400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтінді есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
материалда толық топтық, жұптық, жеке жұмыстар қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім:

8.3В Квадраттық функция

Педагогтің Т.А.Ә.

Нұрылдаева Райхан. Шарапаева Гүлзира

Күні:

27.02.2025ж

Пән/Сынып:

Алгебра, 8 «б» сынып.

Қатысушылар саны: 17

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді есептерді шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін есептер шығаруда қолдану

Құндылықтарға баулу:

Жасампаздық және жаңашылдық: Топпен, жұппен жұмыс орындау барысында тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу және жеке жұмыс орындау кезінде өз бетінше әрекет ету, жауапкершілік, шешім қабылдай білу, оқу есептерін шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білу, ол үшін жаңаларын қолдану және бұрыннан таныс алгоритмдерді біріктіру, оларды есептерді шешуге қолдана алу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері, уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйым дастыру

5 минут








5 минут


Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың көңіл күйін сұрап болған соң оқушыларды түгелдеу. Топқа «Жебе» әдісімен үш топқа бөлу. Жебенің беріктігі туралы ұлттық құндылықты дәріптеп айтады.

Оқушыларға сабақ бойы өзін-өзі бағалау парақтарын таратады.Үй жұмыстарын слайдта берілген дұрыс жауап көмегімен «Көршіңді тексер» әдісімен оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.

Сабақтың тақырыбын, сабақтың мақсатын таныстыру. Бүгін мәтін есептерді шығару тақырыбын қарастырамыз.

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

- қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану.

Оқушыларға бүгінгі тақырыптың оқу мақсаты төңірегінде не үйренгің келеді ? нені білгің келеді ? сұрақтарын қою арқылы ойларын жаздыртып «Мұздатқыш» қобдишасына салдырамын.

Өтілген сабақты қайталау мақсатында «Wordwall» бағдарламасы арқылы сұрақтарға жауап береді

Сәлемдесу. Топтарға бөлінеді. Сабаққа дайындығын бастайды. Үй жұмыстарын дайын слайд көмегімен «Көршіңді тексер» әдісімен оқушылар бірін-бірі тексереді. Әр оқушы бағалау парақтарына алған ұпайын белгілеп отырады.

Сабақтың мақсатымен танысады.

Оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына байланысты сұрақтарын жазып «Мұздатқыш» қобдишасына салады.

Оқушылар «Wordwall» бағдарламасы арқылы сұрақтарға жауап береді

Бағалау парақтарына «Көршіңді тексер» әдісімен бірін-бірі

+ немесе –

қойып бағалайды


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың, жақсы, дұрыс» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

Слайд; оқу құралдары

Жебе суреттері




«Мұздатқыш» қобдишасына

«Wordwall» бағдарламасы

Негізгі бөлім

12мин








10 минут

Топтық жұмыс. «Алтын садақ» әдісі.

«Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетіледі. "Қыз Жібек" — қазақ киносының ең ұлы шығармаларының бірі.

Фильмде қазақ халқының дәстүрлері, тұрмысы, әндері мен билері айқын көрінеді.

"Қыз Жібек" фильмі қазақ киносының алтын қорына енген туынды болып саналады. Оның танымалдығы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де жоғары бағаланды. Бұл фильм қазақ халқының мәдениетіне, оның ұлттық құндылықтарына деген қызығушылықты арттырды.

Оқушыларға құндылықтарды дәріптей отырып, топтарға есептер беріледі. Олар топтаса отырып талқылайды, қалай шешуге болатыны жөнінде өз идеяларын, ойларын ортаға салады. Кейін тақтада шығарылады.


Жұптық жұмыс. «Есептер еліне саяхат» әдісі.


Оқушыларға жұптасып орындауға тапсырма беріледі. График сызу үшін «GeoGebra» бағдарламасын пайдаланады.


Квадраттық функциялар көпірді салу барысында қолданылады.

Сұрақ:

Неге көпірлерді салғанда параболаны қолданады? Оқушылар жауап береді және аргументтерді келтіреді.

«Қыз Жібек» фильмін көріп, берілген тапсырманы орындайды.

Олар топтаса отырып талқылайды, қалай шешуге болатыны жөнінде өз идеяларын, ойларын ортаға салады. Кейін тақтада шығарады.

Дескрипторлар арқылы өзара бағалау жүргізеді.





Жұптық жұмыс. «Есептер еліне саяхат»

Тапсырманы жұптасып орындайды. Графигін «GeoGebra» бағдарламасы арқылы сызады.



Дескриптор:


-Квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады.

-Квадраттық функция формуласы бойынша парабола төбесін анықтай алады.

-Дұрыс қорытынды жасалынған.





Дескриптор:

-Квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады.

Бейнематериал

Тақта

Бор

Кітап

Дәптер

Интерактивті тақта

Тапсырма қағаздары





«GeoGebra» бағдарламасы

Тақта

Бор

Кітап

Дәптер

Интерактивті тақта

Бағалау парақтары

Жеке жұмыс

10 минут

Оқушыларға тест жұмысы беріледі. «ZipGrade» бағдарламасы арқылы тексеріледі.


Жеке жұмыс. Оқушылар берілген тест тапсырмасын дәптерлеріне орындайды.

«ZipGrade» бағдарламасы бойынша жалпы ұпайдың пайызын шығарып

1-10 баллдық шкаламен бағалау


Тест тапсырмалары

«ZipGrade» бағдарламасы

3 мин






Бүгінгі сабақта:

- қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

Кері байланыс. «Мұздатқыш» қобдишасы

Оқушылар сабақтың басында жазған сұрақтарына жауап алалдыма кері байланыс береді.


  • Бүгін мен сабақта мынаны игердім:

  • Мен сабақтың бұл бөлігіне сенімдімін:

  • Бұл бүгін мен үшін сабақтың ең қиын бөлігі болды:

  • Бұл қиын болды, себебі:

Тақырыпты меңгергенін анықтау.




Үйге тапсырма. №14.43.

Бағалау.







Кері байланыс

«»Бағдаршам» әдісі



Кітап


Интерактивті тақта


Бағалау парақтары

«Бағдаршам»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.04.2026
15
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі