Мәтін есептер.( Кесте құру немесе графтар тәсілі )

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтін есептер.( Кесте құру немесе графтар тәсілі )

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтін есептер.( Кесте құру немесе графтар тәсілі )
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мәтін есептер.( Кесте құру немесе графтар тәсілі )

Сабақтың мақсаты: Оқушының ақыл-ойын,қиялын,ой ұшқырлығын дамытуға, есептерді жылдамдықпен шығару қабілетін жетілдіреді.

Сабақтың барысы:Логикалық мәтін есептер бірнеше объектілер мен заттар арасындағы байланыс арқылы орындалатын болса ( жоғары –төмен, алыс-жақын, ерте-кеш,т,с,с,) онда мұндай тапсырмаларды кесінді немесе сәулені қолдану арқылы шығаруға болады.

Егер есептер әртүрлі екі немесе одан көп жиын элементері арасындағы байланысты анықтайтын болса, онда мұндай есептерді кесте құру арқылы немесе графтар арқылы шығаруға болады.


Миға шабуыл

Үш қорапта алма, алмұрт және банан бар. Екінші және үшінші қорапта алма емес, үшіншіде банан емес. Әр қорапта қандай жеміс салынған?


  • Қиын есепке оңай жол!!!

1-мысал. Асық ойнауға төрт дос жиналды, олар Мәди, Әли, Шахмардан және Арсен. Арсен Мадиден кеш келді, бірақ ол соңғысы емес. Егер Әли бірінші келсе, онда балалардың келу ретін анықта.


Шешуі: Бұл есепті сәуле арқылы түсіндіріп көрейін. Сәуленіғ бойын уақыт ретінде қарастырайық. Нүктелерді тиісті әріптер арқылы (Мәди-М, Әли –Ә, Шахмардан-Ш, Арсен-А) төрт досты бөлейік. Ерте келгендерді сәуленің сол жағына қарай, ал кеш келгендерді оң жағына қарай орналастырамыз.

Суреттегі сәуледен Арсен Мадиден кеш келді. 2- сәледен Арсеннен кейін де бір баланың келгені белгілі, сол үшін сәуленің оң жағына тағы нүкте орналастырамыз. 3- сәулеге «Егер бірінші келсе» деген есеп шартын пайдалансақ, онда Шахмардан ең соңында келгені болады.


2-мысал. Математика пәні бойынша қалалық олимпиядадан Айнұр, Санжар, Манас және Айжан алғашқы төрт орынды иеленді. Олар қандай орындарға ие болды?-деген сұраққа төмендегідей жауап қайтарды.

-Айнұр бірінші орын және төртінші орын алған жоқ.

-Санжар үшінші орын алды.

-Манас соңғы болған жоқ.

Олар қандай орындарға ие болды?


Шешуі: Әртүрлі екі жиынның ара қатынасын пайдаланып кесте құруды бастаймыз:

«Балалардың аты» және «алған орны» жиыны.

Егер екі жиынның элементтері сәйкес келмесе «-» таңбасын, ал керісінше жағдайда «+» таңбасын қоямыз.



Балалардың аты


Алған орындары

Бірінші

Екінші

Үшінші

Төртінші

Айнұр

-

+

-

-

Санжар

-

-

+

-

Манас

+

-

-

-

Айжан

-

-

-

+


3-мысал. Ораз, Қайсар, Болат бір үйде тұрады. Фамилиялары-Бекенов, Сабыров, Ережепов. Ораз, Қайсар, Бекенов үшеуі киноға бірге барады. Қайсар мен Ережепов көрші. Фамилияларын тап.

Шешуі: «Ораз,Қайсар,Бекенов үшеуі киноға бірге барады»-деген есеп шартынан Ораз бен Қайсардың фамилиясы Бекенов болмайтыны белгілі, онда Болат Бекенов болады. «Қайсар мен Ережепов көрші»- деген есеп шартынан Қайсар Ережепов болмайды. Осы қорытындыларды төмендегідей бір кесте арқылы ғана көрсетуге болады.



Бекенов

Сабыров

Ережепов

Ораз

-

-

+

Қайсар

-

+

-

Болат

+

-

-




4-мысал. Ақбай, Қарабай және Сарыбай атты үш бала бір сыныпта оқиды. Оларды шаштары ақ, қара және сары түсті, бірақ ешқайсысының шашының түсі олардың аттарына сәйкес емес. Әр баланың шашының түсі қандай? (бірнеше жауап болуы мүмкін).


Шешуі: Есептің шешуін кесте құру арқылы жылдам шешуге болады. Баланың аты мен шашының түсі сәйкес келмейтіндіктен, кестедегі олар қиылысқан шаршыға «-» таңбасын, ал егер болуы мүмкін болса «+» таңбасын қоямыз. Ақбайдың шашы қара болса, онда Сарыбайдың шашы сары бола алмайтындықтан, сары шашты Қарабай болады. Онда Сарыбай ақ шашты болғаны.



а

қ

с

А

-

+

-

Қ

-

-

+

С

+

-

-






5-мысал. Есен, Үсен, және Хасан атты мұғалімдер Астана, Орал және Тараз қалалары мектептерінде әртүрлі пәннен сабақ береді. Бірі математика, бірі информатика, ал бірі физика пәнінің мұғалімі. Келесі жайттар белгілі:

1) Есен Астанада тұрмайды, ал Үсен Оралда тұрмайды;

2) Астанадағы мұғалім физик емес;

3) Оралдағы мұғалім математик;

4) Үсен информатика пәнінен сабақ бермейді.

Кім қай қалада тұрады және қай пәннен сабақ береді?


Шешуі: Мұғалімнің аттарын, беретін пәнінің атын және қалалар атауларын олардың алғашқы әріптерімен белгілеп, есеп шарттарына сәйкес а) суреттегі графты аламыз. Ол графтан Үсеннің математика және информатика пәнінің мұғалімі еместігін көреміз. Демек, ол физика пәнінің мұғалімі. Ал физика пәнінің Пстанада тұрмайтындықтан, ол Таразда тұрады. Онда Есен Орал қаласында математика пәнінің мұғалімі болғаны.



Жауабы: Хасан Астанада информатика пәнінің, Үсен Таразда физика пәнінің, ал Есен Оралда математика пәнінің мұғалімі.


Рисунок 189 Ақыл-ой жаттығулары

1. Әр төрт қорап ішінде ақ, қызыл, қара және жасыл түсті қарындаштардың бірі жатыр. Әр қораптардың сыртына түстердің атаулары жазылған, бірақ олар ақиқат емес. Әр қораптағы қарындаштардың түсін тап.

Shape1 Shape2

Ақ

Shape3

Жасыл немесе қара

Shape4

Не қара, не жасыл, не қызыл

Қызыл немесе жасыл






2. Роза, Мақпал,Айнұр бір жатақханада тұрады, Олар жексенбі және сәрсенбі күндері бөлме тазалайды. Роза мен Айнұр, Мақпал мен Айнұр бірігіп әртүрлі күнде тазалық жасайды. Егер жексенбі күні Роза ауырып қалса, кім жалғыз бөлме тазалады?

Егер жексенбі күні Роза ауырып қалса, кім жалғыз бөлме тазалады?

3. Дүкеннен шортан, табан және алабұға сатып алынды. Шортан табаннан, табан алабұғадан ауыр. Ең жеңіл қайсысы?

4.Болат, Қанат,Жанаттың үйлері үш (көк,жасыл,ақ) түсті сырмалармен сырланған. Болат пен Қанаттың үйлері ақ емес, Болат пен Жанаттың үйлері жасыл емес. Үшінші үй көкпен сырланған. Кім қандай үйде тұрады?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2023
700
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі