400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтінді есептерді шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық білім алушылар:Мәтінді есептердің шартындағы белгілі шамаларды және белгісіз шаманы анықтай алады, есептер шарты бойынша (өзен ағысына және қозғалысқа) қарапайым рационал –теңдеу құра алады;. Білім алушылардың көпшілігі: Мәтінді есептерді (өзен ағысына және қозғалысқа байланысты) бөлшек- рационал теңдеудің көмегімен шығара алады; Кейбір білім алушылар: Мәтінді есептердің шартына (өзен ағысына және қозғалысқа) байланысты кері есепте құрастырып, бөлшек-рационал теңдеу көмегімен шығара алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ақши ауылы

М.Төлегенов атындағы ЖББОМ КММ

математика пәні мұғалімі Бекетаева Лида Қозыбаққызы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Квадрат теңдеулер

Мектеп: М.Төлегенов атындағы ЖББОМ



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Бекетаева Л.Қ.



Сынып: 8

Қатысқандар: 8

Қатыспағандар:0



Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу.



Сабақтың мақсаты

Барлық білім алушылар:Мәтінді есептердің шартындағы белгілі шамаларды және белгісіз шаманы анықтай алады, есептер шарты бойынша (өзен ағысына және қозғалысқа) қарапайым рационал –теңдеу құра алады;.

Білім алушылардың көпшілігі: Мәтінді есептерді (өзен ағысына және қозғалысқа байланысты) бөлшек- рационал теңдеудің көмегімен шығара алады;

Кейбір білім алушылар: Мәтінді есептердің шартына (өзен ағысына және қозғалысқа) байланысты кері есепте құрастырып, бөлшек-рационал теңдеу көмегімен шығара алады.



Ойлау дағдыларының деңгейлері

қолдану



Бағалау критерийі

  1. Қозғалысқа байланысты мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулер көмегімен шығарады;

  2. Өзен ағысына байланысты мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулер көмегімен шығарады;

  3. Оқушылар өзен ағысына байланысты және қозғалысқа байланысты бөлшек рационал теңдеулерді дұрыс оқи алады



Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

Өзен ағысы, өзен ағысына қарсы, жылдамдық, уақыт, жол, кездесу уақыты, қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс.

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер:

Өзен ағысына жүзген қайықтың жылдамдығы.....

Өзен ағысына қарсы жүзген қайықтың жылдамдығы......

Жеңіл машинаның жылдамдығы жүк машинаның жылдамдығынан ..... км/сағ артық



Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы



Пәнаралық байланыс

Физика



Алдыңғы білім

Квадрат теңдеудің түбірлерін табуды біледі. Бөлшек – рационал теңдеулерді шығара алады.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Сабақтың басы


  1. Психологиялық ахуал «Құбыр» тренингі

  2. Топқа бөлу «Теңдеу түрлері бойынша»

(Оқушылар стикерлерді алады. Стикерлерде теңдеулер жазылады. Сол теңдеу түрлері бойынша бөлінеді.

А) квадрат теңдеулер

Б) бөлшек – рационал теңдеулер


1. «Көршіңді тексер» әдісімен, жұптық жұмыс

Бір – бірін слайд арқылы тексеріп, (+ , -) қою арқылы бағалайды.

1)Қосындысы 22-ге, ал квадраттарының қосындысы 250-ге тең екі санның кішісін табыңдар.

Дескриптор:

-тапсырманы математикалық тілге аудара алады.

-Квадрат теңдеуге келтiрілетін теңдеу құрастырады.

-Квадрат теңдеуді шешеді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін бірі бағалау

2.«Кір жайғыш» әдісімен оқушылармен сұрақ – жауап жүргізу арқылы сабақтың оқу мақсатын ашамыз.

  1. Мәтінді есепті математикалық тілге аудару дегеніміз не?

  2. Мәтінді есепті шешудің алгоритмі қалай құрылады?

Мәтінді есепті теңдеудің қай түріне келтіріп шешуге болады?

Ақ парақ,шарик



Стикер




Слайд №1











Слайд№2



Сабақтың ортасы








































































1 тапсырма. «Бірге ойлаймыз» әдісімен топтық жұмыс. Топтарға үлестірмелер таратылып беріледі, үлестірмелерде жазылған есепті постерде шығарады. Постерлерді көрші топ слайд арқылы тексереді және бағалайды .


1. Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Қайықтың өзен ағысының бойымен жүзгендегі жылдамдығын табыңдар.

Дескрипторлар:

  1. Ағыс бойымен жүзу жылдамдығының формуласын біледі.

  2. ағыс бойымен жүзу жылдамдығын формула бойынша жазады.

  3. квадрат теңдеу құрастырады.

  4. Квадрат теңдеудің шешімін табады.

2. Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 25 км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Қайықтың өзен ағысына қарсы жүзгендегі жылдамдығын табыңдар.

Дескрипторлар :

  1. Ағысқа қарсы жүзу жылдамдығының формуласын біледі.

  2. ағысқа қарсы жүзу жылдамдығын формула бойынша жазады.

  3. квадрат теңдеу құрастырады.

  4. Квадрат теңдеудің шешімін табады.

Топтар бір – бірін слайд арқылы тексереді. Қалыптастырушы бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен жүргізіледі.

2 тапсырма. Тақтамен жұмыс «Стоп кадр» әдісімен.

1)Моторлы қайық өзен ағысымен 10 км және өзен ағысына қарсы 12 км жүріп, барлық жолға 2 сағ жіберді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ болса, онда моторлы қайықтың жылдамдығы неге тең?

2.Моторлы қайық өзен ағысымен 17 км және өзен ағысына қарсы 13 км жүріп, барлық жолға 2 сағ жіберді. Егер моторлы қайықтың жылдамдығы 15 км/сағ болса, өзен ағысының жылдамдығы неге тең?

Дескрипторлар:

  1. Ағыс бойымен және ағысқа қарсы жүзу жылдамдығының формуласын біледі.

  1. Формула бойынша теңдеу құрастырады.

  2. теңдеудің шешімін табады.

Мұғалім қалыптастырушы бағалауды «Бас бармақ» әдісімен жүргізеді.

  1. 3 тапсырма. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс (жеке жұмыс) «Бағытыңды таңда» әдісімен оқушыларға тапсырмалар жазылған конверт таратылып беріледі, оның ішінде үш нұсқада үлестірмелер болады :

«А» деңгейі – жасыл түсті;

«В» деңгейі - сары түсті;

«С» деңгейі – қызыл түсті. Оқушылар өз қалауына және білім деңгейіне қарай үлестірмелерді таңдайды, өз бетінше жұмыс жасайды, өзін өзі тексереді.

«А» деңгейі

Қайық өзен ағысымен А пунктінен В пунктіне 5 сағат барып, В пунктінен А пунктіне 7 сағатта қайта оралды. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, онда қайықтың мншікті жылдамдығын табыңдар.

«В» деңгейі

Жүк пойызы жолда 12 минутқа кідірді. Жоспардан кешікпеу үшін жылдамдығын 15 км/сағ- қа арттырып, жоғалтқан уақытты 60 километрлік жолды жойды. Пойыздың бастапқы жылдамдығын табыңдар

«С» деңгейі

Амен В пунктерінің арақашықтыңы 14км. Моторлы қайық А пунктінен сағат 9:00 де шығып, В пунктінде 1сағ 20 мин болғаннан кейін А пунктіне кері қайтты. Моторлы қайық А пунктіне сағат17:00 де жетті. Егер қайықтың жылдамдығы5км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығын тап.

Дескриптор:

  1. теңдеу құрастырады.

  2. Квадрат теңдеуге келтіреді.

  3. Квадрат теңдеуді шешеді.

  4. Қосындыны есептейді.

Оқушылар өзін – өзі тексереді.

Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» әдісімен жүргізіледі.

4 тапсырма. Оқушылардың бүгінгі сабақта өз мақсатына жеткендігін білу үшін «Формативті тест» өзіндік жұмысын ұйымдастырамын.


Дескрипторлар :

  1. Жылдамдық формуласын біледі.

  2. Жылдамдықты формула бойынша жазады.

  3. Квадрат теңдеу құрастырады.

  4. Квадрат теңдеудің шешімін табады

Қалыптастырушы бағалау: Өзін – өзі бағалау

Кері байланыс: ауызша

Постер ,маркер

Үлестірмелер






















Слайд№3

Түрлі – түсті қағаздар





Оқулық 8-сынып

«Алгебра»

Рисунок 24 Рисунок 24







Үлестірмелер





Слайд№4

Түрлі – түсті қағаздар









Picture 29

































Сабақтың соңы


Рефлексия «Нысана» әдісі

Тақтаға нысананың суреті салынады, ол төрт секторға бөлінеді. Сектордың әрқайсысына параметрлер-қалыптасқан әрекеттің рефлексия мәселелері жазылады.


Үйге тапсырма

4, 5

О қулық 8-сынып

«Aлгебра»







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
1333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі