400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Математиканы оқытудың жаңаша әдістері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Математиканы оқытудың жаңа әдістері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қосымша1

«Біліктікті арттыру жүйесінің инновациялық стратегиялары – жетістіктер шыңы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға

Өтініш

1

Аты-жөні

Айнур Ажибенова

2

Жұмыс орны, қызметі (толық атауы, қала, облыс)

ОҚО, Мақтарал ауданы, «О. Бапышев атындағы ЖОМ» КММ-нің математика пәні мұғалімі

3

Ғылыми дәрежесі, атағы

-

4

Жұмыс бағыты

Жаратылыстану-математикалық

5

Байланыс телефоны

87051644299

6

Электрондық пошта e-mail

ainur_aitzhanovna@mail.ru

7

Баяндама тақырыбы

Математиканы оқытудың жаңа әдістері.





























Қосымша2

Ажибенова Айнур Айтжановна

ОҚО, Мақтарал ауданы, Атакент кенті,

«О. Бапышев атындағы ЖОМ» КММ

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

Қазіргі  кезде егемен елімізде білім берудің  жаңа жүйесі жасалынып,

әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі

өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім берудің мазмұны өзгеріп, жаңа көзқарас , жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сол себепті  Қазақстан Республикасына білім беру жүйесіндегі жаңашаландыру үрдісі жүруде. Жас өркеннің жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби шеберлігіне, мемлекет пен халық алдындағы азаматтық парызына деген жауапкершілігіне тікелей қатысты.

Жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамытуда, сондай-ақ, білім, білік, дағдыны, жалпы дүниетанымын қалыптастыруда оқыту әдістерін, жаңа оқыту технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу мұғалім шеберлігіне байланысты . Оқыту әдістері – оқытушы мен оқушының оқу- тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған іс- әрекеттері. «Инновациялық технологиялар» тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу- тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр.

Белгілі ғалым М.М. Поташник:

«Инновация - оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың

жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» деп анықтама берген.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: жаңа форматта сабақ өткізу барысында білім беру үрдісі нәтижелі болу үшін оқушылардың білімді өз бетімен меңгертуде мұғалім бағыттаушы ролінде болады. Білімді өз бетімен меңгеру барысы оқушының «өзін-өзі реттеу» үрдісіне жатады. Өзін-өзі реттеу арқылы балада түсіну, қадағалау, бақылау қабілеттері дамиды.

Топытық оқыту әдісін қолдану кезінде оқушылардың өзін өзі басқару, өзін өзі бағалау топтап оқушылардың білім деңгейін, ынтасын көтереді, бір біріне көмектесу, бірінің білмегенін бірі толықтыру арқылы сенімділік артып, оқушылардың тақырыпты меңгерудегі олқы жерлерін бақылап, мұғалім мен оқушылар арасында бір бірімен тығыз қарым-қатынас орнатылады. Математика сабағында топтық жұмыстар қолданылған жекелеген жобаларда толық топтарға қарағанда, шағын топтағы оқушылардың шығармашылық неғұрлым тиімді жұмыс істегені байқалады. Себебі тығыз ынтымақтастық пен қателіктер сындарлы әңгімелесу жағдайында математика есептерін шешуде өрдерін сенімді ұстайды.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету  стратегиясы оқушылардың жаңа білімді меңгеруде берілген ақпарат туралы ойлау, талдау, бағалауда алынған ақпаратты одан әрі жетілдіруге бағытталған пәндік шешім болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіру барысында сабақта әр түрлі әдіс –тәсілдерді қолдануға болады: жоғары төмен мәртебелі сұрақтар, Венн диаграммасы, ыстық орындық, семантикалық карта, бесжолды өлең.

Аталған тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың жауаптарын талдай отырып ойларын еркін, ашық жеткізетіндігін, болжам жасай алатындығын, ұшқыр ойлап оны дәлелдеуге мүмкіндіктерінің артқанын байқалады. Мысалы: Венн диаграммасы арқылы «Жай бөлшектерді қосу»  және «Жай бөлшектерді азайту»  ережелерін пайдаланып  айырмашылығы мен ерекшеліктерін постерға түсіріп  салыстыру біледі және оларды бір ортақ бөлімге келтіруге болатына арқылы сыни түрде сипаттама бере алатыны  анық. Осы тапсырманы орындау барысында ерекше көзге түскен оқушылар өзінің постерін жақсы қорғайды. Бекітуге барлық топтарға постер берліп, мысалы "теңдеу" деген сөзге бесжолды өлең құрастыруға тапсырма берілді. Бес минуттың ішінде тапсырмаларын орындап, қорғайды. Осы тапсырма оқушылардың математикалық тілін дамытуға жақсы көмектеседі. Сабақты қорытындылау мақсатында "Ыстық орындық" әдісін пайдалануға болады. Ортаға өз еркімен  бір оқушы шығып, оған басқа топтар сұрақтар қояды. Барлық сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Сабақ үрдісінде қолданылатын 7 модульдің біреуі – бағалау.

Сабақта суммативті және формативті бағалау түрлерін қолдана отырып,оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, бір-бірін бағалау кезінде әділдік, сенімділік пайда болып, сыныптағы ұйымшылдық қалыптасады. Әр сабақ сайын бағалау критерийлерін қолданып, смайликтер арқылы бағалау , топ басшылары және өзін-өзі бағалау арқылы бағалау түрлерін өзгертіп отырады, бұл оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, білім деңгейін көтереді.

Математика сабағында қолданылатын технологиялар.

Дамыта оқыту технологиясы.


. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде

·       оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды

·       мәселені шешу жолын іздестіреді

·       жаңаны өздері табады

·       ақылдасады, кеңеседі

Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының мәселені  шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады.

Ақпараттық технологиялар.

Ақпараттық технологияларды пайдалану-бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді .

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізін қалаған профессор Ж.Қараев.
Бұл технологияның ерекшеліктері темендегідей:
-білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
-оқушыға берілетін тапсырманың саралануы;
-оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау;
-оқушының оқу деңгейін таңдауға ерік беру;
-оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейде білім алуға ерікті.


Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.

Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. «Ойлау - жанның өте бір қиын терең ісі-деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді». Осылайша, мұғалім оқушымен жұмыс жасау арқылы өз шығармашылығын дамытады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
607
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі