жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мәтінді есептерді шығару (есептер шығару). ҚМЖ 5 сынып матем 4 тоқсан
Таныстым:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Момынай жалпы орта білім беретін мектебі
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Пәні: Математика
Тақырыбы: Мәтінді есептерді шығару
|
Бөлім: |
5.4А Пайыз |
|
|
Педагогтің Т.А.Ә. |
Алиева Гүлжан Аманкулкызы |
|
|
Күні: |
12.04.2024ж |
|
|
Сынып: 5 «Ә» |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Мәтінді есептерді шығару |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
5.5.1.6 пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару; |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Бөлшекті және натурал санды пайызбен өрнектеу, пайызды бөлшек немесе натурал сан түрінде жазу, санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу ережелерін мәтінді есептер шығаруда қолдану. |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||||||||||||||||||||||||
|
|
|
Жинақтала ды,сабаққа ынталанады |
|
|
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
ІІ. Өткен сабақты пысықтауға тапсырмалар орындау. №1. Дүние жүзі бойынша көмір өңдірудің пайызға шаққандағы үлесі мынадай: Еуропа (30%), Азия (25%) және Солтүстік Америка(25%).Құрылықтың қалған бөлігінде көмірдің қанша пайызы өңдірілді? №2. Үшбұрыштың бір қабырғасы периметрдің 34% -ын,ал екінші 36%-ын құрайды.Үшбұрыштың үшінші қабырғасы периметрдің қанша пайызын құрайды? №3. Ауа ластануының 70,6% -ын көліктер, 12,3% -ын қалдықтар мен химикаттар,10,3%-ын отынның жануынан бөлінген газ,ал қалған пайызды өнеркәсіптер құрайды.Өнеркәсіптер ауа ластануының қанша пайызын береді? №4. Домбыра жасайтын шеберхана бір айда 8 домбыра жасауы керек еді. Олар бір айда 2 домбыраны артық жасады. Домбыра жасайтын шеберхана бұл айда жоспарын неше процент орындады? №5. 700 г йодтың спирттегі ертіндісінде йод 119г. Ерітіндінің концентрация-сы неше процент. №6. PISA тапсырмасы. «Кабельді телевизия» Төмендегі кесте бес елге арналған теледидарлары бар отбасылар туралы деректерді көрсетеді. Ол сондай-ақ теледидарлары бар және кабельді телевизияға қосылған отбасылар бойынша пайызды да көрсетеді.
Дереккөз: ITU, Әлемдік электрлік байланыс көрсеткіштері 2004/2005 ITU, Әлемдік электрлік байланыс есебі/ ICT дамыту, 2006 1 – сұрақ. Кабельді телевизия Кесте Швейцарияда отбасылардың 85,8% -да теледидар бар екенін көрсетеді. Кестедегі ақпаратқа сүйене отырып, Швейцариядағы отбасылардың жалпы санының жуық бағасы қандай? A. 2,4 млн. B. 2,9 млн. C. 3,3 млн. D. 3,8 млн. Дұрыс жауап: С 2-сұрақ. Кабельді телевизия Кевин кестеден Франция және Норвегия жөніндегі ақпаратты қарап отыр. Кевин былай дейді: «Екі ел үшін де теледидарлары бар отбасылар пайызы бірдей болса да, Норвегияда кабельдік телевизияға қосылған отбасылар саны көбірек». Бұл пікірдің неліктен дұрыс емес екендігін түсіндіріңіз. Өз жауабынды негіздеңіз. Дұрыс жауап: Кевин екі елде теледидарлары бар барлық отбасылардың нақты санын назарға алуы тиіс деген жауап. Оныкы дұрыс емес, себебі Францияда 22 млн.- нан астам отбасыда теледидар бар. · Себебі Франция халқы Норвегияға қарағанда 10 есе дерлік көп. · Себебі Францияда теледидары бар халық саны айтарлықтай көп, сондықтан, сәйкесінше, кабельді телевизияға да қосылғандар саны көп болады. · Себебі Францияда (24,5 × 0,154) = шамамен 3,7 млн. отбасы кабельді телевизияға қосылған, ал олардың Норвегиядағы саны шамамен 0,8 млн. отбасы (2,0×0,427). Францияда кабельді телевизияға қосылғандар саны көп. |
Алдыңғы сабақта алған білімдерін еске түсіреді. Тапсырмаларды өз бетінше орындайды. Тапсырмаларды басқалардан бұрын аяқтаған оқушылар қосымша тапсырма орындайды. |
Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл. Әрбір дұрыс жауапқа 2 балл |
Pisa-2018ж. Астана/ Компьютерлік формат халықаралық зерттеу құралдары. |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
Үй жұмысы: №1093
Рефлексия: Кері байланыс жеке оқушыларға ауызша не жазбаша түрде беріледі. «Оқушы дауысы» ( бүгінгі сабақты қаншалықты өзіне сенімді түрде түсінгенін әр оқушы тақтадағы сөйлемдердің бірін аяқтау керек) Бұл тарауда маған ең қызықты болғаны…. · Бұл тарауда ең қиын болғаны… · Мен мына жәйттарға баса назар аударуды ұсынамын.... · Тақырыпты түсіну үшін ең пайдалы болған іс-әрекет…... · Мен ұққан нәрселердің ең маңыздысы ол……… |
Үй жұмысын алады. Рефлексияны ауызша орындайды. |
|
|
Таныстым:
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген