400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтін, мәтіндік блоктар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мәтін, мәтіндік блоктар.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс: ерекшелеу, көшірмесін алу, дубликатын жасау, клонировать ету, бекіту, бұру, теріс қарату, топтау, бұрмалау. PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру туралы түсінік беру.

ә) Дамытушылығы: Редакторда объектілерге эффектілер жасап үйрену.

б) Тәрбиелілігі: Объектілермен жасалатын жұмыс түрлерін меңгерту

өз беттерінше бейнелер салып, оларды безендіре білуге үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Практикум элементтері қамтылған түсіндірмелі-демонстрациялық

Сабақтың типі: аралас

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу, геометрия

Сабақта қолданылатын ақпараттық құралдар: Компьютерлер, тапсырмалар, слайд, плакат

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өткен сабақты қайталау

  3. Жаңа сабақты меңгерту

  4. Практикалық жұмыс

  5. Білім тиянақтау

  6. Оқушылар білімін бағалау

  7. Қорытынды, үйге тапсырма

І. Сергіту сәті. Топтастыру.

ІІ. Өткен сабақты қайталау: Үйге берілген қисықтарды редакциялау, растрлық, векторлық графика түрлері тақырыптарынан сұрақтар қойылу арқылы сұралады.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

CorelDRAW – дағы мәтіннің типтері. (ДЖИГСО әдісі)

  • Artistic Text – фигуралық мәтін

  • Paragraph Text – қарапайым немесе абзацты мәтін

Фигуралық мәтін

Фигуралық мәтін тақырыпты, қысқа жазуларда қолданылады. Фигуралық мәтінде абзац, келесі жолға көшіру т.б. қажет емес. Оны бағанға бөлуге, шегіністер орнатуға, буквица құруға болмайды. Түрлі безендіру эффектілерін (трансформация, бояу, формасын өзгерту) орнатуға болады. Ол нысан ретінде қарастырылады. Оның өзіне тән бірнеше қасиеттері бар. Фигуралық мәтінннің пішінінің, кез-келген нысанның пішіні сияқты өзгертуге болады. Оны қолмен немесе түр құрал-сайманы көмегімен өзгертуге болады.

Қарапайым мәтін

Көлемді мәтіндерді безендіруде қолданылады. Қарапайым мәтін арнайы мәтіндік блокта орналасады, оны командалар бойынша өңдеуге, форматтауға болады. Қарапайым мәтін блоктың ортасында автоматты түрде орналасады.

Мәтінді безендіру

Мәтіннің түріне тәуелсіз оған қажетті полиграфиялық параметрлерді беруге болады (шрифт, кескіні, өлшем, түс, т.б.)

Барлық шрифттерді бірнеше топқа бөлуге болады:

  • стандартты (жиынтықтық) шрифттер мәтіннің үлкен массивтерін теруге арналады. Олар өз алдына екі топқа жіктеледі – құйрықшалы, құйрықшасыз (құйрыұша – бұл кейбір әріптерді шеттерінде болатын кішкене сызықшалар), мысалы, құйрықшалы – Times құйрықшасыз – Arial:

  • акцидентті шрифтер тек мәтін атаулары үшін үлкен көлемде пайдаланылады, мысалы, Algerian:

  • қолжазба шрифттері – қылқаламмен немесе қаламмен жазған әріптерді бейнелейді, олар түрлі әдемі форматты шақыру, құттықтауларға әдемі сипат береді, мысалы, Brush Script MT.

  • Символдық шрифттер символдар кітапханасы болып табылады. Windows операциялық жүйесіндегі стандартты символдық шрифт – Wingdings.

Шрифттің кескіні қалыпты (Normal), қою (Bold), курсив (Italic) және қою курсив (Bold-Italic) болады.

Normal Bold

Italic Bold-Italic

Times New Roman шрифтінің түрлі қаріптері. Шрифт асты сызылған болуы мүмкін және индекстеуде де қолданылады. Кез-келген графикалық нысан секілді әр әріптің өз жиегі болады. Оның түсінің қалыңдығын өзгертуге, мәтінге қатысты түрлі ұүймаларды пайдалануға болады. CorelDraw сонымен қатар символдар, жолдар мен сөздер арасындағы қашықтықты өзгертіп, фигуралық және қарапайым мәтіннің дара әріптерін ығыстыруға мүмкіндік береді.

ІV. Бекіту. Практикалық жұмыс.

Мәтінді қисықтарға түрлендіру.

Мәтінді қарапайым қисықтарға түрлендіруге болады. Бұл жағдайда әр әріпте лупамен жақсы көрінетін көптеген түйіндер пайда болады. Қарапайым қисықтармен жұмыстағыдай енді кез келген түйіннен немесе траекториядан тартып, символдардың формасын өзгерті оңай түседі, онда кейін мәтінді форматтауға болмайды. Қисықтарды түрлендіргеннен кейін мәтіннің бөлек әріптерін масштабтау, айналдыру мен жылжыту оңай.

V. Оқушылар білімін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. Мәтін, мәтіндік блоктар тақырыбын оқып келу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі