу процесінде өзін-өзі тексеру, жоспарлау іскерліктерін қалыптастыруды жүзеге асырады.
3. Белсенді оқу процесіне әрбір оқушыны қамтуды мақсат етеді:
А) ұжымдық жұмыс жағдайында жекелемелік әдісті жүзеге асыру;
Ә) оқушының оқу – танымдылық қызметіне бақылау жасауды ұйымдастыру.
Осы шарттарға байланысты, оқу процесінде компьютерді қолдану қандайда бір анықталған педагогикалық нәтижеге жетуге бағытталған болса, яғни оқушының ойлауына, сезіміне, еске сақтауына, танымдық, ынталылық әрекеттеріне оң ықпал жасаса ғана жақсы нәтиже береді.
Әрбір нақты бағдарламаны сабақ процесінде қолдануға байланысты әртүрлі ұсыныстар болады. Сондықтан компьютерлік ойындар мен моделдеулер қолдануларының бірнеше түрлерін атап өтейік:
оқу тапсырмасын дұрыс орындаған үшін марапаттау ретінде;
маңызды жұмыс алдындағы ынтасын ояту мақсатында;
зерттеу жұмысын моделдеу құралы ретінде;
қандай да бір жұмысты (ұжымды)басқаруды көрсету үшін;
белгілі бір құбылыстың орындалу процесін көрсету үшін.
Компьютерді қолданудың нәтижелігі оқытудың алдына қойған мақсаты мен міндетінің нақтылығына байланысты. Оқу процесінде пайдалануға қажетті бағдарлама таңдалып алынғаннан кейін оны қолданудың әдіс-тәсілдері уақыты нақтыланады.
Оқу процесінде қолданылғанбағдарламалық пакет оң нәтиже беретініне көз жеткен жағдайда басқа пән мұғалімдері де компьютер көмегімен сабақ өткізуге тырысады. Компьютерлік сабақ кезінде кең көлемдегі материалдар қамтылады, оқушылардың заман талабына сай компьютерлік мәдениетттері мен сауаттылықтары, пән аралық байланыстар арта түседі, яғни оқушылар информатика пәнінен алған білімдерін математика сабағында және керісінше математикалық білімдерін информатика сабағында қолдануға қол жеткізеді.
Компьютерлік техника мектепте, жоғары оқу орындарында толық мүмкіндігімен жұмыс істеу үшін компьютерді қолдануға жауап беретін оқытушының қандай да бір іскерлігі, қабілеті болуы қажет, яғни ол программалық пакетпен, бағдарламалау тілімен қажетті деңгейде жұмыс істей алатындай болу керек. Пән мұғалімдерінің бағдарламалау тілін білуі міндетті емес, алайда ол компьютермен диалог жүргізе алатындай дәрежеде болуы, яғни компьютерлік сауатты, мәдениетті болуы міндетті. Егер мұғалім компьютерді білмей тұрып сабаққа қолдануға тырысатын болса, онда жоспарланған сабақтың күткен нәтижені бермеуі мүмкін. Сондықтан да қазіргі уақыттағы мектеп мұғалімдерінің білімдерін жетілдіру курстарының бағдарламаларында компьютерлік сабақ қамтылған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Жаңа ақпараттық технологияны оқу-тәрбие процесiне және де математика пәнін оқытуда пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
математика есептерін шешуде компьютерді қолданудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін қарастыру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:
ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу, дамыту;
информатика және математика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
информатика және математика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша математика және информатика мұғалiмдерi арасында пікір алмасу;
арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;
математика сабағын оқытуда информатиканы кірістірудің бағыт бағдарын зерделеу;
облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын қалыптастыру;
оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың әдістемесін жасақтау қажет. Математика пәнін толығымен компьютерлік технологиямен алмастыруға болмайды. Сондықтан оның белгілі бір бөліктерін, тарауларын оқыту процесінде ақпараттық технологияны қолданған жөн. Және де математиканы оқыту барысында графиканы қолданудың барлық мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
Оқу процесінде пайдаланылатын мулътимедиялық үйретуші бағдарламалардың, тексеру бағдарламаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына сай дайындалып, компьютерді оқыту кұралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі жалғасуда.
Математиканы оқыту барысында ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;
әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
педагог мамандарды матаматикалық пәндерді оқыту барысында ақпараттық технологияны қолдануға бағыттау.
өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін бағалау.
Математика пәнін оқытуда қолданатын программалық пакеттерді меңгеру.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің біліктілігін жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр. Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз қажет.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын математика пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есепгерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Оқу процесіне жаңа информациялык технологияларды енгізу ісі математикамен де тығыз байланысты. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізге ауыстыруға болмайды.
Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылык ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Оқушылардьң пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады.
Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кабылова К. «Математика сабағын компьютер арқылы жүргізудің әдістемелік нұсқаулары» Информатика негіздері №3 2004жыл, 4-6 бет.
Цвелая И. А «Применение новых информационных технологий в обучении как психолого-педагогическая проблема» Омский гуманитарный университет.1-2стр . работа из интернета.
Кузнецова Л.Г. «Из опыта проведения практикума математического моделирования» Омский гуманитарный университет.материал из интернета.
Кенесбаев С. М., Салгараева Г. И. «Болашақ педагогтарды компьютерлік сауаттылыққа үйретудің кейбір жолдары» интернеттен алынған материал
Корюкина Е. В. «Компьютерная поддержка курса математической статистики» Томский государственный университет. Материал из интернета.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген