400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтін және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзара тәжірибе алмасу мақсатындағы ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:12.11.2018ж

Мектеп :№6 орта мектеп

Пәні: Қазақ тілі

Мұғалімнің аты-жөні:Ержанова М.К

Сынып:2 «А»

Қатысқандар саны:24

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

Мәтін және оның түрлері


Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету және құраған сөйлемін толықтыру.

2.2.1.1 Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу\ сипаттау\ пайымдау және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім,соңы) анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғынады.Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйренеді. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамытады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийлері

Мәтін түрлерін бір-бірінен ажыратып, оны таба білу,құра білу, сипаттай алу.

Тілдік мақсат


Ресурстар

Оқулық, интер тақта, топқа бөлуге арналған кәмпиттер,топтық тапсырмалар, суреттер, кері байланыс, бағалау парақшалары, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл, сұраққа жауап, кім тапқыр

Пәнаралық байланыс


Алдыңғы оқу

Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау

Сабақ жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақтың жүру барысы

Сабақтың басы

2 минут








5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық ахуал

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

2. Топтарға бөлу.

Оқушыларды 3 топқа бөлу. Кәмпиттер арқылы бөлу


ІІ. Өткенге шолу . Миға шабуыл.

1.(Қағып алда, жауап бер)1 слайд

Ендеше, балалар миға шабуыл жасап өткенге көз жүгіртейік. Ол үшін менің сұрақтарыма жауап берулерің керек.

-Өткен сабақта қандай үлкен тақырыппен танысып едік?

-Мәтін неден құралады? Сөйлемнен

-Мәтін деген не? Жазбаша , ауызша ойды жеткізу.

-Мәтіннің атауын не деп атаймыз? Тақырып

-Мәтін тақырыбы қалай, неге сүйеніп құрылады?Негізгі, ойға, мазмұнына

Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? Бір-бірімен байланысқан сөйлемдер.

Мәтін қандай бөліктерден тұрады? Басы, негізгі бөлім, соңы.

-Әр бөлік қалай жазылады?

-Жаңа жолдан басталып жазылады.

Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? Әңгімелеу,сипаттау, пайымдау.

Әңгімелеу мәтін дегеніміз не?( Слайд)

Бірінен кейін бірі болатын әрекет, оқиға баяндалатын, хабарланатын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Әңгімелеу мәтініне не болды? Не істеді? Сұрақтары қойылады.


Бағалау критерийлері


Дескриптор

Балл

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды

Мәтіннің неден құралатындығын анықтайды.

1




Мәтіннің атауын анықтайды

1


Мәтін бөліктерін ажыратады

1




Ресурстар

Кәмпиттер




Доп.

Сабақтың ортасы

15минут

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Мағынаны тану.2 слайд

Қазақ тілі пәнінің «Мәтін» тарауы ұсынылған фильмді тамашалату.

Көрген фильмдері бойынша оқушыларға сұрақтар қою арқылы бүгінгі өтілетін тақырыпты ашу.

-Фильм не туралы?

-Туған күніне не сыйлады?

-Ол қандай сыйлық?

-Ішінде не бар? Ол қандай? Шөптері қандай?

Ендеше, балалар сипаттау мәтінінде заттың қандай болатыны жайлы айтылады , қандай деген сұраққа жауап береді екен.

Ережесімен таныстыру.

Сипаттау мәтіні дегеніміз зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтінді айтамыз. Кез келген затты түріне, түсіне, сапасына, пішініне қарай сипаттайды екенбіз.

  1. Оқулықпен жұмыс.

19-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.

Қарамен жазылған сөздің мағынасын түсіндіру.

Алуан, әртүрлі сөздерін бір бірінің орнына қолдануға болады.

Дуал сөзінің мағынасына назар аудару

  1. Дәптермен жұмыс.

Сұрақтарға жауап жазамыз.

  1. Марат бояумен не істеді?

Марат бояумен сурет салды.

  1. Ол қандай сурет салды?

Зәулім үйдің суретін салды.

  1. Неліктен әртүрлі бояу өз орнын тапты?

Өйткені Мараттың ойы шебер.

Бағалау критерийлері


Дескриптор

Балл

Өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздің мағынасын анықтайды

Өлеңді түсініп мәнерлеп оқиды

1

Қарамен жазылған сөздің мағынасын түсінеді

1

Дуал сөзінің мағынасын түсінеді

1

Сұрақтарға жауап жазады

Бірінші сұраққа жауап жазады

1

Екінші сұраққа жауап жазады

1

Үшінші сұраққа жауап жазады

1

(МК;Т)Топтық жұмыс Үштік әдіс «Ойлан, жұптас, бөліс»

Қандай үй? сұрағына жауап беретіндей суретті түрлі-түсті қағаздан қиып жапсыру.

Жапсырып жасаған суреттерін сипаттап айтқызу


(МК;Ұ;Қ)20-жаттығу. Суреттерді салыстыру. Қателерін табу.

  1. Алма-қызыл, ал қарбыз үлкен. Қате

  2. Шарлардың түрі мен түстері әртүрлі. Шиелердің түрі мен түсі бірдей. Дұрыс.

  3. Бір қасық үлкен, екіншісі темір. Қате

Ережемен таныстыру.

Жұппен жұмыс

Семантикалық картамен жұмыс

Мәтін түрлері


Не істеді?

Не болды?

Қандай?


Неліктен?


Сипаттау




Әңгімелеу




Пайымдау



























Оқулық

Дәптер



Маркер, Флипчарттар,

Қарындаштар





шарлар, алма, қарбыз, қасық шие.







Кесте


Сергіту сәті

2 минут

Қызыл гүлім-ай





Сабақтың соңы

10 минут

Сабақты қорытындылау


Топтық жұмыс

21 жаттығу. Суретті таңда «Қай топ жүйрік?»


Мыс: Асқабақ, кітап, қоян, құмырсқа..



Оқушылар біздерге «Жедел хат» келіп қалыпты.

Жедел хат қандай тапсырма әкелді екен, кәне қарайық.

Конфертке салынған хат

Алған білімдерімізді қорытындылау үшін тест алып келген екен.

1.Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?

Аюдың денесі ірі, жүні бір түсті келеді.

А) пайымдау Ә) сипаттау

2. Мәтін дегеніміз не?

А) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз.

Ә)Екі не одан да көп өзара байланысқан сөйлем

3.Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?

Тоты әдемі құс.Ол орманда тіршілік етеді.

А) Әңгімелеу Ә) Пайымдау

4. Мәтінге ат қойыңдар

Барыс-өте сақ және епті жыртқыш. Түсі көкшіл сұр, қара теңбілді шұбар болады.Барыс көбінесе басын мәңгі қар басқан тауларда мекендейді.

А) тау Ә) Барыс

5. Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады?

Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол біздің екінші үйіміз. Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді.

А) Пайымдау, Ә)Әңгімелеу

Оқушылар суретті таңдайды, таңдаған суреттерін сипаттап жазады.


Әр топ бірінің жұмысын бірі бағалап отырады.








Тест дұрыс жауапты белгілейді.

Бағалау

3минут

Сабақтың жүрісі бойынша оқушыларға бағалау парақшалары берілген болатын, сол бойынша оқушылар өз-өздерін бағалап отырды.

Мұғалімнің бағалауы Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау.

Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

стикерлер

смайликтер

мадақтаулар

Кері байланыс

3 минут

Тілек ағашына өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазып тілек ағашына жапсырады.Оқушыларға жеке-жеке кері байланыс беремін.

Тілек ағашы

Үйге тапсырма

Шығармашылық тапсырма. Ереже жаттау


Қосымша ақпарат




Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?





Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


●

●

●

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?












Атырау облысы Индер ауданы

Кулагино ұлттық гимназиясы









Менің үздік сабағым-2017ж







Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 2

Мұғалімі: Бисенғалиева Маншук Қабиқызы









2017-2018 оқу жылы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
1496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі