жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Материалдық жауапкершілік туралы шарт түсінігі
Материалдық жауапкершілік туралы шарт түсінігі
Материалдық жауапкершілік туралы шарт - толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттар кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен сақтаумен, өңдеумен, сатумен, тасымалдаумен тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе оларға берілген құндылықтарды өндіріс процесінде пайдаланумен айналысатын қызметкерлердің (18 жасқа толған) арасында жасалуы мүмкін. Мұндай лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың үлгілері заңмен немесе жұмыс берушінің норматвтік актілерімен белгілеген тәртіппен бекітіледі.
Сақтаумен, өңдеумен, сатумен, тасымалдаумен тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын өндіріс процесінде пайдаланумен байланысты, әр бір қызметкерге материалдық жауапкершілікті бөліп беру немесе олармен материалдық жауапкершілікті туралы шартты жасау мүмкін болмағанда, жұмыстардың жекелеген түрлерін қызметкерлер бірлесіп орындаған кезде ұжымдық материалдық жауапкершілік енгізіледі. Құжат мәтіні күрделі, мұрағатта 75 жыл сақталады. Құжатты мекеме басшысы мен материалдық жауапкершілігі бар қызметкер бекітеді.
Ұжымдық материалдық жауапкершілікті кәсіпорын ұжымының тиісті сайлау органымен келісім бойынша кәсіпорынның әкімшілігі белгілейді. Ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарт кәсіпорын мен ұжымның сеніп тапсырылған құндылықтарға тікелей қатысы бар барлық мүшелері арасында жасалады (ортақ жауапкершілік).
Шарт
үлгісі
(кәсіпорынның атауы) тиісті материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында бұдан әрі «Әкімшілік» деп аталатын кәсіпорын атынан __________________________________ (лауазымы, аты-жөні) және бұдан әрі жұмысшы деп аталатын екінші тараптың атынанан _________________ (лауазымы, аты-жөні) төмендегі мәселелер жөнінде осы шартты жасасты: 1. Қызметкер___________________________________________________________ лауазымы__________________________________________________________________ немесе атқаратын қызметі____________________________________________________ (қызметтің аты) __________________________________________________________________________ (оған тапсырылған құндылықтарды сақтау, өңдеу, сату, тасымалдау) _________________________________________________________________________________________ (немесе өндіріс үрдісінде пайдалануы) байланысты өзінің жауапкершілігіне алған құндылықтарды сақтауды жүзеге асыруға: - оның жауапкершілігіне берілген материалдық құндылықтарды сақтауға немесе басқа да құндылықтарды жоғалып-бұзылудан сақтау үшін шаралар қолдануға;
2. Әкімшілік: сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қызметкерге қажетті жағдай жасауға;
(лауазымы, аты-жөні, қолы, заңды тұлғаның мөрі, күні)
|
1-жаттығу. Төмендегі
сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз
Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттар кімдердің арасында жасалуы мүмкін?
Мұндай лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың үлгілері немен және қалай бекітіледі?
Ұжымдық-материалдық (бригада) жауапкершілік деген не?
Ұжымдық материалдық жауапкершілік қандай жағдайларда енгізіледі?
Ұжымдық материалдық жауапкершілікті кімдер белгілейді?
2-жаттығу. Мәтіннен іс жүргізуге қатысты сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
3-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз
Әкімшілік сеніп (тапсырма, тапсырылған, тапсыртқыз, тапсырылды) материалдық құндылықтардың толық сақталуын қамтамасыз (етпеу, ету, етіп, еткен, етсе) үшін қызметкерге қажетті жағдай (жасамауға, жасауға, жасауды, жасауда, жасаудың) міндетті. Егер қызметкердің кінәсінен оған сеніп тапсырылған материалдық (құндылықтарға, құндылықтардың, құндылықтармен, құндылықтарда) сақталуы қамтамасыз етілмесе және ол (кәсіпорынның, кәсіпорынға, кәсіпорынды, кәсіпорынмен) қызметіне (зиянның, зиянын, зияның, зияны, зиянына) тигізсе, онда қызметкер белгіленген заңдарда көрсетілген тәртіп бойынша оның орнын (толтырып, толтырмайды, толтырыпты, толтырады, толтырған). Егер шығын қызметкердің (кінәсімен, кінәсінен, кінәсінде, кінәсінің, кінәсіне) болмаса, онда қызметкер материалдық (жауапкершіліктің, жауапкершілікте, жауапкершілікпен, жауапкер-шіліктер, жауапкершіліктен) болмайды.
4-жаттығу. «Материалдық» деген сөзбен сөзжұмбақ құрастырыңыз.
5-жаттығу. Тест тапсырмалары:
1. Толық материалдық жауапкершілік туралы шартты кімдер белгілейді?
А) кәсіпорынның қызметкерлері
В) кәсіпорынның әкімшілігі
С)
сот
D) жеке тұлға
Е) конституци
2. Кәсіпорын мен ұжымның сеніп тапсырылған құндылықтарға тікелей қатысы бар барлық мүшелері арасында жасалған шарт қандай шарт болып табылады?
А) Жеке еңбек шарты
В) Ұжымдық еңбек шарты
С) Ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарт
D) уақытша шарт
Е) жалған шарт
3. Мақсатты келер шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) торпақ
В)
жасамақ
С) қармақ
D) бас бармақ
Е) тармақ
4. Сөзге қате жалғанған жұрнақты табыңыз
А) көрмек
В) кетбек
С) айтпақ
D) барған
Е) келіп
5. «Құндылық» сөзінің орыс тіліндегі баламасын табыңыз.
А) ответсвенность
В) безопасность
С) ценность
D) законность
Е) правопорядок

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген