"Мәтінді есептерді теңдеулер мен теңсіздіктер құру арқылы шығару"

Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Мәтінді есептерді теңдеулер мен теңсіздіктер құру арқылы шығару"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

12.03.2025 ж

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді есептерді шығару

Сынып:7

Сабаққа қатысқандар саны:

Сынып:7

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

7.4.2.2 мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару;

Сабақтың мақсаты:

  • есеп шарты бойынша математикалық модель құрады;

  • мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығарады

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,сабаққа дайындықтарын тексеру

2.Психологиялық ахуал қалптастыру

«Жылы лебіз» әдісі








3. Үй тапсырмасын тексеру

1-ші нұсқа

1.Тізбектелген екі натурал санның көбейтіндісі келесі екі тізбектелген сандардың көбейтіндісінен 38-ге кем. Кіші санды табыңыздар.

2. Теңдеуді шешіңіз:

3. Есептеңіздер:

2-ші нұсқа

1. Есептеңіздер:


.


2. Тізбектес үш натурал санның шеткі екеуінің екі еселенген қосындысынан 3-ті шегерсек 13 шығады. Ортаңғы санды табыңыздар.


3. Әкесі 35 жаста ,ал баласы 10 жаста.Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласынан 2 есе үлкен болады?

Жауаптары:


1 нұсқа

8


-1,6

2 нұсқа

4

4,5


15





Оқушылар шеңбер жасап бір біріне есімдері жазылған додэкаэдр лақтырып, кімнің есімі түскен, сол оқушыға жақсы сөздер айтып, келесі балаға додэкаэдр лақтырады


Көрші отырған баламен дәптерлермен алмасып бір бірінді тексереді.

Бағалау парағына алған ұпайларды қояды















«Өзара бағалау» әдісі

Әр бір дұрыс жауап үшін бір ұпай














Тақтада жазылған жауаптар

Негізгі бөлім

10 минут



«Миға шабуыл» әдісі:

Жаңа тақырыпты ашу үшін келесі есеп ұсыну:

Әсел мен Айжан бірге 60 кітап оқыды. Әсел Айжанға қарағанда 12 кітап артық оқыған. Әсел неше кітап оқыды?

Сұрақтар:

  1. Бұл есепті шығару үшін не істеу керек?

  2. Белгісіз шаманы қалай белгілеуге болады?

  3. Қандай математикалық модель (теңдеу немесе теңсіздік) құруға болады?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбыт қандай болуы мүмкін?

Тақырыпты тақтаға жазады, және сабақтын мақсатын айтады.



«BilimLand» платформасынан бейнеролик көрсету, жаңа тақырыпты түсіндіру





Оқушылар есепті шешу барысында теңдеу құрып, оның көмегімен есептің жауабын табуға болатынды анықтайды







"Мәтінді есептерді теңдеулер мен теңсіздіктер құру арқылы шешу" деген тақырыпты өздері шығарады.


Тақырыпты дәптерлеріне жазады.


























Бейнеролик

Топтық жұмыс

10 минут





«Асықтар» әдісі арқылы топтарға бөлу


«Кездейсоқ таңдау» әдісі

Қобдишаның ішінде топтарға мәтіндік есептерді теңдеу немесе теңсіздік құру, сондай-ақ берілген теңдеуге сәйкес мәтіндік есеп құрастыру тапсырмалары дайындалады.

1 есеп (теңдеу құруға):

Егер бірінші шаршының қабырғасын 3см-ге арттырса, онда пайда болған шаршының ауданы бірінші шаршының ауданынан 39см2-ге артық болады. Кіші шаршының периметрін анықтаңыздар.


Қабырғанын ұзындығы

Ауданы

Периметр

Бастапқыда

х

х2

Болды

(х+3)

(х+3)2

4(х+3)

Дескриптор:

Бағалау критерий

Ұпай

Есеп шарты бойынша теңдеу құрады

1

Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады;

1

Теңдеудің түбірін табады;

1

Есептің жауабын жазады.

1

Барлығы: 4 ұпай

2 есеп: (теңсіздік құруға)

Шаршының қабырғасын 4см-ге арттырды. Пайда болған шаршының ауданы бастапқы шаршының ауданынан 32см2-ге артық болатындай бастапқы шаршының қабырғасының ұзындығы қанша болуы керек?

Дескриптор:

Бағалау критерий

Ұпай

Есеп шарты бойынша теңсіздік құрады

1

Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады;

1

Теңсіздіктің шешімін табады;

1

Есептің жауабын жазады.

1

Барлығы: 4 ұпай

3 есеп: (құрылған теңдеуге мәтінді есепті құрастырып шешу)

теңдеуі математикалық моделі болатындай етіп, мәтінді есеп құрастырыңыз, а-нің мәнің табыңыз.

Дескриптор:

Бағалау критерий

Ұпай

Мәтінді есеп құрастырады

1

Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады;

1

Теңдедің түбірін табады;

1

Есептің жауабын жазады.

1

Барлығы: 4 ұпай

Оқушылардың алған ұпайларын тақтада ілінген бағалау парағына енгізу





















Сергіту сәті

"Асық таңдау" әдісі

арқылы қысқаша көбейту формулаларын қайталау

Бұл әдіс оқушылардың математикалық формулаларды есте сақтауын, зейінін және жылдам ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі

.Оқушылар түрлі түсті асықтарды таңдап екі топқа бөлінеді

Оқушылар қобдишадан кездейсоқ есеп таңдап, оны шешу немесе жаңа есеп құрастыру арқылы өз білімдерін бекітеді


1 есеп:

Шешуі:

Бірінші шаршының қабырғасы х см болсын.

(х+3)2 өрнегі х2-тан 39 см2-ге артық екені белгілі

Теңдеу құрамыз:

(x+3)2−x2=39

x2+6x+9−x2=39

6x=30

x=5

5 см - бірінші шаршының қабырғасы,

5+3 = 8 см – екінші шаршының қабырғасы Р= 4*5=20 см.

Жауабы: кіші шаршының периметрі 20 см.








2 есеп

Шешуі: Бірінші шаршының қабырғасы х см болсын.


Қабырғанын ұзындығы

Ауданы

Бастапқыда

х

х2

Болды

(х+4)

(х+4)2

(х+4)2 өрнегі х2 –тан 32 см2-ге артық екені белгілі.

Теңсіздік құрамыз:

(x+4)2−x2>32

x2+8x+16−x2>32

8x>16

x>2

Жауабы: бірінші шаршының қабырғасы 2см-ден артық болуы тиіс.

3есеп


Шешуі:

Қысқаша көбейту формулалар көмегімен есептеу:

a2−b2=(a−b)(a+b)

(а+1)2−(а−1)2=((а+1)−(а−1))((а+1)+(а−1))=80

(а+1-а+1)(а+1+а-1)=80

2*2а=80

4а=80

а=80:4

а=2

немесе

(а+b)2 =a2+2ab+b2

-b)2 =a2-2ab+b2

(а+1)2-(а-1)2=80

2+2а+1)-(а2-2а+1)=80

а2+2а+1-а2+2а-1=80

=80

а=80:4

а=2

Жауабы: 2






Оқушылар бір-бірден арнайы текшені лақтырады. Текшенің қай түсі түссе, сол түске сәйкес асықты таңдап, асықта жазылған формуланы айтуы қажет..



Бағалау критерийлері:

-мәтінді есепті теңдеу арқылы шығарады


Дескриптор:

- есеп шарты бойынша теңдеу құрады;

- қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады;

- теңдеудің түбірін табады;

- есептің жауабын жазады.




Бағалау критерийлері:

-мәтінді есепті теңсіздік арқылы шығарады


Дескриптор:

- есеп шарты бойынша теңсіздік құрады;

- қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады;

- теңсіздіктін шешімін табады;

- есептің жауабын жазады.


Бағалау критерийлері:

-берілген теңдеуге мәтінді есепті құрастырып, белгісіз шаманың мәнін табу.


Дескриптор:

- мәтінді есепті құрастырады;

- қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады;

- теңдеудің түбірін табады;

- есептің жауабын жазады.



Дұрыс жауап үшін 1 ұпай

Түрлі түсті асықтар

карточкалар



Жұптық жұмыс

6 минут










































Жеке жұмыс

7 минут

Түскен қысқаша көбейту фомулалар сәйкестендіріп жұпқа бөлу.

Функционалдық сауаттылыққа бағытталған есеп:

"Ұлы Отан соғысына 80 жыл "

2025 жылы 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтеді. Соғыс жылдары 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды, ал 142 жауынгер Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды. Батырлардың қатарында Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және тағы басқа көптеген ержүрек қазақстандықтар бар.

Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1,5 млн адам қатысты. Қаза болғандардың саны аман қалғандардан 300 000-нан кем болды. Қаза болған жауынгерлердің саны қанша болуы мүмкін?

Дескриптор:

Бағалау критерий

Ұпай

Ізделінді шаманы дұрыс таңдайды

1

Ізделінді шамамен мен берілген шамамен байланыс орнатады

1

Математикалық модель құрастырады

1

Шешімін табады

1

Есептің жауабын жазады

1

Барлығы: 5 ұпай






Оқулықтан №36.1


Қосымша есеп

Екі натурал сандардың бірі екіншісінен 6-ға кем.

Кіші санның квадраты үлкен санның квадратынан

үлкен емес.Үлкен санның мүмкін мәнің табыңыз.

Дескриптор:

Бағалау критерий

Ұпай

Есеп шарты бойынша теңсіздік құрады

1

Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады;

1

Теңсіздіктің шешімін табады;

1

Есептің жауабын жазады.

1

Барлығы: 4 ұпай


Оқушылар жұптаса отырып есепті талқылап шығарады


Шешуі:

Оқушылар теңсіздік құру арқылы шығарады:
Егер x – қаза болған жауынгерлер саны болса, онда аман қалған жауынгерлер саны x + 300 000-нан көп болады. Жалпы қатысқан жауынгерлер саны 1 500 000 болғандықтан, теңсіздік құрылады:

x + (x + 300 000) ≤ 1 500 000
2x + 300 000 ≤ 1 500 000
2x ≤ 1 200 000
x ≤ 600 000

Жауабы: Қаза болған жауынгерлердің саны 600 000-нан аз немесе тең болуы мүмкін.







Оқушылар жеке жұмыс

жасап берілген есепті теңдеу құрастырып арқылы шешеді. Бір оқушы тақтаға шығып есепті шығарады.


Қосымша есептің шешуі:

Шешуі:

Бір натурал сан n болса, екіншісі (n-6) болады.

Теңсіздік құрамыз:

Қысқаша көбейту формула бойынша:

n2-12n+36

n2-12n+36-

-12n+36

-12n

12n≥36

:


Дескриптор бойынша өздерінді бағалайды

Бағалау критерийлері:

-Мәтінді есепті теңдеу құру арқылы шығару


Дескриптор:

- ізделінді шаманы дұрыс таңдайды;

- аман қалғандардың санының х+300000 нан көп болатынын анықтайды:

- теңсіздік құрастырады

- теңсіздіктің шешімін табады;

- есептің жауабын жазады.


Жұптар бір-бірін өзара бағалау


Бағалау критерийлері:

-мәтінді есепті теңсіздік арқылы шығарады


Дескриптор:

- есеп шарты бойынша теңсіздік құрады;

- қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады;

- теңсіздіктін шешімін табады;

- есептің жауабын жазады.


Слайд







































Оқулық, Алгебра, 7 сынып «Мектеп» баспасы


карточкалар

Соңы

8 минут

Жаңа тақырыпты бекіту

"LearningApps.org" платформасында "Қайда менің орным?" ойыны арқылы есеп шығару алгоритмін құру.



Мәтінді есептерді шығару алгоритімі:

  1. Ізделінді шаманы x, y,z... әріптермен белгілеу

  2. Берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасында байланыс орнату

  3. Теңдеу немесе теңсіздік (математикалық модель) құрастыру

  4. Құрастырылған теңдеуді немесе теңсіздікті шығару

  5. Шыққан нәтиже есеп шартымен салыстыру

  6. Жауабын жазу

Кері байланыс

«Білім қоржыны» әдісі

Түрлі түсті асықтармен сабаққа кері байланыс


Үйге тапсырма: оқулықтан №36.2




Оқушылар тақтада алгоритмнің ретін дұрыс қояды




















Оқушылар түрлі түсті асықтарды таңдап қоржындарға салады



Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады

Жауабы дұрыс болса қолпаштап бағалау

https://learningapps.org/watch?v=pwsxn8g6325





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі