400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтінді есептерді шығару.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге жағартылған білім мазмұны бойынша қолданылатын әдіс-тәсілдері пайдалану үлгі ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Мектеп: «№67» жалпы білім беретін мекебі

5.1А Натурал сандар және нөл саны (15 сағ)

Күні:24.09.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Битанова А.Ж.

Сынып: 5 «А» Қатысқандар: Қатыспағандар:

Тақырыбы:


Мәтінді есептерді шығару.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.5.1.1

натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді есептерді шығару;

5.5.1.8

әріпті өрнектерді құру және оларды есептер шығаруда қолдану;

5.5.1.9

мәтінді есептерді шығару үшін формулаларды қолдану;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Оқушылар тақырыпты біледі, түснеді және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы сөздік қорларын дамытуға пайдаланады


Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінді есептерге теңдеулер жүйесін дұрыс құра алады, жауабын дұрыс анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу дағдысын қалыптасады;

.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сабақта біз өзімізді әр түрлі маман иесіміз деп армандап көрейік, олар: дүкенші, құтқарушы және жолсерік. Қандай да болсын маман иесі болу үшін не керек? Әрине, білім керек. Сондықтан маман иесі ретінде жұмысқа кіріспес үшін алдымен біліміміз сол маманға сай ма, жоқ па, соны тексеріп алайық.

Ауызша сұрақ-жауап кезінде қойылатын сұрақтар:

1. Теңдеу дегеніміз не?

2. Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?

3. Теңдеуді шешу дегеніміз не?

Үй тапсырмасын тексеру

Shape1 Shape2 қозы аяқтары - 40

тауық 3 есе кем

ШShape3 ешуі:

Қозы – х 4 аяқ 40 аяқ

Тауық – 3х 2 аяқ

4. х + 2 . 3х = 40

4х + 6х= 40

10х = 40

х = 4 3 . 4=12Жауабы:4 қозы


Сабақтың ортасы

(МК,Ұ)

Мәтінді есептер

Мысал -1: Қауын мен қарбыздың массасы 8 кг. Егер қарбыз қауыннан 3 есе ауыр болса, қауын мен қарбыздың массасы қандай?

Шешуі: Бізде қауын мен қарбыздың жеке-жеке массасы белгісіз. Сондықтан екеуінің де массасы х деп аламыз, бірақ қарбыз қауыннан 3 есе ауыр болғандықтан х –ті 3-ке көбейтеміз.

Қауын – х

Қарбыз –х ∙ 3 = 3x

Есептің шарты бойынша Қауын + Қарбыз = 8 кг. Онда

х + 3x = 8

4x = 8, x = 2 біздің белгілеуіміз бойынша х қауын салмағы, сондықтан қауынның массасы 2 кг, қарбыз 3x = 3 ∙ 2 = 6 кг.

Жауабы: Қауын 2кг, қарбыз 6кг.

Мысал -2: Үш санның қосындысының мәні 240-қа тең. Бірінші сан екінші саннан 2 есе артық, ал үшінші сан бірінші сан мен екінші санды қоса алғаннан 3 есе артық. Берілген санды табыңдар.

Шешуі: Берілген үш санда белгісіз, сондықтан теңдеу құру арқылы шығарамыз.

I сан – х ∙ 2 = 2x

II сан – х

III сан (2x + х) ∙3 Сонда жалпы теңдеуіміз осы үш санның қосындысын 240-қа теңестіреміз.

2x + х +(2x + х) ∙ 3 = 240

3x + 3x ∙ 3 = 240

3x + 3 ∙ 3 ∙ x = 240

3x + 9x = 240

12x = 240

x = 240 : 12

x = 20

Тексеру: 2 ∙ 20 + 20 +( 2 ∙ 20 + 20) ∙ 3 = 240

240 = 240

Жауабы: Берілген сан 20.

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Автокөлік жай жолда 50 км/сағ жылдамдықпен 6 сағ, ал тас жолда 80 км/сағ жылдамдықпен 5 сағ жүрді. Автомобиль барлығы неше километр жол жүрді?

2. Шаңғышы 3 сағ-та 30 км жол жүріп өтті. Осы жылдамдықпен 20 км жол жүріп өту үшін оған қанша уақыт қажет?

3. Екі жер телімінен 62 қап картоп жиналды. Екінші жер телімінен 39 қап картоп жиналды. Бірінші жер теліміне қарағанда екінші жер телімінен қанша қап артық картоп жиналды?

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Ұзындығы 180 км жолды турист пойыз және автобуспен жүріп өтті. Пойызбен жүрген жол автобуспен жүрген жолдан 2 есе артық. Турист автобуспен қанша километр жүріп өтті?

Шешуі: автобуспен – х, пойызбен – 2х.

2х + х = 180, х = 60 км Жауабы : автобуспен 60 км жүрген

2. Қайықтың жылдамдығы өзен ағысының жылдамдығынан 2 есе артық. Егер қайықтың өзен ағысымен жүргендегі жылдамдығы 9 км/сағ болса, онда қайықтың меншікті жылдамдығын табыңдар.

Шешуі: ағыс жылдамдығы – х, пойызбен – 2х.

2х + х = 180, х = 60 км

Жауабы : автобуспен 60 км жүрген

3. Көгалда қаздар мен қойлар жайылып жүр. Олардың басы 30, аяғы 92 болса неше қаз, неше қой болады?

Шешуі: қаздар – х, қойлар – 30 – х .

2х + 4(30 – х ) = 92, х = 14 қаз, 16 қой

Жауабы : х = 14 қаз, 16 қой

ІІІ деңгей тапсырмалары

1. Ойлаған сан 4 есе арттырылды. Шыққан көбейтіндінің мәні 128-ге кемітіліп, нәтижені 13 санына көбейткенде, 52 саны шықты. Ойлаған санды табыңдар.

Шешуі: Ойлаған сан – х, (4х – 128) · 13 = 52, х = 33

Жауабы : х = 33

2. Ағасының 11 жасында, бауыры 1 жаста болатын. Ағасы бауырынан 3 есе үлкен болған кезде, аға бауырлы екеуі неше жаста болады?


Шешуі: Ағасы – 11 11 + х

Бауыры – 1 1 + х, ( 1 + х) · 3 = 11 + х х = 4

Жауабы : ағасы 11 + 4 = 15,

Інісі 1 + 4 = 5.

Топтық жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.

Әр топ өз шығару жолдарын түсіндіріп айтады.

1. Айгерім 100 тиынға 10 дана жеміс сатып алды. Сармсақ 5 теңге, сәбіз 15 теңге тұрса, жемістің әр түрінен қаншадан алған?

Шешуі: Сарымсақ 5 теңгеден х – дана,

Сәбіз 15 теңгеден 10 – х - дана,

5х + 15(10 – х) = 100, 5х +150 -15х = 100, -10х = -50, х = 5

Жауабы : Сарымсақ 5 дана,

Сәбіз 10 – 5 = 5.

2. Әкесі 29 жаста, баласы 8 жаста, баласы неше жасында әкесінен 2 есе кіші болады?

Шешуі: Әкесі - 29, х – жылдан кейін,

Баласы - 8,

(8 + х) · 2 = 29 + х, 16 + 2х = 29 + х, х = 13.

Жауабы : Әкесі 29 +13 = 42 жаста,

Баласы 8 +13 = 21.


Оқулық



Аудидиск:

1.7.1; 1.7.3;




№1жұмыс дәптері



Қосымша тапсырма:1.7









Сабақтың соңы

Жаңа материалды пысықтау.

Әр бір оқушы мәселе есептерді шығаруда үшін жүйелі ойлануды қажет ететіндігі туралы ой қорытады.

I топ.

1) Оқушы бір сан ойлады, одан 27-ні азайтып, нәтижесін 2-ге көбейткенде 144 саны шықты. Оқушы қандай сан ойлады?

Жауабы: 99

2) Дүкенге 4 қорап тәтті әкелінді.Әрбір қораптан 12 кг тәтті сатылғаннан кейін барлығында қалған тәтті алғашқы бір қораптағыдай болған. Алғашында әрқайсысында неше кг тәтті бар еді?

Шешуі: (х – 12) · 4 = х, 4х – 48 = х, 3х = 48, х= 16. Жауабы: 16 кг

II топ.

1) Тіктөртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. Мұндағы a = 17; b = 9. Жауабы: 52 см

2) Бөтелке тығынымен 60 теңге тұрады. Бөтелке тығынынан 58 теңге қымбат болса, бөтелке мен тығынның жеке – жеке бағасын тап.

Жауабы: 2

III топ.

1) Асхат ақшасының жартысына фломастер сатып алған соң, оған атасы 130 теңге ақша берді. Сонда Асхаттың ақшасы 205 тг болды. Асхатта алғашқыда неше тенге ақша болған?

Жауабы: 150 тг

2) Мен атамның 61 жасында 10 жаста болатынмын. Қазір атам менен 4 есе үлкен жаста болса мен неше жастамын?

Шешуі: атасы -61 + х, мен – 10 + х, (10 +х) · 4 = 61 + х, 3х = 21, х = 7

Жауабы: мен 17 жастамын7

Оқушылар кері байланыс парағын толтырады, өзін бағалайды

Picture 130



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
595
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі