400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтінді есептерді шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО, Семей қаласы, «№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ,

математика пәні мұғалімі Жамалбаева Жулдыз Тлеубековна

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2В Алгебралық өрнектер

Мектеп: «№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жамалбаева Жулдыз Тлеубековна

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы:

Мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізідетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру

Сабақ мақсаттары






Барлық оқушылар: мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастырады;

Оқушылардың басым бөлігі : мәтін есептерді шығаруда екі айнымалысы бар өрнектер мен формулаларды құрастырады;

Кейбір оқушылар : мәтін есептерді шығаруда екі айнымалысы бар өрнектерді құрастырып, мәнін табады.

Бағалау критерийлері

Мәтінді есептің шартына сәйкес өрнек құрады;

Мәтінді есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

алгебралық өрнектер мен формулалар құрастыруды сипаттай алады; өрнектер мен формулалар құрастырады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Алгебралық өрнектер, әріптер, формула, өрнектің мәні, айнымалысы бар өрнектер; ACTIVote тестілеу құрылғысы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Алгебралық өрнектер дегеніміз ...

Алгебралық өрнектің негізгі қасиеті ...

Алгебралық өрнектің мәні ...

Айнымалы деп ...

Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы негізінде оқушыларды еңбексүйгіштікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

Алдыңғы білім

Санды өрнектің мәнін табу дағдыларының болуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин





























Психологиялық дайындық:

Ал, қанекей балалар,

Бері таман қараңдар.

Сабағымызды бастайық

Есептерді қиналмай

Лезде шешіп тастайық.

«Жылы шам» психологиялық тренингін өткізейік. Майшамның жылуында бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

І. Оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында қайталауға ауызша жаттығулар ұсыну, «Ой қозғау»

  1. -10:(- 5) («К» әрпі) 2) 0,8:4 («Е» әрпі)

3) 72:(-3) («Б» әрпі) 4) 32:(-4)+5 («Ң» әрпі) 5) -2*(-5)-12 («Е» әрпі)

«Еңбек» сөзіне мақал- мәтел құрастырады.

Қ.Б. «Өзін-өзі бағалау»

Проблемалық жағдай туғызу.

Мақсаты: Проблемалық жағдай туғызу арқылы ойлануға дағдыландыру.

Оқушыларға мына өрнектерді беру арқылы сабақтың мақсатын айқындау. Жаңа сабаққа бағыт беру. Сабақтың соңында бастапқы жауап пен соңғы жауапты салыстырады. Сабақтың түйінін оқушылар өздері анықтайды.

Оқушының аты- жөні:

Мына өрнектерді алгебралық өрнектер деп ойлайсыңба?

Иә /жоқ

+ -

Сабақтың соңында тексеру (иә/жоқ)

-3(а+в)



0,5 + 8



3в





Өрнектің мәні дұрыс табылған ба?

2*а+11, мұндағы а=-5

2*(-5) +11=-10+11=1



ІІ. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын айқындау және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру;

Оқулықтан мағлұматтар алады. Өздері түсінуге мүмкіндіктер беріледі.





Picture 2







Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов 6 сынып математика




















Сабақтың ортасы


20 мин















































































Сабақтың соңы:

10 мин





























І. Оқушыларды жұптарға біріктіру.

«Аралас. Қатып қозғалма. Жұптас»

Жұптарға тапсырмалар ұсыну.

Жұптар өзара бір- бірін бағалайды.

Бағалау критерийлері беріледі. Тапсырмалардың жауаптарын салыстыру арқылы оқушылар бір тұжырымға келеді, басқа жұптармен ауысып, қорытындыларымен бөліседі.

Мұғалім тағы бір қорытындылайды.

1-жұп:

1-тапсырма:

Алгебралық өрнек түрінде жазыңдар:

а санынан 3 есе артық санды .

Дескриптор: Білім алушы

- Қажетті амалды анықтайды;

- Алгебралық өрнекті жазады.

2-тапсырма:

Алгебралық өрнек құрастырыңдар:

Раушан гүлінің бағасы бағасы а тг, қызғалдақ гүлінің бағасы в тг. Үш раушан гүлі және төрт қызғалдақ гүлінің құны неше теңге?

Дескриптор: Білім алушы

-Үш раушан гүлінің құнын табады;

-төрт қызғалдақ гүлінің құнын табады;

-үш раушан гүлі және төрт қызғалдақ гүлінің құнын табу өрнегін жазады.

3-тапсырма:

Өрнек құрастырып, мәнін табыңдар:

Тіктөртбұрыштың периметрі 22 см, оның ені в см. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар. Мұндағы в=4.

Дескриптор: Білім алушы

-тіктөртбұрыштың периметрін табу формуласын жазады;

-Әріпті өрнек құрастырады;

-өрнекті ықшамдайды;

-тіктөртбұрыштың ауданын табады.

2- жұп:

1-тапсырма:

Алгебралық өрнек түрінде жазыңдар:

в санынан 2 есе кем санды.

Дескриптор: Білім алушы

- Қажетті амалды анықтайды;

- Алгебралық өрнекті жазады.

2-тапсырма:

Алгебралық өрнек құрастырыңдар:

Бір қоңызда 6 аяқ бар, ал бір өрмекшіде 8 аяқ бар. х қоңызда және у өрмекшіде неше аяқ бар?

Дескриптор: Білім алушы

-6 қоңыздың аяғын табу өрнегін жазады;

-8 өрмекшінің аяғын табу өрнегін жазады;

-6 қоңыз бен 8 өрмекшінің аяғын табу өрнегін жазады.

3-тапсырма:

Өрнек құрастырып, мәнін табыңдар:

Тіктөртбұрыштың периметрі 12 см, оның ені в см. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар. Мұндағы в=2.

Дескриптор: Білім алушы

-тіктөртбұрыштың периметрін табу формуласын жазады;

-Әріпті өрнек құрастырады;

-өрнекті ықшамдайды;

-тіктөртбұрыштың ауданын табады.

Қ.Б: «Парталас көршіңе бір пікір»

Сергіту сәті

«Бұрыштарды көрсету»

ІІІ.Келесі тапсырманы орындау тест шешу арқылы іске асады (өздік жұмыс).

ACTIVote тестілеу құрылғысын қолданады (А,В,С нұсқаларын басу).

Оқушылар өзін- өзі бағалайды. Дұрыс жауаптар интерактивті тақтада көрсетіледі.

Тест тапсырмалары:

1. m-нің іне тең болатын санды жазыңдар:

А. 1/2m В. m:2 С. m+2

2. а және в сандарының қатынасын жазыңдар:

А. в:а В. а-в С. а:в

3. Дәптердің құны а теңге, қаламның құны в теңге болса, 3 дәптер мен 2 қаламның құны неше теңге болады?

А. 3а+2в В. а+в С. 3(а+в)

Жауаптары: 1. А 2. С 3. А

ACTIVote тестілеу құрылғысы арқылы дұрыс жауаптар қолма- қол интерактивті тақтада шығады.

Қ.Б. «Өзін-өзі бағалау»

Сабақтың соңында осы карточканы толтыру арқылы сабақтың түйінін анықтау, сабақты қорытындылау.

Оқушының аты- жөні:

Мына теңдіктер дұрыс деп ойлайсыңба?

Иә /жоқ

+ -

Сабақтың соңында тексеру (иә/жоқ)

-3(а+в)



0,5 + 8



3в





Өрнектің мәні дұрыс табылған ба?

2*а+11, мұндағы а=-5

2*(-5) +11=-10+11=1





Қ.Б. өзін- өзі бағалау.

Ауызша қошеметтеу


Үйге тапсырма: (оқушылардың деңгейіне байланысты беріледі).

№ 629(2,4) ; №639(2,4) ; № 643

Үй жұмысы бойынша нұсқаулықтар айтылады.




Жұптық жұмыс

Тапсырмалар жазылған үлестірмелер

Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов 6 сынып математика




Жұптық жұмыс

Тапсырмалар жазылған үлестірмелер

























































Өздік жұмыс

Тапсырмалар жазылған үлестірмелер





















































Сабақтың соңы


Кері байланыс

«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі бойынша кері байланыс жасалады.

(Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады, керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады)



Өз қоржыныма алдым

әлі де білімімді жетілдіруім керек

Керек емес


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушылардың тақырыпты меңгеруі жұптық, өздік, жеке жұмыс арқылы іске асады. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды.



- Жұппен жұмыс барысында оқушыларға бір бірін тыңдауды, бір бірінің сөзін бөлмеуге тәрбиелейді, есептер шығару кезінде еңбекті қорғау ережелерді сақтайды.

Сабақ бойынша саралау Зияткерлік және кәсіби әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған тұрғыда- белсенді оқу әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, сабақ мақсатына жету үшін оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып ұйдастырдым. Барлық оқушыларды жана тақырыпқа бейімдеу мақсатында «Ойлан.Қатып қозғалма.Жұптас»әдісі арқылы тапсырмалардың жауаптарын салыстыру арқылы оқушылар бір тұжырымға келеді, оқушылардың қызығушылығын ойлау дағдысын қалыптастырдым.

ACTIVote тестілеу құрылғысы арқылы оқушылардың осы «Мәтінді есептерді шығару»тақырыбын қаншалықты меңгергенін тексерем. Бұл тестілеу құрылғысының тиімділігі: уақытты үнемдейді, жауабы қолма қол шығады және де қабілеті жоғары оқушылар бірден байқалады. Тапсырма арқылы ойы ұшқыр, шапшаң, алғыр оқушы бірінші болып білім шыңына жете алады.

Әдістемелік тұрғыдан.Білім беруде әдіс тәсілдердің тиімді қолданылуына Кейбір оқушылар:жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.Саралау қолданылатын сыныпта барлық оқушылар өздерінің әр түрлі оқитынын түсінеді және бір бірінің оқу үдерісіне қосқан үлесін бағалауды үйренеді.

Саралауды сабақтың өн бойында жүргізу.

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

-Кері байланыс:

«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі бойынша жасалады.


Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Сабақтың басында қауіпсіздік ережесі айтылады.

АКТ: Слайд көрсету.

Кестелер

Сынып тәртібін,ұқыптылығын қалыптастыру.

Зайырлы қоғам және жоғары руханият. Өзгелердің мәдениетіне құрметпен қарау.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралынені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
2742
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі