400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Материалды таңдау және дайындау. Жұмысты орындау реттілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: К.Қасымов аындағы шағын орталықты орта мектеп

Күні: 20.02.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Қарлықаш Қанағатқызы

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 7

Қатыспағандар саны: 0


Сабақ тақырыбы

Материалды таңдау және дайындау. Жұмысты орындау реттілігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.4.1- Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау.

6.1.4.2-Материалдық шығынды анықтау (сандық көрсеткіштер)

Сабақ мақсаттары

  • Өлшем алуды білу

  • Бұйымға кететін матаны таңдау

  • Жұмыстың орындалу реттілігін білу

Бағалау критерийлері

  • Бұйым орындау үшін өлшемді дұрыс алады;

  • Матаға таңдай алады, шығының есептей алады

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Алжапқыш – фартук – apron

Диалог пен жазуүшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен өз алжапқышымды -----------

Құндылықтарды дарыту

Осы сабақта балалардың бойына еңбек, шығармашылық, құрмет құндылықтарын дарыту практикалық тапсырмалар орындау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Математика – есеп жүргізу,

АКТ қолдану дағдылары

Мәлімет іздеу мен шабыт, идея дамыту үшін интернет желісін қолдану.

Бастапқы білім


Үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу

«Найзағай жарқылы» әдісі арқылы ширату жаттығуын жасау.

  1. Асүйдегі тоқыма бұйымдарын ата?

  2. Асүйдегі тоқыма бұйымның дизайны неге байланысты болуы мүмкін?

  3. Асүйдегі тоқыма бұйымдар не үшін қолданылады?

  4. «Алжапқыш» сөзін үш тілде айту

  5. Үйлеріңде қандай тоқыма бұйымдар бар? Олардың дизайны қандай?

  6. Тұтқыш пен төсем не үшін қажет?

  7. Асханалық қолғаптың қызметі қандай?



«Найзағай жарқылы» әдісі







Сабақтың ортасы



«Бейнеролик» көрсету (алжапқыш модельдері)

-Алжапқыш тігу үшін бізге не қажет? (мата, өлшем, сызба))

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Материалды таңдау және дайындау. Жұмыстың орындалу реттілігі

Сабақтың мақсаты:

-Өлшем алуды білу

-Бұйымға кететін матаны таңдау

-Жұмыстың орындалу реттілігін білу


«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы топтық жұмыс

(смайликтер арқылы топқа бөліну)

І топ: Алжапқышқа арналған мата туралы сипаттама беру

ІІ топ: Өлшем алу ережесі туралы мәлімет беру

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.


Сарамандық жұмыс: Өлшемді қалай алу керектігін түсіндіру.

Кез келген бұйымды дайындау үшін оның сызбасын жасау керек. Ал сызбаны дайындау үшін адам денесінің өлшемін алу қажет. Алжапқышты тікпес үшін бұрын оның сызбасын құрастырып үлгі дайындайды.  Ол үшін  адам денесінің өлшем бірлігінің сантиметрлік таспамен түсіріп алады. Өлшемді дұрыс түсіру үшін дене бітімінің орналасуын білу керек және мынаны ескеру керек.
—   Өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді. Белін алдын ала жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам тік тұру керек. Өлшемді сантиметрлік таспамен түсіреді. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе босаңсытуға болмайды, айналым мен ен өлшемдерін жартылай жазады.
Кеуденің жоғарғы тұсы – кеуде енінің сызығы.
Белдің төменгі шеті – бел сызығы алжапқыштың ең төменгі бөлігі бұйымның төмен бөлігі жағындағы сызық.


Өлшем алу тәсілін көрсету.

Жеке тапсырма: сарамандық жұмыс: Өлшем алу.

Оқушылар бір-бірінің өлшемін алып, өлшемдерін дәптерлеріне жазады.

Жұмыстың орындалу реттілігі:

Мата таңдау

Өлшем алу



Дескрипторлар:

  1. Өлшем алудың ережесін сақтайды;

  2. Өлшем белгілерін дәптеріне жазады.

  3. Жұмыстың орындалу реттілігін анықтау


Бағалау: «Басбармақ» әдісі

Бейне ролик













«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

Формат, фламастр, түсті қағаздар







См . таспа





















Сабақтың соңы

«Алжапқыштың» суреттері сұрағымен:

Үй тоқыма бұйымдарын тігуге арналған мата қандай болуы тиіс?

ЖБа және ЖМа өлшемдері неліктен жартылай өлшемде жазылады?

Кері байланыс:

Үйге тапсырма:

Сызба қағазы, мата әкелу §24 66-бет


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты біроқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу арқылы жүзеге асады.


Оқушылардың орындаған практикалық тапсымалары, сұрақ жауабы, өз ойын негіздеп айтуы нәтижелері бойынша бағаланады.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы

Сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыт утуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Оқу ісінің меңгерушісі:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
1155
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі