400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Математиканы оқытудың қолданбалылығын күшейту оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудың құралы ретінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Түркістан облысы

«Шеңгелді» шағын жинақты жалпы орта мектеп












Тақырыбы: «Математиканы оқытудың қолданбалылығын күшейту оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудың құралы ретінде»









Математика пәнінің мұғалімі: Ахметова Гүлнұр














Шеңгелді 2020ж




МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ................................................................................................................


ОРТА МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫЛЫҚ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПОЛИТЕХНИЗМ ҚАҒИДАЛАРЫМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ


    1. Математика курсындағы қолданбалылық есептер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың құралы ретінде.............................................................................................................



    1. Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру...............................................................................................



    1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру контекстіндегі математикалық сауаттылықтың құрылымы......................................................................................................


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................



















Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.

Қазіргі кезде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше жаңа ұлттық модельдер құрылуда.Сондықтан қазіргі таңда оқушыны жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделуде.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап көрсетті. Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор.

Адам өмірінің әртүрлі салаларында математикалық білімнің қажеттілігінің артуы бүгінгі күннің талабы болып отыр. Қазіргі таңда ғалымдар да, жоғарғы және орта буынның техникалық инженер қызметкерлері де, халық шаруашылығының түрлі салаларындағы білікті мамандар да өз қызметтерінде математикалық аппаратты шебер пайдалана алуы керек.

Сондықтан, математикалық сауаттылықты қалыптастырудың қажеттілігі туындайды, өйткені тәжірибе жүзінде математикалық аппаратты пайдалана білудің негізінде оқытудың, үйретудің маңыздылығы артып отыр.

Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын оқушылардың бойында адамгершілік қасиетті қалыптастырады.

Математикаға қатынаспайтын біздің өміріміздің ешбір саласы жоқ. Егер бұрын математика ғылымның белгілі бір салаларында ғана қолданылса, ал қазір ол барлық ғылым мен техника салаларына енді. Ә.Нысанбаев өзінің “Математика және дүние тану” деген еңбегінде бұл процесті “білімді математикаландыру”, – деп жазды.

“Математика ғылыми теорияларды құруда және дамытуда үлкен эвристикалық роль атқарады”. Ол қазіргі ғылым мен техниканың жалпы тіліне айналды. Сондықтан оқушыларды дұрыс логикалық ойлай білуге үйрету керек, ал математика оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруда, техникалық немесе физикалық, экономикалық мазмұндағы есептерді шығару арқылы математиканың зор маңызы байқалады. “Математиканы ілгері дамытып, жетілдіре түсуге итермелейтін қозғаушы күш ең алдымен өмірдің өзінен, практикадан туып отырған, жаратылыс тану мен техника мұқтажынан, ең ақырында математиканың өзінен туып отырған қажеттілік”.

Математиканы оқытудың қолданбалылығының проблемасы әдістемелік зерттеулерде кеңінен көрініс тапқан. Оның теориялық негіздеуі А.Н.Колмогоровтың, В.М.Монаховтың,С.И.Шварцбурдтың және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Проблеманың жалпы жағдайын В.В.Фирсов, зерттеген. Соның ішінде ол математиканы оқытудың қолданбалылығының маңызын анықтады және қолданбалы бағыттағы математика курсына қойылатын талаптарды тұжырымдады. Қолданбалылықтың кейбір әдістемелік бағыттарын В.Г.Болтянский математикалық анализдің жалпы білімдік және қолданбалық аспектілерін, сонымен қатар мектепте оқытуда “қолданбалы” терминінің мағынасын Г.В.Дорофеев қарастырды. Оқушыларға ұсынылатын есептердің мазмұнында және оқулық материалдарының жазылуының әдістемелік тәсілінде математиканың қолданбалы аспектісінің негізгі ерекшелігін бейнелеудің қажеттілігін Ю.М.Колягин және В.В.Пикан атап көрсетті. Математикалық ойлаудың қолданбалылығын қалыптастыруға байланысты мәселер Н.Я.Виленкиннің, А.Д.Мышкистің, М.И.Башмаковтың және т.б. еңбектерінде баяндалды. Алгебраны оқытудың қолданбалылығының проблемасына Е.В.Величко және М.И.Якутованың диссертациялық зерттеулері арналған, онда қолданбалы мазмұнды іскерлікті қалыптастыруға арналған есептер қарастырылған. Бұл тақырып бойынша отандық ғалымдар да өз үлестерін қосқан, олар: Т.Б.Ли, Г.С.Енсебаева, Т.Ә.Әлдібаева , А.Нұғысова, С.Өтепқалиев, С.Е.Шәкілікова, Г.Р.Қощанова.

Математика дүниетанымды қалыптастыруда, математикалық модельдеу идеяларын ұсынады, математикалық сауаттылық жалпы функционалдық сауаттылықты меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сауаттылық математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең төмен талап ретінде қарау қажет. Сонымен математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнай, бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек.

Функционалдық сауаттылық мәселесін білім философиясы деңгейінде Б.С.Гершунский, С.А.Крупник және т.б.; үздіксіз білімнің негізі ретінде – С.А.Тангян, И.А.Колесникова және т.б.; құзыреттілік жағдайы контекстінде – А.В.Хуторской, О.Е.Лебедев және т.б. зерттеген. Функционалдық сауаттылық теориялық және тәжірибелік тұрғыда көптеген еңбектерде зерттелген: Т.И.Акатова тілдік функционалдық сауаттылықты білімгерлердің тілдік мәдениетімен байланыстыра отырып қарастырады; Л.М.Перминова – оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасу технологиясын; Л.Н.Полищук – арнайы орта білім орнындағы технологиялық түрдегі функционалдық сауаттылықтың қалыптасуын; В.А.Ермоленко мен С.А.Черноглазкин – жалпы және қосымша білім жүйесіндегі функционалдық сауаттылықты қалыптастыру технологиясын; Н.Н.Сметанникова оқыту мен оқудың стратегиялық жағдайындағы функционалдық сауаттылықты зерттеген. Дегенмен, функционалдық сауаттылық мәселесі зерттеушілердің жеткілікті қызығушылығын тудырғанмен ол педагогика ғылымы мен тәжірибесінде өз шешімін әлі де толық тапқан жоқ десек те болады.

Міне, сондықтан математиканы оқытудың қолданбалылығын күшейту арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру проблемасы өз мағынасында толықтай қарастырылмаған. Мектептегі математика курсымен байланысты математиканы пайдалануға бағытталған жаттығулар жүйесін құрастыру да толық мәнді зерттеуді қажет етуде.

Жоғарыда айтылғандардан төмендегідей қорытынды шығады: қазіргі кезде мектептерде математиканы оқытудың қолданбалылығын күшейту арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруды жүзеге асырудың қажеттілігі мен оны іске асырудың теориялық және әдістемелік жағдайының толық зерттелмеуінің арасында қарама – қайшылық бар.

Бұл анықталған қарама – қайшылық метептерде математика курсының қолданбалылығын күшейту арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін педагогикалық жүйені құратын, негіздейтін және экспериментті түрде тексеретін, біздің зерттеуіміздің проблемасына себеп болады.

Проблеманың көкейкестілігінен, оның әдістемелік тұрғыда жеткіліксіз зерттелгендігінен ғылыми жоба зерттеудің тақырыбы “Математиканы оқытудың қолданбалылығын күшейту оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудың құралы ретінде”, – деп анықталды.

Зерттеудің нысаны – мектептерде математика курсын оқыту процесі.

Зерттеудің пәні – мектепте математика пәнін оқыту барысында математиканы оқытудың қолданбалылығын жүзеге асыру арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудың әдіс – тәсілдері, құралдары.

Зерттеудің мақсаты – математика пәнін оқытудың қолданбалылығын күшейту арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемесін жасау, сонымен бірге қолданбалы есептер мен мысалдар жүйесін құру, әдістеменің іске асырылуын тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепте математика пәнінің қолданбалылығының психологиялық, педагогикалық негіздерін анықтаса және осының негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемесін жасаса, онда ол математика бойынша негізгі білімнің сапасын арттыруға септігін тигізеді, сонымен бірге тәжірибелік есептерді шешуде қолданбалылық шеберлік қалыптасады, өйткені бұл жағдайда оқушылардың математиканы меңгеруге деген ынтасы артады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Психологиялық, педагогикалық анықтамалардың негізінде математика пәнінің қолданбалылығының маңызын және мектеп оқушыларында математикалық сауаттылықты қалыптастырылатын математикалық аппараттың нәтижелілігін жоғарлатуда қолданбалылық бағыттың рөлін ашу.

  2. Мектепте математиканы оқыту үрдісінде қолданбалы есептер жүйесін құрудың принциптерін және осы есептерді құру мен шығару әдістемесін жасау.

  3. Мектепте математиканы оқытудың қолданбалылығын күшейту арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістемені жасау және оның оқушылардың білімі мен іскерлігін арттырудағы тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: егер математиканы оқыту үрдісінде қолданбалы есептерді және мысалдарды әрдайым, мақсатты түрде пайдаланатын болса, сонымен бірге мектепте математиканы оқытудың қолданбалылығын арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мақсатын есепке алса, онда оқушылардың математиканы сапалы түрде меңгеруі қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің әдіснамалық негізі: оқытуды дамытатын таным процесі теориясы бойынша еңбектер, тұлғаның жеке бас қасиеттерін дамытушы көздері ретінде іс – әрекеттің жетекші ролі туралы философиялық тұжырым, әр түрлі іс – әрекет түрінде көрінетін, жекеше дамудың әуелгі бастамасын анықтайтын, адамдағы биологиялық және әлеуметтік бірлік туралы, теория мен практиканың бірлігі туралы ережелер.

Зерттеудің теориялық негізі: білім философиясы деңгейінде (Б.С.Гершунский, С.А.Крупник), оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасу технологиясын (Л.М.Перминова),оқыту мен оқудың стратегиялық жағдайындағы функционалдық сауаттылық (Н.Н.Сметанникова) және осы идеялардың негізгісі пән білімі мен тәжірибелік іскерлікті қалыптастыру, сонымен қарастырылып отырған проблема бойынша отандық және шетел ғалымдарының еңбектерін зерттеу.

Зерттеу көздері: жеке пәндерді оқытуда оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру және практикалық бағытты жүзеге асыру проблемасын бейнелейтін әдіскерлердің, педагогтардың, психологтардың еңбектері және мектептерде математика бойынша білімді, іскерлікті, дағдыны іс – әрекет арқылы дамыту, сонымен бірге өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру туралы республика үкіметінің нұсқаушы құжаттары, диссертанттың педагогикалық және зерттеу тәжірибелері.

Зерттеудің әдістері:

  1. проблеманы теориялық зерттеу ғылыми – әдістемелік және психологиялық – педагогикалық әдебиеттерді сараптау негізінде жүргізілді;

  2. проблеманың өзектілігін, оны зерттеудің мүмкін болатын бағыттарын және әдістеменің нәтижелілігін экспериментті тексерудің кейбір нәтижелерінің сапалы бағалануын анықтау мақсатында оқытушылар мен оқушылар арасында сауалнамалар жүргізілді;

  3. жасалған әдістемелік жүйе компонеттерін сабақ уақытында және факультативтік сабақ кездерінде іске асыру барысында оқушылардың іс – әрекетін және эмоциялық көңіл – күйін бақылау;

  4. бақылау, іздену, оқыту эксперименттерін ұйымдастыру және өткізу, сонымен бірге осы эксперименттер негізінде алынған деректерді өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  1. Мектептегі математика пәнінің қолданбалылығын күшейту арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы ашылады және оқушыларда қалыптасатын математикалық сауаттылықты қалыптастырылатын математикалық аппараттың нәтижелілігін арттыруда қолданбалылық бағыттың рөлі анықталды.

  2. Қолданбалы есептердің жүйесін құру принципі және мектепте математиканы оқыту үрдісінде осы есептерді шығару, құрастыру әдістемесі жасалды.

  3. Мектепте математиканы оқытудың қолданбалылығын күшейту арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін математика пәнін оқытудың әдістемесі жасалды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: математика пәнін игеру барысында оқушыларды математика ұғымдарын оқумен бірге өзінің ойын жеткізе білуге, оқыған математикалық ұғымдарды дұрыс тани біліп, қолдана алуға баулудың маңызды әдістемесін жасауға арналған теориялық базаны құрайтын мектепте математиканы оқытудың қолданбалылығын іске асырудың негізгі бағыттарын анықтау.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеудің нәтижелерін математиканы оқытудың сапасын арттыру үшін оқу үрдісінде пайдалануға болады. Математика бойынша мектептерге арналған бағдарламаға сәйкес зерттеу барысында жасалған қолданбалы есептер мен жаттығулар жүйесін математика пәнінің оқытушылары жұмыс тәжірибесінде, оқу құралдары мен есеп жинақтарын дайындау кездерінде пайдалана алады, ол орта буын мамандарын дайындаудың сапасын арттыруға септігін тигізеді, оқытуды өмірмен байланыстыруды жүзеге асырады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Әлемдік білім практикасының жаңа тенденция контексінде “Мектептегі математика пәнінің қолданбалылығы” түсінігінің және оқушыларда қалыптасатын математикалық сауаттылықтың тиімділігін арттыруда қолданбалылықтың маңызы.

  2. Қолданбалы есептердің жүйесін құрудың принципі және мектепте математиканы оқыту үрдісінде осы есептерді шығарудың әдістемесі.

  3. Мектепте математиканы оқытудың қолданбалылығын күшейту оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін математика пәнін оқыту әдістемесі.













































Орта мектептің жоғары сыныптарындағы математиканы оқытудың қолданбалылық бағыттылығы және оның политехнизм қағидаларымен өзара байланысы



Кіріспе

Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.

Қазіргі кезде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше жаңа ұлттық модельдер құрылуда. Сондықтан қазіргі таңда оқушыны жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделуде.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап көрсетті. Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор.

Адам өмірінің әртүрлі салаларында математикалық білімнің қажеттілігінің артуы бүгінгі күннің талабы болып отыр. Қазіргі таңда ғалымдар да, жоғарғы және орта буынның техникалық инженер қызметкерлері де, халық шаруашылығының түрлі салаларындағы білікті мамандар да өз қызметтерінде математикалық аппаратты шебер пайдалана алуы керек.

Сондықтан, математикалық сауаттылықты қалыптастырудың қажеттілігі туындайды, өйткені тәжірибе жүзінде математикалық аппаратты пайдалана білудің негізінде оқытудың, үйретудің маңыздылығы артып отыр.

Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын оқушылардың бойында адамгершілік қасиетті қалыптастырады.

Математикаға қатынаспайтын біздің өміріміздің ешбір саласы жоқ. Егер бұрын математика ғылымның белгілі бір салаларында ғана қолданылса, ал қазір ол барлық ғылым мен техника салаларына енді. Ә.Нысанбаев өзінің “Математика және дүние тану” деген еңбегінде бұл процесті “білімді математикаландыру”, – деп жазды.

“Математика ғылыми теорияларды құруда және дамытуда үлкен эвристикалық роль атқарады”. Ол қазіргі ғылым мен техниканың жалпы тіліне айналды. Сондықтан оқушыларды дұрыс логикалық ойлай білуге үйрету керек, ал математика оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруда, техникалық немесе физикалық, экономикалық мазмұндағы есептерді шығару арқылы математиканың зор маңызы байқалады. “Математиканы ілгері дамытып, жетілдіре түсуге итермелейтін қозғаушы күш ең алдымен өмірдің өзінен, практикадан туып отырған, жаратылыс тану мен техника мұқтажынан, ең ақырында математиканың өзінен туып отырған қажеттілік”.

Математиканы оқытудың қолданбалылығының проблемасы әдістемелік зерттеулерде кеңінен көрініс тапқан. Оның теориялық негіздеуі А.Н.Колмогоровтың, В.М.Монаховтың,С.И.Шварцбурдтың және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Проблеманың жалпы жағдайын В.В.Фирсов, зерттеген. Соның ішінде ол математиканы оқытудың қолданбалылығының маңызын анықтады және қолданбалы бағыттағы математика курсына қойылатын талаптарды тұжырымдады. Қолданбалылықтың кейбір әдістемелік бағыттарын В.Г.Болтянский математикалық анализдің жалпы білімдік және қолданбалық аспектілерін, сонымен қатар мектепте оқытуда “қолданбалы” терминінің мағынасын Г.В.Дорофеев қарастырды. Оқушыларға ұсынылатын есептердің мазмұнында және оқулық материалдарының жазылуының әдістемелік тәсілінде математиканың қолданбалы аспектісінің негізгі ерекшелігін бейнелеудің қажеттілігін Ю.М.Колягин және В.В.Пикан атап көрсетті. Математикалық ойлаудың қолданбалылығын қалыптастыруға байланысты мәселер Н.Я.Виленкиннің, А.Д.Мышкистің, М.И.Башмаковтың және т.б. еңбектерінде баяндалды. Алгебраны оқытудың қолданбалылығының проблемасына Е.В.Величко және М.И.Якутованың диссертациялық зерттеулері арналған, онда қолданбалы мазмұнды іскерлікті қалыптастыруға арналған есептер қарастырылған. Бұл тақырып бойынша отандық ғалымдар да өз үлестерін қосқан, олар: Т.Б.Ли, Г.С.Енсебаева, Т.Ә.Әлдібаева , А.Нұғысова, С.Өтепқалиев, С.Е.Шәкілікова, Г.Р.Қощанова.

Математика дүниетанымды қалыптастыруда, математикалық модельдеу идеяларын ұсынады, математикалық сауаттылық жалпы функционалдық сауаттылықты меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сауаттылық математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең төмен талап ретінде қарау қажет. Сонымен математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнай, бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек.

Функционалдық сауаттылық мәселесін білім философиясы деңгейінде Б.С.Гершунский, С.А.Крупник және т.б.; үздіксіз білімнің негізі ретінде – С.А.Тангян, И.А.Колесникова және т.б.; құзыреттілік жағдайы контекстінде – А.В.Хуторской, О.Е.Лебедев және т.б. зерттеген. Функционалдық сауаттылық теориялық және тәжірибелік тұрғыда көптеген еңбектерде зерттелген: Т.И.Акатова тілдік функционалдық сауаттылықты білімгерлердің тілдік мәдениетімен байланыстыра отырып қарастырады; Л.М.Перминова – оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасу технологиясын; Л.Н.Полищук – арнайы орта білім орнындағы технологиялық түрдегі функционалдық сауаттылықтың қалыптасуын; В.А.Ермоленко мен С.А.Черноглазкин – жалпы және қосымша білім жүйесіндегі функционалдық сауаттылықты қалыптастыру технологиясын; Н.Н.Сметанникова оқыту мен оқудың стратегиялық жағдайындағы функционалдық сауаттылықты зерттеген. Дегенмен, функционалдық сауаттылық мәселесі зерттеушілердің жеткілікті қызығушылығын тудырғанмен ол педагогика ғылымы мен тәжірибесінде өз шешімін әлі де толық тапқан жоқ десек те болады.

Міне, сондықтан математиканы оқытудың қолданбалылығын күшейту арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру проблемасы өз мағынасында толықтай қарастырылмаған. Мектептегі математика курсымен байланысты математиканы пайдалануға бағытталған жаттығулар жүйесін құрастыру да толық мәнді зерттеуді қажет етуде.

Сондықтан, орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, қоғамды құрып дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Әрбір оқушының тұлға ретінде қалыптасып дамуына математикалық білімнің үлкен үлесі бар.


















Математика курсындағы қолданбалылық есептер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың құралы ретінде


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтарда «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «…оқыту қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу… Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс.

Инновациялық белсенділіктің жоғарғы қарқыны осы үдеріске қатысушыларды мына шарттармен қамтамасыз еткенде ғана іске аспақшы: жаңа білім, технология, өнім мен қызметке салынған инвестиция нәтижелеріне меншік құқығын қорғау; инновациялар базасында бәсекелестікті кеңейту үшін жағдайлар жасау; ұлттық инновациялық жүйенің қызмет атқару үшін қаржылық, материалдық, еңбек ресурстарының ұтымды ұсыныстарын жасау; шаруашылық субъектілерінің жаңашылдығына тұрақты сұранысты дамыту.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж) білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетіліп, осы заңда: «Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік тапсырысы оқу орындарының алдына еңбектің, кәсіптің және ғылыми қызметтің үрдісінде кеңінен қолдануға қажетті біліммен, іскерлікпен және дағдымен қамтамасыз етілуін, сонымен бірге халық шаруашылығының міндеттерін шешуге белсене араласуға қабілетті, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мақсатын қойып отыр. Біздің елімізде және шетелдерде педагогикалық ғылымның теориясы мен іс жүзіндік байланысының маңызын түсінуге және іске асыруға азды – көпті болса да көңіл бөлінуде.

Мектеп математикасын өмірмен байланыстыру, бұл пәнді адамдардың практикалық және техникалық іс – әрекетіне қолдану үшін мектеп математикасы мен математика ғылымын жақындастыру қажет.

Қазіргі кездегі оқытудың маңызды ұстанымдарының бірі – оқуды өмірмен, қазіргі қоғамды құру тәжірибесімен байланыстыру. Бұл ұстаным тәжірибемен үзіссіз байланыстағы шындықтың танымдық үрдісі болып саналатын таным теориясына негізделген. Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектеп оқушыларында гуманитарлықкөзқарасты қалыптастырудағы ең маңызды шарт теория мен тәжірибенің дидактикалық бірлігі деп саналады.

Қазіргі кезде ғылым тек техникада, өндірістік салада ғана емес, адам өмірінің барлық қызметіне енсе де, оқытудың политехникалық бағыты жеткіліксіз болады. Сондықтан, оқушылар мектепте алған білімін түрлі техникалық сұрақтарды шешуде ғана пайдаланбай техникалық емес салаларда да қолданатындай болуы қажет деген мәселе өзекті болып отыр. Қазіргі қоғамның әлеуметтік тапсырысы оқу орындарының алдына еңбектің, кәсіптің және ғылыми қызметтің үрдісінде кеңінен қолдануға қажетті біліммен, іскерлікпен және дағдымен қамтамасыз етілуін, сонымен бірге халық шаруашылығының міндеттерін шешуге белсене араласуға қабілетті, жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеумақсатын қойып отыр. Біздің елімізде және шетелдерде педагогикалық ғылымның теориясы мен іс жүзіндік байланысының маңызын түсінуге және іске асыруға азды – көпті болса да көңіл бөлінуде. М.Терехиннің монографиясында теория мен іс жүзіндік байланысының маңызын түсіну және іске асырудың негізгі бағыттары көрсетілген: қолданбалы, вербалдық, көркемдік және тұлғаның жан – жақты дамуымен байланысты бағыт.

Көрсетілген бағыттардың толық мінездемесін берсек, «Қолданбалы» бағытта еңбек қызметіне дайындық қана ескеріліп, оқушылар нақты еңбек түрін орындауға қажетті теорияны ғана алады. Ал вербалдық бағытындағы оқыту үрдісінде тәжірибе туралы түсінік оқулық арқылы және мұғалімнің түсіндіруімен ғана беріледі. Көркемдік бағыттағы мағлұмат оқу материалын меңгеру үрдісінде игерілетін теориялық білімді көркемдеумен шектеледі. Тұлғаның жан – жақты дамуымен байланысты бағытта оқушылардың жоғарғы теориялық дайындығын еңбек, қоғамдық, өзіндік білім қызметтерімен байланыстыру мақсаты қойылады.

Қолданбалылық қазіргі мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне мүлдем сәйкес келмейді, себебі, бір жағынан теориядан жүйесіз, үзіп алған мағлұматтар терең және мықты білімді қалыптастыруға мүмкіндік бермейді, ал білімді тізімдік қасиетте іске асыру әрқашан өзгеріп отырады. Ол оқушыларды жан – жақты білім мен іскерлікке үйретпейді, ой – өрісін күшейтуге және шығармашылықты еңбекке қабілетті тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туғызбайды.

Вербалдық және көркемдік бағытта жоғарыда көрсетілген ұстанымдарды іске асыра алмайды, себебі, ең маңызды бөлік оқушылардың алған білімін пайдалану іс – әрекетінің болмауы, ал онсыз оқылатын материалды пайдаланудың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру мүмкін емес. Сонымен бірге теориялық білім өмірде жүзеге аспаса нашар меңгеріледі және оқушылардың санасында сақталмайды. Көрсетілген бағыттарда (әсіресе, вербалдық бағытта) қандай да бір материалды ( мысалы, теңдеуді шеше білу не үшін керек) не үшін оқиды деген сұраққа жауап беріледі, бірақ алған білімді тәжірибелік қызмет үрдісінде пайдалану іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру міндеті шешілмейді.

Тұлғаның жан – жақты дамуымен байланысты бағыт әрдайым өзгеріп отыратын жағдайда меңгерген білімді сенімді және саналы түрде пайдалануға, туындаған мәселені шешуге шығармашылықты тұрғыдан қарауға мүмкіндік беретін тұлғаның ерекше қасиеттерін тудыруды болжайды.

Математиканы қолданбалы бағытта оқыту дегеніміз – математиканы оқытуда техника мен оған жақын ғылымдарда оны қолдану, халық шаруашылығы мен тұрмыста қолдануға бағыттау немесе оқытуға техникалық бағыт беру, яғни физика, химия, биология, география, сызу, технология сабақтары курсымен байланыс орнату, компьютерлік сауаттандыру, математикалық ойлау және жұмыс дағдысын қалыптастыру, оқушыны есептер шешуге, мысалдар шығартуға, оқушы өз бетінше есептей білу дағдысын қалыптастыру.

И.Фирсовтың «Математика курсының қолданбалылығының бағыты туралы» еңбегінде математикалық білімнің қолданбалылығы «мектеп курсындағы математиканың тәжірибемен мазмұнды және әдіснамалық байланысын мақсатты түрде іске асырумен тұжырымдалады».

Ю.Колягиннің және В.Пиканның «Математиканы оқытудың қолданбалылығы және практикалылығы туралы» мақаласында былай делінеді: «Математиканы оқытудағы қолданбалылық – ол математиканы техникада және сыбайлас ғылымдарда, халық шаруашылығы мен тұрмыста, кәсіби іс – әрекетте пайдалануға оқытудың мазмұны мен әдістерін бағыттау, электронды – есептеу техникасын кеңінен пайдалану және «компьютерлік сауаттылықты» қамтамасыз ету, ойлау мен іс – әрекеттің математикалық стилін қалыптастыру». Осы еңбекте математиканың шығармашылығына да «ол оқушыларды математикалық мінездегі өзіндік іс – әрекет дағдысын қалыптастыратын есептер мен жаттығуларды шешуге оқытудың мазмұны мен әдістерін бағыттау» деген анықтама беріледі.

Жалпы орта білім беретін мектептерге арналған математика бағдарламасындағы VII – IX сыныптардың алгебрасына арналған «Оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар» бөлімінде «Шындықты оқуда және іс жүзіндік есептерді шешуде математиканы пайдалану мүмкіндіктерін ашатын мысалдарға жүйелі түрде тоқталу курстың қолданбалылығын қамтамасыз етеді» деп көрсетілген.

Осы жоғарыда айтылғандай, тәжірибелік мәселелерді шешуде математиканы пайдалану бірнеше кезеңдерден өтеді: бірінші топ – математикалық моделдеумен байланысты, екінші – қалыптасқан моделді зерттеумен байланысты, үшіншісі – бастапқы шынайы жағдайда математикалық есепті шешудегі алынған нәтижелердің интерпретациясымен байланысты. Бұл жерде бірінші және үшінші топтың кезеңдерінде пйдаланылған іскерлік математикалық емес (бұдан кейін оларды математикадан тыс деп атаймыз), ал екінші кезеңде пайдаланылған іскерлік математикаменшігі ретінде « математикалық есепті шеше алу) және бастапқы жағдаймен салыстырғанда осындай шешімдерді тиімді ұйымдастыру іскерлігі болып табылады.

Сонымен математиканы өмірде пайдалану іскерлігі екі түрге бөлінеді: математикалық нысандарда математикалық аппаратты пайдалану іскерлігі (математикалық іскерлік) және шынайы жағдайларды зерттеу мен оны шешуді ұйымдастыруда математикалық білім мен іскерлікті пайдалану (математикадан тыс немес қолданбалы іскерлік). Ал мектептегі математика пәні іскерліктің екі тобын қалыптастыруды да азды – көпті дәрежеде қарастырады.

Математиканы оқытудың тәжірибелік бағытында пәннің математикалық мазмұнын, тәжірибе жүзінде туындағын есептерді зерттеу үшін маңызды математикалық әдістерді таңдауды және олардың негізінде математикалық нысандарға математикалық аппартты пайдаланудың сәйкес іскерлігін қалыптастыруды түсіндіреді. Ал математиканы оқытудың қолданбалылығы ретінде шынай ақиқатты зерттеуде математиканы пайдалауды оқытуға бағытталған.

Оқытудың политехникалық бағыты политехникалық оқытудың энциклопедиялық анықтамасынан туындайды: «...Қазіргі өндірістің ғылыми негіздерінде және негізгі, басты салалар туралы білім беретін және өндірісте жұмыс жасау үшін қажетті жалпытехникалық практикалық дағдыларды меңгеретін оқыту. Политехникалық оқытудың мақсаты өндірістік еңбектің түрлерімен өзөгерген, жетілдірілген техника мен технологияны меңгеруге дайындау және техникалық прогреске қатысу болып табылады».

Келтірілген анықтамадан көретініміз, оқытудағы политехникалық бағыттың математикалық аспектісі математиканы оқытудың шынайылығы мен қолданбалылығының элементтерінен тұрады, бірақ оның мақсаты біршама тар, себебі, бұл техникалық прогреске байланысты сұрақтарға жатады.

Математиканы оқытудың шынайылығы математикалық нысандарға қолданылатын амалдардың жаттықтыратын теориялық материалдарымен және жаттығуларымен іске асырылады. Қолданбалығын іске асыру математикалық теория материалдарында емес, математикадан тыс мазмұнды материалдар негізінде жүргізіледі. Бірақ, ол математика курсы шеңберінде жүргізілуі керек, себебі, математиканы пайдаланатын басқа пәндердің өздерінің мақсаты болады және оны орындау үшін математикалық және математикадан тыс білімді, іскерлікті пайдаланады.

«Математиканы оқытудың қолданбалылығы» түсінігінің маңызын анықтауда әдіскерлер түрлі бағыт ұсынады, оның бірі математиканың ғылым ретінде даму ерекшелігінің ( «таза» және «қолданбалы») «математика» оқу пәніне бейнелеуінен тұрады.Бұл жағдайда «математиканы оқытудың қолданбалылығы» түсінігін анықтай отырып, «қолданбалы» математиканы ғылым ретінде «математикадан тыс туындаған математикалық есептерді шығарудың тиімді немесе қолайлы әдістері туралы» түсіндірмеден көреміз.

Ендеше математиканы оқытудың қолданбалылығы ретінде «оқушыларды қолданбалы есептер деп аталатын есептерді шығаруға үйрету, яғни жағдайдың математикалылығын алдын ала болжайтын есептер (ұсынылған есептің математикалық моделін құру) және есептің шешімін сандық «мәнге» дейін «жеткізу» деп ұғамыз. Бұл түсініктің ұқсас түсіндірмесі басқа еңбектерінде де келтіріледі: «Математиканы оқытудың қолданбалылығы – ол техникада және шектес ғылымдарда, кәсіби қызметте, халық шаруашылығы мен тұрмыста оқытудың мазмұны мен әдістерін математиканы пайдалануға бағыттау».

Түсіндірмеде көрсетілген анықталған түсініктің дұрыстығын мойындай отырып, біз оқытудың тәжірибесінде қолданбалы есеептерді шығаруды үйрету тұрғысынан ғана емес, математиканы математиканың өзінде, сонымен бірге басқа да пәндерде, тәжірибеде пайдалану үшін қажетті білім мен іскерлікті қалыптастыруды қарастыратын тұрғыда да есепке алған жөн деп санаймыз. Бұл көзқарасты Н.Виленкин, Г.Дорофиев, А.Мышкис, В.Фирсов, М.Шамсутдинов және т.б айтқан.

Қолданбалы математикалық қызметтің ерекшеліктерінің бірі – математикалық теорияны білу және оны қолданбалы есептерді шешу әдісі тәрізді қолдана алу. Кейбір авторлар «математиканы іс жүзінде қолдана білу қолданбалы немесе ұтымды деп аталатын ойлаудың ерекше стилімен беріледі» деп көрсетеді. Сонымен бірге олар ойлаудың мұндай стилі шынайы ақиқат құбылысында математикалық моделдерді құруда талқылаудың әр түрлі әдістерімен берілетінін атап өтеді.

Математиканы оқытудың қолданбалылығы математика теориясы мен оның қолданбалылығының өзара тығыз байланысын, математикалық модельдерді зерттеу әдістері мен құбылыс шындығының бірлігін, математикалық әдістердің, электронды есептеу техникасының, ғылымдағы, техникадағы, өндірістегі, экономикадағы, және т.б. рөлін жүйелі ашуды көздейді.

Математиканың қолданбалылығын күшейту оқытудың мақсаты емес, математикалық аппараттың нәтижелілігін көтерудегі дидактикалық құрал болуы керек. Сондықтан математикалық аппараттың моделін құру кезінде оның нәтижелілігін көтеру бірінші кезекте математиканы оқыту есептерінен және басқа пәндерді оқыту кезінде өлшеу, процестерді модельдеу іскерлігін дамыту, функционалдық және алгоритмдік көріністерді, политехникалық іскерлікті, ғылыми – материалистік көзқарасты қалыптастырудан тұрады.

Математиканы пайдалануға байланысты іс – әрекет ерекшеліктерінің негізі былайша қорытындыланады: математикалық теорияны білу және оны әдіс ретінде пайдалану іскерлігі, пайымдаудың қолданбалы математикалық стилін меңгеру, шартты емес тілден шартты тілге ауыса алу және керісінше шарттыдан шартты емеске ауысу.

Математиканы оқытудың қолданбалылығының мақсаты мен міндеті бүкіл математика курсының мақсаттары мен міндеттерінің құрамдас бөлігі болып табылады, ал ол өз кезеңінде жалпы орта білімнің мақсаттары мен міндеттеріне тәуелді, себебі, математикалық білім жалпы білімнің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қорыта келгенде, орта мектеп үшін математика пәнінен міндетті мемлекеттік стандартта анықталған, негізгі математика курсын оқыту шеңберінде жасалған қолданбалылық іскерлігін қалыптастыру әдістемесі мына төмендегілер:

  • шындықта туындаған мәселелерді әдістермен шешу үшін ақпаратты таңдау іскерлігі;

  • бастапқы жағдайдың қасиеттерін жақсарта білу;

  • шартты емес тілде шынайы жағдайдың моделін құра білу;

  • есептің математикалық моделін құра білу;

  • бастапқы жағдайда сәйкес есептің шешімін ұтымды ұйымдастыра білу;

  • математикалық есепті шешудің алынған нәтижелерін интерпретациялай алу.

Соңғы жылдары математика ғылымының басқа салаларына кең көлемде тереңдей енуі байқалады. Бір қарағанда химия, әлеуметтану, медицина, лингвистика, экономика және басқа пәндер математикадан алыстау көрінгенімен, ақпараттық және индустриалдық салаларда математиканың қолданбалы мүмкіндігі кеңейе түсті. Сондықтан да, осы мүмкіндіктерді орта оқу орындарындағы бағдарламаларға енгізіп, оқушыларды математикалық білімді таным құралы ретінде қолдануға дайындау қажет.

Қолданбалы есептерді шығару оқушылардың басқа пәндерді оқып білуге, еңбек барысында, күнделікті өмірде математиканы қолдана білуге қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға септігін тигізеді. Кейбір жағдайларда қолданбалы есептерді шығару барысында көптеген мұғалімдер ол есептің математикалық моделін құруға, мысалы, теңдеу құруға оны шешуге көбірек назар аударады. Әрине бұл дұрыс. Бірақ та мұндай есептерді шығару сан жағынан аз болса да, ол есептердің бастапқы берілген шарттарын талқылауға, оларда берілген шамалардың мән-мағынасын анықтауға, сондай-ақ ол есепті шешудің таңдап алынған жолын және құрылған математикалық модельдің дұрыстығын анықтап талдауға аса назар аудару қажет. Өйткені, қолданбалы есептерді шығару барысында бұл мәселе оқушыларда үлкен қиындық тудырады. Және де оқушыларда қолданбалы бағыттағы ойлауды қалыптастыруға үлкен әсерін тигізеді.

Қолданбалы есептер эпизодты емес, жүйелі түрде шығарылуы керек. Қолданбалы есептердің ерекшелігі сонда, олар, біріншіден, өмірмен жақындатса, екіншіден, ондай есептерді шығару үшін жоғары математика элементтерін қайталауға тура келеді. Бұл жағдайлар оқушылар білімін терең берік, саналы қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, мектеп бағдарламасы көлемінен шығып кетпейтіндей материалдармен, яғни қолданбалы есептер, жаттығулар жүйесімен толықтырылғаны дұрыс.

Математика элементтерін пайдаланып, қолданбалы есептерді шығаруға төмендегідей әдістемелік нұсқаулар ұсынылады:

а) қолданбалы есептер мектеп бағдарламасына эпизодты емес жүйелі түрде енгізілуі қажет;

ә) қолданбалы есептерге арналған жаттығулар, оны шығаруға пайдаланылатын жоғары математика элементтерін оқытумен сәйкестендірілуі керек;

б) оқытылуы мерзімнің шектілігіне байланысты, қолданбалы есептерге арналған жаттығулар дұрыс және жеткілікті таңдалуы қажет;

в) қолданбалы есептерге арналған жаттығулар алгебра және анализ бастамаларындағы жаттығулар жүйесінің құрамдас бөлігі болуы керек;

г) жаттығулар жүйесі қарапайымнан күрделіге принципіне сүйеніле отырып, қиындық дәрежесінің күрделілігіне байланысты орындалуы керек.

Математиканы қолданбалы оқыту үшін мұғалім сабақ барысында қолданылатын әдістерді, оқыту құралдарын, әр сабақтың мақсатын – бәрін осыған бағыттауы керек.

Математикалық білім беруде пайдаланылатын қолданбалы сипаттағы есептер жүйелерін жетілдірудің басты ерекшеліктері:

  • математикалық білім берудің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған практикалық әрекет пен үздіксіз білім беруде пайдаланылатын қолданбалы сипаттағы есептер мазмұнының арасындағы бірлікті, осы есептердің мазмұнын жаңартуды экологиялық, республикалық, ұлттық-аймақтық материалдар пайдалану арқылы іске асыруда жүйелілік, үздіксіздік, пәнаралық принциптерді басшылыққа алу;

  • математика сабағында экологиялық білім мен тәрбие беру көбінесе, табиғатты тиімді пайдалану идеясын және экологиялық мәселелердің әлемдік мәнін сипаттайтынын ескеру;

  • қоғам талабына сай білім беруде математикалық білімнің адамдардың қоршаған ортада, мәдени құндылықтар айдынында еркін бағдарлай алуына әр түрлі ақпарлар ағынында өзіндік баға бере алуына мүмкіндік беретін маңызды құрал екендігінің ескерілуі.

Мұндай жетілдіру математикалық білімнің сапасы мен оның күнделікті өмірдегі қолданымын, сабақ тиімділігін арттыруға, табиғатты негізгі байлық деп түсінуге көмектесетін экологиялық, экономикалық білім мен тәрбие беруге, яғни математикалық білім беруді ізгілендіруге мүмкіндік береді.

Есептің жүйесін жетілдірудің жетекші бағыттары:

1) есеп мазмұнындағы ақпараттардың жаңалығы;

2) пәнаралық байланыстың сақталуы;

3) есеп мазмұнының оқушыны қызықтыратындай болуы, яғни есеп мазмұнына пайдаланылған материалдың оқушы өміріне етене жақындығы;

4) есептердің қолданбалы бағыттағы, олардың өмірде өзіндік мәнділігі;

5) есеп мазмұнының тәрбиелік маңыздылығы;

Есептердің қолданбалы бағытына қарай бірнеше түрге бөлуге болады. Олардың біріншісіне, яғни ең төменгі деңгейіне қажетті математикалық модельді құруға керекті мәселелер есептің шартында тікелей беріледі. Мұндай есептердің таза математикалық есептерден айырмашылығы ондағы шамаларға қандай да бір мазмұнды мағына беріледі. Мектеп курсында мұндай есептер қарапайым теңдеулер құруға берілген практикалық есептер болып табылады.

Екінші деңгейіне, оқушылар оларды шешу барысында есептің шартында айтылмаған, бірақта өте қарапайым, адамдардың күнделікті өмірінде кездесетін математикалық тәуелділіктерді (мысалы, заттың құны, бағасы және саны арасындағы, дененің бірқалыпты қозғалысындағы жылдамдық, уақыт және жүрілген жол арасындағы тәуелділіктер т.б.) қолдану арқылы шығарылатын есептер.

Үшінші деңгейдегі түріне, оқушылар оларды шығару үшін басқа пәндерді (физика, химия, биология және т.б.) оқып, білу барысында меңгерген қандай да бір заңдылықты немесе оқулықтан, ия болмаса анықтамадан белгілі бір материалды тауып қолдану арқылы шығарылатын есептерді жатқызамыз.

Төртінші деңгейдегі түріне, оқушылар есептерді шығаруды жеңілдету үшін қандай да бір ұйғарымдар жасауға немесе есепті шығаруға онша маңызды емес мәселені ескермейді, ия болмаса, артық берілген мәліметтерді қарастырмайды, ал жетіспейтін материалдар болса, оларды тауып есеп шартымен қосып қарастырады. Мұндай есептерді шығару барысында оқушылар күнделікті өмірде кездесетін қиыншылықтарды шешуде жақын жағдайда болады. Есеп шығару мұғалімнің басшылығымен жүзеге асуы қажет.

Ең жоғары дәрежедегі бесінші деңгейіне нақты бір физикалық обьектіге немесе құбылысқа байланысты мәселелер жатады.

Бірақ математика практиканың дамуына, оның проблемаларын шешуде қандай көмегін тигізетінін көрсету үшін, ойдан құрастырылған есептер емес шын мәнінде тікелей әртүрлі өмір проблемасынан есептер, адамның күнделікті қажеттілігінен туған есептерді шешіп көрсету қажет. Сол мақсатта төменде өмір қажеттігінен туындаған есепті көрсетейік.

№1 есеп. Жайылымдағы сиырларға жем беретін астауларды орын ауыстыруға жеңіл болсын деп оларды бірдей үш тақтайдан бір-бірімен доғал бұрыш жасайтындай етіп шегелеп құрастырады. Астауға барынша көп жем кетуі үшін екі жақтауының табан жазықтығымен жасайтын бұрышы қандай болуы керек.

Шешуі: Тақтайдың енін деп, ал бұрышын (1-сурет) деп белгілейік. Сонда Астаудың формасы – табаны болатын, биіктігі тақтайдың ұзындығына тең призма. Тақтай ұзындығының өлшемі деп белгілеп, призманың көлемін табайық.

Ендігі сұрақ аралығының қандай мән қабылдағанда функциясы ең үлкен мән қабылдайды. Функциясының туындысын табамыз.

Есеп. Дененің қозғалғаннан кейін 4 сек. Ішінде жүрген қашықтығы мына формуламен (*) анықталады. Дененің 10 секундтағы жылдамдығын және үдеуін табу керек.

Есепті шығару үшін бір айнымалы функцияның туындысының қолданбалылығын білу керек, яғни мына формулаларды еске түсіреміз:

а) – жылдамдықты табу;

б) – үдеуді табу.

Әуелі берілген (*) формуладан табамыз:

Сонда ізделінді жылдамдық пен үдеуді тапсақ:

1)

2)

а) дененің 10 секундтағы жылдамдығын табу үшін ең алдымен жылдамдықты есептеу формуласын таптық, яғни дененің жүрген жолынан туынды таптық. Осы формула арқылы 10 секундтағы жылдамдықты есептедік;

б) дененің 10 секундтағы үдеуін табу үшін ең алдымен үдеуді есептеу формуласын таптық, яғни дененің жылдамдығынан туынды таптық. Осы формула арқылы 10 секундтағы үдеуді есептедік.

Есеп. Нүктенің жылдамдығы (м/сек) заңы бойынша өзгереді. Нүкте уақыт аралығында қандай жол жүреді?

Есепті шығару үшін анықталған интегралдың қолданбалылығын білу керек, яғни мына формуланы еске түсіреміз:

а) .

Сонда ізделінді жол осы формула арқылы табылады:

(м)1км400м.

а) нүктенің жүрген жолын табу формуласын еске түсіреміз;

б) осы формула арқылы анықталған интегралды есептейміз.

Сонымен, математика сабақтарының қолданбалылығын дәлелдейтін бірнеше мысалдар келтірдік. Сабақта негізгі есептеу жолдарын игертуге мысалдар, есептер шығартылған соң, осы тақырып бойынша өтілген материалдың қолданбалылығын көрсететін есептер қарастырған жөн.

Математика пәні оқытушылары оқыту процесінде сапалы білім берумен қатар, студенттердің алған білімдерін өз бетінше тереңдетуіне, жетілдіруіне бағыт беруі керек.



























Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтарда «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «...оқыту қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу... . Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс.

Үкіметке мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінен бес жылдық Ұлттық іс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырамын» деп атап көрсетті.

Инновациялық белсенділіктің жоғарғы қарқыны осы үдеріске қатысушыларды мына шарттармен қамтамасыз еткенде ғана іске аспақшы: жаңа білім, технология, өнім мен қызметке салынған инвестиция нәтижелеріне меншік құқығын қорғау; инновациялар базасында бәсекелестікті кеңейту үшін жағдайлар жасау; ұлттық инновациялық жүйенің қызмет атқару үшін қаржылық, материалдық, еңбек ресурстарының ұтымды ұсыныстарын жасау; шаруашылық субъектілерінің жаңашылдығына тұрақты сұранысты дамыту.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж) білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетіліп, осы заңда: «Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген.

Әлемдегі математикалық білім берудің даму тарихы оны үш дербес аралға бөліп тастады: Кәсіби математикалық білім беру, жалпы математикалық білім беру және математикалық сауаттандыру. Математикалық білім беру саласындағы кез келген реформа осы үш аралдың арасында көпір орнатуға деген талпыныстан туындайды.

Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетанымы да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет.

Сондай – ақ математикалық білім беру, математикалық сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауатылық мәселесінен бастауымыз керек.

«Сауаттылық» термині білім, білік, дағды мазмұнын бағалаудың кеңдігін көрсетеді. Оқушы өз деңгейін табу үшін, қаншалықты білім мен білікті меңгергенін білу мақсатында құрылған бағалау жобасы үш бағытта жүргізіледі.

- Оқытудағы сауаттылық

- Математикалық сауаттылық

- Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық.

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.

Математикалық сауаттылық

- математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну;

- әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;

- дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

- есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

- математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен) сипатталады:

- білу (еске түсіру);

- қолдану (байланыстарды орнату);

- ойлау (пайымдау).

Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан, математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтауға емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

Оқушыларға математикалық мәдениет, ой – әрекетінің математикалық стилін қалыптастырудың негізгі жолы – әр түрлі математикалық есептерді

шығару үрдісінде оқушылардың оқу әрекетін ұтымды, тиімді ұйымдастыру және басқару.

Осыған орай, нарықтық экономика дәуірінде жас ұрпаққа математиканың негізін меңгерту, білім беру мен тәрбиелеудің бірден-бір негізгі мәселесі болып табылады.

Елімізге аса қажетті білгір мамандардың, дарын иелерінің, өте талантты тұлғалардың дәріс алар алғашқы ұясы – мектеп. Өрендер мектеп қабырғасында өткен он бір жыл ішінде тиісті ғылым негіздерінен тиянақты біліммен қаруланады.

Болашақ ғалымдар – бүгінгі күннің оқушылары, ертеңгі өрелі ізденістерді бүгіннен бастап білуі керек.

“Бала бақыты – жақсы ұстаз қолында” деген сөздің түп негізі осында жатқан сияқты.

Жеке пәндерден берілетін білім сапасын арттыру сол пәннің төңірегінде жұмыс жүргізуімен ғана іске аспайды. Бұлармен қоса әрбір жеке пән мұғалімдерінен оқушылардың бір пәннен алған білімін басқа бір пәнде пайдалана алатындай дәрежеде жұмыс жүргізу талап етіледі.

Оқушылар әрбір жеке пәннің өзіндік “философиясын” меңгермейінше ол пәннен тыңғылықты терең білім ала алмайды.

Оқушы біліміндегі формализмді болдырмаудың негізгі құралы – оларға пән бойынша жан-жақты білім беріп, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Математика пәнінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың “гимнастикасы”. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп тез түсінеді. Сондықтан бұл пәннен оқу үлгірімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгірімі жақсы болады. Себебі әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен оны игерудегі логикалық ойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді.

Америкалық педагог – математик Д.Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керекететін есептерді шығару». Сондықтан, орта мектептің математика курсының бірінші әрі ең басты міндеті есеп шығарудың әдістемелік жақтарына назар аудару.

Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру оқушының ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік, жинақылық, жүйелік, т.б. тәрізді қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қатар, есептер математикалық білім, білік дағды жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы, ал есеп шығару – оқу және кәсіптік әрекеттің жетекші түрі. Әрбір есептің өзіндік әдістемелік мақсаты да бар.

Сондықтан оқушы есепті жылдам әрі қатесіз шығаруға, жаттыға түсуге ұмтылудан гөрі, оны шығармашылықпен шешуге, шешімінен тиісті қорытынды жасай білуге тырысуы қажет. Математиканы үйренумен белсенді шұғылдану, шын мәнінде, есеп шығару.

Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Тиімді шешімді іздеу жазудың, сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді. Ойлаудың ерекше математикалық стиліне тәрбиелейді:

  • Талқылаудың, формальдік – логикалық сұлбасын сақтау (талдау, құру, дәлелдеу, зерттеу);

  • Ойдың ықшамдығы;

  • Ойлау барысының нақтылығы;

  • Математикалық символиканы дәл қолдану

Оқушы біліміне мұғалім берген баға оқушының іштей өзін-өзі бағалауына сай келмесе, оның белсенділігіне теріс ықпал етеді, яғни, көтерме баға оқуға деген тұтынушылық қатынасты дамытуға, мұғалім беделін түсіруге соқтырады, ал төмен баға қою жағымсыз сезім, өз мүмкіндігіне сенімсіздік, кейде дау-дамай тудырады.

Есеп шығару, талдау есептер жүйесін құрудың мынадай әдістемелік ерекшеліктерін анықтауға жол ашты:

  1. есеп мазмұнындағы мәліметтердің ғылымилығы;

  2. есеп шығаруды үйретудің дамытушы сипаты;

  3. есепті кәсіби түрде шығара білуді қалыптастыру мен дамытудың жүйелілігі және сабақтастығы;

  4. есеп мазмұнында мәселе көтерілуі;

  5. есеп мазмұнының кәсіби бағыттылығы;

  6. есеп шығаруды үйретудегі саналылық пен мақсаттылық;

Осының бәрінде де математикалық ойлаудың жеткілікті түрдегі жоғары деңгейін қалыптастыру қажет.

Есеп шығаруға үйретудің әдістемелік аспектілерін қарастыра келе математика пәнінің мұғаліміне әдістемелік нұсқаулар ұсынамыз:

  • математикаға қызығыңыз, оқушыларыңызды қызықтырыңыз;

  • математикалық білімді молайтыңыз, әдістемелік шеберлігіңізді дамытыңыз;

  • «Мұғалім – оқушы» тұлғалық бағдарлы байланысын жүзеге асырыңыз;

  • оқушылардың ақыл-ой қабілетінің, шығармашылық дарынының дамуына өз әдістемелік қабілетіңізді ұштастырып, шеберлікті тиімді қолданыңыз;

  • есеп шығарудың пайдалы жағын бөліп қарастырыңыз;

  • аңғарғыштыққа және дәлелдеуге арналған есептерді жиірек қолданыңыз;

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысыңыз.

Оқушылырдың математикалық сауаттылықтарын қалыптастырудың кейбір жолдары.

Қазақстан білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптары мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып,отандық білім саласын әлемдік білім деңгейіне жеткізге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады.

Оқушы өз деңгейін табу үшін, қаншалықты білім мен білікті меңгергенін білу мақсатында құрылған бағалау жобасы үш бағытта жүргізіледі.

- Оқытудағы сауаттылық

- Математикалық сауаттылық

- Жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылық.

«Сауттылық» термині білім , білік , дағды мазмұнын бағалаудың кеңдігін көрсетеді. Б.Ұ.Ұ. мен сауаттылықтың 10 жылдығы [2003-2012ж\ж] құжаттарында сауаттылық дағдыларының жаңа түсінігі – адамның өзгермелі жағдайда бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп табуды және пайдалануды , оның қоршаған ортаның шақырылуына тиімді қарсы тұра білу, біліктілігі деп берілген.

Осыған орай мектептің бастауыш сатсында оқыту мазмұның жаңалау жаңа технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бастауыш сатыда мектепке дейінгі біліммен сабақтастықта қарастырылған бағдарлама мен оқу әдістемелік кешендер жетілдірілуде. Онда жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың табиғи жалғасы ретінде мекткпке дейінгі білім, мектептің бастауыш сатысында сабақтаса әрі қарай жалғастырлады.

Математикалық ұғым – мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. Математикалық ұғым – біздің ойлауымызда шындықтың белгілі бір түрлері мен қатынастарының көрінісі болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер болмысты шын бейнелейтін болса ,онда ол үнемі дұрыс болады. Мысалы: «Үшбұрыш » ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі « барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың » жиыны.Математикалық ұғымдарды қарастыра , олардың ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты.

Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа тоқталайық:

1.Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.

2. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі.

3. «Математикалық сауаттылық» ауызша жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шыңдайды.

4.Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты , жаңалықты дұрыс қабылдап , түсінуге көмектеседі.

5. Математика болашақ тұлғаны маральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар. Математикалық сауаттылық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау , оны оқып үйренудің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет . Математикалық сауаттылық оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минимальды талап ретінде қарау қажет. Сонымен математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнайы бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек.

Сыныптан тыс жұмыстардың, сыныптағы тақырыптардан артықшылығы – еріктілік принципінде құрылуында. Мұнда оқушыға баға қойылмайды, бірақ пайымдалудың негізгілігі, тапқырлық, есептеу шапшаңдылығы мадақталуы тиіс. Сыныптан тыс жұмыс үшін мұғалім баланың шамасы келетіндей қиынырақ материалды немесе математиканың негізгі курсын үйренуде толықтырушы болып табылатын және математикалық сауаттылықты қалыптастыруды таңдап алады.

Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің және мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. Себебі оқушының кез-келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Осыған байланысты ғалымдар былай дейді: «Математика оқыту әдісінде алуан – түрлі жетілдірулер болғанымен шәкірттер үшін математика пәні әрдайым қиын пән ретінде тарихта қала ереді».

Олай болса, «Математиканың қорғанын тек күштілер мен батылдар ғана бұза алады» деген ұранды ұстана отырып, жалықпай, үлкен төзіммен, алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы тәрбие, терең білім беру үшін аянбай еңбек етейік демекпін.






























Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру контекстіндегі математикалық сауаттылықтың құрылымы


Оқытудың дидактикасы мен әдістемесі үшін жаңа ұғымдардың бірі функционалдық сауаттылық ұғымы болып табылады. Математика пәні бойынша біздің оқушыларымыздың білім алуын жалғастыра алу ұстанымы тұрғысынан білім жетістіктерін талдай отырып, қазақстандық және халықаралық сарапшылар олардың дайындықтары жөнінде «шынайы өмірдегі жақын мәселелерді шешуге олардың дайындықтары жөнінде білімдері мүмкіндік бермейді» деген бірдей қорытынды жасады. Басты мәселе жалпы білім беру жүйесінің тиімді емес екендігінен көрінеді, бұл берілген жүйеден тыс, маңызды нәтижелердің жоқтығынан байқалады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу іс – әрекет ұйымының қалыптасқан тәжірибесін қайта ойластыру, білім беру нәтижесі ретінде тек меңгерілген ақпараттың жалпы саны ғана емес, адамның алған білімінің негізінде, білім беру жүйесінен тыс әр түрлі мәселелік жағдайларда әрекетету қабілеттілігі қарастырылуы керек деген қорытындыға алып келді.

Мемлекеттік стандарттың соңғы нұсқаларында «қазіргі заманға сай мектеп тек қана білімді емес, сонымен қатар, нәтижесінде оқушылар функционалдық сауаттылық деңгейлеріне жететін іс-әрекеттік құрамдас бөліктерді де қалыптастыруға бағдарланған» деп айтылады.

«Сауаттылық», «элементар сауаттылық», «функционалдық сауаттылық» ұғымдары тұрмыста да, сондай-ақ, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде де қолданылатынын атап өткен жөн. Осы ұғымдардың кейбіреулері (мысалы, сауаттылық) бұрыннан бар, олар туралы түсінік әлеуметтік – экономикалық қарым – қатынастар өзгергеннен бастап өзгерді. Сондықтан бірнеше анықтамасы бар; басқалары (функционалдық сауаттылық, математикалық сауаттылық) салыстырмалы түрде жақында қолданыла бастады және олар туралы түсінікпен олардың анықтамалары қалыптасу үстінде.

Мысалы, сауаттылық төмендегідей түсіндіріледі:

- оқу, жазу, санаудың элементар ептіліктің бар екендігін болжап көрсететінсауаттылықтың бастауыш деңгейі іспетті;

- білім берудің нәтижесі, сауаттылықтың бастауыш деңгейінің интегралды сипаттамасы – білім беру элементінің жалғасы сауаттылық-білімділік – кәсіби құзыреттілік – мәдениет – менталитет;

- таным әдістері туралы білімнің бар екенін болжайтын мәдени қызметтің бастауыш деңгейі (компоненттің құзыреттігі);

- жеке тұлғаның бағытталуы (құрамның эмоционалды-бағалылығы), яғни, функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөлігінің біреуі;

- оқушының орта буында білімін жалғастыруға деген дайындық деңгейі сапасының сипаттамасы;

- маманның кәсіби құзыреттілігінің оң сипаттамасы (тіл білімінде бұл «сауатты маман», «техникалық сауаттылық» және т.б. ұғымдармен тіркелген);

- бастауыш мектепте оқыту нәтижесін (О.Е.Лебедев,А.П.Тряпицина, Е.И.Казакова [4;5] білімділік тұжырымдамасында элементар сауаттылықты жалпы сауаттылықтың негізі – құрамдас бөлігі ретінде қарастырады).

Функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы сауаттылықтың - математикалық, лингвистикалық және с.с. түрлерін қалыптастыру үшін нақты оқу пәндерінің ерекшелігін есепке алуды көздейді. Сондықтан олардың мәдени контекстінде сәйкес келетін қалыптасу моделін табу қажет. Бұдан басқа оқушылардың функционалдық сауаттылығының жетістіктерін бекіту үшін құрал керек.

Қолданбалы түрде математикаға жеке білім беру жетістіктерінің байланысын мынадай түрде көруге болады: «математикалық сауаттылық – математикалық білім – математикалық құзыреттілік – математикалық мәдениет – менталитет».

Алайда ұсынылған білімділік жетістіктерінің иерархиясын дәлме – дәл қарамау тиіс. Алдымен математикалық сауаттылықты, сосын – математикалық білімділікті, әрі қарай – математикалық құзыреттілікті және с.с. қалыптастыру керек. Нақты оқу үрдісінде бұл байланыс әрқайсысы өз деңгейінде, органикалық бірлікте және тұтастықта көрсетілген.

Білім парадигмасы үстемдік ететін жағдайда оқыту нәтижесі оқушыларда білімнің, ептіліктің, дағдының, алгоритмнің қалыптасуымен байланысты болды. Зерттеулердің көпшілігі алгоритмдік мәдениетттің, логикалық мәдениетттің, логикалық сауаттылықтың қалыптасуына арналған болатын. Сонымен И.Л.Никольская [8]логикалық білімнің, ептіліктің, дағды кешендерін меңгеру көрсеткіші ретінде, жалпы білім беретін мектеп бітірушісі меңгеруі тиіс«логикалық сауаттылық» ұғымын енгізді.

Айта кету керек, оқушыларда логикалық білім мен дағдының қалыптасуы математиканы оқытудың негізгі маңызды міндеттің бірі болғандықтан емес, бұл – математикалық білімнің қажетті құрамы, логикалық білім мен ептілік оқушыға әр түрлі ақпаратты сауатты, дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.

Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінде тағы бір әдіс «математикалық сауаттылық» ұғымын түсіндіруге тура келеді. Алайда, жоғарыда атап өткендей, қазір нақты жағдайдағы мәселені шешуге қажет іс –әрекеттің негізгі бағдарын айқындау үшін көңіл соған аударылады. Мысалы, Г.С.Ковалева [9] «математикалық сауаттылық» ұғымын былай ашып көрсетеді: «Адамзаттың математиканың рөлін өзі өмір сүріп жатқан әлемде анықтай білу қабілеті», жақсы дәйектелген математикалық пікірлерді айту және математиканы болашақта және қазіргі уақытта мүдделі және саналы азаматтарға тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану. Бұл контекстте ол қабілет арқылы сипатталған математикалық сауаттылықтың келесі сипаттамаларын атап көрсетеді:

- математиканың құралдары арқылы шешілуі мүмкін мәселелерді тану;

- осы мәселелерді математика тілінде тұжырымдау;

- математикалық фактілер мен әдістерді қолданып осы мәселелерді шешу;

- пайдаланылған шешім әдістерін талдау;

- алынған нәтижелерді қойылған мәселені есепке алып түсіндіру;

- шешім нәтижесін тұжырымдау және жазу.

Осы сипаттамалардың анализі мынаны көрсетеді: Г.С.Ковалева математикалық сауаттылықты шынайы мәселелерді математикалық құралдармен шешуге тиіс адамның қабілеті ретінде қарастырады. Басқаша айтқанда, математикалық сауаттылық Г.С.Ковалева бойынша оқушылардың математикалық үлгілеу әдісін игеруін көрсетеді. Алайда, математикалық үлгілеу әдісі нақты құбылысты немесе үрдісті құрастырған соң модель ішіндегі математикалық шешімді құрайды. Бұл үшін оқушы тек қана аксиоманың тұжырымдамаларымен, ұғымдардың анықтамасымен, теорема, олардың дәлелдерімен танысып қоймай, сонымен қатар логикалық түрде дұрыс қолдану, қажет болған жағдайда субъективті жаңа математикалық білімді іздеп оқуы тиіс.

Қорыта келгенде және біздің «математикалық сауаттылық» ұғымын контекстте функционалдық сауаттылық ұғымын сипаттай кетейік.

«Функция» термині латынның «functio» орындалу, жүзеге асу, қызмет дегенді білдіреді. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы оқушылардың қызметтің яғни белгілі бір тәжірибе түріне қатысуы. Математикалық сауаттылық қызметтік сипатқа ие. Бұл қызмет интегративті. Оның құрылысын ашайық.

Біріншіден, кез – келген қызмет маңызды. Сондықтан математикалық сауаттылық оқытудың әр сатысындағы Мемлекеттік стандартта көрсетілген біліммен анықталады. Математикалық сауаттылық оқушылардың ақпараттың белгілі бір деңгейін меңгеруін көрсетеді:ұғымдардың анықтамасы, теорема, фактілер, алгоритмдер.

Екіншіден, барлық қызмет іспен, әдіспен, осы қызметтің әдістерін игеруді көрсетеді. Бұл оқушылардың ең алдымен математикалық ұғымдарды, теоремаларды, аксиомалармен, дайын алгоритмдердіқолдана білуін қалыптастыруы керек. Олар біз жоғарыда айтып кеткен білім мен ептіліктің қалыптасуына байланысты. Г.И.Саранцеваның пікірі бойынша, ұғымға, теоремаға бара – бар іс – әрекет және сол сияқтылар білімнің қызметтік табиғатын анықтайды [10].

Мазмұнның негізгі оқыту технологиясыдидактикалық бірліктерге және олардың іс – әрекетіне бара-бар екендігі Г.И.Саранцеваның[10], Т.А.Иванованың жұмыстарында сипатталған [11;12].

Үшіншіден, математикалық сауаттылық ақпараттық және логикалық сауаттылыққа теңестірілмейді. Білімнің заманауи парадигмасы оқушының оқу іс – әрекетінің субъектісі болып табылатынын көрсетеді. Математикалық іс – әрекет логика мен сезім қабілетінің органикалық бірлігі. Қызметтік математикалық білім логикалық және эвристикалық құрастырушымен сипатталады. Сондықтан оқушылар тек қана логикалық іс – әрекетпен және дедуктивті әдістермен ғана емес (соның ішінде дәлелдеулер әдістерімен), оларға қол жетімді деңгейде эвристикалық әдістер мен тәсілдерді меңгеруі тиіс[13].

Математикалық сауаттылық функционалдық сауаттылықтың қалыптасу контекстінде оқушыларда математикалық білімді шынайы немесе оларға жақын мәселені шешу үшін тәжірибені қолдану бойынша қалыптасуын көздейді. Осындай тәжірибенің болуы жоғарыда айтып өткендей, оқушылардың математикалық үлгілеу элементтерінің әдісін игерумен тікелей байланысты. Қазіргі уақытта математикалық үлгілеу әдісінің маңызы алгебра, алгебра және анализ бастамалары атты А.Г.Мордковичтің оқулықтарында кездеседі.

Біз тек қана математикалық сауаттылықтың ақпараттық, логикалық, методологиялық, тәжірибелік, когнитивті және операционалды –технологиялық құраушысын сипаттадық. Сонымен қатар функционалдық сауаттылық және құзыреттілік – бұл оқушы жетістігінің өзара байланысты екі иерархиялық деңгейі. Сондықтан функционалдық сауаттылық құрылымына, математикалық сауаттылыққа жоғарыда атап көрсеткендерден басқа мотивациялық, мәндік, эмоционалды – бағалы құрамда кіреді. Математикаға оқыту кезіндегі функционалдық сауаттылық – бұл игерген біліммен, ептілікпен және қызмет тәжірибесімен қатар оқушының дайындық сапасының интегралды сипаттамасы, оның жеке мәнін, математикаға және математикалық қызметке деген эмоционалды – бағалы қарым – қатынасын, шынайы міндеттерді шешу үшін олардың тәжірибесін қолдану.

Функционалдық сауаттылық контекстінде математикалық сауаттылықтың жалпы құрылымын сипаттадық.

Оның қалыптасуы үшін оқушылар нақты бағдарды білуі тиіс. Мәдени жағынан, математикалық сауаттылықтың қалыптасуы математикадан білімді адамның қалыптасуына қажет жағдай болып табылады. Мәдени тұжырымдамаға сәйкес білім мазмұны мен математиканың ерекшелігіне қарай стратегиялық мақсаттарға мектептің математикалық білімі арқылы математикалық білімі бар жалпы білім беретін мектеп бітірушісінің сипаттамасы берілді. Бітіруші математикадан білімді (М.В.Клариннің термині) егер ол

  • математика пәнінің маңызын білсе;

  • шынайыны математикалық әдіспен тану ерекшеліктері туралы көзқарасы болса;

  • математиканың өзі тану әдісі екендігі туралы көзқарасыболса;

  • математиканың жетекші ұғымдарын біледі және оларды қолдана біледі;

  • математика тілін математикалық таңбаны игерген;

  • математикалық үлгілеу туралы түсінігі бар және қарапайым шынайы құбылыс пен үрдісті оқып үйрену үшін оны қолданудың тәжірибесін ойлап тапқан;

  • математиканың қолданбалы аспектілері туралы түсінігі бар;

  • математиканың қоғамның әлеуметтік дамуына әсер ететіні және соған керісінше түсінігі бар;

  • шығармашылық математикалық қызмет тәжірибесіне қатысады және оны қызметтің басқа түрлерінде қолдана біледі;

  • математикада таным үрдісінің гносеологиялық сипатын таниды;

  • танымның негізгі ортақ ғылыми әдістерін (эвристикалық және логистикалық), оларды математикалық қызметтегідей сонымен қатар қызметтің басқа түрлерінде қолдана біледі;

  • арнайы математикалық (жеке) әдістер мен тәсілдерді біледі, оларды математикалық және қолданбалы тапсырмаларды шешу үшін қолдана біледі;

  • ойлау мәдениетін меңгерген;

  • қарым-қатынас мәдениетін, еңбек мәдениетін меңгерген;

  • жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі сияқты математика ғылымының

  • дамуының негізгі кезеңдері туралы түсінігі бар [14].

Біріншіден, осы мақсаттарға қол жеткізу қызметтік сипаттың қалыптасуын қамтамасыз ететін математикалық білімнің жоғарыда аталған математикалық сауаттылық аспектілерінің органикалық бірлігі сияқты: математикалық фактілерді білу, оларды қолданудағы математикалық қызмет әдістерін, математикалық теорияның және оның әдістерінің шынайы қызметтің міндеттерін шешу.

Екіншіден, бұл мақсаттар соңғы бағдар (мөлшер) болып табылады. Олар оқушыларға қол жетімді деңгейде оқытудың барлық сатыларында жүзеге асырылуы тиіс. Бұл үшін оларды нақтылау, детальдау: а) оқыту сатылары бойынша; б) оқытудың дифференциация идеясының сәйкестігі бойынша (деңгейлік сияқты); в) әр түрлі математикалық пәндерді оқу кезінде; г) әрбір бөлім, курстың тақырыбы бойынша; д) әрбір нақты сабаққа дайындық кезінде.

Функционалдық математикалық сауаттылықтың, қызметтік математикалық білімнің қалыптасу үрдісі кең мағынада үздіксіз сипатта және математиканың кез – келген курсын әрбір сабақта әр тақырыбын оқыған кезде қатысады.

Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқыту кезінде функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы соңғы екі онжылдықта отандық білім беру жүйесінің қайтадан құрылуы – үрдіс, бұған әр түрлі факторлар әсер етті. Алайда, өзгерістің қажеттілігі ресейлік қоғамның барлық сатысымен мойындалды. Бірақ, жаңа білім сапасына қол жеткізу мәселесі тек қана ресейлік мәселе емес. Барлық елде «болашақтың кілті, адамзаттың күн көруінің қазіргі және келешектегі мәселелерін шешу, қоғамның дамуы адамның қызығушылығында, ең алдымен барлық тұрғындардың білімі мен олардың білімділік деңгейінің тұрақты түрде көтерілуі» деген сана – сезім дамып келе жатыр.

Бұл жағдай білімді жаңарту тұжырымдамасында көрсетілген. Осы құжаттарда жаңа білім сапасына қол жеткізу құзыреттілік тұрғысын жүзеге асырумен байланысты, негізгі маңызы білім берудің ақпараттық түрінен алыстау деп санайды, оқушыларға жеке ізгі білім конструктын дайын күйінде алмай, құрастыруға мүмкіндік беретін жағдайды жасау. Оқушыларға ақпаратты догматтық түрде жеткізуді ескертетін, алғаш рет шынайыдан және олардың жеке қызметінен алыстатылған, қажеттілік пайда болғаннан бастап, оқушылардың білімін жалғастыруға қабілетін дамыту («білім өмір бойына»).

Алынған білім, ептілік пен дағдыны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға жағдай мен сюжеттің шегінде тиімді әрекет ету үшін қабілеттің дамуы, тек бірнеше пәндік облыста оқылатын ғана емес, сонымен қатар толық білім беру үрдісінде, субъектілік тәжірибені байытуға, қызметке рефлексивті қарым – қатынастың қалыптасуықұзыреттілік тұрғының жеке және әлеуметтік бағдарланған сипатын куәландыратын беталыс.

Құзыреттілік тұрғыны аталған белгілер бойынша заманауи білім берудің маңызды – мақсатты негізі[2]; білім берудің нәтижесін үлгілеу әдісі, оның жаңа сапасының мөлшері ретінде қарауға болады [3].

Математикалық сауаттылықтың құрылымы пәндік математикалық құзыреттіліктің құрамдас бөлігі сияқты (нормативті) жеке құрылымды анықтайтын компоненттерді құрауы тиіс; қызметтің әмбебап әдістері; математикалық білім; ептілік; дағдылар; шынайылықты меңгеру бойынша шығармашылық қызмет тәжірибесі [6].

Оқытудың кез – келген кезеңінің өз ерекшеліктері мен мазмұны бар. Мазмұнға сәйкес, оқушылардың қызметі, яғни математикалық сауаттылықтың мазмұны да өзгереді.

Осы кезеңдерге мазмұн мен әдісте қандай өзгерістер сәйкес келетінін анықтайық.

Бейімделу кезеңінде мұғалімнің негізгі педагогикалық мақсаты - оқушылардың бастауыш мектепте қол жеткізген «еңбегін» өзі тексеруге жағдай жасау: пәндік білім, ептілік; қызметтік сипаттағы білім мен ептілік, сондай-ақ математикалық қызмет сәттілігінің бағыныштылығын эмоционалды – құнды қарым – қатынастан және оқу қызметінің таңдау стратегиясын көрсету. Методологиялық негіз – Г.П.Щедровицкийдің жүйелік – ойлау қызметтік педагогикасы, И.Я.Лернер – В.В.Краевскойдің мәдениеттік тұжырымдамасы, Т.А.Иванованың математикалық түрлендірудің гуманитарлық тұжырымдамасы, құзыреттілік тұрғысының ережелері.

Жағдай мен тапсырманың негізгі құралы – бұрын қол жеткізген қызмет тәжірибесін өзі зерттеу. Осындай диагностика үшін тапсырма мен жағдайдың қалыптасуының негізгі ұстанымдары – А.Я.Хинчиннің [7] және И.А.Гибштің [8] сөйлеу әдістерімен жүзеге асырылатын аргументацияның толықтық идеялары, заңсыз жалпылау және аналогиялар, дизъюнкция мен классификация, эмоцияға сүйеніш; тапсырманың стандартты емес тұжырымдамасындаоқушылар сол бір математикалық материалда қызметтің әр түрлі тәжірибесіне қол жеткізе алсын.

Олардың ішіндемыналарды бөліп көрсетейік

  1. талап етілетін формасы бойынша ерекше,математикалық мазмұн анализіне жіберілген тапсырмалар;

  2. оқу тапсырмасын қабылдау ептілігі анализіне жіберілген тапсырмалар, мақсаттардың жүйесін қалыптастыру, құралдарды және мақсатқа жетуді таңдау және алынған нәтижені жоспардағымен салыстыру;

  3. іс – әрекетттің жасырын әдістерін қалыптастыру және алгоритмдерді бөлу үшін математикалық мазмұн мен жеке қызмет анализіне жіберілген тапсырмалар.

Тапсырманың бірінші түріне стандартсыз, қиындық деңгейі жоғары емес математикалық тапсырмаларды жатқызуға болады. Олардың мазмұны

белгілі бір жақсы әдеби материалда [9] немесе баланың күнделікті өмірінен алынған, өмірлік жағдай талдауында құрастырылған.

Тапсырманың екінші түрі де күрделі деңгейлі болмауы мүмкін, бірақ пәндік іс – әрекеттің үзілісі болуы мүмкін. Осындай түрдегі тапсырмалар оқушылардың мақсатты тұжырымдау арасындағы байланысты сезінуін оятады, оқу мақсатын сезінуді және келесі орындау іс –ә рекетін, яғни мақсатты тұжырымдау мен рефлексивті қызметпен байланысын көрсетеді [10].

Тапсырманың үшінші түрі оқушыны тапсырманың өзін классификациялау сияқты оларды орындау әдістерін оятады.

Осындай тапсырмалармен жұмыстың негізгі дидактикалық мақсаты, мақсаттылық пен рефлексивтіліктің дамуымен бірге және осының дамуының арқасында перцептивті дағдының жетілуі, олардың ақпаратты қабылдау және өңдеу (тексеру, салыстыру, жіктеу, ұқсастық) көрсетілген қызметтің нәтижесі бойынша қорытындыларды тұжырымдау. Бұл қызмет – білімнің жаңа сапасына және «математика» пәнінің саласында барлық деңгейде: көрсету, байланысты орнату, пайымдау деңгейінденәтижеге жетудің қажетті жағдайы.

Негізгі психологиялық – педагогикалық модель (рефлексияның үш саласын есепке алу) және оның орындалуының бірізділігі бұрынғыдай қалады: ойлау және қызмет; координация және кооперация; сана-сезім, қызметтің жеке әдістерінің қалыптасуы. Алайда, егер бейімделу кезеңінде бұл қызмет негізінен белгілі бір математикалық материалда ашылса, екінші кезеңнің ерекшелігі оның жаңа материалды оқып үйренумен қатар алып жүруі болып табылады.

Бейімделу кезеңінде мұғалімнің негізгі міндеті оқушылардың ойын өзара байланыс пен кооперацияны қамтамасыз ету үшін «қосу», ал олардың сана – сезімін қызмет мақсатының нәтижесімен арақатынас талдауына жіберу, негізінен пайдаланылатын алгоритмдермен және қызметпен математикалық фактілерді және ұғымдарды меңгеру бойынша көрсету және байланыстарды орнату деңгейіндегі жұмыспен байланысты.

Екінші кезеңдегі әдістемелік мақсат – оқушылардың кең ұғымдағы міндеттерді шешу кезінде өз қызметін басқару қабілетінің қалыптасуы, гипотезаны алға ұсыну қажеттілігі және түсіндіру. Сонымен алдыңғы кезеңде қалыптасқан қызметкеқандай оймен жоспарлаған нәтижеге жетуге болады деген гипотезаны алға тарту және талқылау, оған жету үшін қандай құралдарды қолдану керек, сондай – ақ шын мәнінде соңғы нәтижеге қалай жеткендігі, (салыстыру). Осы кезеңнің басы әрбір оқушының және әрбір сыныптың жеке ерекшеліктерімен ескерілген.

Ең басты байқалатын нәтиже – сынып жұмысын және үй тапсырмасын орындау кезінде өз бетімен дайындалудың үлесі жоғары, тек қана сабақта ғана емес сондай – ақ сыныптан тыс жұмыста сыныптың жұмысына қатысуға деген ықыласы зор.

Функционалдық сауаттылықтың қалыптасуының теориялық негізі И.Я.Лернер – В.В.Краевскойдің мәдениет тұжырымдамасы, А.В.Хуторский, В.М.Байденко, А.А.Кузнецов, М.В.Рыжаков жасаған құзыреттілік тұрғының ережелері.

Математиканы оқыту кезінде математикалық сауаттылықтың қалыптасу технологиясының негізі Т.А.Иванованың негізгі дидактикалық бірліктерге оқыту технологиясының үйлесуі болып табылады, өзін – өзі зерттеу тәжірибесі және зерттеу қызметін ұйымдастыру технологиясы, «зерттеу» - білім берудің әлеуметтік мәдени міндетіне барабар түрде сәйкес келетін ойлау қызметінің әмбебап төрттен бір түрі [15].

Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушылардың өз мәселелерін математика сабағында және математика құралдарымен шешуге болатынын «көре білуіне» тәрбиелейді. Қоғаммен субъектіге талап етілетін, субъектпен талаптарды және үміттерді орындаудың әлеуметтік бейімделуі туралы сөз болып отыр.

Осындай оймен, біз математикаға оқытудағы функционалдық сауаттылықты оқушыны дайындаудағы жаңа сапаға қол жеткізудегі, үздіксіз білім беру жағдайында адаптивті, дамытушы, пропедевтикалық, кәсіптік бағдар, тәрбиелік қызмет, математикалық қызметке қатысуымен қатар өзін-өзі танудың, өзін – өзі оқытудың және өзін – өзі реттеу тәжірибесін қалыптастыратын қажетті жағдай ретінде қарастырамыз.
























Қорытынды


Математиканы оқытудың қолданбалылығы математика теориясы мен оның қолданбалылығының өзара тығыз байланысын, математикалық модельдерді зерттеу әдістері мен құбылыс шындығының бірлігін, математикалық әдістердің, электронды есептеу техникасының, ғылымдағы, техникадағы, өндірістегі, экономикадағы, және т.б. рөлін жүйелі ашуды көздейді.

Математиканың қолданбалылығын күшейту оқытудың мақсаты емес, математикалық аппараттың нәтижелілігін көтерудегі дидактикалық құрал болуы мүмкін. Сондықтан математикалық аппараттың моделін құру кезінде оның нәтижелілігін көтеру бірінші кезекте математиканы оқыту есептерінен және басқа пәндерді оқыту кезінде өлшеу, процестерді модельдеу іскерлігін дамыту, функционалдық және алгоритмдік көріністерді, политехникалық іскерлікті, ғылыми – материалистік көзқарасты қалыптастырудан тұрады.

Қолданбалы түрде математикаға жеке білім беру жетістіктерінің байланысын мынадай түрде көруге болады: «математикалық сауаттылық – математикалық білім – математикалық құзыреттілік – математикалық мәдениет – менталитет».

Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінде тағы бір әдіс «математикалық сауаттылық».

«Математикалық сауаттылық» ұғымын былай ашып көрсетейік: «Адамзаттың математиканың рөлін өзі өмір сүріп жатқан әлемде анықтай білу қабілеті», жақсы дәйектелген математикалық пікірлерді айту және математиканы болашақта және қазіргі уақытта мүдделі және саналы азаматтарға тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану. Математикалық сауаттылық қызметтік сипатқа ие.

Функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы сауаттылықтың - математикалық, лингвистикалық және с.с. түрлерін қалыптастыру үшін нақты оқу пәндерінің ерекшелігін есепке алуды көздейді. Сондықтан олардың мәдени контекстінде сәйкес келетін қалыптасу моделін табу қажет. Бұдан басқа оқушылардың функционалдық сауаттылығының жетістіктерін бекіту үшін құрал керек.

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы оқушылардың қызметтің яғни белгілі бір тәжірибе түріне қатысуы.





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2007.

  2. Беллман Р,. Введение в теорию матриц, Москва «Наука», 1969.

  3. Гантмахер Ф.Р., Теория матриц, Москва, «Наука», 1966.

  4. Гельфанд И.М., Лекции по линейной алгебре, Москва, «Наука», 1971.

  5. Головина Л.И., Линейная алгебра и некоторые ее приложения, Москва, «Наука», 1979.

  6. Курош А.Г., Курс высшей алгебры, Москва, «Наука», 1975.

  7. Мальцев А.И., Основы линейной алгебры, Москва, «Наука», 1970.

  8. Проскуряков И.В., Сборник задач по линейной алгебре, Москва, «Наука», 1978.

  9. Икрамов Х.Д., Задачник по линейной алгебре, Москва, «Наука», 1975.

  10. Ильин В.А., Поздняк Э.Г., Линейная алгебра, Москва, «Наука», 1974.

  11. Фаддеев Д.К., Соминский И.С., Сборник задач по высшей алгебре, Москва, «Наука», 1972.

  12. Фаддеев Д.К., Фаддева В.Н., Вычислительные методы линейной алгебры, Москва, Физматгиз, 1963.

  13. Денищува О.Л., Глазков Ю.Ф., Краснянская К.А. Проверка компетентности выпускников средней школы при оцеке образовательных достижений по математике. Математика в школе. 2008. №6. с.19-30.

  14. Гершунский Б.С. Образование как результат: грамотность – образованность – профессиональная компетентность – культура – менталитет. Москва.:1998.с.62-65.

  15. Андреева Т.И Установление меж. Предметных связей как дидактические средство повышения эффективности учебного процесса в физике: Дис.Канд.пед.наук – М., 1973-169 с.

  16. Атутов П.Р Политехнический аспект меж. Предметных связей – В сб.: Меж. предметные связи в учебно – воспитательной процессе средней обшеобразовательной школы. – М.: Просвещение, 1977 - с. 91-95.

  17. Атутов П.Р О дидактических проблемах политехнической подготовки школьников. – Советская педагогика, 1976, №1 -с. 31-39.

  18. Атутов П.Р О содержании политехнической подготовки школьников. – Советская педагогика, 1976, №5-с. 30-36.

  19. Фирсов В.В. О прикладной орентации курса математики // Углубленное изучение алгебры и начал анализа. – М,. 1993 – с.215-239.

  20. Слепкань З.И. Психолого – педагогические основы обучения математике. – Киев.: Радянськая школа, 1993 – 191 с.

  21. Кабанова – Меллер Е.И. Психология формирования знаний и навыков у школьников: Проблема приемов умственной деятельности. – М.: Изд-во АПН РСФСР, 1969 376 с.

  22. Самойлов В.С. Межпредметные связи курсов математики и физики 6 - 8 классов в системе задач по математике: Дисс...канд.пед.наук – Л., 1984.

  23. Поллак Х.О. Как мы можем научить приложениям математики // Математика в школе – 1971 - №2 – с. 90 – 93.

  24. Ахмирзаев Ахмоджан. Прикладная направленность изучения начел математического анализа в старших классах средней школы. М. 193 с.

  25. Шапиро И. М. Использование задач с практическим содержанием в обучении математике. М.: Просвещение, 1990

  26. Тихонов А.Н., Костомаров Д.П. Рассказы о прикладной математике. М.: Наука, 1974.

  27. Колягин Ю.М. и Пикан В.В. О прикладной и практической направленности обучения математике : Математика в школе. 1985. © 6.

  28. Зубова И.И. Прикладная направленность системы задач физического содержания при обучении математике в средней школе. Дис. канд. пед. наук. Орел, ОГУ, 2000 - 160 с.

  29. Возняк Г.М. Прикладные задачи в мотивации обучения // Математика в школе. 1990.-№2.-С. 9-11





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
1215
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі