400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мәтінді есептерді шығару, ББЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Алгеьра пәнінен жазылған сабақ жоспары, әріптестеріме бір кәдеге жарар деген оймен жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

8.3В Квадраттық функция

Мектеп: Подхоз ЖББНМ

Күні: 27.02.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мухтарова Айтканым Булатовна

Сынып: 8

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны: 0

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару, ББЖБ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.3.1

есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

Сабақтың мақсаты

Есеп шарты бойынша математикалық модель құра алады.

Есеп шарты бойынша құрылған функция бойынша есепті шығара алады.

Қиындығы жоғары есептерді шығаруда квадраттық функцияны қолдана алады

Бағалау критерийі

  • Есеп шарты бойынша математикалық модель құарады

  • Құрылған модель бойынша квадраттық функцияны есептер шығаруда қолданады;

  • Қиындығы жоғары есептерді шығаруда квадраттық функцияны қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар қажетті ережелер мен терминдерді қолданып тұжырымдар жасайды, талдайды

Пәнге тән лексика мен терминология: Айнымалы, сызықтық функция, квадраттық функция,, коэффициент, координата, параболла, аргумент.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Функция, квалраттық функция деген не?

  • сызықтық функция және оның графигі деген не?

  • Квадраттық функция және оның графигі деген не?

  • Өмірде квадраттық функция қолданыла ма?

Құндылықтарды дамыту

«Мəңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана» құндылықтарының негізінде оқушылардың бойында жоғары патриоттық сезім, жоғары белсенділік, жоғары деңгейлі зият және бəсекеге қабілетті тұлғаға тəн қасиет - сапаларды жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, геометрия

Бастапқы білім

Квадраттық функцияның анықтамасы, y=a(x-m)^2 түріндегі квадраттық функция және оның графигі

Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

5мин


Ұйымдастыру сәті. Сыныппен амандасып, түгендеу.

Саралау тәсілі "Жіктеу" арқылы 2 топқа бөлу (аралас гендерлік топ). Қағаз қиындыларын суырып, 2 топқа бөлінеді. 1-ші топ «Теңдеу» тобы, 2-ші топ «Функция» тобы болады.

Үй тапсырмасын тексеру:

Белсенді оқыту әдісі: "Өзара тексеріс" Оқушылар дәптерлерін сағат тілі бағытымен алмастырып, үй тапсырмасын интербелсенді тақтада көрсетілген жауаптар арқылы тексереді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін-бірін бағалайды. оқушыларға геометриялық үшбұрыш, төртбұрыш,бесбұрыш фигуралары арқылы бірін-бірі бағалайды )

1.Тапсырма қатесіз орындалды,тұжырым дұрыс

жасалды;

2. Тапсырма қатесіз орындалды,тұжырым дұрыс емес;

3. Тапсырма қатесіз орындалды,тұжырым жасалмады.

Мұғалінің мадақтамасы: Жарайсындар!

Интербелсенді тақта




Слайд 2

Сабақтың ортасы

25 мин





























Белсенді оқу әдісі. Топтық жұмыс

- оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын» анықтау мақсатында

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша әр топқа өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтарынан беремін.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу. Түсіну

Бүкіл сыныппен жұыс.

Белсенді оқыту әдісі: «Сұрақты қағып ал», бұл әдісті командамен шешуге де болады.

- Квадраттық функция және оның графигі деген не?

- а болғанда y функциясының графигін қалай салады?

- y функциясының графигі y функциясының графигімен салыстырғанда қалай орналасады?

- y функциясының графигін қалай салауға болады?

-Бөлшек-сызықтық функцияның графигін қалай саламыз?

Қалыптастырушы бағалау : Шапалақ

1-тапсырма

3 м/с бастапқы жылдамдықпен допты 2 м биіктіктен жоғары қарай вертикаль бағытта

лақтырған, = 1/2gt2 + v0t + 0 мұндағы g ≈ 10м/с формуласын қолдана отырып, h(t)


функциясын құрыңыз. Табыңыз:

доптың ең жоғарғы биіктігін;

ең жоғарғы биіктікке неше секундтан кейін жетеді;

с) доп қанша уақыттан кейін жерге құлады.


Дескриптор: Білім алушы

функияның ең үлкен мәнін табады;

функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады;

функцияның нөлдерін табады.

2-тапсырма

Нан өнімдерін сатумен айналысатын дүкендер желісі күніне 2000 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Олардың әрқайсысы 70 теңгеден күн сайын бір нан алады. Нанның 1 теңгеге қымбаттауы дүкеннің 20 тұтынушысынан айрылуына әкеліп соғады. Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрыңыз. Математикалық моделіне сүйене отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

Бағаны неше рет қымбаттату дүкен иесіне максималды табыс әкеледі?

Бағаның осылайша қымбаттауынан қанша теңге максималды табыс көреді?

Дескриптор: Білім алушы

есептің математикалық моделін құрады;

функцияның максимумын табады;

функция максималды мән қабылдайтын аргументтің мәнін табады;

табылған мәндерге анализ жасап, қорытынды жасайды

ББЖБ тапсырмасын орындайды бұл жерде жеке жұмыс орындалады

























Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



Сабақтың соңы

3 мин









Үйге тапсырма: Қайталау

«Кері байланыс: «Блоб» ағашы арқылы әр оқушы сабақтан алған әсеріне байланысты ағаштын қай жерде орналасқанын стикер іліп көрсетеді.Оқушы өз стикерлеріне тоқталып отыр.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Нұсқаулықты (алгоритмді) қолданады, сабақтың өн бойында ауызша деңгейлік сұрақтарға жауап беріп, тиімді диалогқа түседі.

Оқушылардың əртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қиындық деңгейі әр түрлі, күрделігіне қарай алға ілгерілеп отыратын сараланған тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмалар «Сұрақты қағып ал» әдісінде көрініс тауып, оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Қарқын - басқаларына қарағанда жұмысты жылдам орындайтын оқушылар үшін қосымша тапсырма беріледі.

Сараланған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы жеке жұмыс жүргізіледі.

ББЖБ - барлық оқушылардың тапсырмаларды орындау нәтижелеріне қарай әрқайсысының не түсінгендеріне, не білгендеріне көз жеткізіліп отырады.

Бағалау – оқушылар қажеттіліктері үнемі тексеріліп, түзетіліп, бағаланып отырады. Жіктеу - топ құруда аралас гендерлік топ құрылады.

Топқа бөлініп, топтың атын анықтағанда «Қошемет» қөрсетіледі. Үй тапсырмасын тексеруде бірін-бірі геометриялық фигуралар арқылы бағалайды. Топтық жұмыста «Өте жақсы, жақсы» және оқулықпен жұмыста «Шапалақ» арқылы бағаланады.

Жеке «Қарқын» тапсырмаларына «Жарайсың» десем, қалыптастырушы бағалауда «Бағдаршам» арқылы бағаланады.

Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау мақсатынд «Блоб» ағашы кері байланыс түрлері қолданылды.




Өмір қауіпсіздігінің алдын алу шаралары сақталып, оқушылардың партаға дұрыс отыруы, сынып бөлмесінің тазалығы қадағаланып отырады. «Мəңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда оқушылардың бойында құндылықтарды дарыту мақсатында өзіне деген сенімділік, азаматтылығы мен əлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер, бəсекеге қабілетті тұлғаға тəн қасиет-сапалары жетілдіріледі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
992
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі