«Математиканы оқытуда оқушының логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Математиканы оқытуда оқушының логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғасын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі Ел Президенті Н.Назарбаевтың және мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

«С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

математика пәні мұғалімі

Жолдасбекова Гульнара Төлегенқызы



«Математиканы оқытуда оқушының логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру»

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғасын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі Ел Президенті Н.Назарбаевтың және мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.

Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білімі мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын математика пәнін оқыту үдерісімен қатар оны ұйымдастырушы мұғалімге де жауапты міндет жүктейтіні баршамызға аян.

Сондықтан қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырумен қатар уақыт талабына сай оқыту үдерісін де жетілдіріп отыруға назар аударуымыз қажет.

Сабақ сапасы мен оқушы білімділігін арттыру – әр мұғалімнің басты міндеті.

Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтау ғана емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға жете назар аударуға тиіспіз. Өйткені, математика басқа пәндерді саналы және сапалы меңгерудің, басқа ғылым салаларының терең дамыуының локомативы іспеттес. Математикадан хабары бар оқушы міндетті түрде жақсы оқитын оқушылар қатарында болады.

Кезінде Ұлы ғалым Галилей былай айтқан екен: «Ғаламдағының барлығы математика заңдарына бағындырылған». Шындығында да, математика бізге Ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектесіп, ол өз кезегінде өркениеттің дамуына септігін тигізуде. Біздің әлем туралы түсінігіміздің қалай өзгеру шамасына қарай ғалымдар, мамандар математикада жаңа бағыттарды ашуда. Математика барған сайын салалары көп анағұрлым ықпалды ғылымға айналуда.

Бүгінгі таңда математика заңдары әлеміміздің жай құмар және карта ойындары мен ауа райынан бастап, өнер, тарих, әдебиет және философияға дейінгі әрбір ғылымның терең қырларын түсінуімізге көмектеседі. Сондықтан болашақтың кез келген саладағы жас маманы математиканы ең болмағанда мектеп математикасы деңгейінде сапалы меңгеруі тиіс.

Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың программалық материалдарды оқып үйренгенімен, қабылдауымен қатар терең де берік білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына, сонымен бірге математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған ынтасы зорлар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда ондай жеке оқушыларға күрделірек жаттығулар ұсынылуы, міндетті емес, логикалық ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар берілуі қажет. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Соның бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетімен кітапқа, оқуға, білім алуға, деген құмарлықтарын арттыру. Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шығарып отыру қажет. Осындай іс-әрекет барысында баланың математикаға деген ынтасын, қызығушылығын қолдау мақсатында әдістемелік шешімдер, тәсілдер және жолдармен қатар, кейбір психологиялық тұрғыдағы шешімдерге де барып отыру қажет болады.

Оқу еңбегінің негізгі қаруы - ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау біртұтас процес. Бұл талаптар ой мен іс-әрекетінің негізгі өзегі болып келеді. Ол үшін әр адам өз орнында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, оның сапасын қалай өсіру керектігін ойластырып отырғаны жөн. Қоғамның ойсанасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, өркениетті елдердің қатарына қосылуы - жаңа заманның жастарынан өзіндік таланты мен табиғи қабілетін жетілдіріп қана қоймай, олардың жаңашыл болуын, ізденістерін ұштап отыруын талап етеді. Бұл орайда қазіргі кезде математика, логика және информатика пәндері басты мәнге ие.

Есептер шығарғанда олардың ойларынан теориялық негізгі логикалық түсініктемелерге, әртүрлі ситуацияларға негізделген ғылыми көріністер байқалады. Әрбір таным қанағаттанарлық сезімге бөленуі үшін адамның ғылыммен ішкі үндестігі және логикалық үндестігі біртұтас болғаны жақсы. Тек осындай жағдайда ғана білімнің қыры-сыры ашылады, түсінбей жаттап алу, ойды жүйесіз баяндау әрекеті сирейді. Бұған қалыптасқан оқушылардың қиялы шарықтап, білімге құлшынысы артады. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет. Қазіргі оқулықтардағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана математикалық білім емес, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жағдайға байланысты білім талап етілетін тапсырмалар. Бұлар негізінен оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Бұл - өте қиын, аса жауапты, бірақ игілігі мол, ардақты жұмыс.

Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол сілтейтін нұсқаушысы – математика пәні мұғалімі. Оқушылардың ұлы ғылым саласынан сапалы білім алуы тікелей мұғалімге, яғни, мұғалімнің сабақ барысында оқушыларға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлеріне байланысты. Бұл жұмыс түрлері әр сабақта түрліше қолданылып отырса оқушының білім сапасының ойдағыдай деңгейде нәтиже беретініне үлкен үміт артуымызға болады.

Мектеп курсында стандарт есептер бойынша да қиындықтар тууы ықтимал. Бұл жоғарғы сынып алгебра, геометрия және анализ бастамалары пәндерінде байқалады. Осы қиындықты жеңу баланың ақыл – ой ынтасын дамытады, пәнге қызығушылығын көтеріп, оң эмоциялық күй сыйлайды. Осы бағытта оқушылардың жас ерекшеліктеріне, бүгінгі білім деңгейіне сай стандартты емес тапсырмалар ұсынудың маңызы зор. Мұндай жағдайларда пән мұғалімі баланың қанағаттанарлық сезіммен жұмыс істеуіне оң психологиялық жағдайлар тудыра отырып, дұрыс әдістемелік шешім қабылдауға оқушыны бағыттап отырғаны жөн болады.

Мысалы, жоғары сыныптарда туынды ұғымын енгізер алдында оқушыларға психологиялық тұрғыда мына мазмұндағы таныс есептерді ұсынған тиімді болар еді. Функция, функциялық тәуелділік (нақты мысалдар арқылы көрсету), функция графигі, бірқалыпты және айнымалы қозғалыс жылдамдығы, дөңгелек (немесе төртбұрышты) ыдыстың тиімді формасы туралы, тұрақты күш жұмысын және бірқалыпты өспелі күш жұмысын есептеу, т.с.с. практикалық, өмірлік есептерді. Оқушылар таныс есептер болғаннан кейін оларды шығаруға ынталана, қызыға түседі7

Қазіргі кезеңдегі проблемалардың бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытумен қатар, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құмарлықтарын арттыру. Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шешуді жүйелі түрде қарастырып отыру қажет. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұндағы есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге жетелейді.

Есеп. 8 санын, кубтарының қосындысы ең кіші болатындай етіп екі қосылғышқа жіктеңдер.1-кезең. 6-8 сыныптарда (Сандарды дәрежелеуді білетін кезде). Бұл кезеңде жауап қарапайым есептеулер нәтижесінде алынады. 2-кезең. 10- 11 сыныптарда (Туынды тақырыбын өткен кезде). Бұл кезеңде туынды көмегімен жауапты қысқа жолмен алуға болады.

Ойлау - алуан түрлі астары бар, аса күрделі процесс. Математиканы оқу барысында оқушының кемел ақыл-ойы қалыптасады, сана-сезімі, тұжырымды дәйекті және дәлелді түрде жеткізе білуі тәрбиеленеді, табиғаттағы кез келген құбылыс пен үрдісті талдау қабілеті дамиды, жеке дербес фактілерді қорытындылау негізінде жалпыны таба білу және жалпы ережені дербес жағдайларда қолдану іскерлігі қалыптасады. Осы айтқандарымыздың барығын ойдағыдай іске асыру көп жағдайдаоқушының ойлау қабілетін қалыптастыру және дамытудыңкейбір психологиялық және әдістемелік ерекшеліктерін оңтайландырып пайдаланғанда ғана мүмкін болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Көбенұлы Н., Жұмаділдаев А. Математика әлемі. Пәндік энциклопедия. - Алматы, 2011.

2. Полат Е.С. и др. Новые педагогические и информационные технологий в системе образования. – М.:, 2007.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
98
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі