жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Материя және сана
«Материя және сана»
Макулбекова Акерке Макулбековна
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің тарих пәнінің оқытушысы
Тақырыбы: «Материя және сана»
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: пікір-талас, сұрақ-жауап, баяндау.өз бетінше іздену
Мақсаты:
Білімділік Студенттерге материяның мәні туралы түсінік беру, Дамытушылық: Студенттердің танымдық іс әрекетін жандандыру,білімге деген қызығушылығын аттыру,жан-жақты ой өрісін кеңейту,ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді отансүйгіштік рухқа баулып,адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Қоғамтану, Тарих, Мәдениеттану.т,б.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, Материяның құрлымы кестелер, тест тапсырмалары,сөзжұмбақ.
Сабақты өткізу барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу
б) студенттерді түгендеу
в) студенттердің назарын сабаққа аудару
г) дәрісхана тазалығына көңіл бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Филисофияның үш ірі ошағы?
Дүниетаным дүниеге көзқарас дегеніміз не?
Даосизм ілімінің негізін қалаушы кім?.
Легистердің негізгі өкілдері?
Кун-фу-цзының ілімінше?
Мифологиялық дүниетаным дегеніміз не?
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары
Философияның басты ерекшелігі.
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын жариялау:
Материяның түрлері
Болмыстың негізгі түрлері
Кеңістік және уақыт
ІҮ. Тірек білімді жандандыру:
1. Материя дегеніміз не?
2. Сана дегеніміз не?
3. Сана мен тілдің байланысы бар ма?
Ү.Жаңа тақырыпқа ынталандыру:
Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдық тәжірбиенің жалпы мәдениеттің көрінісі. Материя деген терминді қолданбаған бірде-бір философиялық мектеп немесе бірде-бір философ жоқ.Адам ең алдымен саналы жан иесі, ол өзінің ақыл-ойымен, санасымен қорытып, мақсатты іс тындырады, арман-мұратына жетуге ұмтылады.
ҮІ. Жаңа білімді игерту:
1-ші сұрақ бойынша кестемен және дәріс жазумен баяндалады.
Материя дегеніміз- адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сәулесі түсетін объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория.Материя қозғалысының негізгі формалары: механикалық, физикалық, химиялық,биологиялық, әлеуметтік.Ұзақ тарихи замандарынан бері адамзат ойы материяны зат деп түсінді, яғни материя дегеніміз – зат. Бірақ заттардың сан алуан түрлері бар. Жансыз зат, жанды зат.Ежелгі грек философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір зат деген көзқарас болған.
Материяның түрлері: зат пен өріс,метагалактика мен биосфера.Материяның алуан түрлілігінің шексіздігін мынандай факті көрсетеді: материя тек зат түрінде ғана емес, сонымен қатар өріс түрінде де (электромагнит өрісі, ядро өрісі, тартылыс өрісі) өмір сүреді.Материяның осы негізгі екі түрі өзара тығыз байланысты және өзара бір-біріне айналып тұруға қабілетті келеді.
Материяның құрылымы
(зат)
Микроденелер
|
Элементарлық бөлшектер,атомдар, Молекулалар,плазма |
Ақ уыз денелер Нуклейндік Қышқылдар Микроденелер (вирустар,микробтар, Бактериялар) |
|
Макроденелер
|
Газтәріздес, Сұйық,қатты |
Бір жасушалы денелер,көпжасушалы денелер,өсімдіктер. Тірі организмдер. Биосфера. |
Адамдар.Қоғам. Әлеуметтік сфера. Техносфера. Жасанды табиғат.Неосфера. |
Мегаденелер
|
Жер-геосфера.Аспан денелері,жұлдыздар, галактикалар |
|
|
Мегаденелер жүйесі
|
Метагалактика |
|
|
Материя құрылымы
Электро-магниттік(квантфотондар)
|
Тартылыс |
Ядролық(квант-фотондар)
|
Электрондық-позитрондық |
2-ші сұрақ бойынша болмыстың негізгі түрлерін тақтада көрсетілген плакат пен түсіндіремін.Жеке-жеке әрқайсына тоқталамын.
Болмыс –тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым.Философия тарихында таза болмысты абсолюттік ақиқат ретінде алғаш жария етіп,дәлелдеуге тырысқан Парменид (б.д.д ҮІ-Үғ) болатын. Оның айтуынша дүниеде болмыс қана бар, одан басқа ешнәрсе жоқ, болмыс біртұтас, жіктелмеген, бөлектенбеген.Болмыс категориясы, философиның басқа категориялары сияқты дүние мен оның нақты көріністерінің өзара байланыстарын, бірлігін далдап, қарастыруға мүмкіндік береді.
Болмыстың негізгі түрлері:
Заттар процестер болмысы:
а) бірінші табиғат
б) екінші табиғат
2. Адам болмысы.
а) заттар дүниесіндегі адам болмысы;
б) адамның өзіндік болмысы
3. Рухани болмыс:
а) жеке адамның рухани болмысы
б) қоғамның рухани болмысы
4. Әлеуметтік болмыс;
а) қоғамдағы және тарих процесіндегі
жекелеген адам болмысы
б) қоғам болмысы
Болмыс мәселесінің үш қыры мен сыры бар.Болмыстың бірінші қыры мен сыры мынандай сұрақтар мен жауаптар тізбегіне келіп тіреледі.Дүние болмысы мен жеке заттардан құралатын нәрселердің болмысының арасында айырмашылық бар.Дүниенің өмір сүруінде ажырамас бірлік, әмбебап тұтастық тұнып тұр.
Болмыстың екінші қыры: табиғат,қоғам,адам,ойлар, идеялар-бәрі де, тұтас алғанда, тең өмір сүреді.Әрбір жекелеген адамның өмір қызметі-басқа адамдар үшін және өзі үшін де іс жүзіндегі нақтылы шындық.Адамдардың санасы, ақыл ойы, көңіл күйі, ішкі сезімі-бәрі де болмыс.
Болмыстың үшінші қыры-дүниеде өмір сүретіннің бәрі-нақты шындық, бұл шындықтың өмір сүруінің, дамуының іштей логикасы бар,ол адам санасынан нақты түрде бейнесін таба алады.Адамдар сол нақты шындықпен санаспаған кезде,шындық оларға қарсылығын көрсетеді.
3-ші сұрақ бойынша
Материя үшін заттық форма оның негізі емес,негізгі форма-қозғалыс. Бұл қорытынды тек адамның дүниеде болу фориасына емес,ол жалпы болмыстың барлық формаларына қатысты. Материя үнемі қозғалыста болады.Болмыстың ішкі табиғаты-қозғалыс.Қозғалыс табиғаттағы ,қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды.
Материяның қозғалыстан шығатын келесі негізгі формалары-кеңістік пен уақыт.Кеңістік – қозғалыстың әр сәттігі орналасу қалпы.. Кеңістік пен уақыт материя қозғалысының сандық айқындығы. Кеңістік деген ұғым материалдық объектілердің қатар өмір сүруін және олардың өзара орналасуын білдіреді. Оның өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі. Бұл өлшем тек заттың формаға ғана тән емес, процестерге тән.
Уақыт-қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің бір-бірінен ұласу формасы.Уақыт деген ұғым материалдық процестердің бірінен соң бірінен соң бірінен кездесіп келуін, заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзақтығын білдіреді. Жеке адам санасы болсын, қоғамдық сана болсын ондағы кеңістік және уақыт туралы категория әлеуметтік кеңістік, әлеуметтік уақыттың нәтижесі.
Кеңістік-материялық объектілердің қатар өмір сүруін және олардың өзара орналасуын білдіреді. |
Кеңістік
|
Уақыт- қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің бірінен- бірі туындап ұласу формасы |
Уақыт
|
Дүниедегі ең ғажап, керемет құбылыс- адамның рухани дүниесі, сана, ой. Сана бейнелеудің қасиеті . Бейнелеу жалпы материяның қасиеті. Сана дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді., қолдан жасайды. Сана ең жоғарғы ұйымдасқан материя. Сана адамның бар-жоғын, бүкіл болмысын айғақтайтын , оның өмір сүруінің бөлінбес бөлшегі болып біте қабысқан жемісі болып табылады. Адамда бес түрлі сезім мүшесі бар: көру, есту, иіскеу, дәм сезу және тері түйсігі. Бес сезім мүшесі арқылы келген хабарды сезімдік бейнелеу дейміз. Қазіргі философтар бүкіл философия мен ғылымның даму тарихынан қорытынды жасай отырып, сананы тек адамға ғана тән, оның жоғарғы дамыған орталық жүйке жүйесінің, яғни миының қызметіне тікелей байланысты, күрделі құрылымы бар ерекше феномен деп санайды
ҮІ. Жаңа білімді бекіту:
1.Сұрақтартар қою арқылы бекіту.
1.Болмыстың негізгі түрлерін атаңдар?
2. Сананың пайда болуының маңызы?.
3. Адамның бес түрлі сезім мүшелерін ата.?
4. Материяның түрлерін атаңдар?
2.Сөзжұмбақ арқылы тексеру
ҮІІ: Білімді игеру дәрежесін тексеру: 4-нұсқадағы құрамдас тест арқылы.
ҮІІІ. Қорытындылау, бағалау: Білімгерлердің сабақ барысында берген жауаптары мен бекіту кезеңіндегі тесттің жауаптары бойынша бағалау.
Білімгерлер тесті орындап болған соң, бір-бірінің тестерін тақтаға жазылған жауаптар арқылы тексеріледі.
Үй тапсырмасы:Тақырыпты оқу,мазмұндау.
Пайдаланылған әдебиеттер: Г.А. Кактаева «Философия негіздері»
Г.Боженов «Основы философий»
Жоспарды құрған оқытушы: Мақұлбекова А.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген