400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәтінді бақылау ретінде көшіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтінді бақылау ретінде көшіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бекітемін:


Мұғалімі:


Пәні:

Қазақ тілі 4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді бақылау ретінде көшіру. Сөз және оның мағынасына жаттығулар ІІ тоқсан

Сабақтың мақсаты

Мәтінді сауатты көшірту, сөз және оның мағынасына тапсырмалар орындату.

Күтілетін нәтижелер

  • Жаңа тақырыпты түсінеді.

  • Оқушылардың жаңа сөздерді үйрену арқылы білімі мен тілі дамиды.

  • Өз ойларын айта алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ, топпен жұмыс.

Оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ- жауап, диалогтік оқыту, сыни ойлау стратегиялары, жеке, жұптық, топтық жұмыс, презентация

Керекті жабдықтар

Б.А. Тұрғынбаева, З.Муфтибекова «Алматыкітап» оқулығы 2013ж

қарындаш, сызғыш, түрлі-түсті бояулар,суреттер.


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе







1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

1.Психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында тренинг өткізу:

Әрбір адам – досым, сыныптасым, 
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. 
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, 
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

2. Сыныпты топтарға бөлу

Жұмыс істеуге дайындалады, топ ішінде өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнығады.

Тұсаукесер

- Сонымен синоним дегеніміз не?

-Антоним дегеніміз не?

-Омоним дегеніміз не?

-Мысал келтіріңіздер?

Сұрақтарға жауап береді.

Негізгі бөлім


Мәтінді бақылау ретінде көшіру

Үкі

Үкі-ірі жыртқыш. Оның арқасы сарғыш ала немесе сарылау, құрсағы қара ала жолақты, тамағы ақ. Имек тұмсығы мен тырнақтары қара. Оның басында құлаққа ұқсас қауырсындар бар. Ұрғашылары еркек үкіге қарағанда үлкендеу болады. Ұяларын жерге орналастырады. Ұяға бір-екі жұмыртқа салып, оны бір айдан аса уақыт басады.

Күндіз қураған ағаш немесе томардың үстінде отырады. Ал қараңғы түсісімен үкі қорегін аулауға шығады. Қараңғыда жақсы көреді және дыбысты жақсы естиді. Үкі ұсақ кеміргіштермен, құстармен, кейде қоян, құр, тіпті саңырау құрмен де қоректенеді. (79 сөз)

Қосымша тапсырма

а) көп нүктенің орнына мәндес сөздер тауып жаз.
ә) мәндес сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
1. Әдемі, сұлу, көркем.
2. бет, ажар, келбет өң.
3. ынтымақ, бірлік, достық.
4. қатігез, ұшқалақ, жеңілтек.
Сергіту сәті. Сөзжұмбақ «С - дан басталатын

8 сөз»
1. Сұйық зат
2. Заттың атауы
3. Дақыл атауы
4. Облыс атауы
5. Қарудың бірі
6. Жоғарғы оқу оқушысы
7. Жыртқыш аң
8. Студентке төленетін ақы
а) Сөйлемдерді түсініп оқы.
ә) Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір
Сөз туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? Еске түсірейік.
Жасырынған мақалдарды берілген алғашқы дыбыстары арқылы оқып көрейік.
1. С...- с... ө..., т... е... ө. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.
2. А... с..., а.. о... т... Айтылған сөз, атылған оқпен тең.
3. м...- с... к... Мақал - сөздің көркі.




Мәтінді көшіреді














Берілген тапсырманы орындайды























Қорытынды


-Бүгінгі сабақта нені еске түсірдік?

- 1) Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап
Таза- Ақ-

Ыстық- Ащы-

Жақсы- Биік-

2)Мағынасына қарай топтап жаз

Дәптер, күлді, екі, эдемі, жылады, отыз бес, парта, кең,алты,жасыл,кітап.

Сұрақтарға жауап беру


Үйге тапсырма

Ереже қайталау

Күнделіктеріне жазып алады

Рефлексия


Екі жұлдыз, бір ұсыныс.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
1027
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі