400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтін дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Мектеп бұл менің мұғалімдерім мен сыныптастарым

Мәтін дегеніміз не?

Мұғалімнің аты-жөні: Шалбас Г.Н

Күні: 06.11.18

СЫНЫП: 2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу

Бағалау критерийі

• Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды

• Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтайды

• Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтайды

Дескриптор

− мәтіннің кейіпкерлерін атайды;

− мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;

− тақырыбы мен тірек сөздері бойынша мәтіннің соңын болжайды;

− тақырыпқа қатысты әңгіме құрастырады

- мәтіннің тақырыбын анықтайды;

- кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;

- мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

- сұрақ қою арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтайды;

- сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсетеді.

Сабақ нәтижесі:


Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басы

5 минут Психология-лық ахуал қалыптастыру

Шаттық шеңберін ұйымдастыру


Топқа бөлу.



Шаттық шеңбері




Алдыңғы оқу

Дауыссыз дыбыстарды ата


Ортасы

25 минут

Оқылым

Жазылым

Білу








Түсіну


Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

1-жаттығу. Оқы.

1. Інжу апай – менің алғашқы ұстазым.

2. мынау – сынып бөлмесі. Айжан кітап оқығанды ұнатады.

3. Сынып бөлмесінің ауасы таза. Оның терезелері үлкен. Әдемі парталар үш қатарға тізіп қойған. мұғалім үстелі мен орындығы бөлменің оң жағында тұр.

Салыстыр.

Қай қатарда сөз берілген?

Қандай сөздер мазмұндық жағымен байланыспаған?

Қай сөйлемдерің орнын ауыстырып айтуға болмайды? Неліктен?

Мәтінді көшіріп жаз.

Есіңе сақта!

Соңғы бөлікте мәтін берілген. мәтін құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан.


Мәтін дегеніміз не?



Оқулық

мәтіндер.




Жеке жұмыс






Қолдану








Талдау

Айтылым

Дәптермен жұмыс.

2-жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз.

Сыныпта қанша оқушы бар?

Оның нешеуі ұл бала, нешеуі қыз бала?

Сыныптастарың бір-бірімен тату ма?

Жазған жауабың мәтін болып шықты ма? Мәтінің не туралы? Мәтін мазмұнына сәйкес келетін тақырып таңда.

«Біздің сынып» «Тату сынып»


3-жаттығу. Мәтін тақырыбына сәйкес келетін бөлікті тауып, мәтінді түсініп оқуды жүзеге асыр.

«Сабақ» сөзі нені білдіреді?

Сынып оқушылары сабақтан қалмайды. Олар – білімқұмар балалар.

«Сабақ» сөзі араб тілінен енген. Ол «таңертең келу» дегенді білдіреді. Сабақ көбіне таңертең басталатыны сондықтан.

Оқулық,

жұмыс дәптер



Жұптық жұмыс








Топтық жұмыс


Сергіту сәті

1минут

Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр,
Артқа қарай бір адым,
Алдыға қарай бір адым,
Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық


Аяғы

10 минут

Жинақтау

4-жаттығу. Алдымен, сонан соң, сонан мкейін, ең соңында сөзерін пайдаланып, суреттер бойынша «Мен – кезекшімін» тақырыбына мәтін құрап жаз.

Менің  атым – Жанар. Мен мектепте оқимын. 

Мен әрқашан мектепте  кезекшілік қызметін атқарамын. Мен алдымен терезелерді ашамын. Сонан соң тақтаны сүртемін. Сонан кейін гүлді суарамын және сыныптың тазалығын бақылаймын. Ең соңында есікті кілттеп қоямын.



Жұмыс дәптер



Бағалау

1минут


Кері байланыс

2минут

Мақтап, мадақтау




«Жетістік» баспалдағы.


Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдағы.

Үйге тапсырма:5-жаттығу. 72-бетте.

РефлексияБүгін оқушылар

не білді?Сыныптағы ахуал

қандай болды?Мен жоспарлаған

саралау шараларытиімді болды ма? Менөз жоспарымақандай түзетулеренгіздім жəне

неліктен?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
782
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі