400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;

Сабақтың дамытушылығы: мәтінді талдау арқылы ой тұжырымын жасауға, өз ойларын дәлелдеуге дағдыланады; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл - ойын дамыту;

Сабақтың тәрбиелігі: адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздену, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Психологиялық дайындық

Қазақ тілі – өмірің де өлең де

Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге

Қазақ тілі - болашаққа жетелеп

Ұрпақтарды танытады әлемге

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: оқу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Негізгі ой

Түрлері: Мәтін Тақырыбы Мазмұны Бөлімдері

ІҮ. Жан - жақты білімдерін тексеру.

- Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан. Мәтінге ат қоюға болады.

- Мәтінге ат қою – оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атау. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі тақырып пен негізгі ой бір – бірімен тығыз байланыста болады.

Мәтін дегеніміз не? Тірек сызбаға сүйене отырып мәтіннің мағынасын ашу.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

а). Оқулықпен жұмыс.

ә). Дәптермен жұмыс Күнді жазу. Көркем жазу.

Терең ойлау тапсырмалары. Тақтамен жұмыс.

Көргені бойынша жазып шыққан оқушының әңгімесін ретке келтіріп жаз.

Әңгімең қалай болып шықты? Көшіріп жазып, оқы.

Көркем жазу. Терең ойлау тапсырмалары.

Суреттерге қара. Бұлар қай ертегі бойынша салынған?

Төмендегі сөйлемдердің берілу реті сурет мазмұнына сәйкес келе ме?

Сурет реті бойынша сөйлемдерді көшіріп жаз.

Ертегі мазмұнын әңгімелету. «Түлкі мен ешкі» ертегісін айтуға дайындал:

1). Суреттер мен сөйлемдер арқылы;

2). Суреттердің көмегімен;

3). Есіңде қалғаны бойынша.

Сергіту жаттығуы

Қарамен жазылған сөздерді ертегі мазмұнының ретіне қарай көшіріп жаз. Неліктен бұл сөздер тірек сөздер бола алатынын ауызша түсіндір.

Ертегіні оқы. Түлкі мен құмыра

Сөйлемдердегі сұрау сөздерінің көмегімен тірек сөздерді тауып жаз.

1. Әйел шөптің арасына нені қойды?

2. Сүті бар құмыраны не көріп қалды?

3. Түлкі басын қайда сұқты?

4. Құмырадан басын шығара алмаған түлкі қайтті?

5. Түлкі немен бірге суға батып кетті?

Тірек сөздерді пайдаланып, ертегінің мазмұнын айтып бер.

ҮІ. Бекіту:

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

ІХ. Оқушыларды бағалау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.07.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі