Мәтін және оның түрлері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтін және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

  Қазақ тілі 13-сабақ


Бөлім

Жанды табиғат

Педагогтің аты-жөні

Әлімхан Нұрдана

Күні:

23.09.2024ж

Сынып:3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтін және оның түрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.1.1* тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Сабақтың мақсаты

Тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтайды

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап береді

Құндылықтарды дарыту

«Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін. Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік


Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық ахуал

«Тәтті болжам»

Оқу материалын жариялау «Керме жіп» әдісі арқылы жүреді.

Керме жіпте ілініп тұрған сұрақтарға жауап беріңдер:

- Мәтіннің түрлері ата.

- Әңгімелеу мәтінінің сұрағы қандай?

- Сипаттау мәтінінің сұрағы қандай?

- Пайымдау мәтінінің сұрағы қандай?

-Ендеше бүгінгі сабағымызда мәтін түрлерін ажырату мақсатындағы тапсырмалар орындайтын боламыз.

Жаттығу жасайды.


  1. Сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты ашады.


Бағалау

Әр алған балдарын батарейканың бойына белгілеп отырады.


.




Керме жіп, сұрақтар жазылған парақша-лар, қысқыштар

Сабақтың ортасы

15 мин



Жаңа сабақ ҰЖ

ҚБ 49-тапсырма

«Болжай аламын» әдісі

«Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін.

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік


ОДД: білу, түсіну

Нұсқаулық:«Құмырсқаның пайдасы» атты мәтінді тыңдаңдар.

Мәтіннен тірек сөздерді табыңдар.

Сызба бойынша мәтін бөліктерін табыңдар. Ғылыми мәтін екенін дәлелдеңдер. Түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Илеу, зиян сөздерінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.

Мәтіннен тірек сөздерді табады.

Сызба бойынша мәтін бөліктерін табады.

Ғылыми мәтін екенін дәлелдейді.


Бағалау критерийі: Тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін және оның құрылымдық бөліктерін анықтайды

Дескриптор:

- Мәтіннен тірек сөздерді табады.1 балл

- Сызба бойынша мәтін бөліктерін табады. 1 балл

-Ғылыми мәтін екенін дәлелдейді.1 балл



10 мин

ҚБ 50-тапсырма

«Болжай аламын» әдісі

ОДД: білу, түсіну

Нұсқаулық: Сөйлемдердің жалғасын тауып, көшіріп жазыңдар.

1. Құмырсқа – пайдалы жәндік, өйткені оның илеуін емдік мақсатта пайдаланады.

2. Ауа тазарды, себебі жаңбыр жауды.

3. Дала аппақ, өйткені қыс мезгілі келіп, қар жауды.

ЕББҚ ететін (ойлау деңгейі төмен) балаға тапсырма

Мәтінді көшіріп жазады


Сөйлемдердің жалғасын тауып, көшіріп жазады. Сөзжұмбақты шешеді.


Бағалау критерийі: Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап береді Дескриптор:

-Сөйлемдердің жалғасын тауып, көшіріп жазады. 3 балл


Оқулық, дәптер


2 мин

Сергіту жаттығуы: «Жаяу» әні

Ән айтып билейді.




10мин

ҚБ 51-тапсырма

ОДД: білу, түсіну

Нұсқаулық: Сөзжұмбақты шеш.

1. Қанаты жоқ – ұшады,

Аяғы жоқ – желеді,

Аузы жоқ – ұлиды. (боран)

2. Тама-тама тас тескен. (тамшы

Тігінен:

3. Көк көрпенің мақтасы

Әр жерде жүр бытырап. (бұлт)

4. Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді.(ауа)


Сөзжұмбақты шешеді.

Дескриптор:


- Сөзжұмбақты шешеді.3 балл



Оқулық, дәптер




Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия: «Менің сөзім» әдісі бойынша өтеді.

Оқу тапсырмасы: Өзің жақсы білетін жәндік туралы сипаттау мәтінін құрап жаз.

Сабақтан алған білімін, не үйренгенін айтады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.00.2024
293
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі