Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мәтін есептердің мәнін түсінейік» Факультативтік курсы Авторлық бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мәтін есептердің мәнін түсінейік» Факультативтік курсы Авторлық бағдарламасы жалпы ота мектептің 6-сыныбына арналып жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерғазина Әдемі Меделханқызы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің

«Айғыз жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

математика пәнінің мұғалімі

«Мәтін есептердің мәнін түсінейік»

Факультативтік курсы

Авторлық бағдарламасы

(6- сыныпқа арналған)

«Мәтін есептердің мәнін түсінейік» тақырыптағы авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушыларына арналып жазылған.

Факультативтік курс авторлық бағдарламасының жоспары - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130-шы бұйрығына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес келеді.

Курс аптасына 1 рет, жалпы 34 сағатқа жоспарланды.

Оқушылар курсты оқу барысында тез есептеу, амалдарды ойша қолдану, логикалық ойлау, уақыт үнемдеуді, топпен және жеке жұмыстануды үйренеді.

Таңдау курсты өткізу үшін дәстүрлі және практикалық оқыту формалары мен әдістерін қолдану жоспарланған.

Ел болашағы – жастарымызды, балаларымызды математикалық сауаттылыққа үйретуге бағытталған осы бір авторлық бағдарлама бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселені көтеріп отыр. Мектеп оқулықтарында көбінесе бір немесе екі ғана шартпен берілетін қарапайым мәтін есептер үнемі қайталанып отырады. Осының әсерінен математиканың алдында тұрған негізгі талап – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар математика пәнінде күнделікті өмірде кездесетін есептерді шығаруға үйрету, математикалық модель құра білу мәселелері назардан тыс қалуы мүмкін. Бұл авторлық бағдарлама осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында дайындалған.

Курстың жаңалығы: 6-сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, күнделікті өмірде кездесетін есептерді тез әрі тиімді тәсілмен шығаруға үйрету

Курстың өзектілігі:Мәтіндік есептерді шығару арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту , білім деңгейін арттыру

Педагогикалық мақсаты: Математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі болып табылатын мәтін есептердің мәнін оқушыларға түсіндіру.

Курстың мақсаты: Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.

Курстың міндеттері:

  1. Оқушы мәтін есептердің мағынасын түсіндіру;

  2. Оқушы мәтін есептерді тиімді жолмен шығарып үйрету;

  3. Оқушының бойында есептеу дағдысын қалыптастыру;

  4. Оқушы бойындағы логикалық ойлау қабілеттерді дамыту.

Курстың ерекшелігі: «Мәтін есептердің мәнін түсінейік» тақырыбы бойынша жазылған авторлық бағдарлама кейбір мұғалімдер мен әдіскерлердің іс-тәжірибеде қолданылуында және орта мектептердің

6-сыныптарында пайдалануға болатындығында.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушы мәтін есептердің мағынасын түсінеді;

  2. Оқушы мәтін есептерді тиімді жолмен шығарып үйренеді;

  3. Оқушының бойында есептеу дағдысын қалыптастырады;

  4. Оқушы бойындағы логикалық ойлау қабілеттерді дамытады.


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, жаратылыстану




«Мәтін есептердің мәнін түсінейік» (6-сынып)

Факультативтік курсы

Авторлық бағдарламасының

тақырыптық жоспары 34-сағат


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Уақы ты

Өткізу әдісі

І - бөлім. Мәтінді есептерді шығару үшін формулаларды қолдану (8 сағат)

1

Кіріспе сабақ. «Мәтін есептердің мәнін түсінейік» авторлық

бағдарламасының маңызы туралы.

1


Дәріс сабақ

2

Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді

есептерді шығару

1


Практикалық сабақ

3

«Еңбектің өнімділігі» , «уақыт» және

«жұмыс» өлшемдеріне берілген мәтінді есептерді шығару

1


Дәріс сабақ

4

Тіктөртбұрыш, шаршы параллелепипедтің периметр, ауданы және көлемінің формулаларын

қолданып мәтінді есептер шығару

1


Практикалық сабақ

5

Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданына берілген мәтін

есептерді шығару

1


Дәріс- практикалық

сабақ

6

Қозғалысқа берілген мәтінді есептер шығару

1


Дәріс- практикалық

сабақ

7

Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға бағытталған мәтіндік есептерді

шығару

1


Дәріс- практикалық

сабақ

8

Бірінші тоқсанды қортындылау.

«Мәтінді есептерді шығару үшін

формулаларды қолдану» деген тақырыпта бақылау жұмысы.

1


Өзіндік жұмыс

ІІ- бөлім. Аралас мәселе есептер (8 сағат)

9

Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған мәтін

есептерді құрастыру және шығару

1


Дәріс- практикалық сабақ

10

Бөлшектерге арифметикалық амалдар

қолданып мәтінді есептер шығару

1


Практикалық

сабақ

11

Іріктеу әдісі арқылы мазмұнды

1


дәріс сабақ


есептерді шешу жолдары




12

Бірлесіп жұмыс жасауға қатысты

мәтіндік есептерді шығару тәсілдері

1


Практикалық

сабақ

13

Қазақтың байырғы мағыналы есептері

1


Дәріс сабақ

14

Өзен ағысына байланысты мәселе

есептер

1


Практикалық

сабақ

15

Комбинаториялық мәтін есептерді

шығару

1


Дәріс сабақ

16

«Аралас мәселе есептер» бөлімі

бойынша тест жұмысы

1


Өзіндік жұмыс

ІІІ-бөлім. Пайыздар және пропорцияларға байланысты мәтін есептер

(10 сағат)

17

Пайызға байланысты күрлелі

мәтіндік есептерді шығару;

1


Дәріс сабақ

18

Берілген санның пайызын табуға

арналған мәтін есептер шығару;

1


Практикалық

сабақ

19

Берілген пайызы бойынша санды

табуға арналған мәтін есептер шығару

1


Дәріс сабақ

20

Мәтіндік есептерді пропорция

көмегімен шешу

1


Практикалық

сабақ

21

Шамалар арасындағы тәуелділіктерге

берілген мәтіндік есептер

1


Дәріс сабақ

22

Шамалардың тура пропорционалдығына берілген

мәтіндік есептер

1


Практикалық сабақ

23

Шамалардың кері

пропорционалдығына берілген мәтіндік есептерді шығару

1


Дәріс сабақ

24

Шамаларды берілген қатынаста

бөлуге байланысты мазмұнды есептерді шығару

1


Практикалық сабақ

25

Концентрацияға, қоспаларға байланысты мәселе есептерді шығару

жолдары

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2022
889
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12