400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал педагогтарға, студенттерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі

Математика пәнәнәі оқытушысы Көпбаева Қ.А.


МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ


1.КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.

Сапалы тиімді нәтижелі жүргізген әрбір сабақ – ұстаздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі болмақ. Оқу материалын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоциясына ықпал ету арқылы ынта ықыласын, қызығушылығын күшейту.

Адам дамуының қуатты қозғаушы күші – оның бойындағы табиғат берген қабілеті екені белгілі. Сондықтан да білім берудің негізгі мақсаты оқушының бойындағы қабілеті мен дарынының көзін ашу. Бүгінгі оқушылардың алдында ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені үйреніп, бойына сіңіру біздің міндетіміз.

Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білімі мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Халқымыз «сана берсін!» деген тілекті тегін айтпаса керек.

Ал ғұлама ғалым әл-Фараби балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу, жағдай жасау негізгі міндет болуы керек.

Осы себепті математика сабағында халықтық педагогика негізінде ұлттық салт-дәстүрді уағыздап, жас ұрпақ санасына дарытуды, осы арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.

Математика сабағын оқушының қызығушылығын арттырып, түрлендіре жүргізсе, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Ең басты мақсат- оқушының сабақта үндемей отырмауын қадағалап, сабақты баяу қабылдайтын, түсінбейтін балалардан жиі сұрап, көбірек қозғап отыру керек.

Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану- тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007ж.) «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілірдің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған» деп көрсетілген болатын. Сол себепті әрбір оқушының бойында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, биік мақсат – мұраттарды, жоғары адамгершілік қадір – қасиеттерді, дүниеге көзқарасты қалыптастыруды тәрбиелік іс – шараларда және сабақ барысында үнемі ескеріп, жүзеге асырып отыру қажет.

Оқушы, үйренуші үшін пәнге қызығушылықты оятатын, ойластыратын негіз – оқытушының интелектуалдық ізденісінде. Осындай жауапты істе кез – келген оқытушының басты мақсаты сабақты қызықты ұйымдастыруы, сондықтан көрсетілген әдіс – тәсілдерді математиканы оқытуда, үйірме жұмыстарында пайдалануға болады.

Тақырыптың мақсаты.

Математика пәнін оқыту және оқушылардың  қызығушылығын арттыру үшін алға қойған мақсаттар:

  • Оқытудық қарқынын жоғарылату;

  • Оқушының шығармашылық белсенділігін көтеру;

  • Оқыту сапасын арттыру;

  • Деңгейін саралау.

                  

2. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ

Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың математикалық ойлау, математикалық шығармашылық қабілеттерін дамытуда математиканы оқытудың тиымды тәсілдері мен әдістерін қолдана білу қажет.

Оқыту – мұғалімнің оқушыларға білім беруі ғана емес, ол оқушы мен мұғалімнің арасындағы тиымды қарым – қатынастың күрделі үрдісі. Оқыту – үйрету мен үйренуден тұрады.

Үйрету – мұғалімнің жаңа материалды түсіндіретін, оқушылардың оқып, зерттеп отырған құбылыстарын бақылауларын ұйымдастыратын, олардың үйренуін, алған білімдерін қолдана білулерін басқаратын және олардың білім, білік және дағдыларын теңсеретін мұғалімнің іс-әрекеті.

Үйрену – мұғалімнің басшылығымен жаңа материалды қабылдайтын, мұғалімнің түсіндіргенін тыңдап, зерттеп отырған фактілерді, заттарды, құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды түсініп, қабылданған фактілерді қорытып, бекітіп және мұғалімнің тапсырмаларын орындағанда білімдерін қолдана білетін оқушылардың саналы іс-әрекеті.

Сонымен, оқыту әдістері үйрету әдістері мен үйрену әдістерінен тұрады деп айтуға болады.Математиканы оқу (үйрену) әдістеріне оқушылардың өз беттерімен белсенді ізденеіп білім алу жолдары жатады.

Математиканы оқыту әдістері деп белгілі бір математикалық біім, білік және дағды жүйесін оқушыларға беру тәсілдерін түсінеміз.


2.2. МАТЕМАТИКА ПӘНІН КОЛЛЕДЖДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Мен математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейлеріне қарай деңгейлеп дамыта оқыту әдісін қолданғанды жөн көремін. Өйткені оқушы өзін қызықтыратын нәрселерге ғана көңіл аударады. Математика бұл өте күрделі пән, бұл пән физика, тарих, жаратылыстану пәндерімен тығыз байланысты.

Оқушылардың әр тақырыпты меңгеруі әр түрлі деңгейде болады. Сол себепті жұптық, топтық жұмыс бұл пәнге сай келеді. Сабақта есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін пайдаланғанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыруға болады. Осындай жұмысты бағалағанда тек нәтижеге емес, оқушының ынтасына да көңіл аударылады. Соңында жаңа материалды ғана емес, ненің ұнағандығын, қандай тәсілдердің қолайлығын да талқыға салып отыру керек. Кейбір кездерде ережелерді, тіпті терминдердің мағынасын үнемі талдап түсіндіріп отыру қажет. Әрекетті ауыстырып отыру да – демалыс екендігін ұмытпаған жөн. Сабақ жоспарын құрғанда әрекет бірегейлігін болдырмау қажет. Қалыпты жағдайда 4-7 әрекет ауыстыру шарт.

Оқу үрдісінде оқушыларға бұрын өткенді қайталай отыра, сол материалды үнемі жаңалап отырып, басқа қырынан көрсете білу керек. Өйткені бір айтқанды қайталай берген оқушыларды жалықтырып жібереді. Әрине оқушыны қызықтыру үшін, алдымен оқытушы өз пәнін сүюі қажет.

Ал қызығушылық танытқаннан кейін, оны өшіріп алмаудың келесідей амалдарын келтіруге болады:

  • Оқытудың әр түрлі тәсілдері, қызықты математикалық есептер, тәжірибелер, көрнекі түрде ұйымдастырылған жалпылама сабақтар, зерттеулер, ойындар (ойын элементтері кірістірілген сабақтар), жарыстар т.б.

Дамыта оқыту әдісінің тиімділігі – оқушыларды жүйелілікке, ұйымшылдыққа, байқампаздыққа, оқыған затты талдай білуге, салыстыру жасауға, негізгіні аша білуге, жинақтап қорытынды жасауға дағдыландырып, білімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Деңгейді саралау оқушы мен оқытушының белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға әкеледі.

Сонымен әр деңгейлік оқыту жүйесінің математика пәнінің сапасын арттырудың бірқатар тиімді жақтары:

  • Біріншіден, топтағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады.

  • Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады.

  • Үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібі мен мінез-құлқына да тигізер ықпалы зор.

Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін басқа да келесі түрдегідей тапсырмалар беруге болады. Мысалы, әртүрлі тақырыптарда реферат беру, ұлы ғалымдардың өмірі мен шығармашылығы туралы презентациялар жасауды үйрету секілді. Мұндай тапсырмалар оқушы бойындағы қызығушылықтарды оятады және жауапкершілікке баулиды. Жауапкершілікті сезіне отырып оқушының ізденімпаздылығы, шығармашылығы дамиды

Математиканың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процесі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Тапсырма дұрыс ұйымдастырылса, оқушылардың сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі. Берілген бақылаулар мен деңгейлік тапсырмалардың қорытындылары, есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың жұмыс дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді.

Математика пәнін күнделікті өмірмен байланыстырып, күнделікті кездесетін кейбір математикалық есептеулерді түсіне білуге, білімдерін дамытып, пайдалана білуге келесі түрдегі сапалық тапсырмалар пайдалы.

Оқушылардың ойлау қабілетін ойын элементтері арқылы дамыту. Ойын дегеніміз ұшқын, білуге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойын – ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ол белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұсқан келтірілмейтіндей бір-бірімен жымдасып, астарласып жатуы тиіс. Ойынға басшылық жасау дегеніміз – олардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жеңілдете түседі. Оқушының тез ойлау қабілетімен өз ойын жеткізе білу қабілеті дамиды.



2.3. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЭВРИСТИКАЛЫҚ ӘДІСІ

Эвристика – жаңа ғылыми пән. Философия, кибернетика, психология және педагогика ғылымдар мамандары эвристиканы әрқайсысы өз тұрғысынан анықтайды.

Кибернетиктер эвристиканы есеп шығаратын машинаның не адамның жұмысының тиымдылын жақсартуға байланысты әдістер менн тәсілдер деп санайды.

Психологтар эвристиканы шығармашылық ойлануды зерттейтін психологияның бір бөлімі деп санайды. Педагогтар эвристиканы есеп шығарудың тәсілдері мен әдістері туралы ғылым саласы деп түсінеді.

Философтар “эвристикалық” терминді жаңалық ашу ережелері тұжырымдарына жатқызады. Дегенмен эвристика – психологияның творчестволық ойлау туралы тарауының негізі. Эвристикалық іс – әрекет деп адамды қоршаған объектілердің білгісіз жаңалықтарын ашатын, немесе жаңа амалдар жүйесін ашатын ойлаудың түрін айтамыз.

Зерттеушілер эвристикалық әдісті есеп шығарудың ең тиымды, сенімді әдісі деп түсінеді.

“Эвристикалық” терминнің өзі екі жағдайда қолданылады. Бірінші жағдайда стандартты емес қиын есепті шешуге әкелетін адамның эвристикалық іс-әрекеті болса, екінші жағынан қалыптасқан эвристикалық арнайы әдістер мен тәсілдерін басқа қиын есеп шығарғанда қолданғаны.

Америка математигі Д.Пойа “эвристиканың мақсаты – жаңалық ашуға әкелетін ережелер мен әдістерді зерттеу”. Жаңалық ашу үшін біріншіден қабілет, екіншіден жаңалық ашу жолында ойыңа жаңа идея келгенше табандылықпен ізденіс жүргізу қажет. Д.Пойа есеп шығарудың төмендегідейсхемасын береді:

  1. Есептің берілуін түсіну.

  2. Есеп шығарудың жоспарын құру.

  3. Жоспарды жүзеге асыру.

  4. Есептің табылған шешімін зерттеу.

Есептер шығарып отырған адам мынандай сұрақтарға жауап бере білу керек:

  1. Не белгілі?

  2. Не берілген?

  3. Есептің шарты қандай?

  4. Бұрын бұл есепке ұқсас есеп кездесті ме?

  5. Бұл есепке ұқсас есеп бар ма?

  6. Ол есепті қолдануға бола ма?

Математик оған бір мәселе туралы мағлұмат айтқанды жақтырмайды, ол не нәрсенің ақиқатына өзі жеткісі келеді. Сол ақиқатқа адам эвристикалық жолмен жетеді.

Совет мектептерінде эвристикалық әдіс XIX ғасырдың басында қолданыла бастады. С.Ш. Шохор – Троцкий “Геометрия есеп түрінде” деген кітабында “геометрияны оқушыларға дайын күйінде беруге болмайды. Геометрияны өз еңбегіңмен ұғынып білу керек”,-деді.

Эвристикалық оқыту әдісіне орыс педагог – математигі Н.А.Извольский, белгілі совет методист – математигі В.М.Брадис те үлкен мән берді.

В.В.Репьев “эвристикалық оқыту әдісі дегеніміз оқушылар алдына проблеманы есеп не теорема түрінде қойып, тиымды сұрақтар арқылы сол проблеманы шешуге келтіру” – деді.

Н.А.Извольский “Комбинациялық жұмыс” деген еңбегінде “оқытудың ең негізгі мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту” екенін көрсетті және “1 ден 100 ге дейінгі сандар” тақырыбын оқытқанда мынандай жаттығулар қарастырады:

  1. Бірінші қосынды белгілі болса, қосу амалын орындамай екінші қосындыны қалай табуға болады?

А) 23+11+9=43

7+19+21=

Б) 11+13+17+18+8=68

19+17+13+11+12=

  1. Қосындыны қалай тез табуға болады:



2.4. ПРОГРАММАЛАНҒАН ОҚЫТУ ӘДІСІ

Бұл әдіс 1970-80 жылдар аралығында математиканы оқытудың жаңа әдісі ретінде практикада жиі қолданды. 1970 ж. Базелде халықаралық педагогикалық көрмеде 1000-нан астам программаланған оқу құралдары қойылды.

Программаланған оқытуда оқылатын материал блокпен беріліп, әрбір блоктан кейін меңгерілгендегі бағаланып отырылады. Материал бетке басылып не компьютердік мониторында беріледі. Оқушы жаңа материалды өзіне ыңғайды темппен оқиды. Алдыңғы блоктағы материал меңгерілгеннен кейін ғана келесі блокқа көшеді. Егер компьютермен оқытса, кәзіргі компьютерлік ойындар секілді, оқыту сәнді, көрнекі, безенген, дыбысталған яғни әуенмен жүргізіледі

Программаланған оқытудың ерекшеліктері мынандай:

  1. Программаланған оқыту әдісі оқытуды жекелеп жүргізу принципіне негізделген. Оқу материалын оқушылардың өздігімен меңгерулері жүзеге асады. Оқушылар оқу құралы бойынша өз бетімен оқып үйрену үшін бар қабілетін, ақыл-ойын жұмсайды. Оқу құралында оқушыларға қажетті бар теориялық материал, оқушы ойланып шешімін табатын тапсырма, сұрақтар келтіріледі.

  2. Оқу материалы оқып үйренуге ыңғайлы бірнеше шағын бөліктерге (кадрлерге) бөлініп беріледі.

  3. Әрбір бөліктің (кадрдің) соңында, оқушылардың қаншалықты меңгергендерін тексеретін сұрақ қойылады.

  4. Оқушы жауабының дұрыстығын бірден оқу құралындағы эталон жауаппен салыстырып тексеріп отырады. Осылайша өз-өзіне бақылау жасау жүзеге асады. Ішкі кері байланыс – оқу үрдісін өзін-өзі басқарудың негізгі факторы екені мәлім. Егер оқушының жауабы эталонмен сәйкес келсе, ол оқушы программа бойынша ілгері жүреді. Жауап қате болған жағдайда, оқушы оқу материалымен жұмыс жасап, қатесін тапқаннан кейін ғана келесі бөлікке (кадрға) көшеді.

Программаланған оқыту әдісі осы келтірілген талаптардың әйқайсысы біртұтас орындалуын қажет етеді.Программаланған оқыту әдісіне арналған оқу құралдарында оқу материалы екі түрлі тәсілмен беріледі. Олар: сызықты программаланған оқу материалы және тармақтап программланған оқу материалы.

Сызықты программалауда оқушы оқу материалын оқып меңгергенде алдыңғы кадрға берген жауабына байланыссыз келесі кадрға көше береді. Оқушыларға бірдей материал беріледі. Олар бір-біріне тәуелсіз өз бетімен жұмыс жасайды. Сыныптағы оқушылардың дайындықтары, қабілеттері әр түрлі болғандықтан әр оқушы өзіне тән жылдамдықпен жұмыс істейді.

Оқу материялы программалаудың тармақталған тәсілінде оқушы алдыңғы кадрға жауап бере алмаса келесі кадрға көше алмайды. Бұл жағдайда оқушы оқу құралында берілген қосымша теориялық материялмен жұмыс жасап қатесін түзегеннен кейін ғана ілгері жылжиды. Осылайша оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріледі.

Программалап оқутыдың үзіндісін көрсетейік.

Алгебрадан сызықтық программалаудың үлгісі:

“Арифметикалық квадрат түбір” (8 сынып)

Есеп: Ауданы 225 см2 квадраттың қабырғасын табыңдар.

Шешуі: Квадраттың қабырғасын х- деп белгілесек, х2 = 225 теңдеуінің бірінші шешімі 15. Екінші шешімі – 15. Есептің шартына оң түбірі ғана сәйкес келеді. Яғни квадраттың қабырғасы 15 см.

Есеп шығару барысында біз х2 =а (а – кез-келген сан) түріндегі теңдеу алдық.

Егер а˂0 болса, онда х2= а теңдеуінің шешімі жоқ.

Егер а=0 болса, онда х2= а теңдеуінің жалғыз шешімі бар.

Егер а˃0 болса, онда х2= а теңдеуінің екі шешімі бар.

Жоғарыдағы есепте 15 және – 15 сандары 225 санының квадрат түбірі.



  1. Теңдеуді шешіңдер:

А) 0,3 х2 = 1,2 Ә) -0,2 х2=1,8 Б) 0,7 х2=0

х2= 4 ... ...

х1=2

х2= -2 (шешімі жоқ) (0)

Сонымен а санының квадрат түбірі деп квадраты а санына тең санды айтады.

Санның теріс емес квадрат түбірін – арифметикалық квадрат түбір дейді.

Анықтама: а санының арифметикалық квадрат түбірі деп а -ға тең теріс емес санды айтады.

Арифметикалық квадрат түбірді деп белгілейді. квадрат түбір не радикал белгісі. (radix-латын сөзі түбір) түбір астына жазылған өрнек-түбір астындағы өрнек деп аталады. а санынан алынған арифметикалық квадрат түбірʺ деп оқылады. Кейде қысқаша ʺ а санының квадрат түбіріʺ дейді.

а –ның кез-келген теріс емес мәнінде яғни а ≥ 0 болғанда ның мағынасы бар және )2 = а, ал егер а˂0 болса -ның мағынасы жоқ.

2 – мысал. Арифметикалық квадрат түбірді табыңдар.

а) = ... ә) ... б) = ... в) = .... г) - ...

д) ...

3 – мысал. Өрнектің мағынасы бар ма ?

а) б) - в) 2мағынасы жоқ, себебі -36˂0

г) 7 д) 2n , n ϵ N

4 – мысал. а – ның қандай мәнінде өрнекті мағынасы бар ?

а) 2 а- ның кез-келген мәнінде ( - а )2 ≥ 0. Осы себепті а –ның кез-келген мәнінде 2 өрнегінің мағынасы бар.

ә) 2 ; б) 2 ;

Сонымен өрнегінің мағынасы болса, және ( 2 = a.



3. ҚОРЫТЫНДЫ


Сабақ барысында оқушының деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы өзіндік даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түсетеді. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді.

Дәстүрлі оқыту жағдайында топтағы әр оқушының жұмыс істеу ерекшелігін ескеріп отыруы мүмкін емес. Білім — әрбір оқушының бағындыратын шыңы. Шың биігіне жету жолында қандай қиыншылықтар кездессе, оқу, білімді меңгеруде де сондай қиыншылықтар кездеседі. Оны жеңілдету — оқушылардың міндеті.

Мен де осы мақсатта педагогикалық технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін пайдалануға тырысамын. Әрбір жеке тұлғалардың білімділігі, кеңінен ойлауы, анализдей білуі тұрғысында тікелей жұмыстар жүргіземін.

Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты – өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан оқушыларыма өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын үйретемін. Сондықтан жаңартылған технологиялардың элементтерін пайдалану – әр оқытушы үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.

Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды, өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады, оқушылардың білімі әділ бағалануына, өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді. Сабақ кезінде түрлі әдістер қолдана отырып өткізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығуы артады. Ол өз кезегінде білім сапасына да оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

Сөз соңында айтарым, жалпы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын түрлі әдістермен арттырып, сабақтың сапасын көтеруге, оқушылардың білімге деген оқу-танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.











4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 2007ж.
2. Математика Қазақстан мектебінде ( Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №4,2009ж.)
3. Кәсіптік мектеп (Республикалық ғылыми-әдістемелік,педагогикалық журнал, №2,2010ж.)
4. Математика для школьников(Научно-практический журнал, №2,2011ж.)
5. 45 минут( Республиканский нучно-методический журнал, №7-8,2006ж.)
6. Алгебра және анализ бастамалары( Әдістемелік нұсқау,11сынып, Абылкасымова А.Е./ Алматы: Мектеп,2007ж.)
7. Математикадан жеке тапсырмалар. /( Абылкасымова А.Е.,Алматы2007ж.)

Қосымша әдебиеттер:
8. Қожамқұлова. Б. Оқытудағы жалпы танымдық әдістер И.Ф.М. 1995ж.
9. Іргебаева. Ә.Оқу үрдісінің жоғары сатысы. И.Ф.М. 1995ж.
10. Картабаева. А.Оқушылардың жеке дара қабілеттерін дамыту. Математика және физика,2006ж, №5.
11. Оразаева. Б.Математика пәніне қызығушылықты арттыру. Математика және физика, 2012ж, №6.
12. Мамбетова. Н.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Математика және физика. №4 2006ж.
13. Ержігітова. М. Білім бағалаудың әдістері. И.Ф.М. №3 2000 ж.
14. Қыдырова. Т. Оқытудың тиімді тәсілдері. И.Ф.М. №3 2000ж.
15. Елубаева. Ғ. Математика сабағында компьютерді пайдалану И.Ф.М. 2006ж.
16. Сариева. А.Қ. Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру. ИФМ.2006ж.















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
3713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі