жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А |
||||||||||||
|
Мұғалімнің аты-жөні:Садырбаева Клара |
||||||||||||
|
Сынып:6 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару |
|
||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару |
|||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
барлық оқушылар: -мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығаруды түсінеді; оқушылардың басым бөлігі: - мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығарып, есеп шығаруда қолданады; кейбір оқушылар: - мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығарып, теңдеудің түбірін тауып, есептің жауабын негіздей алады. |
|||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
-есептің шартын қолданып, сызықтық теңдеу құрады -мәтінді есептерді шығарады -өзінің құрған теңдеуінің түбірін тауып, есептің жауабын негіздейді. |
|||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Мәтінді есеп, теңдеу Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Есепті шығару үшін теңдеу құру кезінде… -Егер мәтінді есепте екі белгісіз шаманы табу керек болса, … |
|||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Қазақстандық патриоттық және азаматтық жауапкершілікке баулу; ынтымақтастыққа, бірін-бірі сыйлауға, сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру |
|||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Жаратылыстану, көркем еңбек, информатика, музыка, қазақ тілі |
|||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
http://expert.mektep.kz/ru/shop/48648-6_klass/67103-1_blm/1 , |
|||||||||||
|
Бастапқы білім |
Сызықтық теңдеу, айнымалы, теңдеудің түбірі, мәндес теңдеулер, модуль |
|||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||
|
Сабақтың басы (12 мин)
|
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу. 2.Мозайка әдісі арқылы оқушыларды үш топқа біріктіру. «Сурет қиындылары: вавилон цифрлар, рим цифрлары, натурал цифрлар». Жиналған сурет арқылы оқушылар «РИМ цифрлары», «ВАВИЛОН цифрлары», «НАТУРАЛ сандары» топтарына бөлініп отырады. Үй тапсырмасын пысықтау «Таза тақта» әдісі Сипаттама Мақсаты Күтілетін нәтиже Тапсырмалар..... (оқушыларға тақтаға өткен тақырыпты қамтитын терминдер жазылады. Оқушылар әрбір терминді өшіре отырып, сол терминге анықтама айтып отырады) Мысалы: Сызықтық теңдеу, айнымалы, теңдеудің түбірі, мәндес теңдеулер, модуль. |
|
||||||||||
|
Сабақтың ортасы (20 мин)
|
Жаңа сабақ. Тақырыпты жасыру Сабақ тақырыбы тақтаға әріптерінің орны ауыстырылып жазылады, мәселен: «улТееерңд өмекгінме әтдміні птседіеер ғаыурш» - «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару». Оқушылар жасырылған тақырыпты табу керек. Мәтінді есепті теңдеудің көмегімен шығару үшін алдымен есеп шарты бойынша теңдеу құрастыру керек. Мысал: Ең қысқа найзағай мен ең ұзын найзағайдың ұзындықтарының қосындысының мәні 158 км. Ең қысқа найзағайдың ұзындығы ең үлкен найзағайдың ұзындығынан 140 км-ге қысқа. Ең қысқа найзағайдың ұзындығын және ең ұзын найзағайдың ұзындығын табыңдар. Шешуі: Ең қысқа найзағайдың ұзындығын х деп белгілейік. Сонда ең ұзын найзағайдың ұзындығы (х+140) км болады. Есептің шарты бойынша олардың қосындысының мәні 158 км. Демек, х+(х+140)=158 теңдеуін құрастырамыз. Оны шығару үшін, теңдеудің сол жағындағы жақшаны ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз: х+(х+140)=158 2х+140=158 2х=18 х=9 Олай болса, ең қысқа найзағайдың ұзындығы 9 км, ең ұзын найзағайдың ұзындығы: 9+140=149 км-ге тең болады. Жауабы: 9км, 149км. «Ізденіс әдісі». Ізденіс әдісі оқушылардан әрқашанда берілген мәселені өз бетімен белсенді шешуді қажет етеді. Ізденіс әдісінің келесі түрлерін қарастырамыз: Зерттеу (оқу зерттеуі немесе теориялық – танымдық іс - әрекет); Талқылау, пікірталас; Модельдеу. Мақсаты:Жаңа тақырыпқа есептер шығару. Оқулықпен жұмыс. Құндылығы: Ынтымақтастығы артады. Оқулықпен жұмыс: «Натурал цифрлар» тобы: №877. АВ кесіндісінің ұзындығы СД кесіндісінің ұзындығынан 2 см артық. Егер АВ кесіндісінің ұзындығы 10 см-ге, СД кесіндісінің ұзындығын 3 есе арттырса, онда нәтижесі тең болады. АВ және СД кесінділерінің ұзындықтарын табыңдар. № 892. Қаладан ауылға дейінгі аралықты автобус 1,8 сағат, жеңіл машина 0,8 сағат жүріп өтеді. Егер автобустың жылдамдығы жеңіл машинаның жылдамдығынан 50 км/сағ кем болса, онда автобустың жылдамдығы қандай? №903. Аралығы 120 км болатын екі пунктен бір мезгілде қарама-қарсы бағытта мотоциклші мен велосипедші шықты. Мотоциклшінің жылдамдығы велосипедшінің жылдамдығынан 20 км/сағ артық. Егер олар 3 сағаттан кейін кездессе әрқайсылары қанша жол жүрген? «Вавилон цифрлары» тобы: №878. Бірінші сөреде екіншіге қарағанда 3 есе артық кітап бар. Егер бірінші сөреден екі кітап алып, екіншісіне екі кітап қосса, сөрелердегі кітаптар саны тең болады. Әр сөреде қанша кітап бар? №893. Бірінші автокөлікке екіншіге қарағанда 0,6 тонна бидай артық тиелді. Егер бірінші көлікке 1,2 есе, екіншіге 1,4 есе артық бидай тиелсе, онда екі көліктегі жүк бірдей болады. Әр көлікке қанша тонна жүк артқан. №904. Аралығы 132 км болатын екі пунктен бір мезгілде қарама-қарсы бағытта мотоциклші мен велосипедші шықты. Велосипедшінің жылдамдығы мотоциклшінің жылдамдығының 25% -ін құрайды. Егер олар 2,2 ссағаттан кейін кездессе, онда әрқайсысы қанша километр жол жүрген? «Рим цифрлар» тобы: №879. Балалар өзара алма бөлісті. Егер олар 5 алмадан алса, онда соңғы балада 3 алма, егер 4 алмадан алса, онда 15 алма қалады. Қанша алма және қанша алма бар? №894. Бірінші бидонда екіншіге қарағанда 3есе артық сүт бар. Бірінші бидоннан алып екіншіге 20 л сүт құйса, онда бидондардағы сүт мөлшері бірдей болады. Әр бидонда қанша литр сүт болған. №905. Бірінші вазада екіншіге қарағанда 3 есе артық раушангүл, үшінші вазада екіншіге қарағанда 5 артық раушангүл тұр. Үш вазада барлығы 45 раушангүл болса, онда бірінші вазада қанша раушангүл бар?
Сергіту сәті: Видеороликте берілген логикалық есептерді шығару
|
http://expert.mektep.kz/ru/shop/48648-6_klass/67103-1_blm/1
http://expert.mektep.kz/ru/shop/48648-6_klass/67103-1_blm/1
https://www.youtube.com/watch?v=kAkM4uPRhs8
|
||||||||||
|
Сабақтың соңы (8 мин)
|
«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны. Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс. Ортаға бос екі орындық қояды. Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді білдіреді. Әр топтан оқушы қағазда жазылған есеп жауабын жазып, бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс. «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады.
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі. Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс. Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Үйге тапсырма: «Мен саған, сен маған» әдісі. Әр бір оқушы үйде мәтіндік есептер үшін теңдеу құру моделі қолданылатындай есептер жазылған кеспе ұағаздарын даярлап келеді. (Келесі сабақта: Көршілес партада отырған оқушылар кеспемен алмасады, шығарады, жауабын салыстырады және бір-бірін бағалайды. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Есептің шешімін мұғалім алдын ала тексереді).
|
А-4 форматта таратпа қағаз
Рефлекция |
||||||||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||
|
Сабақтың жоспарын әдіс-тәсілдерді байланыстыра отырып құрамын. Оқушыларды білімін саралау үшін мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару әдістерін ұсынамын. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделілігі жоғары мәтіндік есептерді беремін
|
«Мозайка» әдісі, «Таза тақта» әдісі, «Ізденіс» әдісі, «Дұрыс-дұрыс емес» әдісі «Бағдаршам» әдісі «Мен саған, сен маған» әдісі
|
Сабақ уақытында қарастырылатын әр түрлі жұмыс түрлері оқушылардың қимыл қозғалыс жасауына мүмкіндік беруі тиіс. АКТ-ны қолдануда техника қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс. |
||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||
|
|
||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||||||||
шағым қалдыра аласыз
















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген