жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математка сабағында ойын технологиясын қолдану.
Математка сабағында ойын технологиясын қолдану.
Қазіргі кездегі Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерін жан-жақты қалыптастырумен тығыз байланысты. Педагогика тәжірибесінде жаңа педагогикалық технологиялар қолданысқа алынды. Бұл технологиялар оқушыларды тұлға ретінде дамытуға бағытталған.
«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі оқушы - ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі олардың өз бетімен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетуге тәрбиелеу. Рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды оқушы тәрбиелеу – бүгінгі мұғалімнің басты міндеті.
Шығармашылық жұмыс жасауға қатысу, оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа, өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады. Осы дарындылықты арттыруда, шығармашылықты дамытуда ойын технологиясын үлкен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ұлтты
ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін
–дарынды да талантты ұрпақ. Әрбір ұстаз
алдындағы міндет -өзі оқытатын пәнінен
көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті
тани біліп, оқушы дарынын ашып, оған
бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу.
Оқушы бойындағы дарынын тани білу -әр
ұстаз үшін аса қажетті қасиет. Қазіргі
кезде білім беру саласында болып жатқан
ауқымды өзгерістер түрлі ынталы
бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен
жол ашуда. Бұл үшін мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал
жаңа технологияны пайдалану міндетті
деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып
мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан
мұғалімнің шығармашылық педагогикалық
әрекетін ұйымдастыруда қазіргі
педагогикалық технологияларды меңгеруінің
маңызы зор. Математика пәні сабағын
оқытуды ұйымдастыруға келсек, білім
сапасы көбіне оқыту әдістеріне тікелей
байланысты. Сабақтың қызықты өтуі
мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды
әдіс-тәсілдерін қолдану, оқыту
әдістемесімен жаңартып отыруына
байланысты. Адамзаттың
көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі
ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса
қажетті көрініс-құбылыс. Сабақта тиімді
қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің
түсіндіріп отырған материалын оқушылардың
аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті,
сапалы меңгеруіне көп әсерін тигізеді.
Өйткені, оқушылар жас ерекшеліктеріне
байланысты ойынға өте ынталы келеді.
Олар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі
қызығып орындайды. Ойын балалардың
пәнге деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырудағы басты құралы. Ойын барысында
оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы
дамиды. Ал мұғалімнің мақсаты - балаларды
ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен
қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам
мәдениетінің өзара байланысы ғылыми
түрде анықталған. Олардың тұлғаны
дамытудағы маңызы анықталған, оның
психологиялық және әлеуметтік факторлармен
келісімі жөнінде кең қарастырылуда.
Ойын
технологиялары әлі де білім беру
саласында жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық ойын түрлері педагогикалық
процесте әдістер мен тәсілдердің кең
көлемді топтарын біріктіреді, оның
жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда
нақты мақсатының қойылуымен және оның
оқу-танымдық бағыты сипатталуымен,
негізі салынған педагогикалық нәтижесіне
сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын
әдістері оқушыларды оқу қызметіне
ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері
мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады.
Ал ойын элементтері кез-келген оқушының
қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар
оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген
тапсырмаларды асқан қызығушылықпен,
белсенділікпен орындайды. Ойын
жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі
заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып,
затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін
құрастырады. Ойындар оқушылардың
шығармашылық ойлау қабілеттерін
жетілдірумен қатар, сөздік қорларын
молайтып, сауатты жазуға, ойын ойнау
барысында үйренген сөздерін айтып қана
қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын
үйренеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен
тығыз байланыста жүргізілгенде ғана
дұрыс нәтижелер береді. Ойын арқылы
оқушы нені меңгереді?
Оқушылар нақты
қызмет тәжірибесін меңгереді, тек
сырттан қарап ғана емес, өздері қатыса
отырып есептерді өз бетінше шеше білуге
үйренеді, алған білімді нақты істе
қолдана білуге мүмкіндік алады, уақытты
үнемдеуге үйренеді. Ойын нәтижесі, өз
жетістіктері, әсерлері, алған білімі,
дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен,
өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек
әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен
іздене білуге, қажетті материалдарды
іріктей білуге үйренеді. Ойын әрекеті
оқушылардың бағалы өмірінің алғашқы
күндерінен бастап-ақ маңызды. Ойынға
тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар
бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге
келтірілген тамаша тәрбие құралы деп
қарау керек. Ұлт ойындары отбасы
тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке
пәндерді оқыту барысында қосымша
материал үшін, баланың сол пәнге
қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға
болады. Математика сабағындада халқымыздың
«Бәйге», «Ханталапай», «Қыз қуу», «Асық
ату», «Аламан бәйге», «Көкпар», «Арқан
тартыс», «Ақсүйек» сияқты ойындарын
тақырыпқа сай етіп, тиімді пайдалану
оқушылардың қызығушылығын арттырып
ғана емес ұлттық ойындарымызды да
дәріптейді. Сабақта ойын түрлерін
пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін
жетілдіру жолындағы ізденістердің
маңызды бір буыны. Ойын түрлерін сабақты
пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау
кезеңдерінде, қайталау сабақтарында
пайдалануға болады. Ойын түрлерінің
материалдары сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның
құндылығы, танымдылық маңызы да арта
түседі. Ойын біріншіден, білу және
үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып,
өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін
жинақтауға көмектеседі. Математика
сабағында қолданылатын ойын түрлеріне
тоқталатын болсақ, әр сабақ тақырыбына
қарай ойынды тиімді пайдалана білудің
маңызы зор. Ойын қайталанатын болса,
жиі ойналса да оқушының қызығушылығы
жоғалады. Бірнеше ойын түріне тоқталайық.
«Нысана көздеу» ойыны. Бұл ойын 5-сыныпта математика сабағында қолдансақ болады.
Кім координаталық жазықтықта ілулі тұрған аңдардың, құстардың координаталарын дұрыс тапса сол бала сол аңды атып алады. Аңдар, құстар магниттік тақтаға магнит арқылы ілінеді, магнит нүктенің ролін атқарады. Ойын барысында қай топ көп аң немесе құстар атып алса сол топ жеңіске жетеді. Сабақ соңында координаталық жазықтыққа байланысты пысықтау сұрақтарын беріп, қайталатып болған соң шағын пікір сайыс өткізуге болады. Ойын туралы оқушының өз ойын, пікірін біліп отыру арқылы, сабақтың қалай өткенін қорытындылауға болады.
«Аукцион» сабақ . Аукцион-бәсеке сауда жүргізу. Бұл сабақты бірнеше турдан өткізуге болады. Бірінші турда кеспелердегі есепті шығарып, сұрақтарға жауап беру арқылы аукционға қатысып, қажетті заттарын ала-алады. Саудаға түсетін заттар: сызғыш, қалам, қарындаш, циркуль, дәптер, транспортир, күнделік, түрлі-түсті қағаздар. Ал, екінші турда ұпайы аз оқушылар ойыннан шығып қалады да, ұпайы жоғары екі оқушы қалады. Олар былай саудаласады. Дайын сызылған торкөзде жазылған математикалық терминді шешуге саудаласады. Мысалы, мен бұл сөзді 7 әріптен шешемін. Бәс жалғаса береді. Ең соңында 3 әріптен ашуға шешемін деген оқушыға сөздің үш әріпін ашуға рұқсат беріледі. Осылайша 3 ұпай алған оқушы жеңеді.
«Кім жылдам» ойыны. Онда сынып оқушыларына тақырыпқа сәйкес фигураларды таратып, олардың көлемін кім бұрын дұрыс есептесе ұпай қосылады. Үйге тапсырма беріліп, оқушыларға қосымша ағаштан, темірден, түсті қағаздан фигуралар моделін жасап келуге тапсырма беруге болады.
«Жаңылмаймын» ойыны. Бұл ойынды математикалық терминдерді есте сақтау үшін пайдалануға болады. Ойын шарты: 1-ден 30-ға немесе кез-келген санға дейін санау. кезінде терминді айтып, «жаңылмаймын» деп санау керек. Бұл ойынды 5 сынапта сабақта қолдануға болады.
«Сан ретін тап» ойыны. Бұл ойынд сыныпты бірнеше топқа бөліп ойнатуға болады. Топтағы оқушы санына қарай таратып, есепті шығарғанда шыққан нақыл сөзді оқытамыз.
«Баспалдақ» ойыны. Бұл ойынды деңгелік тапсырмалармен жұмыс жасағанда ойнатуға болады. Тапсырмалар бірте-бірте күрделене береді. Бұл ойынды кез-келген тақырыпқа қолдануға болады.
«Қасиетті тоғыздық» ойыны.
Төрткөзді аш бағыңа,
Кездесті қандай формула?
Айтып жібер ойланып тез,
Формула қандай болды кез – деп таңдаған торкөзде жазылған тапсырмаға сай формуланы айтқызып, жаздырамыз. Бұл ойын арқылы формуланы оңай есте сақтауға болады.
«Кім қырағы» ойыны. Оқушылардың көз алдынан бірнеше термин иемесе формула жазылған плакат өткізіледі. Содан кейін олар есте қалған сөздерді жазады. 13-15 сөз жазған оқушыларға банк 5 теңгеден , 10-12 сөз жазғандарға 4-теңгеден, ал 8-10 сөзге 3-теңгеден ақша төлейді. Ақша орнына кез-келген мадақтау түрін қолдануға болады.
Логикалық, қызықты есептер. 1)Төрт қайың қатар өсіп тұр .Әрбір қайыңда 4-4-тен алма бар.Әрбір үлкен бұтақта 4-4-тен кішкене бұтақ бар.Әр кішкене бұтақта 4-4-тен алма бар.Барлық алма саны қанша?
2)Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? Осы тәріздес ойындар арқылы оқушыларды сергітіп, қызықтыра түсуге, ойлануға, өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауға талпынтуға болады.
«Білім биржасы» іскерлік ойын сабағы. Коммерциялық Математикалық Банк(КМБ) керек. Бұл банкте сіздер тапсырмаларды орындағанда мадақтау ретінде беретін менің ақшам бар, бірақ ол аз. Сондықтан демеушілік жасап, өз есебіңізден банкке бір теңге салуыңызды сұраймын (әр оқушыға 5 теңгеден беріп қойдым). Банкте жұмысты бастау үшін қажетті қаржы бар. Банк өз жұмысын бағасы 1 теңге тұратын лотерея сатудан бастайды. Сондықтан барлығымыз бір-бір лотерея билетін (лотерея деп отырғанымыз деңгейлеп есептер жазылған карточкалар) сатып аламыз, олардың арасында бақытты билеттер болуыда мүмкін. Егер сіздер сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер, ақшаларыңыз қайтарылады, олай болмаса ақша банкте қалады. Ең қиын есептерді шығарған оқушыға банк қосымша ақша төлейді. Соңында оқытушы қорытындысын шығарады. Бұл ойынды тарауды қорытындылау сабағында ойнатуға болады.
Брейн – ринг ойыны. Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Дөңгелек алты бөлікке бөлінген. Әр бөлік түрлі түске боялаған және нөмірленген. Түске сәйкес кеспеге тапсырмалар жазылған. Кубикті лақтырғанда түскен санға сәйкес бөлік түсіне келетін кеспедегі тапсырма орындалады. Барлық топ бірдей жұмыс жасайды. Бірінші орындаған топ жауап береді, толық болмаса қалғандары толықтырып ұпайды алады. Осылайша математикада кез-келген ойын түрін ойнатуға болады.
Ойын технологиялары- оқу-тәрбие міндеттерінің шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер. Дәстүрлі сабақтарға қарағанда ойын технологиясын қолдану арқылы жүргізілген сабақтар арқылы балалар сапалы және терең білімге жететінін анықталған. Ойынды ойната отырып, берілген тапсырмаларды оңайлату арқылы баланың өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыруға, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттыруға, сөздік қорларын молайтуға болады.
Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиеледі. Ойынның ұжымдық сипаты жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болуына көп көмегін тигізеді. Ұжымдық ойындарда оқушы жолдастықтың, көпшілдіктің, жанашырлықтың мәні неде екенін түсіне бастады. Өзінің бойындағы тартыншақтық, менмендік. өкпешілдік, қыңырлық сияқты мінез-қылықтарынан ұялып, одан арыла бастайды. Осылайша ойындарда оқушының жақсы қабілеттері жетіледі. Кей оқушылар өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, енді бірі табанды, жігерлі екендігін аңғарады. Ұжымдық ойындар оқушының моральдық, эстетикалық сезімдердің қалыптасуына да әсер етті. Ойын оқушының алдында өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда : «Ойынсыз ақыл- ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттіке,батылдыққа, шапшаңдыққа,ептілікке, тапқырлыққа, байсалдылыққа үйрететін-осы ойын». Қорыты келгенде, «ойын» түрлерін пайдалану біріншіден, баланың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
А.Жақыпбекова «Көкпар» зерделілер сайысы. «Математика және физика» журналы, №5, 2004ж, 60 бет.
А.Жалиева «Білім биржасы» іскерлік ойын сабағы. «Математика және физика» журналы, №5, 2004ж, 43 бет.
Ғ.Кибашова «координаталары бойынша нүкте салу», «Математика және физика» журналы, №6, 2004ж, 48 бет.
М.Игембаева «Математикалық КТК сайысы», «Математика және физика» журналы.
Г.Құбаева «сабақ барысында ойын түрлерін пайдалану». «Математика және физика» журналы.
Д.Жайлиева «Ғажайып математика кеші». «Математика және физика» журналы.
Н.Әшімханова «Ойын түрінде өткізілген сабақ». «Математика және физика» журналы.
«Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру».

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген