400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Материктердің табиғат зоналары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Физика патшалығы.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың физика пәнінен білім дәрежелерін жетілдіре түсу.

2. Оқушыларды формулаға, есеп шығаруға, құрал жабдықтармен жұмыс істеуге белсенділігін арттыру.

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ.

Сабақтың барысы:

1. Физика патшалығына саяхат білім сайыс сабағын ашу.

2. Топ аттары жарияланады.

3. «Бәйге» ойыны.

4. Зертхана қаласы.

5. Есептер жинағы.

6. Жұмбақ шешу.

7. «Кім көп формула біледі?»

8. «Қызықты физика» тәжірибелік жұмыс.

Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем.

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем

Бүгінде физика барлық жерде

Құрылыста, техникада, өндірісте

Сырларын бұл ғылымның игеріңдер

Шәкірттер, ынта қойып үйреніңдер!

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп, бүгінгі «Бәйге» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

3. «Бәйге» ойыны.

І топ:

1. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген? (диффузия)

2. Физиканың «Бірінші ұстазы» кім? (Аристотель)

3. Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал (телескоп)

4. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)

5. Заттың ең ұсақ бөлшегі (Молекула)

6. Судың көлемін өлшейтін құрал (мензурка)

7. Табиғатты зерттейтін ғылым (Физика)

8. Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп)

9. Ең кішкентай заряд (электрон)

10. Инерция құбылысын кім ашты (Галилей)

11. Қандай жолмен адам еш уақытта жүре алмайды (құс жолымен)

12. Елеуішпен су әкелуге болады ма (болады егер қар немесе мөз болса)

13. Ньютон заңының ашуына себеп болған не (алма)

14. Кім барлық тілде сөйлейді (жаңғырық)

15.Ашық ыдыстағы су неге азаяды (буланады)

ІІ топ:

1. Массаны өлшейтін құрал? (таразы)

2. Тығыздықтың өлшем бірлігі (кг/м3)

3. Күн жүйесінің моделін жасаған кім? (Коперник)

4. Ең бірінші қазақ ғарышкері? (Т.Әубәкіров)

5. Әтір иісі бөлмеге қандай құбылыстың әсерінен тарайды? (диффузия)

6. Молекуланың үздіксіз, ретсіз қозғалысы (диффузия)

7. Итальян ғалымы (Галилей)

8. Заттың үш күйінің бірі (Газ)

9. Аттас зарядтар бір – біріне тартылама (жоқ тебіледі)

10. Табиғат зерттеудің негізгі үш әдісі (бақылау, эксперимент, теория)

11. Македонский заманында уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіш болған не (тауық)

12. Теңізде қандай тастар болмайды (құрғақ)

13. Жазуға болатын химиялық элемент (бор)

14. Қандай ыдысқа су құйылмайды (су толы ыдысқа)

15. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды ол не (сабақ)

4. Зертхана қаласы.

Бұл қаланың ішіне физикалық құрал жабдықтар зертханалық құрылғылар қойылады.Құрылғының атауын және жұмыс істеу қызметін айту керек. Әр командаға тілек, табыс тілейміз деген жазулармен жабдықталған. Топ мүшелеріне сұрақтар жазылып қойылған.

  1. Мензурка

  2. Амперметр

  3. Вольтметр

  4. Токкөзі

  5. Метроном

  6. Тұрғы

  7. Каллориметр

  8. Реостат

  9. Паскаль шары

  10. Камертон

5. Есептер жинағы.

І топ.

1. Массасы 60 кг жүргізуші 200 см/с2 үдеумен қозғалған автомобиль орындығының арқасын қысатын күші 0,12кН

2. Массасы 3 кг дененің Жер бетінен 1 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы (g = 10м/с2)

ІІ топ.

1. 4 Н күштің әсерінен 0,5 м/с2 үдеу алған дененің массасы 8 кг.

2. Массасы 3 кг еркін түсіп келе жатқан дененің Жер бетінен 3 м қашықтықтағы потенциялдық энергиясы (g = 10м/с2)





6. Жұмбақ шешу. 2 ұпай

Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді.

  1. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)


  1. Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)


  1. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)


  1. Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)


  1. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)


  1. Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)


  1. Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым)


  1. Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса)





7. «Кім көп формула біледі?» 1 ұпай

Екі топ бөлек қағазға формула жазады. Уақыт беріледі.

8. «Қызықты физика» тәжірибелік жұмыс.

1. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге? (Атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді)

2. А4 2 қағазы керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп, бір уақытта жіберіп қаламыз. Не байқауға болады?

3. Пластмассалық баклашканы бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз да ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда су тесіктерден әртүрлі қашықтыққа ағады. Неліктен? (Сұйықтардың әртүрлі деңгейдегі қысымдары әртүрлі болады, төмендеген сайын қысым артады)
4. Суға: картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. Сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, балқуы, қалқуын)

9. Қорытынды:

Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой.

Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,

Артыңнан қалмайды екен тірі де ол.

Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,

Ғарыштың кемелері, атылған тас.

Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,

Бәрінің бағынары физика ғой! – дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз. Топтарды марапаттау.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қаңтар
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі