400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

MATHCAD БАҒДАРЛАМАСЫН ПАЙДАЛАНЫП ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Физиканы оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану - ол оқу материалдарын демонстрацияланған, сонымен бірге, теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба –тәсілдер арқылы толықтырып, оны көзбен көріп, түйсініп, бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

MathCad БАҒДАРЛАМАСЫН ПАЙДАЛАНЫП ФИЗИКА есептерін шығару

Саурова К.С. магистр, аға оқытушы,

Алматы энергетика және байланыс университеті

Бүгінгі таңда компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми мәселелердi шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педогогикалық мәселенiң бiрi-оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамту болып табылады.

Компьютерлік модельдеу – студенттердің танымдылығын, оқытушыларға жоғарғы деңгейде физиканы оқыту мүмкіншіліктерін арттырады. Көркемділік, құбылыс параметрлерін өзгерту мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды және процесстерді көрсету мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды зерттеу мүмкіншіліктері және т.б. сондай-ақ, студенттер модель параметрлерін өз еркінше өзгерту мүмкіншілігін алады [1].

Компьютерлік модельді пайдаланып есептер шығару, студенттердің өздігінен дамуына көмектеседі, өз бетінше есептерді шығаруға, сонымен бірге, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен бірге сабақты қызықты жүргізуге, қызықты материалдармен олардың көңіл күйін аулауға, олардың жоғарғы деңгейдегі жұмыс қабілеттіктерін көрсетеді. Сабақты бұлай жүргізу студенттердің танымдық мотивациясын ұстану әрекетін, үлгерімін жоғарылатуға тек кана жақсы әсерін тигізеді.

Физика пәнін оқытудағы негізгі элемент есептерді шығару болып табылады. Есеп шығару барысында студенттер физикалық заңдарды және формулаларды, олардың қайда және қалай қолданылуын, олардың негіздерін, қарастырылып отырған физикалық құбылыстарды тереңірек түсінеді. Есеп шығару студенттердің қорытынды жасауға қабілеттіліктерін дамытады, студенттердің қойылған сұрақтарға жауап табуға және оларды талқылауды үйренеді [2].

Физика курсын физикалық есептерді шығармай меңгеру мүмкін емес. Негізінен оқытушылардың көбісі физикалық есептерді шығаруға көп көңіл бөледі. Мәселен физикалық есептерді шығаруда компьютерлік модельді пайдалану студенттердің қызығушылығын арттыратындығын, сонымен бірге білім сапасының, біліктілігін арттыратындығы өз тәжірибемнен белгілі.

Физиканы оқытудағы негізгі мақсаттың бірі – физикалық есептерді шығаруға үйрету, оқытушылар үшін бірден бір қиын мәселе болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін оқытушы студенттерді қызықтыра білуі қажет, яғни оларда осы немесе басқа есептерді шығаруға деген нақты мотивациясы пайда болуы қажет. Осы мәселені шешудің бірден бір әдісі физикалық есептерді шығаруда компьютерлік модельді пайдалану болып табылады [3].

Компьютерлік модельдеу – студенттердің танымдылығын, оқытушыларға жоғарғы деңгейде физиканы оқыту мүмкіншіліктерін арттырады. Көркемділік, құбылыс параметрлерін өзгерту мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды және процесстерді көрсету мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды зерттеу мүмкіншіліктері және т.б. сондай-ақ, студенттер модель параметрлерін өз еркінше өзгерту мүмкіншілігін алады. Сонымен бірге, компьютерлік модельдеу сабаққа дайындалу уақытын әлдеқайда үнемдейді.

Қазіргі заманғы дербес компьютер бірнеше секундта күрделі теңдеулер жүйесін шешуге, қарастырылып жатқан тәуелділіктің графигін турғызуға, жүргізілетін тәжірибені моделдеуге мүмкіндік береді. Мұндай программалар арқылы студенттер физикалық құбылыстардың моделін, табиғи құбылыстарды өз бетімен танып білу, творчестволық ойлау жүйесін дамытуға үйретеді [4] .

Соның бірі MathCad – математикалық мағынаға бағытталған, әмбебап пакеті. Мұнда есептеулермен қатар қиындықпен шешілетін күрделі есептерді тез шешуге мүмкіндік береді. MathCad пакеті символдық есептеулерді, алгебралық және диффренциялдық теңдеулерді, векторлық және матрицалық операцияларды, график салуды, ғылыми инженерлік есептеулерде өте қолайлы.

Бұл пакеттің математикалық стандартты үш өлшемді кескін алу ерекшелігі болып табылады, яғни экран бетінде есептер үш өлшемді кескін арқылы көрсетіледі. Программаны қолдану үшін қайсыбір командалар үйрену қажеті жоқ. MathCad пакетімен бөлек командалар қолданбай-ақ визуалды кескін алуға болады.

Студенттерге санды әдісті уйрету үшін осы программаны тандағанының басты себептері мынада: пакеттің оңай игерілуі, интерфейстің жеңілдігі.

MathCAD құрамына бірнеше интегралдық жүйе компоненттері кіреді:

  • мәтін ендіру, редакциялау және форматтауға мүмкіндік беретін қуатты математикалық (физикалық) өрнектер;

  • енгізген формулалар бойынша кірістірілген сандық әдістерді қолданатын есептеулер.


Сурет 1 – Парабола көрінісі


Бұл компоненттер арқылы әртүрлі физикалық есептеулердің нәтижелерін тез көру мүмкіндігін береді. Физикалық функциялар тұрғызуды жеңілдететін MathCad пакетінің төмендегідей мүмкіндіктері бар:

  • тізбекті және тізбексіз есептеулерді, сандық және символдық түрде тиімді етіп шешу;

  • екіретті және үшретті графиктерді салу;

  • соған сәйкес компьютер экранында бақылау;

  • символдық шектеулерді сандық және символдық немесе дифференцианалдық және интегралдық есептеу;

  • жоғары және төмен нүктелерін іздеу және т.б.



Сурет 2 – Екі ретті және үш ретті графиктердің көрінісі


Жалпы физика курсында әртүрлі есеп түрлерін MathCAD пакетінің көмегімен шығаруға болады. Мысалы, гармоникалық есептеулерде дыбыс тембрлерін, сонымен қатар онда дыбыстың сипаттамасын көрсетеді. Дыбыс обертоны ол басты жиіліктегі дыбыс толқындарынын тербелісі. Гармоникалық, синусоидалық тербелiсті қалай есептеу керек екенін студенттер өздері ойланады. Бұл шешімді «пилобейнелі» және еселi жиiлiктерi бар синусоидаларды MathСad пакеті арқылы табуға болады. Еселi жиiлiктерi бар гармоникалық пропорциясына қойып, керек формадағы тербелiстi табуға болатындығын айқын көруге болады. Тербеліс саны қаншалықты көп болса, дұрыс форманы сонша анық көруге болады. Есеп мағынасын сапалы деңгейде түсінгеннен кейін студенттердің есептерді шығаруға деген нақты мотивациясы пайда болады. MathСad пакетінің қолдану аясын келесі түрде көрсетуге болады.


Сурет 3 – Үш өлшемді жазықтық көрінісі


MathСad пакетінің көмегімен барлық керекті интегралдық есептеулерді алуға болады. MathСad пакетінің қолдану аясын келесі түрде көрсетуге болады.

Уақыттың өтуiмен байланысты қайталанып отыратын процесстердi тербелiстер деп атайды. Қайталанатын құбылыстың табиғатына байланысты тербелiстер әртүрлi, мысалы, механикалық, электрлiк т.с.с. болуы мүмкiн. Егер тербелiстер бiрдей уақыт аралығында қайталанатын болса, онда ондай тербелiстердi периодты тербелiстер деп атайды. Тербелiстiң қайталану уақытын тербелiс периоды деп атап, Т әрiпiмен белгiлейдi. Тербелiстiң ν жиiлiгi деп бiрлiк уақыт мезетiнде жасалатын толық тербелiстердiң санын айтады, яғни

Ал тербелiстiң ω циклдiк жиiлiгi ретiнде 2π уақыт бiрлiгiндегi жасалынатын тербелiстердiң саны алынады, яғни

Периодты тербелiстiң қарапайым мысалы гармониялық тербелiстер.

Гармониялық тербелiс кезiнде оны сипаттайтын физикалық шамалар синус немесе косинус функцияларымен анықталатындай болып өзгередi, яғни

x=Acos(ωt+φ0) (9.3)

мұндағы х - өзгеретiн физикалық шама. Тербелiстегi жүйенiң тепе-теңдiк қалыпынан ауытқуының ең үлкен мәнiн беретiн А шамасы тербелiс амплитудасы деп аталады. Ал (ωt+φ0) – тербелiс фазасы, ω - циклдiк жиiлiк, φ0- бастапқы фаза.



Сурет 4 – Синусоидалы тербелiс көрінісі


Егер жүйеге сырттан қандай да бiр әсер болмай, ол тек iшкi себептердiң салдарынан тербелетiн болса, ондай тербелiстi еркiн тербелiстер деп атайды.

Табиғатта, әсiресе әртүрлi техникалық құралдарда жиi кездесетiн тербелiстердiң түрi электромагниттiк тербелiстер. Мұндай тербелiстер кезiнде магнит және электр құбылыстарымен байланысқан, конденсатор астарларындағы заряд, электр өрiсi, өткiзгiш маңындағы магнит өрiсi, тiзбектегi ток, кернеу тәрiздi шамалар периодты түрде өзгередi.

Толқындар деп тербелiстiң кеңiстiкте таралу процессiн айтады. Кеңiстiкте қандай тербелiстердiң тарап жатқанына байланысты толқындар әртүрлi, мысалы, механикалық, электромагниттiк т.с.с. болуы мүмкiн. Тербелiстiң бағыты мен толқынның таралу бағытына байланысты оларды көлденең толқындар және қума толқындар деп бөледi. Көлденең толқындарда тербелiстiң бағыты толқынның таралу бағытына перпендикуляр болса, қума толқындарда олардың бағыты бiр түзудiң бойында болады. Толқын ұзындығы деп бiрдей фазада тербелiп тұрған iргелес (ең жақын) екi нүктенiң ара қашықтығына тең шаманы айтады. Толқынның λ ұзындығы, ν тербелiс жиiлiгi және оның υ таралу жылдамдықтарының арасында мынадай байланыс бар:

υ=λ·ν

Электромагниттiк толқындар деп айнымалы электр өрiсiнiң және онымен байланысқан магнит өрiсiнiң кеңiстiктегi таралу процессiн айтады. Ал бұл өрiстер сәйкес электр өрiсiнiң кернеулiгi және магнит индукция векторы арқылы сипатталатыны белгiлi. Олай болса, электромагниттiк өрiс тарап жатқан кеңiстiктiң әрбiр нүктесiнде осы векторлардың мәнi периодты түрде өзгерiп отырады. Электромагниттiк толқындар көлденең толқындар. және векторлары бiр-бiрiне перпендикуляр жазықтықта тербеледi.

Электромагниттiк толқындар жөнiндегi болжамды алғаш рет ағылшын ғалымы Дж.Максвелл айтқан болатын.

Айнымалы магнит және электр өрiстерi қарапайым тербелмелi контурда туындайды. Бiрақ, бұл жағдайда магнит өрiсi индуктивтi катушканың маңында, ал электр өрiсi конденсатор астарларының арасында туындайтын болғандықтан толқын кеңiстiкке тарамайды. Мұндай жүйенi әдетте жабық тербелмелi контур деп атайды.

Сурет 5 - Электромагниттiк толқындар


Кеңiстiкке тарайтын электромагниттiк толқындарды ашық тербелмелi контурдың көмегiмен шығарып алуға болады.

Біз нақтылы түсіндіруді қажет ететін физика тарауын алдық, мұнда процесстерді модельдеу арқылы есептер шығару жолдары қарастырылды. Мәселен, тербелістер және толқындар тарауына есептер қарастырайық.

Есеп 1. Электрлiк тербелiстерiнiң периоды 10-6с болып келетiн толқын көзi, ұзындығы қандай толқын шығарады.


Шешуi: Шығарылған толқын ұзындығы өрнегiмен анықталады. Ал, тербелiс жиiлiгi мен периоды келесi қатынаспен байланысқан: Осыдан,

Жауабы:300 м.

Есеп 2. Радиоқабылдағыштың тербелмелi контурының индуктивтiлiгi 2мГн, ал оның сыйымдылығы 70мкФ-тан 120мкФ-қа дейiн өзгеретiн болса, радиоқабылдағыш қабылдайтын толқын жиiлiгiнiң диапозонын анықтаңыз.


Шешуi: Радиоқабылдағыш қабылдайтын толқынның жиiлiгi төмендегi өрнекпен анықталады: мұндағы толқын ұзындығы

Бұл өрнектi пайдаланатын болсақ, конденсатор сыйымдылығының өзгеру мәндерiне сәйкес келетiн толқын жиiлiктерi:

Сонымен, толқын жиiлiгiнiң диапазоны

Жауабы:

MathСad пакеті арқылы физиканы оқытуда көптеген қызықты және жоғары деңгейдегі сұрақтарды қарастыру тиімділігі ерекше.

Жалпы, компьютерлік модельді пайдаланып есептер шығару, студенттердің өздігінен дамуына көмектеседі, өз бетінше есептерді шығаруға, сонымен бірге, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Сондай-ақ, әр түрлi деңгейдегi программалық құрылым бұл мультимедиалық технологияның гипермәтiн, анимация, дыбыс, графика және т.б. компоненттерi. Бұл құрылымды пайдалану белгiлi бiр мақсатқа: көру және сезiмдiк жадыны белсендендiруге, таным қызығушылығын арттыруға бағытталған сипаттамаға ие.

Әсіресе, қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді. Студенттердің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор.

Компьютерлік модельді пайдаланып есептер шығару, студенттердің өздігінен дамуына көмектеседі, өз бетінше есептерді шығаруға, сонымен бірге, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады [5].

Сонымен бірге сабақ барысында сабақты қызықты жүргізуге, қызықты материалдармен олардың көңіл күйін аулауға, олардың жоғарғы деңгейдегі жұмыс қабілеттіктерін көрсетеді. Сабақты бұлай жүргізу студенттердің танымдық мотивациясын ұстану әрекетін, үлгерімін жоғарылатуға тек кана жаксы әсерін тигізеді.

Физиканы оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану - ол оқу материалдарын демонстрацияланған, сонымен бірге, теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба –тәсілдер арқылы толықтырып, оны көзбен көріп, түйсініп, бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

  1. Г.И. Щукина Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся. М.: Педагогика. -1988. -204 с

  2. А.К.Волков, М.Р.Меламуд. Методология создания компьютерного учебника//Открытое и дистанционное образование. Научно – методический журнал №1 2001 г. 7 б.

  3. Компьютерное моделирование в физике. Х. Гулд, Я. Тобочник. М., Мир,1990 г.

  4. Мастронас З. П., Синдеев Ю. Г.,. Физика: методика и практика преподавания. Серия "Книга для учителя". Ростов на Дону : "Феникс", 2002.

  5. Каменецкий С. Е., Пурышева Н. С., Важеевская Н.Е.,. Теория и методика обучения физике в школе: Общие вопросы: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. М. : Издательский центр "Академия", 2000. ISBN 5-7695-0327-0.

  6. А. Ф. Кавтрев "Опыт использования компьютерных моделей на уроках физики в школе "Дипломат", Сборник РГПУ им. А. И. Герцена "Физика в школе и вузе". - СПб: "Образование", 1998.

  7. Майер Р.В. Решение физических задач с помощью пакета MathCAD . -Глазов: ГГПИ, 2006. -37 c.


Резюме


Рассматривается актуальность использования MathCad при изучении физики, которые делают ее наиболее удобной для решения физических задач с использованием встроенных функции.


Summary

It is considered the relevance in the study of the use of MathCad physics that make it most convenient for the solution of physical problems using built-in functions.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
1057
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі